Шымкент қаласы, Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Утемисова Асемгуль Нурлановна
Lesson Study-білім сапасын көтерудің тиімді әдісі
Іс-әрекетті зерттеу жоспары бойынша 7 «В» сыныбында 07.12.2022ж Деформация тақырыбы бойынша сабақ өттім. Оқушылардың қызығушылықтары, ішкі уәждері ескеріле отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспары құрылды. Сабақ мақсатына жетуге арналған тапсырмалар сараланып, таңдалды. Зерттеудегі оқушылар сабақ барысында қадағанды.
Ең алдымен зымыран сұрақтар арқылы өткен сабаққа қатысты сұрақтар қойылды. Оқушылар қызығушылықпен белсенді жауап берді. Зерттеудегі Мұхамеджан, Алмаз, Каусар сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Оқушылардың зерттеу, талдау, талқылау, қорытынды, интерпретация жасату арқылы сыни ойлауын дамыту – қазіргі мұғалімдердің алдына қойған міндетті шешуде негізгі құрал болып табылады. Балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттерімен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 51 бет) Сыни тұрғыдан оқушыларды ойландыра алу әрбір педагогтың құзіреттілігінде. Осы орайда деформацияға қатысты тәжірибелерді оқушылардың өздеріне жасатып, топтық талқылау жасаттым. Оқушылар өз ойларын айта отырып, тақырыпты ашты. Алмас пен Каусар ойларын нақты жеткізе білді.
Тәжірибе жасату және тақырыпқа байланысты слайд көрсете отырып, жаңа сабақты түсіндірдім. Деформацияның физикалық мағынасын, түрлерін айтып өттім. Оқушылар жаңа сабаққа қатысты физикалық диктантты дәптерлеріне жазды. Сандуғаш, Аружан, Мұхамеджан, Кәусар барлығын тиянақты жазып отырды.
Жаңа сабаққа қатысты суреттер бойынша сәйкестендіру тестін барлық оқушылар қызығып орындады. Оқушылар бұл тапсырмаларды жұптасып орындағандықтан көпшілігі қатесіз орындады. Және оқушыларда жауабын интерактив тақтада тексеру барысында өздерінің қатесіз орындағанына риза болу сезімі пайда болды. Берілген мысалдардан деформация түрлерін ажырату кезінде Сандуғаш бір сұрақтың жауабын таба алмады. Және өз тарапымнан қате кеткен сұраққа қосымша түсіндіру жұмысы жасалды.
Жаңа сабақты қорытындылау барысында берілген тұжырымдардың дұрыс не бұрыс екенін анықтауға сұрақтар қойып, оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендерін тексердім.
Сабақ соңында оқушылардан сұхбат алдық. Оқушылар мынадай сұрақтарға жауап берді. Мен бүгін жаңа не білдім немесе бүгін мен не үйрендім? Зерттеу сабақтарында оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Тәжірибемде өткізген әдіс-тәсілдерімді әлі де түрлендіріп қолдану менің мақсатымның бірі. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмын.