Лекцияның тақырыбы: Таңдаған спорт түріндегі Күш қабілетін тәрбиелеу. Лекция жоспары



бет1/2
Дата05.06.2023
өлшемі20,77 Kb.
#98793
түріЛекция
  1   2

4.
Лекцияның тақырыбы: Таңдаған спорт түріндегі Күш қабілетін тәрбиелеу.
Лекция жоспары:
1. Күш, күш қабілетінің түрлері, ұғымдары.
2.Күш дайындығындағы міндеттер, құралдары мен тәсілдері.

Күш дегеніміз – спортшының сыртқы карсылықтарды жеңуі кабілеттілігі немесе оған бұлшық ет күшінің қарсы тұруы. Дене дайындығында күшті дамытудың екі түрі бар. 1. Кез-келген қимыл қозғалысты шартты түрде орындау үшін белгілі бір дәрежеде дамыған дене күші болуы керек. 2. Күштің болуы басқа да дене салаларының пайда болуына негіз жасайды. Күш әртүрлі жағдайда пайда болады, оның бірінші түрі бұлшык ет өзінің калпын өзгертпей пайда болуы, мысалы: қолды aлға түзу ұстап 2 кг салмақ түсірсек, онда 2 кг күш пайда болады, ал ол салмақты өсіретін болсақ күште өседі. Бұл статикалык жағдайда пайда болған күш деп аталады. Күштің пайда болуының екінші түрі бұлшык еітің тартылу немесе қысқару кезінде пайда болса, ал үшінші түрі қозғалыс жағдайында өседі. Күш кабілетін өсіру үшін бұлшық етке қызу жұмыс істету арқылы денеге күш жиналады.Егер адам қимыл-қозғалыстар жасап әртүрлі салмақтағы денені бір жерден екшші жерге таситын болса, онда жүмсалатың күштің мөлшсрі де өзгеріп отырады. Тасылатың салмақтың үздіксіз өсуі, жұмсалатын күшін де мөлшерсіз өсуіне жол бермейді. Салмақ өте көп қосылған жағдайда. күш оны орнынан қозғалта алмайтың жағдайға душар болады.Бұл жағдайда күштің дене салмағына тәуелді екені көрінеді. Егер дененің салмағы үлкен болса, оған жұмсалатын күштің мөлшері өзгеруші салмаққа байланысты болмай, тек адамның білек күшіне байланысты болады. Мысалы: спортшының ядроны итеруге жұмсалатың күші штанганы көтеруге кеткен күшпен салыстырғанда әжептәуір кем болады. Тәжірибе жүзінде орындалатың жаттығуларды алатын болсак күшпен жылдамдықтың арасында кері катынасты байланыс болатыны белгілі. Мысалы: шганга көтеруде салмақ аз болса көтерілу жылдамдығы жоғары болады, ал салмак ауыр болса онда көп күшпен әсер ету мен қатар котерілу жылдамдығы өте төмен болады. Осы айтылган жағдайға байланысты күш қабілетін негізінен меншікті күш және жылдамдық күші деп екіге бөліп карастырылады. Адамдардың күшін аныктагғнда салыстырмалы күш түсінігі қолданылады. Ол адамның меншікті салмағының көтерген максималды салмаққа қатынасы арқылы анықталады. Мысалы: салыстырмалы күш көрсеткішін (қоэффициентін) анықтау үшін спортшының салматы 70 кг болса максималды көтерген салмағы 140 кг болса, салыстырмалы күш көрсеткіші 2-ге тең болады. Бірак та меншікті салмак өскен сайын салыстырмалы күш көрсеткіші төмендей бастайды. Адам денесінің көп жағдайда өсуіне байланысты, бұлшык ет күшінің аз болуы да ыктимал.


Сондықтан кейбір спорт түрлерінде жеңістерге жету үшін максимальды күш деңгейінің жоғары болуына көп көніл бөлінеді. Ал, сонымеп қатар спорттың көп түрлерінде өз денесің кеңістік көлемінде ауыспалы жагдайда орналастыруда немесе дене салмағының әртүрлі болуына байланысты салмақ категориясының көрсеткіштерімен де шектеледі. Күш сапасын өсіретін жаттығулардың өзі екі түрде қолданылады: изотонды (динамикалык қозғалыста) жөне изометриялык (статикалык жағдайда) изотонды жағдайда бұлшық еттердің қысқаруы немесе ұзаруында олардың зорлану күші өзгермейді.
Ал, изометриялык жағдайда бұлшық еттерлің зорлануы өседі. Мысалы: штанганы қол созылған күйде ұстап тұру гимнастикада “бұрыш” немесе “крест" жасап козғалмай тұру т.с.с. Осы жаттығуларды орындайтын спортшының салыстырмалы күш көрсеткіші бірден жоғары немесе оған жақын болу керек, тек сол жағдайда

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет