Lg-h845 1 Об этом руководстве


Батарея Батареяны алып тастау



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата12.03.2017
өлшемі16,07 Mb.
#8992
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

Батарея

Батареяны алып тастау

• 

Батареяны алмас бұрын құрылғыны өшіріңіз. Олай жасамаған 



жағдайда құрылғыға зақым келуі мүмкін.

Модульді құрылғыдан жартылай шығару үшін, модульді шығару 



пернесін басыңыз.

Модульді шығару пернесі

Модуль


Негізгі функциялар

44



Шығарылған модульдің ортасынан ұстап, құрылғы ішінен тартып 

шығарыңыз.

Батарея мен модульді екі қолыңызбен ұстап, оларды көрсеткі 



бағытымен бір-бірінен бөлшектеңіз.

• 

Батареяны алу кезінде оны майыстырмаңыз. Батареядағы 



пластикалық қақпақ зақымдалуы мүмкін.

Батареяны салу

• 

Құрылғы сипаттамалары аймақ пен байланыс операторына 



байланысты өзгешеленеді. Қосымша батареяларды 

немесе үйлесімді қосымша құралдарды сатып алу үшін, LG 

компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына 

хабарласып, қолдау сұраңыз.

• 

LG Electronics тарапынан ұсынылған түпнұсқа керек-жарақтарды 



міндетті түрде пайдаланыңыз. Үшінші жақ керек-жарақтарын 

пайдаланған жағдайда құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс 

істемеуі мүмкін.


Негізгі функциялар

45



Көрсетілген көрсеткілерді дұрыстап туралаңыз және батареяны 

модульдің ішіне суретте көрсетілген реттілік бойынша енгізіңіз.

1

2



Модульдің астыңғы бөлігін астында көрсетілгендей ұстап 

алыңыз, содан кейін модульді құрылғы ішіне берік бекітілгенше 

ақырындап жылжытыңыз.

• 

Модульді құрылғыға енгізген кезде, модульді шығару пернесін 



ешқашан баспаңыз.

Модульді пайдалану кезіндегі сақтық 

шаралары

• 

Батареяны құрылғы ішіне енгізген кезде, батареяның модульге 



бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Батареяны бекітілген модульсіз енгізу 

нәтижесінде құрылғыға зақым келуі мүмкін.

• 

Батареяны ауыстыру кезінде, құрылғыға бөгде заттың немесе 



судың кіріп кетпеуін ерекше қадағалаңыз.

• 

Батарея модулі алынған құрылғыны ыстық және ылғалды жерге 



қоймаңыз.

Негізгі функциялар

46

• 



Құрылғының ішкі жағына темір заттың немесе судың тимегенін 

және зақымдалмағанын тексеріңіз.

• 

Құрылғыны ұзақ уақыт бойы бөлшектенген модульмен қалдыру құрылғының 



деформациясына немесе металл контактілердің зақымдалуына апарып 

соғуы мүмкін. Бұл құрылғының жұмысында ақаулық тудыруы мүмкін.

• 

Модульді ешқашан модульді шығару пернесін баспай құрылғыдан 



ажыратпаңыз. Құрылғыға зақым тиюі мүмкін.

• 

Ешқашан модульді құрылғы пайдаланып жатқанда алмаңыз.



• 

Егер құрылғыны пайдалану кезінде модуль мен құрылғы арасында 

бос орын пайда болса, модульді құрылғы ішіне нық салыңыз.

• 

Егер мобильді оператормен үйлеспейтін модуль, мысалы, 



басқа мобильді оператордан немесе мобильді операторыңыз 

қамтымайтын аймақта сатып алынған модуль салынса, 

құрылғыңыз дұрыс істемеуі мүмкін.

• 

Модульді салу немесе алу кезінде саусақтарыңызды жарақаттап 



алмаңыз.

• 

Батарея мен модульдің дұрыс енгізілгеніне сенімді болыңыз. 



Оларды қате енгізсеңіз, құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі немесе 

зақымдалуы мүмкін.

• 

Пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды орындамау 



салдарынан құрылғыға зақым тиюі мүмкін.

Батареяны зарядтау

Құрылғыны пайдаланбас бұрын, батареяны толығымен зарядтаңыз.

Батареяны зарядтау кабелінің бір ұшын зарядтағышқа жалғап, 

кабельдің екінші ұшын кабель портына салып, зарядтағышты 

ашалы розеткаға қосыңыз.


Негізгі функциялар

47

• 



Негізгі керек-жарақ ретінде қамтамасыз етілген USB кабелін 

міндетті түрде пайдаланыңыз.

• 

LG-бекіткен зарядтау құрылғысын, батареясын және зарядтау 



кабелін пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз. Батареяны үшінші жақ 

зарядтау құрылғысымен зарядтаған жағдайда батарея жарылуы 

немесе құрылғыны зақымдалуы мүмкін.

• 

Құрылғыны зарядталып жатқанда пайдалану электр тогының соғуына 



әкелуі мүмкін. Құрылғыны пайдалану үшін, зарядтауды тоқтатыңыз.

• 

Бұл құрылғы жеткізілген кезде, батареясы ішіне енгізіліп тұрады. 



Құрылғыны алғаш рет пайдаланған кезде, батарея зарядының 

деңгейін тексеріңіз және қажет болса, пайдалану алдында 

батареяны толығымен зарядтаңыз.

• 

Құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін зарядтау құрылғысын 



қуат розеткасынан ажыратыңыз. Бұл қуаттың қажетсіз 

жұмсалуының алдын алады.

• 

Батареяны зарядтаудың тағы бір жолы - құрылғы мен жұмыс үстелі 



не ноутбук арасында USB кабелін жалғау. Бұл батареяны әдеттегі 

жолмен зарядтаудан ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.

• 

Батареяны қалыпты кернеуді сақтап тұра алмайтын USB 



концентраторын пайдалану арқылы зарядтамаңыз. Зарядталмауы 

немесе кенеттен тоқтап қалуы мүмкін.



Батареяны тиімді пайдалану

Көптеген қолданбалар мен функциялар бір мезгілде және үдіксіз 

жұмыс істеген жағдайда, батареяның қызмет ету мерзімі төмендеуі 

мүмкін.


Батареяның қызмет ету мерзімін арттыру үшін, фондық 

операцияларды тоқтатыңыз.

Батареяның жұмсалуын төмендету үшін келесі кеңестерді орынаңыз:

• 

Bluetooth



 немесе Wi-Fi желі функциясын пайдаланбаған кезде, 

оны өшіріп қойыңыз.

• 

Экранның үзіліс уақытын мүмкіндігінше қысқа етіп орнатыңыз.



Негізгі функциялар

48

• 



Экранның жарықтығын төмендетіңіз.

• 

Құрылғы пайдаланылмаса, экран құлпын орнатыңыз.



• 

Жүктелген қолданбаны пайдалану үшін, батарея деңгейін 

тексеріңіз.

Сенсорлық экран

Сенсорлық экранның қимылдарын пайдаланып, құрылғыңыздың 

басқару жолы арқылы өзіңізді тануға болады.

Түрту

Қолданба немесе опцияны таңдау немесе іске қосу үшін, 

саусағыңыздың ұшымен сәл ғана түртіңіз.

Түртіп ұстап тұру

Жасырын функцияны іске қосу үшін, бірнеше секунд түртіп ұстап 

тұрыңыз.


Негізгі функциялар

49

Екі рет түрту

Веб-бетте немесе картада үлкейту немесе кішірейту үшін екі рет 

жылдам түртіңіз.



Тарту

Қолданба немесе виджет сияқты элементті басып, саусағыңызды 

көтерместен басқа бір жерге апарыңыз. Элементті жылжыту үшін 

осы қимылды пайдалануға болады.



Жылжыту

Экранды саусағыңызбен басыңыз және оны жылдам, үзіліссіз 

жылжытыңыз. Сіз бұл қозғалыс көмегімен тізімді, веб бетті, 

фотосуреттерді, экрандарды және тағы басқаларды көре аласыз.



Негізгі функциялар

50

Жақындату жəне алшақтату

Фотосурет немесе картадағыдай масштабты кішірейту үшін, 

екі саусақты жақындатыңыз. Үлкейту үшін саусақтарыңызды 

алшақтатыңыз.

• 

Сенсорлық экранға шамадан тыс соққы жасамаңыз. Түрту 



сенсорын зақымдап алуыңыз мүмкін.

• 

Құрылғыны магнитті, металл не электр өткізгіш материалдың 



жанында пайдаланған кезде сенсорлы экран жұмысында ақаулық 

пайда болуы мүмкін.

• 

Экранды тікелей түсіп тұрған күн сәулесі сияқты жарық жерде 



пайдалансаңыз, орныңызға байланысты экран көрінбеуі мүмкін. 

Кітаптар оқу үшін құрылғыны көлеңке немесе жарықтық деңгейі 

тым жоғары емес жерде пайдаланыңыз.

• 

Экранды қатты баспаңыз.



• 

Қажетті опцияңызды саусақ ұшымен жай ғана түртіңіз.

• 

Қолғап киіп тұрып немесе тырнағыңыздың ұшымен түртсеңіз, 



сенсорлық басқару элементі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

• 

Экран дымқыл не ылғалды болса, сенсорлық басқару элементі 



дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

• 

Экранның қорғаныс таспасы немесе ортақ онлайн не офлайн 



дүкеннен сатып алынған керек-жарақ құрылғыға бекітілген болса, 

сенсорлық экран дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.



Негізгі функциялар

51

Басты экран



Басты экранға шолу

Басты экран - құрылғыңыздағы әртүрлі функциялар мен 

қолданбаларға қатынасуға арналған бастапқы нүкте. Басты экранға 

тікелей өту үшін, кез келген экранда   белгішесін түртіңіз.

Басты экранда барлық қолданбалар мен виджеттерді басқаруға 

болады. Барлық орнатылған қолданбаларды бірден көру үшін, 

экранды солға не оңға қарай жанап өтіңіз.

Қолданбаны іздеу үшін Google іздеу қызметін пайдаланыңыз.



Басты экранның орналасуы

Барлық қолданбаларды көруге және басты экранда виджеттер мен 

қалталарды реттеуге болады.

Жылдам қатынасу 

аймағы

Басты экран түймелері



Қалта

Күй жолағы

Бет белгішесі

Виджет


• 

Басты экран қызметтерді қамтамасыз етуші немесе 

бағдарламалық жасақтама нұсқасына байланысты өзгешеленуі 

мүмкін.


• 

Күй жолағы: Күй белгішелерін, уақыт пен батарея деңгейін 

көрсетеді.


Негізгі функциялар

52

• 



Виджет: Қажетті ақпаратқа қолданбаларды бір-бірден қоспай-ақ, 

тез қатынасу үшін басты экранға виджеттер қосыңыз.

• 

Қалта: Қолданбаларды қалауыңыз бойынша топтау үшін 



қалталарды жасау.

• 

Бет белгішесі: Басты экран кенептерінің жалпы санын және 



белгіленген әрі ағымдағы уақытта көрсетілетін кенепті қараңыз.

• 

Жылдам қатынасу аймағы: Экранның төменгі жағындағы 



қолданбаларға басты экранның кез келген кенебінен қатынасуға 

болатындай етіп түзетуге болады.

• 

Басты экран түймелері



 -  : Алдыңғы экранды қайтарады. Пернетақтаны немесе 

қалқымалы терезелерді жабады.

 -  : Басты экранға өту үшін түртіңіз. 

Google іздеу жүйесін іске 

қосу үшін түртіп ұстап тұрыңыз.

 -  : Соңғы пайдаланылған қолданбалардың тізімін 

қараңыз немесе тізімдегі қолданбаны іске қосыңыз. 

Соңғы пайдаланылған қолданбалардың барлығын жою 

үшін, 


Барлығын тазарту опциясын пайдаланыңыз. Кей 

қолданбаларда қосымша опцияларға қатынасу үшін түймені 

басып тұру керек.

 -

 : Пайдаланылатын SIM картасын таңдаңыз. Қос SIM карта 



параметрлерін конфигурациялау үшін басып тұрыңыз.

Басты экранның сенсорлы түймелерін өңдеу

Басты экранның сенсорлы түймелерін қайта реттеуге немесе жиі 

пайдаланылатын функцияларды басты экран түймелеріне қосуға 

болады.


Түртіңіз:    

Баптаулар   Дисплей   Негізгі сенсорлы 

түймешіктер   Түймешік үйлесімдігі және параметрлерді реттеңіз.

• 

Бірнеше функция, соның ішінде Qslide, хабарландырулар панелі 



немесе Capture+ ұсынылады. Ең көбі бес элементті қосуға 

болады.


Негізгі функциялар

53

Күй белгішелері

Оқылмаған хабар, күнтізбе оқиғасы немесе оятқыш хабарландыруы 

бар болғанда, күй жолағы тиісті хабарландыру белгішесін көрсетеді. 

Күй жолағында көрсетілген хабарландыру белгішелерін қарап шығу 

арқылы құрылғының күйін тексеріңіз.

• 

 : Сигнал жоқ



• 

 : Деректер желі арқылы тасымалдануда

• 

 : Дабыл орнатулы



• 

 : Діріл режимі қосулы

• 

 : Bluetooth қосулы



• 

 : Компьютерге USB арқылы жалғанған

• 

 : Батарея қуатының деңгейі



• 

 : Ұшу режимі қосулы

• 

 : Қабылданбаған қоңыраулар



• 

 : Wi-Fi қосулы

• 

 : Үнсіз режимі қосулы



• 

 : GPS қосулы

• 

 : Қатынасу нүктесі қосулы



• 

 : SIM карта жоқ

• 

Бұл белгішелердің кейбірі құрылғы күйіне байланысты басқаша 



көрсетілуі не мүлде көрсетілмеуі мүмкін. Құрылғы пайдаланылып 

жатқан нақты орта жағдайына сәйкес белгішелерге қараңыз.

• 

Көрсетілген белгішелер аймағына немесе қызмет провайдеріне 



байланысты өзгешеленуі мүмкін.

Негізгі функциялар

54

Хабарландырулар тақтасы

Хабарландырулар тақтасын күй жолағын төмен қарай сүйреу 

арқылы ашуға болады.

Функцияны тез әрі оңай қосып, өшіру үшін хабарландырулар 

тақтасындағы жылдам қатынасу белгішелерін пайдаланыңыз.

Қажетті функцияның белгішесін таңдау үшін жылдам қатынасу 

белгішелерінің тізімінде сол немесе оң жаққа сүйреңіз.

• 

Белгішені түртіп ұстап тұрсаңыз, тиісті функцияның параметрлер 



экраны пайда болады.

Баптаулар

 

қолданбасына 



қатынасу.

Жарықтықты реттеу.

Жақындағы 

құрылғылардың 

файлдарын қабылдауға 

рұқсат ету.

Хабарландыруларды 

жою.


Хабарландыруларды 

көру.


Телефон экраны ортақ 

пайдаланылатын 

құрылғыны таңдау.

Жылдам қатынасу 

белгішелерін көру.

Пайдаланушыны 

таңдау.

Хабарландыру тақтасының параметрлері

Хабарландыру тақтасында көрсетілетін элементтерді таңдауға 

болады.

Хабарландыру панеліндегі   белгішесін түртіңіз.



• 

Жылдам қатынасу белгішелерін қайта реттеу үшін, бегішені түртіп 

ұстап тұрып, оны басқа орынға жылжытыңыз.

• 

Тізімде көрсетілетін белгішелерді таңдаңыз.



• 

Қолжетімді мәзір элементтері аймақ немесе қызмет провайдеріне 

байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Негізгі функциялар

55

Экран бағытын ауыстыру

Экран бағдарын құрылғының бағдарына сәйкес автоматты түрде 

ауыстыруға болады.

Хабарландыру тақтасында жылдам қатынасу белгішесінің тізіменен 

Бұру (Бұру) тармағын таңдаңыз.

Болмаса,     



Баптаулар   Дисплей параметрлерін түртіп, 

Экранды автоматты бұру іске қосыңыз.

Басты экранды өңдеу

Басты экранда бос орынды түртіп тұрып, қажетті функцияны іске 

қосыңыз.

• 

Басты экранның кенептерін қайта реттеу үшін, кенепті түртіп 



ұстап тұрып, оны басқа орынға жылжытыңыз.

• 

Басты экранға виджеттер қосу үшін, 



Виджеттер тармағын түртіп, 

виджетті басты экранға жылжытыңыз.

• 

Басты экран параметрлерін өзгерту үшін, 



Негізгі экран 

параметрлері тармағын түртіп, опцияларды реттеңіз. Толық 

мәліметтерді 

Басты экран параметрлері

 бөлімінен қараңыз.

• 

Орнатылмаған қолданбаларды көру немесе қайта орнату үшін 



Жойылған қолданбалар параметрін түртіңіз. Толық мәліметтерді 

Соңғы жойылған қолданбалар

 бөлімінен қараңыз.


Негізгі функциялар

56

Фондық тақырыпты көру

Фондық суретті басты экрандағы қолданбалар мен виджеттерді 

жасыру арқылы ғана көруге болады.

Басты экранда басып тұрғанда, екі саусақты алшақтатыңыз.

• 

Қолданбалар мен виджеттерді көрсететін бастапқы экранға оралу 



үшін, басты экранда   белгішесін түртіңіз.

Басты экранда қолданбаларды іздеу

Google виджетіне қалаулы қолданбаның атауын енгізу арқылы 

басты экранға орнатылған қолданбаларды оңай іздеуге болады.

Орнатылған қолданбалардың тізімі Google іздеу экранында 

көрсетіледі.

Басты экранда қолданбаларды жылжыту

Басты экранда қолданбаны түртіп ұстап тұрып, оны басқа орынға 

жылжытыңыз.

• 

Жиі пайдаланылатын қолданбаларды басты экранның төменгі 



жағында сақтау үшін, қолданбаны түртіп ұстап тұрып, оны төменгі 

жақтағы жылдам қатынасу аймағына қарай жылжытыңыз.

• 

Белгішені жылдам қатынасу аймағынан жою үшін, оны басты 



экранға жылжытыңыз.

Негізгі функциялар

57

Басты экрандағы қалталарды пайдалану



Қалталар жасау

Қолданбаны басты экранда түртіп ұстап тұрып, оны басқа 

қолданбаға жылжытыңыз.

• 

Жаңа қалта жасалып, қолданбалар қалтаға қосылады.



Қалталарды өңдеу

Басты экранда қалтаны түртіп, қажетті функцияны іске қосыңыз.

• 

Қалта атауын және түсін өңдеу үшін, қалта атауын түртіңіз.



• 

Қолданбаны қалтадан жою үшін, қолданбаны түртіп ұстап тұрып, 

оны қалтаның сыртына жылжытыңыз. Жойылған қолданба 

қалтадағы жалғыз қолданба болса, қалта автоматты түрде 

жойылады.

Басты экран параметрлері

Басты экран параметрлерін реттеуге болады.

   


Баптаулар   Дисплей   Өзіндік бет экраны белгішесін 

түртіңіз.

Параметрлерді реттеу:



• 

Негізгіні таңдау: Басты экран режимін таңдаңыз.

• 

Тұсқағаз: Басты экранның фондық тақырыбын өзгертіңіз.

• 

Экран əсері: Басты экранның кенебі ауысқанда, 

қолданылатын әсерді таңдаңыз.

• 

Тақырып: Қолдану үшін экран тақырыбын таңдаңыз.

• 

Қолданбаларды сұрыптау əдісі: Қолданбалардың Басты 

экранда сұрыпталу жолын орнатыңыз.

• 

Тор: Басты экран үшін қолданбаның реттеу режимін өзгертіңіз.

• 

Бағдарламаларды жасыру: Қолданбаларды басты экраннан 

жасыру үшін таңдау немесе таңдауын алу.

• 

Smart Bulletin: Қажеттілігіңіз бойынша реттелген ақпаратты 

қарап шығу үшін басты экранды пайдаланыңыз.



Негізгі функциялар

58

Экранды құлыптау



Экранды құлыптау опциясына шолу

Қуат/құлып пернесін бассаңыз, құрылғы экраны өзі өшіп, 

құлыптанады. Сондай-ақ, осындай жағдай құрылғы белгілі бір уақыт 

аралығында тұрып қалғаннан кейін болады.

Қуат/құлып пернесін экран құлпы орнатылмаған кезде бассаңыз, 

басты экран дереу пайда болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және құрылғыңызды ешкім 

рұқсатсыз ақтармау үшін, экран құлпын орнатыңыз.

• 

Экранды құлыптау құрылғы экранына қажетсіз сенсорлы енгізудің 



алдын алады және батарея қуатының жұмсалуын азайтады. 

Құрылғыны пайдаланбаған кезде экран құлпын іске қосу ұсынылады.



Экран құлпының параметрлерін 

конфигурациялау

Экран құлпының параметрлерін конфигурациялау үшін бірнеше 

опция қолжетімді.

   



Баптаулар   Дисплей   Экранды құлыптау   Экран 

құлпын таңдау тармағын түртіп, қалаған әдісті таңдаңыз.

Құлыптау параметрлерін реттеу:



• 

Жоқ: Экран құлпы функциясын ажырату.

• 

Жүргізу: Экранды құлыптан босату үшін, экранды сырғытып 

өтіңіз.

• 

Knock Code: Экранды құлыптан босату үшін, экрандағы бос 



орындарды үлгі бойынша түртіңіз.

• 

Графикалық үлгі: Экранды құлыптан босату үшін, үлгіні 

сызыңыз.

• 

PIN: Экранды құлыптан босату үшін, сандық құпиясөзді 

енгізіңіз.

• 

Кілтсөз: Экранды құлыптан босату үшін, әріптер мен 

сандардан тұратын құпиясөзді енгізіңіз.


Негізгі функциялар

59

• 



Экран құлпын үлгі арқылы орнату үшін, алдымен Google тіркелгісін 

немесе резервтік PIN кодын жасаңыз. Егер үлгіні қатарынан 

бірнеше рет дұрыс енгізбесеңіз, экранды резервтік PIN кодын 

немесе Google тіркелгісін пайдаланып құлыптан босатуға болады.

• 

Егер экран құлпы PIN кодын немесе құпия сөзді пайдалану арқылы 



орнатылса және PIN коды немесе құпия сөз бірнеше рет қате 

енгізілсе, онда құпия сөзді енгізу опциясы 30 секундқа блокталады.



Құлыптау экранының параметрлері

Құлып экранының төмендегі параметрлерін реттеуге болады.

   


Баптаулар   Дисплей   Экранды құлыптау белгішесін 

түртіңіз.

Параметрлерді реттеу:



• 

Экран құлпын таңдау: Экранды құлыптау әдісін таңдаңыз.

• 

Smart Lock: Олардың әлдебірі орын алған жағдайда, 

құрылғы автоматты түрде құлыптан босатылуы үшін, сенімді 

элементтерді таңдаңыз.

• 

Экран əсері: Экранның өту әсерлерін экран құлыптаулы 

болғанда қолдану үшін орнатыңыз. Бұл опция экранды 

құлыптау әдісі Жүргізіп өту тәсіліне орнатылғанда пайда 

болады.


• 

Тұсқағаз: Құлыптау экранының фондық кескінін өзгертіңіз.

• 

Сілтемелер: Қолданбаның таңбашасын қосып, оған 

құлыптау экранында тікелей қатынасу үшін, қолданбаны 

үлкен шеңбердің сыртына жылжытыңыз. Бұл опция экранды 

құлыптау әдісі Жүргізіп өту тәсіліне орнатылған жағдайда 

пайда болады.

• 

Ауа райы анимациясы: Құлыптау экранында ағымдағы 

орынның ауа райы анимацияларын көрсетеді.

• 

Телефон жоғалған жағдайдағы байланысу ақпараты

Құлыптау экранында төтенше жағдайда байланысатын 

контакті туралы ақпаратты көрсетеді.


Негізгі функциялар

60

• 



Құлыптау таймері: Құрылғы автоматты түрде құлыпталатын 

бос жұмыс уақытын орнату.

• 

Қуат түймесі дереу құлыптайды: Қуат/құлып пернесі 

басылғанда, экранды бірден құлыптайды.

• 

Қолжетімді орнату элементтері таңдалған экранды құлыптау 



тәсіліне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

KnockON

Экранды екі рет түрту арқылы қосуға немесе өшіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет