Лексикология Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам) · белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы · белгілі бір тілдегі сөз байлығы Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі


ҰБТ-дағы қазақ тілі пәнінен кездесетін кейбір қиын тесттерді талдау



бет12/14
Дата22.12.2023
өлшемі117,59 Kb.
#143045
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қазақ тілі - Лексикология


ҰБТ-дағы қазақ тілі пәнінен кездесетін кейбір қиын тесттерді талдау

1. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тап
А) екі асық
В) екі әтеш
С) екі ыдыс
Д) екі гүл
Е) екі қой
Бұл жерде дұрыс жауабы – екі гүл. Екі күл қатаңға айналады.
2.Ыңғайлас саласты тап.
А) Биыл Құнанбайдың өз ауылдары да, жақын ағайындары да күземді елден ерекше ерте алды.
В) Бастығы Майбасардың қара сақал – Қамысбай.
С) Жарқыраған май күні бір түрлі боп нұрланып, тамылжып тұр.
Д) Абайға оның пішіні көп кездесетін,әңгімесі аз пішін сияқты боп көрінді.
Е) Терезеден бір от жарқ етті – кітап оқып отырған інім селк етті.
Дұрыс жауабы – Е. Ыңғайлас салаластағы іс шұғыл орындалғанда арасына сызықша қойылады.
3. Дұрыс жазылған сөзді анықтаңыз.
А) Әуезовтың
В) Педагогтар
С) Парктан
Д) Томскіден
Е) Циркулге
Дұрыс жауабы –Томскіден. (Әуезовтің, педагогтер, парктен, циркульге)
4.Сан есімнің мағыналық түрін жасайтын жұрнақ.
А) – лап, -леп.
В) –шаң, -шең.
С) –лы, -лі.
Д) –сыз, -сіз.
Е) –шы, -ші.
Бұл жерде көп оқушы –шы, -ші жауабын белгілейді. Реттік сан есім жұрнағымен шатастырады. Ол үшін –ншы, -нші болу керек. Дұрыс жауабы – А. (–лап, -леп)
5. Іс-қимылдың объектісін білдіретін септік.
А) жатыс
В) ілік
С) барыс
Д) атау
Е) табыс
Іс-қимылдың объектісін білдіретін септік – табыс септігі.
6.Реттік сан есімнің емлеге сай жазылғанын анықта
А) Маған биыл 47-үйден 17-пәтер берілді.
В) Халыққа бір жылда 47-дей үй, 17-дей пәтер берілді.
С) 21 үйдің 15-і келешекте берілмекші.
Д) ХХІ – ғасыр – ақпарат ғасыры.
Е) Жастарға бір жылда 47 үй, 17 пәтер берілді.
Дұрыс жауабы- Маған биыл 47-үйден 17-пәтер берілді.
7. Оқушылар сөзінің түбірін табыңыз.
А) оқып
В) оқу
С) оқы
Д) оқушы
Е) оқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет