Лемдегі және «Мирас» мектебінде ең үздік бағдарлама екендігі бәріңізге мәлім



жүктеу 6.24 Mb.
Pdf просмотр
Дата23.01.2017
өлшемі6.24 Mb.

 

Жаңа 2015-2016 оқу жылында «Мирас» мектебіне қош келдіңіздер. Биылғы жылы ДБ бағдарламасы бойынша  

16  студент  оқиды,    осындай  жағымды  хабармен  ағымдағы  жылды  бастағымыз  келеді.  Бұл    көрсеткіш  - 

Дипломдық  Бағдарламада  оқитын  студенттер  санының  рекордтық  көрсеткіші.  Дипломдық  бағдарлама  - 

ә

лемдегі және «Мирас» мектебінде ең үздік бағдарлама екендігі бәріңізге мәлім.   



 

Жаңа мұғалімдерді таныстыруға рұқсат етіңіздер.  

Джули Григнард, ағылшын тілі мұғалімі 

Мелинда Тондер, француз тілі мұғалімі 

Райан Тан, бизнес және экономика мұғалімі, MUN үйлестірушісі 

Кимберли Новак, биология және Science мұғалімі 

Биной Синха, математика мұғалімі  

Уассим Ахмад, химия және Science мұғалімі 

Қ

айренкенова Гүлнұр, Science және физика мұғалімі 



Илашева Гаухар, география және Science  мұғалімі 

Оңғарбаев Самат, математика мұғалімі 

Танабаева Айжан, Science, биология және  химия мұғалімі 

Раисов Дәулет, тарих және Humanities  мұғалімі 

Губайдуллин Тимур, орыс тілі мұғалімі 

Докучаев Андрей, БӘД (НВП) мұғалімі 

6-7-сыныптарымен  үлгі  (модель)  бойынша  жұмысымызды  ары  қарай  жалғастырамыз,  қазақ  және  орыс 

сыныптарында  оқитын  студенттер  кейбір  пәндер  бойынша  сабақтарды  басқа,  яғни  орыс/ағылшын  тілінде 

оқитын бөліммен бірге ( (информатика, драма /музыка және жаратылыстану ғылымдары) оқып үйренеді, бұл 

ә

діс басқа тілді бөлімге ауысқанда ауадай қажет болатын тілдік қабілеттерін нығайту мақсатын көздейді.  ҰБТ-



ны  жақсы  тапсыруға  керекті  дағдыларын  жақсарту  үшін  кейбір  студенттер  9  және  11  сыныптарда  бір 

бөлімнен екінші бөлімге ауысып жатады.  

Бірінші  тоқсан  бойынша  аралық  есептер  студенттерге  16  қазан  күні,  атап  айтқанда  8  сабақта  беріледі.   

Барлық  студенттер  19  қазаннан  (дүйсенбі)  бастап  26  қазанға  дейін  болатын  каникул  күндері  басталғанша 

барлық  сабақтарға  түгелдей  қатысуға  міндетті  (дүйсенбі,  26  қазан  –  оқу  күні).  Ата-аналардан  академиялық 

күнтізбеге сәйкес балалардың мектептегі сабақтарға күнделікті қатысуын қамтамасыз етуді өтінеміз.      

Биыл  оқушыларды  каникулға  дейін  және  одан  кейін  бағалау  жоспарланып  отыр,  сол  уақытта  мектепте 

болмаған оқушылар оларды тапсыра алмайды (басқа уақытта қайта тапсыру).     

 

Халықаралық  «Мирас»  мектебінің  әкімшілігі  Сыртқы  келбет  ережесін  қайта  қарастырып,  кейбір  өзгерістер 



енгізді. Осы ережеге сәйкес студенттердің  мектеп киім үлгісі мыналарды қамтуы тиіс:  

Орта мектеп директоры   

 

Newsletter 1 



 

Newsletter 

 

Page 1 


Newsletter 1 

Miras 

International School 

Newsletter 

Newsletter 1 

 

October 16, 2015 

 

Autumn Edition 

Қ

ыздар үшін 

Ақ классикалық жейде немесе  блузка (жағасы, жеңі бар, ешқандай сызық, белгі  түспеген). 

Белдемше- шотландка ( Юбка-шотландка (торсызық (клетка) юбка)* қою-сұр немесе қара түсті классикалық 

шалбар*– Юбкалар (қою түсті) – ұзындығы тізеден жоғары (10 см-ден аспайды) 

Қ

ою көк пиджак* Қою көк трикотаж кеудеше (жеңсіз)* Қою көк трикотаж жемпір*немесе  Қою көк жемпір 



(жеңсіз)*     

Колготки  - қара немесе адам терісі түстес немесе біртекті чулки. 

Біртекті қара түсті  туфли. 

Ұ

лдар үшін 



Ақ классикалық жейде (жағасы, жеңі бар, ешқандай сызық, белгі  түспеген). 

Қ

ою-сұр немесе қара түсті классикалық шалбар *. 



Қ

ою көк пиджак* Қою көк трикотаж кеудеше (жеңсіз)* Қою көк трикотаж жемпір*.  

Шалбарға сәйкес біртүсті, сұр немесе қара түсті шұлық (носки). 

Біртекті қара түсті  туфли. 

 

9-12  сынып  студенттері  қалауы  бойынша  галстук  таға  алады.  Галстуктердің  түсі  біртекті  (өрнексіз, 



сызықсыз) қара немесе  қою көк болуы тиіс. 

Ауа райы  салқындағанда  оқушылар  өздерімен  бірге ауыстыратын  қара  түсті  аяқ киім  ала келуі  тиіс  (сабақ 

басталғанша ауыстыруы тиісті). 

Ескерту: егер дәрігер арнаулы аяқ киім (мысалы: жұмсағырақ материалдан немесе ортопедиялық аяқ киім) 

киюге ұсыныс берсе, ол аяқ киім  біртекті қара түсті болуы тиіс.  

 

*жоғарыда аталған киімдерді ателье тігеді. 



 

Қ

азірдің  өзінде  біздің  студенттер  мектеп  ішінде  және  одан  тыс  жерлерде  өткізілетін    мектеп  шараларына 



белсенді қатысады. Олар: CAS жобалары,  қызмет ету, Art Point Festival фестивалі, студенттік кеңес қызметі, 

футбол турнирі (ұлдар/қыздар арасында) білім беру жәрмеңкесі, БҰҰ моделі, компьютерлік клуб, Қазақстан 

халықтары тілдері апталығы және т.б. әртүрлі шаралар. 

Балалардың  білім  алуына  көрсеткен  Сіздердің  қолдауларыңыз  бен  көмектеріңіз  үшін  алғыс  айтамын.  Егер 

Сіздердің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, менімен хабарласуларыңызға болады.   

 

Құ



рметпен 

Джеймс Лотсчутс  

директордың орта мектеп жөніндегі орынбасары  

James@almaty.miras.kz  

Page 2 

Newsletter 1 



Сіздерді Халықаралық «Мирас» мектебінде басталған 2015-2016 оқу жылымен 

құ

ттықтаймын. Бастауыш мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Бастауыш 



мектептің жаңа директоры қызметіне жаңа кіріскен өзімді таныстыра кетейін. Мен 

Австралияның Виктория штатынан келдім, білім беру саласында 40 жылға жуық 

жұмыс істеймін. Австралиядан да басқа жерлерде, атап айтқанда  мұғалімдермен 

алмасу тәжірибесі бойынша АҚШ-тың Миннесот штатында, Біріккен Араб әмірлігінде, 

яғни Дубайда  жұмыс істедім, енді міне, Қазақстанның Алматы қаласында еңбек 

жолымның жаңа кезеңін бастағалы тұрмын.                

 

Сіздерді Халықаралық «Мирас» мектебі қауымдастығының бұрынғы және жаңа 



мүшелерімен  таныстырғым келеді:  

 

Людмила Смородина - 1A сыныбының жетекшісі 



Галина Соколова - 1B сыныбының жетекшісі  

Раушан Дүйсенбекова - 1C сыныбының жетекшісі  

Кристин Карре - 1D сыныбының жетекшісі  

Лариса Зеленцова -  1F сыныбының жетекшісі 

Эндрю Кларк - 2D сыныбының жетекшісі  

 

Сьюзан Негус - 2-сыныптарға арналған екінші тіл ретіндегі ағылшын тілінің мұғалімі 



Марселла Баниукас – 3-5-сыныптарға арналған екінші тіл ретіндегі ағылшын тілінің 

мұғалімі 

Марина Лоторева - 3-сыныптарға арналған екінші тіл ретіндегі ағылшын тілінің 

мұғалімі 

 

Гүлжан Домаева -  екінші тіл ретіндегі қазақ тілінің мұғалімі 



Сандуғаш Молжігітова -  екінші тіл ретіндегі қазақ тілінің мұғалімі 

Альбина Наурызбаева - екінші тіл ретіндегі қазақ тілінің мұғалімі 

 

Елена Грачёва – бейнелеу өнерінің мұғалімі 



Жадыра Төлепбек – мұғалімнің көмекшісі 

Асемгүл Жұмажанова - мұғалімнің көмекшісі 

Раушан Күртібаева - мұғалімнің көмекшісі 

 

Арайлым Корабаева – офис хатшысы 



Назым Оман - офис хатшысы 

 

Ә



лия Әлімхан – мектепалды мен балабақша тәрбиешілеріне арналған екінші тіл 

ретіндегі қазақ тілінің мұғалімі.  

Гүлмира Капанова – бастауыш мектептегі екінші психолог. 

 

Биыл бастауыш мектеп сыныптарының саны өзгерді. Бұл Мирас оқушыларының 



санының артуына байланысты. Ағылшын тілінде оқитын  1/2 сынып енді   1D және 

2D сыныбы болып екіге бөлінді. 2F және 5В жаңа сыныптары қалыптасты, енді  орыс 

тілінде оқитын үш сынып жұмыс істейді, сонымен екінші  сыныптарымыз - 2A, 2B, 2F 

сыныптары және бесінші сыныптарымыз - 5A және 5B сыныптары. 

 

Келесі аптада өткізуге белгіленген сынып параллельдері бойынша таныстыру 



жиналысы кезінде ата-аналармен сұхбат құру мен үшін өте қызықты болып отыр. 

Директордың бастауыш  мектеп бойынша орынбасары 

Newsletter  

Page 3 


Сіздер де осы шараны асыға тосып отырсыздар деп ойлаймын, себебі мұнда 

сыныптарда көрнекі түрде күнделікті берілетін оқу және оқыту әдістеріне куә 

боласыздар.  Мұғалімдер әр сынып бойынша оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижелерді 

(оқу тіліне  қарамастан) түсіндіріп береді. Ата-аналар баланың сынып жетекшісімен 

кездесіп, әр түрлі мәселелерді талқылауға мүмкіндік алады.   

 

 



 

Ә

р айдың соңғы бейсенбі күні сағ. 08.10-да мектеп атриумы жанындағы конференц-



залда «Кофе Монинг» (бастауыш мектеп директорымен кофе-сұхбат) өткізу дәстүрін 

жалғастырамын. Бәріңізді асыға күтеміз. Сұрақтарыңыз, сондай-ақ алдағы уақытта 

бастауыш мектепте өткізілетін ата-аналар жиналысын өткізу туралы идеяларыңыз, 

ұ

сыныстарыңыз болса, келіңіздер, бірге қарастырып көрейік.  



 

Алғашқы «Кофе Монинг» шарасы кеше өткізілді. Бұл кездесуге балабақша 

тәрбиеленушілерінің, мектепалдының, 1-5 сынып оқушыларының ата-аналары келді. 

Уақыттарыңыз болса 2015 жылдың 29 қазанында болатын  біздің келесі кездесуімізге 

келіңіздер.       

 

Мектепалды мен бастауыш мектептегі «Ашық есік күндері» сәрсенбі, 11 қараша күніне,  



балабақшада 

бейсенбі, 12 қараша күніне жоспарланған.  Бұл шаралар туралы толық ақпарат 

көрсетілген күндерге таяу уақыттарда жіберіледі. Сіздер қосымша ақпаратпен 

www.miras.kz сайты арқылы хабарласа аласыздар. 

 

Құ

рметпен 



Aнниа Диэр 

Бастауыш мектеп директоры 

Тел.: +7 (727) 227 69 42 (ішкі 121) 

Эл.пошта: annia_d@almaty.miras.kz 

 

 

Newsletter  

Page 4 


Оқу жылы, әдеттегідей, бірінші қыркүйек күні алғашқы қоңырау сыңғырымен басталды. 

