Моногамдық отбасы - рулардың ыдырауы, жеке меншіктің шығуы себебінен неке тек ер адамның еркімен ғана бұзылатын болды.
Отбасының типтері
Отбасындағы ұрпақ санына байланысты:
Кеңейтілген (бірнеше ұрпақ өкілдерінің болуы),
Нуклеарлық (екі ұрпақ – ата-ана және балалары),
ата-аналарының санына қарай :
Толық (әкесі мен анасының болуы),
Толық емес (әкесі немесе шешесі ғана болады),
Балалар санына қарай:
Баласы жоқ отбасылар,
бір баласы бар отбасылар,
Көпбалалы отбасылар,
Үстемдік түріне қарай:
Патриархалдық (экономикалық билік ерінде),
Матриархалдық (шаруашылықты әйел басқарады),
Отбасының типтері
Құрамына қарай:
Толық, толық емес, кеңейтілген, нуклеарлық
Биліктің бөлінуіне қарай:
Матриархалдық,
Патриархалдық,
Эгалитарлық,
Ерлі-зайыптылықтың түріне қарай:
Полиандрия –бір әйелдің бірнеше ерлермен некесі,
Полигиния - бір ердің екі немесе бірнеше әйелмен некеде болуы,
Моногамия – бір әйелмен бір ердің арасындағы неке,
Экзогамия –түрлі әлеуметтік категорияларға жататын адамдар арасындағы неке,
Эндогамия – бір әлеуметтік категорияға жататын адамдар арасындағы неке.
Ерлі-зайыптылардың өмір сүру формалары Матрилокальды отбасы әйелдің әке-шешесімен немесе соларға жақын жерде тұрады
Неолокальды отбасы ердің де, әйелдің де әке-шешелерінен бөлек тұрады
Патрилокальды- отбасы ерінің әке-шешесімен немесе соларға жақын жерде тұрады
Отбасы өмір сүруінің кезеңдері (циклдары)
Бастапқы \ бірінші кезең – отбасының даму сатысы:
Некеге тұру,
Тұңғыш баланың дүниеге келуі,
Соңғы баланың дүниеге келуі,
Екінші кезең:
Соңғы баланың дүниеге келген сәтінен,
Бірінші ересек баланың бөлек шығуына дейін.
Үшінші \ пісіп-жетілген кезең:
Есейген балалардың бөлек шығуы ,
Немерелер әже-аталарынан бөлек кетеді.
Төртінші\ отбасының өшу кезеңі:
Балалардың барлығы жан-жаққа кетеді, «бос қалған ұя»,
Ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өмірден өтуі.