¶лкен топтар – адамдардың тұлғааралық және әлеуметтік тығыз байланыстарын талап етпейтін шағын топқа қарағанда, мемлекет көлемінде өмір сүретін қауымдастық.
¶лкен топтарда әлеуметтік мінез-құлық нормалары, қоғамдық және мәдени құндылықтар, дәстүрлер, қоғамдық пікір мен жаппай көңіл-күй қалыптасады. ¶лкен топтарға жататындар: таптар, қалың бұқара топтары, этностар (ұлт, жұрт), жас ерекшелік топтар, діни конфессиялар, партия мен қоғамдық ұйымдар, т.б.
Орта топтар – бұл мекемелер, ұйымдар, әскери бөлімдер мен құрамалар, территориялық қауымдастықтар (бір қаланың, ауданның тұрғындары).
Шағын топтар – іс-әрекет мақсаты ортақ, құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен, соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы. Шағын топқа жататындар: отбасы, әскери шағын бөлімшелер, көршілер қауымдастығы, достар компаниясы, т.б.
Микротоптар – шағын топтардың ішіндегі формалды емес топтар.
ұйымдасқан топтар – ішкі себептермен пайда болған (спонтандық) және өзінің ішіндегі қатаң және билеп-төстейтін коммуникативтік қатынастары бар топтар.
ұйымдаспаған топтар – ішкі себептермен пайда болған (спондандық) және өзінің ішіндегі қатаң емес және билеп-төстемейтін коммуникативтік қатынастары бар топтар.
Формалды емес (ресми емес) топтар – тұлғалық таңдаулар мен қызығушылықтар негізінде қалыптасқан.
Ресми топтарға құрылымы сырттан, ресми түрде берілген топтар жатады. Ресми топтар алдын ала қоғамның белгіленген мақсаттарымен, ережелерімен, нұсқауларымен, жарлығымен сәйкес қызмет етеді.
°лсіз дамыған топтар – белгілі бір топтардың өмір тіршілігінің бастапқы кезеңіндегі формасы.
Жоғары дамыған топтар – жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғары даму жүйесінде ұйымшылдығымен жоғары деңгейде ерекшеленетін топ. °детте, жоғары дамыған топтарға ұжым жатады.
Референттік топтардыңқызығушылықтарын, тұлғалық құндылықтарын және бағалауларын бағдарға ала отырып, үлгі тұтады.
Референттік емес топтарға адамдар оның мүшесі болып нақты түрде кіреді.
Реалды топтар – бұл адамдардың іс-әрекеттері мен күнделікті өмірлері бірге өтетін топтар.
Шартты топтар – бір жалпы, мысалы, жас, жыныс, т.б. белгілерімен біріккен топтар.
Бастапқы топтар – адамдардың қоғамдағы тікелей алғашқы қарым-қатынасымен өзара әрекеттес болатын топтар.
Екінші қайтара топтар – олардың барлық мүшелерімен байланыстары жоқ және топ басшылығының жетекшілігімен өзара қатынастары туындайтын топтар. Мысалы, мектеп ұжымы нақты сынып ұжымына қарағанда екіншілік топ болып табылады.