«Мирас» мектебі жаңа 2015-2016 оқу жылы оқушылар мен ата-аналарды құшақ жая қарсы 

алды.  

 

Алғашқы қоңырау 



Newsletter  

Page 5 


PYP бұрышы 

 

28 қыркүйек, дүйсенбі күні  3D сыныбының сабағына Сендилькумар мырза қатысты. Бұл 



кісі—ата-ана. Қазақстанда мұнай компаниясында жұмыс істейді. Зерттеу пәнінен «Жер 

бетінде қалай тіршілік етеміз?» пәнаралық тақырыбындағы зерттеу жолдарымыздың бірі - 

сарқылатын қорларды зерттеуге қатысты  балаларға  көптеген мәліметтерді айтып берді, 

атап айтқанда: 

Теңізде және жер бетінде бұрғылау дегеніміз не? 

Шикі мұнайдың жану дәрежесі 

Шикі мұнайды тазарту процесі 

Ауа мен суды ластауды төмендету үшін компаниялар не істейді? 

Шикі мұнайды тасымалдау мен жеткізу – әлемдік ірі бизнес. 

 

Аделаида  



PYP жаңалықтары 

Newsletter  

Page 6 


Жеке жобалар 

 

10  сынып  оқушылары  қазірдің  өзінде  2015-2016  оқу  жылының  жеке  жобаларын  іске 



асыруға кірісіп кетті. Олар өз жетекшілерімен (супервайзерлерімен) кездесті. Студенттердің 

кейбірі  жоба  жұмыстарын  жаз  айында  бастады.  Ағымдағы  оқу  жылы  бойынша  жасалған 

жеке жобалар кестесі төменде берілген:  

 

MYP жаңалықтары 

Newsletter  

Page 7 


Дипломдық бағдарлама үйлестірушісінің мақаласы 

«Мирас» мектебінің Дипломдық бағдарламасы аясында жұмыс толық қарқында жүріп 

жатыр. Қазір Дипломдық бағдарлама бойынша 24 студент білім алуда, оның ішінде 16 

студент  11 сыныпта,   8 студент 12 сыныпта оқиды. Бұл - көп жылдан бері болып отырған 

ең жоғары көрсеткіш.  Қазірдің өзінде бірқатар жұмыстар атқарылды, Дипломдық 

бағдарлама шеңберінде 11 сынып студенттеріне арнап оқу курстары ұйымдастырылды, 

студенттер зертханалық есептеуді, графикалық калькуляторды пайдалану,  өзін-өзі басқару 

дағдысын дамытатын және т.б. базалық білім алды.   Осы оқу жылының басында 

студенттерге әртүрлі сабақтарға қатысуға рұқсат берілді, осылайша  олар өздері қалайтын 

пәндерін таңдауға мүмкіндік алды.  Бұл «жеңілдік» кезеңі таяу арада өз мәресіне жетеді  де 

студенттер  өздері таңдап алған пәндеріне сәйкес оқуын жалғастырады. Дипломдық 

бағдарламаның көп студенттері «Art Point»  іс-шара қатысып,  «Мирас» мектебінде білім 

алудың артықшылығын жұртшылыққа таныстыра білді. 

11 сынып студенттері CAS бағдарламасы және кеңейтілген эссе аясында жақсы 

дайындықтарын көрсетті. 

Технологияларға байланысты ManageBac-ты кеңінен қолдану ұйымдастыру, ATL 

дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.   

 

Студенттердің көп бөлігі Онлайн-курсын таңдады, бұл биылғы бағдарламаның тағы да бір  



қ

ызықты ерекшелігіне жатады. Төрт студент осы әдісті таңдады.  Біз оларға табыс тілейміз.  

 

Қ

адамдары сәтті болсын! Балаларға тек АЛҒА дейміз! 



Гуральник И.Г. 

Page 8 


Newsletter 1 

 CAS жаңалықтары 

11 IB сынып студенттері 2 қазан, жұма күні CAS бағдарламасы аясында Президент 

саябағында болып қайтты. Сапардың негізгі мақсаты студент ұжымының бірлігін арттыру, 

сондай-ақ бірлесе атқаратын командалық жұмыс пен өзара әрекеттесуге дағдыландыру 

болатын.  

Сапар өте жақсы өтті. Сол күнгі ауа райы да, студенттердің көңіл-күйі де жақсы еді. 

Студенттер екі топқа бөлінді, әр топтың өз логотипі мен ұраны болатын. Содан кейін 

студенттер жарысқа қатысты, жарыстың талабы - Мирас CAS Жалауына бірінші болып 

жету (жалауша қараңыз). 

Студенттер  сапары туралы бірер сөз.  

Мен олардың жетістіктерін мақтан тұтамын! Сапар барысында мен жолдастарыммен 

қ

арым-қатынас жасап, өзара әрекеттесе отырып бағалы тәжірибе жинақтадым, тәуекелге 



бел байлауға үйрендім.  

Команда  басшысы ретінде  өз командамның мүшелерін  жігерлендіріп отырдым. Біздің 

команда өзінің жаңаша ойлау дағдыларын аңғартты,  байқау барысында тапқырлық 

танытып, «нысанаға»  жетудің ең қысқа жолын таңдадық. Шынын айтқанда, бұл сапарымыз 

маған қатты ұнады, мен ағымдағы жыл бойы командалық рухымыз тек нығая түседі деп 

ү

міттенемін. Қоғамымызды дамыту ісіне үлес қосу үшін қолымыздан келетіннің бәрін 



жасаймыз! 

Нұрәли Мыңбаев 

 

Сапар керемет болды.  Біз үшін ең үлкен проблема баратын жерге жетудің  қысқа жолын 



табу еді. Міне, осы жерде командалық жұмыс өзін өзі көрсетті. Әрбір команда саябақты 

білетін және нысанаға өз командасын әкелетін бірнеше адамнан құралды.  

Баркин Ераслан 

 

CAS  үйлестірушісі 



Page 9 

Newsletter 1 



«Мирас» мектебінің  2015 жылғы Футбол Кубогі 

Қ

азір орта мектепте дене шынықтыру сабақтарында футбол ойындары өткізіліп жатыр. 



«Мирас»  мектебі қаладағы жеке меншік мектептер арасында жалпы саны 15 команда 

арасында футбол турнирін өткізеді.   

  

Мәрелік ойындар келер аптада өткізіледі! «МИРАС» құрама командасына  сәттілік тілейміз! 



 

 

 «Мирастың» спорт жаңалықтары 

Newsletter  

Page 10 


Студенттер кеңесінің жаңалықтары 

Соңғы биде студенттер кеңесі мисс және мистер «Мирас» байқауын ұйымдастырды. Томирис мисс «Мирас», 

ал Амрулла мистер «Мирас» атанды.  

 

 



Page 11 

Newsletter 1 



Университеттер жәрмеңкесі 

Біздің мектеп  қыркүйек айында, дәстүр бойынша, университеттер жәрмеңкесін өткізеді. Биыл Ұлы Британия, 

Испания, Голландия, Швейцария, Чехия, Австралия, Канада сияқты бірқатар елдер он екі университет ұсынды. 

Сонымен  қатар  аталмыш    іс-шараға  Education  USA  және  British  Council  қатысты.  Біздің  студенттермен  бірге 

осы шараға Алматы қаласының 8 мектебінен келген  басқа да оқушылар қатысты.  

 

Жәрмеңкеде болғанда ойыма екі латын  айтылымы оралды: 



 

aut disce aut discede  (оқы, болмаса кет) 

 

және 

ipsa scientia potestas est (білімнің өзі - күш) 

 

Осы екі сөз де орынды болып шықты.  

Осындай шаралар студенттерге әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқу туралы мәліметтер алуға, 

қ

ызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік береді.  

 

Бұл жәрмеңке жыл сайын өткізіледі,  оның табысты өтуі  ұйымдастырушыларының жұмысына, сондай-ақ 

осындай шараларды өткізетін мектебіміздің күш-қайратына, бастамашылдығына тікелей байланысты.  

Айтпақшы,  Дипломдық бағдарламаның былтырғы түлектері қазіргі кезде шетелдік жоғары оқу орындарында 

білім алуда: 

 

 

Медеуова Нұрай – Эдинбург Университеті (University of Edinburgh) 

 

Шпакова Алина – Лондондағы эконмика мектебі (London School of Economics) 

 

Ian Riddell 

Page 12 


Newsletter 1 

Фестиваль Art Point

 

18 қыркүйек күні British council   қолдауымен Artpoint festival алаңқайында Халықаралық 

«Мирас» мектебін насихаттау мақсатында концерт өткізілді. Студенттер мектебімізді 

студенттердің шығармашылық дағдыларын дамыту тұрғысынан таныстырды. Оқушылар әр 

түрлі тілдерде ән салып, өлеңдер оқыды, түрлі халықтардың билерін, сондай-ақ аспаптық 

композицияларды орындады.   

Концертті жүргізген 12IB сынып студенті мектеп жайлы әңгімелегенде «Мирастың» мүддесі 

мен философиясына, мектептің білім беру құрылымындағы басты бағыттарына айрықша 

назар аударды.   DP үйлестірушісі Игорь Романович Гуральник қонақтарға Дипломдық 

бағдарламаның артықшылары мен ерекшеліктері туралы айтып берді. «Мирас» 

студенттерінің көркем жұмыстары көрмесі ұйымдастырылды.  7 «В» сынып студенттері 

концерт барысында дәстүрлі «Мереке» жобасы аясында қайырымдылық акциясын өткізді. 

Концерт көрермендері Нармина Гуняшеваның face-painting шеберлік сыныбын да 

тамашалады.  

 

  

Page 13 



Newsletter 1 

Шаралар кестесі 

 

16 қазан  – 1 тоқсанның соңы, 



есептерді (репорт) беру 

 

20 – 23  қазан – каникул 



күндері  

 

26 қазан – 2 тоқсанның 



басталуы 

 

31 қазан – Хеллоуин  



 

 

Page 14 


Newsletter 1 

Mon 


Tue 

Wed 


Thu 

Fri 


Sat 

Sun 


  

  

  



















10 

11 

12 

13 

14 

15 

16 

17 

18 

19 

20 

21 

22 

23 

24 

25 

26 

27 

28 

29 

30 

31 

 

October, 2015 

Шаралар кестесі 

 

Орта  мектептегі  ата-аналар 

жиналысы  (TBA) 

 

7 қараша – Мектеп күні 

 

27  қараша  –  Алғыс  білдіру  күні 

(АҚШ) 

 

Mon 


Tue 

Wed 


Thu 

Fri 


Sat 

Sun 


  

  

 

  

  

  



















10 

11 

12 

13 

14 

15 

16 

17 

18 

19 

20 

21 

22 

23/30 

24 

25 

26 

27 

28 

29 

November, 2015 

Халықаралық «Мирас» мектебінің мүддесі 

 

Халықаралық  «Мирас»  мектебі  студенттерге  IB 

және  ҚР  Білім  беру  Стандарттары  мен 

тәжірибесін  интеграциялау  негізінде  жоғары 

сапалы  білім  беруді  қазақ,  ағылшын,  орыс 

тілдерінің бірінде қамтамасыз етеді, оның ішінде 

ағылшын  тілі    мектептің  барлық  бағытында 

қ

арым-қатынас  тілі  ретінде  қолданылады. 

«Мирас»  студенттердің    өмір  бойы  білім  алуға 

қ

ажетті  дағдыларын  дамытуды  міндетіне 

алады,    ол  өз  кезегінде  оқушыларды  алуан  түрлі 

мәдениеттерді 

дұрыс 

қ

абылдауға 

және 

құ

рметтеуге, 

сондай-ақ 

заманауи 

ә

лемде 

болатын  өзгерістерге  өз  үлесін  оңтайлы  әрі 

белсенді түрде  қосуға баулиды. 

190 Al Farabi st., 050043, 

Almaty Kazakhstan 

 

Miras  



International School 

 

Telephone: 



+7 (727) 242 16 65;  

+7 (727) 242 16 76;  

 

secretary@almaty.miras.kz  



 

Fax: +7 (727) 242 16 66  



Мектептің веб-сайты: 

http://www.miras.kz



 

Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет