Суфизмнің қайнарлары. Тасаууф және суфи сөзі Құран мен Сүннетте
орын алмағанмен суфилердің сопылықты түсіндірерде қолданған суфизм
ұғымдарының көпшілігі Құран мен Сүннеттен бастау алады.
1. Суфизм – зуһд (аскетизм). Зуһд – дүниеден аулақтанудеген сөз.
Яғни, дүниелік игіліктен бас тартып, Аллаға бет бұру. Құдайға деген
сүйіспеншілікке кедергі келтіретін дүние игілігіне деген сезімді жүректен
шығарып, көңілді Аллаға арнаған сопылық ерекшелікке мән берген кейбір
суфилер оны зуһд ретінде қарастырған. Сопылықтың аскеттік өмір ретінде
пайда болғанына екпін бергенде бұл көзқарастың шындыққа жанасары хақ.
Хронологиялық негізге қарағанда алғашқы сопылық анықтама жасаған
Маруф Кархидің (ө. 200/815 жж.) түсініктемесі зуһдтық түсінікке сай келеді:
«Суфизм – ақиқаттарды алу, адамдардың қолындағылардан үміт үзу».
Достарыңызбен бөлісу: |