QSlide
Басқа қолданбалар істеп тұрғанда қолданбаларды пайдалану үшін
оларды QSlide арқылы іске қосуға болады. Мысалы, калькуляторды
немесе күнтізбені бейне ойнатылып жатқанда пайдалануға болады.
Қолданба жұмыс істеп тұрғанда, түртіңіз:
QSlide.
•
Осы мүмкіндікке кейбір қолданбаларда қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
•
: Толық экран режиміне ауысу үшін QSlide режимін өшіріп
қойыңыз.
•
: QSlide терезесінің бұлыңғырлығын реттеу. QSlide терезесі
мөлдір болған жағдайда, ол түрту әрекеттеріне жауап бермейді.
•
: QSlide терезесін жабу.
•
: QSlide терезесінің өлшемін реттеу.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
26
LG Health
LG Health виджетіне шолу
Орындалатын жаттығуларды қадағалау арқылы денсаулығыңызды
бақылауға және жақсы жаттығу дағдыларын сақтауға болады.
LG Health виджетімен жұмысқа кірісу
LG Health виджетін қолданбаны бірінші рет іске қосқан кезде немесе
оны баптандырған соң конфигурациялауға болады.
1
LG Health белгішесін түртіңіз.
2
Конфигурацияны аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
LG Health виджетін пайдалану
LG Health виджетінде негізгі ақпаратты қарауға болады және
физикалық жаттығулардың санын және денсаулық туралы
ақпаратты басқаруға болады.
1
LG Health белгішесін түртіңіз.
2
Төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
•
: Тексергіңіз келген күнде жаттығу журналын көру.
•
: Жаттығуды қадағалай бастау. Дене жаттығуларыңыздың
бағыты мен саны әр жаттығу түрі бойынша жазылады.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
27
•
: Күнделікті жаттығу мақсаттарын, соның ішінде калория мен
қадамдарды орнату немесе әртүрлі LG Health параметрлерін
орнату.
•
LG Health қолданбасы арқылы ұсынылған денсаулық туралы
ақпарат пайдаланушының ыңгайлылығы үшін жасалған
және аурудың алдын алу, емдеу, диагноз қою немесе басқа
да медициналық мәселелердің мақсаттарында пайдалануға
арналмаған.
•
LG Health қолданбасы қызмет ету мемлекеті мен қызмет
провайдеріне байланысты өзгеше болуы мүмкін немесе
қолжетімді болмауы мүмкін. Қолжетімді LG Health қолданбасының
функциялары мен оған қосуға болатын қолданбалар мемлекетке
байланысты өзгеше болуы мүмкін. Бұл әртүрлі заңдар мен
ережелерге байланысты.
Мазаламаңыз
Белгілі бір уақыт аралығында хабарландыруларды елемеу үшін
оларға шек қоюға немесе дыбысын өшіріп тастауға болады.
1
Баптаулар Дыбыс & Ескерту Мазаламаңыз тармағын
түртіңіз және оны іске қосу үшін
түймесін жылжытыңыз .
2
Қалаулы режимді таңдау үшін,
Дыбыстар жəне дірілдер
опциясын түртіңіз:
•
Тек басымдылықпен: Таңдалған қолданбалар үшін
дыбыстық немесе дірілдейтін хабарландыруларды
қабылдау.
Тек басымдылықпен режимі өшіріліп тұрса да,
дабылдар жұмыс істейді.
•
Жалпы дыбыссыз: Дыбыс пен дірілдің екеуін де өшіреді.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
28
Дыбыс атауы
Таңдалған контактілерден келетін әр кіріс қоңырау үшін автоматты
құрастырылған рингтонды ойнатындай етіп құрылғыны теңшеуге
болады. Аталған функция қоңырау шалушыны рингтон арқылы
тануға мүмкіндік береді.
1
Баптаулар Дыбыс & Ескерту Дыбыс атауы тармағын
түртіңіз және оны іске қосу үшін
түймесін жылжытыңыз.
2
үшін қоңырау үндерін жасау белгішесін түртіп, қалаулы
опцияны таңдаңыз.
•
Әдепкі рингтон таңдалған контактілерден басқа контактілердің кіріс
қоңыраулары үшін ойнатылады.
Саусақ ізін тану
Саусақ ізін тану бөліміне шолу
Саусақ ізін тану функциясын пайдаланбас бұрын, алдымен саусақ
ізін құрылғыңызда тіркеңіз.
Саусақ ізін тану функциясын төмендегі жағдайларда пайдалануға
болады:
•
Экранды құлыптан босату үшін
•
Галерея немесе QuickMemo+ қолданбасында құлыптанған
мазмұнды көру үшін
Сатып алуды растау немесе қолданбаға кіру кезінде, саусағыңызды
саусақ ізі сенсорына тигізу арқылы өзіңіздің сәйкестігіңізді
анықтаңыз.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
29
•
Саусағыздың ізі өмір бойы өзгермейді және әркімнің өзіне тән
саусақ ізі бар. Сондықтан саусағыңыздың ізін пайдаланушыны
сәйкестендіру үшін құрылғыда пайдалануға болады. Әртүрлі
пайдаланушылардың өте ұқсас саусақ іздері саусақ ізі сенсорымен
бір пайдаланушының саусақ ізі ретінде танылуы мүмкін. Құрылғы
қауіпсіздігін жақсарту үшін, үлгі бойынша экран құлпын, PIN кодын
немесе құпия сөзді орнатыңыз.
•
Егер саусақ ізіңіз танылмаса немесе резервтік PIN кодын ұмытып
қалсаңыз, құрылғыңызды жақын маңдағы LG компаниясының
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына апарып, саусақ ізін
тіркеңіз және жаңа резервтік PIN кодын жасаңыз.
Саусақ ізін тану мүмкіндігіне қатысты сақтық шаралары
Саусақ ізін тану мүмкіндігінің нақтылығы төмендеуі мүмкін. Тану
нақтылығын арттыру үшін, құрылғыны пайдалану алдында
төмендегілерді тексеріңіз.
•
Құрылғының қуат/құлып пернесі саусақ ізі сенсорына ие.
Қуат/құлып пернесі тиын немесе кілт сияқты темір затпен
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
•
Қуат/құлып пернесінде немесе саусағыңызда су, шаң не басқа
бөгде заттар болған кезде, саусақ ізін тіркеу немесе тану жұмыс
істемеуі мүмкін. Саусақ ізін анықтамас бұрын, саусағыңызды
тазалап кептіріңіз.
•
Саусақта тыртық болса немесе су әсерінен беті тегіс болса, онда
саусақ ізін дұрыс танымауы мүмкін.
•
Саусағызды майыстырсаңыз немесе тек саусақ ізін
пайдалансаңыз, саусақ ізі танылмауы мүмкін. Саусағыңыз қуат/
құлып пернесінің бетін толықтай жауып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•
Әр тіркеуге тек бір саусағыңызды пайдаланыңыз. Бірнеше
саусақты сканерлеу әрекеті саусақ ізін тіркеу және тану
мүмкіндігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
•
Қоршаған орта ауасы құрғақ болса, құрылғы статикалық электр
қуатын өндіруі мүмкін. Қоршаған орта ауасы құрғақ болса, саусақ
іздерін сканерлеуге әрекеттенбеңіз немесе статикалық электр
қуатын жоққа шығару үшін, саусақ іздерін сканерлемес бұрын
тиын немесе кілт сияқты металл затқа тиіңіз.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
30
Саусақ ізін тіркеу
Саусақ ізі арқылы тану үшін саусағыңыздың ізін құрылғыға тіркеп,
сақтап қоюға болады.
1
Баптаулар Баптаулар Саусақ іздері & қауіпсіздік
Саусақ іздері белгішесін түртіңіз.
•
Осы мүмкіндікті пайдалану үшін, экран құлпының орнатылғанына
көз жеткізіңіз. Экран құлпы орнатылмаған болса, оны
орнатыңыз. Толық мәліметтерді
Экран құлпының параметрлерін
конфигурациялау
бөлімінен қараңыз.
2
Құрылғының артқы жағындағы қуат/құлып пернесін тауып, саусақ
ізін тіркеу үшін, оған саусағыңызды ақырын қойыңыз.
•
Сенсор саусақ ізін тани алатындай етіп қуат/құлып пернесін
ақырындап басыңыз. Қуат/құлып пернесін артық күшпен бассаңыз,
экранды құлыптау функциясы іске қосылуы немесе экран өшіп
қалуы мүмкін.
•
Саусағыңыздың ұшы қуат/құлып пернесінің бетін толықтай жауып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
3
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
•
Саусақ ізін сканерлеу процесін саусақ ізі тіркелмегенше,
саусағыңызды бірте-бірте жылжыту арқылы қайта орындаңыз.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
31
4
Саусақ ізін тіркеу аяқталғанда,
OK белгішесін түртіңіз.
•
Басқа саусақ ізін тіркеу үшін,
ТАҒЫ ҚОСУ белгішесін түртіңіз.
Тек бір саусақ ізін тіркеп, дәл сол саусағыңыз жақсы қалпында
болмаса, саусақ ізін тану қанағаттанарлықтай жұмыс істемеуі
мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында бірнеше
саусақ ізін тіркеп қойыңыз.
Саусақ іздерін басқару
Тіркелген саусақ іздерін өңдеуге немесе жоюға болады.
1
Баптаулар Баптаулар Саусақ іздері & қауіпсіздік
Саусақ іздері белгішесін түртіңіз.
2
Көрсетілген құлыптау әдісі бойынша құлыптан босатыңыз.
3
Саусақ іздері тізімінде, атын өзгерту үшін қажетті саусақ ізін
түртіңіз. Жою үшін белгішесін түртіңіз.
Экранды саусақ ізі арқылы құлыптан босату
Саусақ ізін пайдалану арқылы экранды құлыптан босатуға немесе
құлыптанған мазмұнды көруге болады. Қалаулы функцияны
белсендіру:
1
Баптаулар Баптаулар Саусақ іздері & қауіпсіздік
Саусақ іздері белгішесін түртіңіз.
2
Көрсетілген құлыптау әдісі бойынша құлыптан босатыңыз.
3
Саусақ ізі параметрлерінің экранында, қалаулы функцияны
белсендіріңіз:
•
Экран құлпы: Экранды саусақ ізі арқылы құлыптан
босатыңыз.
•
Мазмұнды құлыптау: Мазмұнды саусақ ізі арқылы құлыптан
босатыңыз. Ол үшін, мазмұнның құлпы орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
32
Мазмұнды ортақтасу
Мазмұнды басқа құрылғыдан ойнату
Құрылғыда сақталған фотосуреттерді, бейнелерді немесе әндерді
теледидар арқылы ойнатуға болады.
1
Теледидар мен құрылғыңызды бір Wi-Fi желісіне қосыңыз.
2
Галерея немесе Музыка қолданбасынан элементтерді қарап
жатқан кезде, немесе
Басқа құрылғыда ойнату
опциясын түртіп, содан кейін қосылғыңыз келген теледидарды
таңдаңыз.
•
Chromecast үшін, Google Play қызметтері жаңартылған күйде
болуы қажет.
Жақындағы құрылғылардан мазмұнды көру
Мазмұнды
Галерея немесе Музыка қолданбаларының көмегімен
компьютер, NAS кластері не мобильді құрылғы сияқты алуын түрлі
құрылғылардан көруге болады.
Құрылғыларды қосу
Құрылғыңыз бен DLNA функциясын қолдайтын басқа құрылғыны бір
сымсыз желіге қосыңыз.
•
Файлмен бөлісу (DLNA) функциясы құрылғы мен қосылған құрылғы
екеуінде де қосулы екенін тексеріңіз.
Жақындағы құрылғыларды іздеу
Бір желідегі DLNA құрылғыларының тізімін әр құрылғыдағы
Құрылғылар маңында қойындысын таңдау арқылы көруге болады.
Жақындағы құрылғылардағы мазмұнды өз құрылғыңызда
пайдаланатындай етіп пайдаланыңыз.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
33
Файлдарды жіберу немесе қабылдау
Құрылғыңыз бен LG құрылғысы немесе планшет не компьютер
арасында файлдармен бөлісуге болады.
Файлдарды жіберу
Галерея, Файл басқарушы немесе Музыка қолданбасынан,
ЖІБЕРУ немесе белгішесін түртіп, содан кейін файлмен бөлісу
тізімінде құрылғыны таңдаңыз.
Файлдарды қабылдау
Күй жолағын төмен сүйреңіз, содан кейін
Бейне жіберу функциясын
іске қосыңыз.
Егер құрылғыңыз файлмен бөлісу функциясына қолдау көрсетпесе,
Баптаулар Желілер Тарату жəне Қосылу Бейне жіберу
SmartShare Beam опциясын түртіңіз.
Файлдарды компьютерге жіберу
Үлкен файлдарды компьютерге жылдам жіберуге болады.
1
LG Bridge қолданбасын компьютерге орнатыңыз.
2
Компьютерде LG Bridge қолданбасын іске қосыңыз, содан кейін
LG тіркелгісімен жүйеге кіріңіз.
3
Баптаулар Желілер Тарату жəне Қосылу LG AirDrive
опциясын түртіп, содан кейін LG тіркелгісімен жүйеге кіріңіз.
•
LG Bridge қолданбасын LG Mobile веб-сайтынан (
www.lg.com)
жүктеп алуға болады.
Арнайы жасалған мүмкіндіктер
34
Бұлтыңыздағы мазмұнды қарау
Бұлт тіркелгісінде сақталған мазмұнды құрылғыға жүктеп алусыз
тікелей көруге болады.
1
Галерея, Музыка немесе Файл басқарушы қолданбасынан
таңдаңыз:
Бұлт.
2
Бұлт тіркелгісін таңдап, жүйеге кіріңіз.
3
Мазмұнды бұлтта сақтау немесе ойнату.
Қос экранда ойнату
Құрылғыңыздың экранын сымсыз қосылым арқылы қосылған
көрсету құрылғысында көрсетуге және құрылғыңызда бір уақытта
әртүрлі қолданбаларды пайдалануға болады.
Байланыс үшін экранды ортақ пайдалану функциясын таңдаңыз.
•
Бұл мүмкіндік кейбір мазмұн үшін қолжетімді емес.
Негізгі функциялар
36
Өнім құрамдастары жəне керек-
жарақтары
Келесі элементтердің барын тексеріңіз:
•
Құрылғы
•
Батарея
•
Шыгару инесі
•
Стерео құлақаспап
•
USB кабелі
•
Зарядтағыш
•
Іске қосу жөніндегі қысқаша
нұсқаулық
•
Жоғарыда айтылған элементтер қосымша болуы мүмкін.
•
Құрылғының жеткізілім жинағына кіретін құралдар мен кез келген
қолжетімді керек-жарақтар аймақ және мобильді операторға
байланысты өзгешеленуі мүмкін.
•
Әрқашан түпнұсқа LG Electronics керек-жарақтарын
пайдаланыңыз. Басқа өндірушілер жасаған керек-жарақтарды
пайдаланған жағдайда құрылғыңыздың қоңырау шалу
функциясына әсер етуі немесе дұрыс жұмыс істемеуіне алып келуі
мүмкін. Бұл LG компаниясының жөндеу қызметімен қамтылмауы
мүмкін.
•
Осы негізгі элементтердің қандай да бірі болмаған жағдайда, сізге
құрылғыны сатқан дилерге хабарласыңыз.
•
Қосымша негізгі элементтерді сатып алу үшін LG компаниясының
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Қосымша элементтерді сатып алу үшін, қолжетімді дилелер тізімін
алу мақсатында LG компаниясының тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Өнімнің қорабындағы кейбір элементтер ескертусіз өзгертілуі
мүмкін.
•
Құрылғының сыртқы түрі мен техникалық сипаттамалары
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Негізгі функциялар
37
Бөліктерге шолу
ИҚ сенсор
Жарық диодты
индикатор
Сенсорлық экран
SIM/жад картасының
науасы
Зарядтағыш/USB
кабелінің порты
Стерео құлақаспап
ұяшығы
Алдыңғы камера
объективі
Дыбыс деңгейін реттеу
пернелері (+/-)
Жақындықты
анықтау/сыртқы жарық
датчигі
Модульді шығару
пернесі
Модуль
Динамик
Микрофон
Жарқыл
Артқы камера объективі
(кең бұрышты)
NFC антеннасы
(ендірілген)
Динамик
Артқы камера
объективі (қалыпты)
Лазерлік анықтау
автофокусы
RGB сенсоры
Қуат/құлып пернесі
(саусақ ізі сенсоры)
Микрофон
Негізгі функциялар
38
•
Жақындықты анықтау/сыртқы жарық датчигі
- Жақындықты анықтау датчигі: Қоңырау барысында құрылғы
адам денесіне жақындаған кезде жақындықты анықтағандағы
жарық датчигі экранды және түрту функциясын өшіреді.
Құрылғы белгілі бір аумақтан тыс жатқанда ол экранды қайта
қосып, түрту функциясын қайта қосады.
- Сыртқы жарық датчигі: Сыртқы жарық датчигі автоматты
жарықты бақылау режимі қосылып тұрған кезде сыртқы
жарықты талдайды.
•
Лазерлік анықтау автофокусы
- Автоматты түрде фокустау үшін камера мен нысан арасындағы
қашықтықты анықтайды.
- Суретке түсіру үшін артқы камераны пайдаланғанда жақын
немесе алыс орналасқан нысандардың фокусын жылдам
орнатады.
•
Дыбыс деңгейін реттеу пернелері
- Рингтондар, қоңыраулар немесе хабарландырулар үшін дыбыс
деңгейін реттеу.
- Суретке түсіру үшін дыбыс деңгейі пернесін жай ғана басыңыз.
Үздіксіз суреттер түсіру үшін, дыбыс деңгейі пернесін басып
тұрыңыз.
- Экран құлыпталғанда немесе өшірілгенде,
Камера
қолданбасын іске қосу үшін, дыбыс деңгейін азайту (-) пернесін
екі рет басыңыз.
Түсіру+ қолданбасын іске қосу үшін дыбыс
деңгейін көтеру (+) пернесін екі рет басыңыз.
•
Қуат/құлып пернесі (саусақ ізі сенсоры)
- Экранды қосқыңыз немесе өшіргіңіз келген жағдайда пернені
қысқаша басыңыз.
- Қосу/өшіру опциясын таңдағыңыз келген жағдайда пернені
басып тұрыңыз.
- Экранды саусақ ізімен құлыптағыңыз келген жағдайда
саусағыңызды жай ғана пернеге қойыңыз.
Негізгі функциялар
39
•
Құрылғы сипаттамаларына байланысты кейбір функцияларға
қатынас шектелуі мүмкін.
•
NFC антеннасы құрылғының артқы жағына бекітіледі. NFC
антеннасын зақымдап алмаңыз.
•
Құрылғыға ауыр заттар қоймаңыз немесе оған отырмаңыз. Олай
жасамаған жағдайда сенсорлық экран мүмкіндігіне зақым келуі
мүмкін.
•
Экранның қорғаныс пленкасы немесе керек-жарақтары
жақындықты анықтау датчигінің жұмысына кедергі жасауы мүмкін.
•
Құрылғыңыз ылғал немесе оны ылғалды жерде пайдаланып
жатсаңыз, түрту сенсоры немесе түймелері дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
Қуатты қосу жəне өшіру
Қуатты қосу
Қуат өшіріліп тұрғанда, қуат/құлып пернесін басып тұрыңыз.
•
Құрылғыны алғаш рет қосқанда бастапқы конфигурациясы
қолданылады. Смартфонның алғаш рет іске қосылу уақыты
әдеттегіден ұзақ болуы мүмкін.
Қуатты өшіру
Қуат/құлып пернесін басып тұрып,
Өшіру тармағын таңдаңыз.
Қуатты басқару опциялары
Қуат/құлып пернесін түртіп тұрып, опцияны таңдаңыз.
•
Өшіру: Құрылғыны өшіреді.
•
Қуатты өшіру жəне қайта қосу: Құрылғыны қайта іске қосады.
•
Ұшақ режимін қосу: Қоңыраулар шалу, хабар алмасу және
Интернетті шолу сияқты телекоммуникацияға байланысты
функцияларды блоктайды. Басқа функциялар қолжетімді болады.
Негізгі функциялар
40
SIM картасын орнату
Байланыс операторымен берілген SIM (абонент
идентификациясының модулі) картасын дұрыс пайдаланыңыз.
1
Шығару инесін карта науасының тесігіне кіргізіңіз.
2
Карта науасын шығарыңыз.
3
SIM картасын карта науасына алтын түстес ұшын төмен қаратып
салыңыз.
Бірінші SIM картаны 1-ші SIM карта науасына, ал екінші SIM
картаны 2-ші SIM карта науасына салыңыз.
•
2-ші SIM карта науасы, сонымен қатар, жад картасының науасы
ретінде қызмет етеді. Алайда, SIM карта мен жад картасының
(қосымша) екеуін де бір уақытта сала алмайсыз.
Негізгі функциялар
41
1
2
4
Карта науасын ұяшығына қайта салыңыз.
SIM картаны пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
•
SIM картасын жоғалтпаңыз. LG компаниясы SIM картасының
жоғалу немесе тасымалдау себебінен болған зақымданулар мен
басқа да мәселелерге жауапты емес.
•
SIM картасын салу немесе алып тастау кезінде зақымдап
алмаңыз.
•
SIM карталарының бірнеше түрінен тек нано SIM карталары
құрылғымен жұмыс істейді.
•
Ақаусыз жұмыс істеу үшін, телефонды дұрыс SIM карта түрімен
пайдалану ұсынылады. Әрқашан оператор ұсынған зауыттық SIM
картаны пайдаланыңыз.
Негізгі функциялар
42
Жад картасын орнату
Құрылғы макс. 2 Тбайт microSD картасына қолдау көрсетеді. Кейбір
жад карталары өндіруші мен түріне байланысты құрылғымен
үйлесімді болмауы мүмкін.
•
Кейбір жад карталары құрылғымен толықтай үйлесімді болмауы
мүмкін. Үйлесімді емес карта қолданылса, ол құрылғыға немесе
жад картасына зақым келтіруі немесе ішінде сақталған деректерді
бұзуы мүмкін.
1
Шығару инесін карта науасының тесігіне кіргізіңіз.
2
Карта науасын шығарыңыз.
3
Жад картасын карта науасына алтын түстес ұшын төмен
қаратып салыңыз.
SIM карта
Жад картасы
4
Карта науасын ұяшығына қайта салыңыз.
•
Жад картасы қосымша бұйым болып табылады.
•
Деректерді жиі жазу және өшіру жад карталарының қызмет ету
мерзімін қысқартуы мүмкін.
Негізгі функциялар
43
Жад картасын шығару
Жад картасын шығармас бұрын, қауіпсіздік үшін бөлшектеңіз.
1
Баптаулар Баптаулар Жады жəне USB белгішесін
түртіңіз.
2
Шығару инесін карта науасының тесігіне кіргізіңіз.
3
Карта науасын тартып шығарыңыз және жад картасын алыңыз.
•
Құрылғы ақпарат тасымалдаған не ақпаратқа қатынасқан кезде
жад картасын алып тастамаңыз. Бұл деректердің жойылуына не
бұзылуына әкелуі немесе жад картасы не құрылғыға зақым келтіруі
мүмкін. LG компаниясы жад карталарын қате не мақсатынан тыс
пайдаланудан пайда болған залалдар, соның ішінде деректердің
жойылуы үшін жауапты емес.
Достарыңызбен бөлісу: |