¶лкен топ дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік нышандары, топтық қатыстылығы, жасы, жынысы, ұлты және тағы басқа белгілері негізінде сараланатын, адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық.
°леуметтік үлкен топтар – бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстардың болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді, сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол.
°леуметтік үлкен топтардың айқын ерекшеліктері:
олар үнемі даму және жетілу үстінде болады;
олардың арнайы қызығушылықтары бар;
олар өз өкілдерінің, өздерінің ішкі және сыртқы арақатынасын реттейтін әлеуметтік нормалар мен талаптарды қалыптастырады;
олар рөлдік құрылымы бар құралдармен қамтамасыз етілген.
¶лкен әлеуметтік топтар өздерінің генезисімен және белсенділік түрлерімен көп санды және әр түрлі болады. °детте, олар этностарға (ұлттарға), таптарға, саяси және қоғамдық ұйымдарға, діни конфессияларға бөлінеді, оларды ұйымдасқан топтар деп атайды. Одан басқа ұйымдаспаған топтар да кездеседі. Оларға тобырлар және бұқаралық қозғалыстар жатады.
Белгілі бір қоғамдық қызметке қамтылған адамның нақты шамасы жағынан едәуір және күрделі түрде ұйымдастырылған қауымдастығы (ұжым).
Этнопсихологияда әр түрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этносын, өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен рөл атқарады.
°леуметтік-психологиялық зерттеулерде үлкен топтардың сипаттамаларын беруде қиыншылықтарға кездесуге болады. Таптардың, ұлттардың және тағы басқа топтардың психологиялық ерекшелігін зерттеудің жоқтығы көптеген қарама-қайшылықтарға әкеледі. Мұнан кейде үлкен топтардың психологиясын зерттеуде ғылыми талдау жасау мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Г.Г.Дилигенскийдің қарастыруынша, үлкен топтардың психологиясы әлеуметтік психология мәселелерімен қатар қойылған. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас тарихы нақты әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды, мақсат пен қажеттіліктерді жасай алмайды. Мұның бәрі қоғам психологиясының мазмұнды элементтері, үлкен топтардың тарихи тәжірибесі негізінде қалыптасады. Мәдени идеология жүйесінде бұл тәжірибе шағын топтар және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас арқылы индивидке дейін жеткізілген. Сондықтан үлкен топтарға жасалған әлеуметтік-психологиялық талдауды индивид психологиясының мазмұнын танудағы “кілт” ретінде қарастыруға болады. °рине, әлеуметтік үлкен топтардың тәжірибесі мен қоғамның психологиялық элементтер мазмұнын түсінуде бұқаралық әлеуметтік процестер мен қозғалыстар маңызды орын алады.
қоғамдық өзгерістер мен түрленулер сипаттамасы әлеуметтік үлкен топтардың психологиялық сипатының негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан үлкен топтарға және бұқаралық процестер мен қозғалыстарға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау қажеттігін нақты айту қажет. Бірақ бұл қозғалыстар мен процестер үлкен топтардың мәнін құрайды. Сонымен, үлкен топтарды құрастыру үшін оның, алдымен, негізгі элементтерін, құрылымын, өзара байланысын білу қажет. С.Московиси өзінің үлкен топтарды зерттеуінде “социологизация” терминін ұсынады.
Жоғарыда көрсетілгендей, сандық қатынаста адамдар тобы екі түрге бөлінеді:
1) уақытша пайда болған топтар, яғни публика, аудиторияда қалыптасқан әлеуметтік топтар;
2) түрлі этностық топтар, мамандығы, жас ерекшелігі, жыныс ерекшелігі бойынша әлеуметтік топтар. °леуметтік үлкен топтардың өзіне тән бірнеше белгілері бар. °леуметтік үлкен топтарда әлеуметтік мінез-құлықты арнайы реттейтін салалар бар. Олар салт-дәстүр, әдет-ғұрып және салт-сана болып табылады. Олардың болуы арнайы қоғамдық тәжірибемен негізделген, яғни бұл - белгілі бір топтың тарихи формаларымен байланыстылығы. ¶лкен топтар әлеуметтік мінез-құлықты реттеумен бірге өмір сүру үлгісін қалыптастырады.
Белгілі бір шеңбердегі өмір үлгісі қызығушылықтар, құндылықтар, қажеттіліктердің ерекше мәнін қалыптастырады. ¶лкен топтардың өзіне тән жалпы қасиеттерін абсолютті түрде түсінуге болады. Бұлардың әр түрлі көрінісі бар, оларды ұлттық таптың бір класына жатқызуға болмайды.