Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары оқытушы: Мұрат Индира Мұратқызы Қызылорда қаласы, 2020 жыл


Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі107,42 Kb.
#15222
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Жоспар

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Сыныбы:3 «А»
Пәні:Қазақ тілі




Мазмұны

     Жұмыс түрі

    Жауапты адам

2

Әріп элементтерін дұрыс жазуға дағдыландыру

Жеке жұмыс

Мұрат И.М.

3

Сөздік диктант

Жеке жұмыс

Мұрат И.М.

4

Көшіріп жазу

Өздік жұмыс

Мұрат И.М.

5

Өлеңді көшіріп жазу

Жұппен жұмыс

Мұрат И.М.

6

Диктант

Жұппен жұмыс

Мұрат И.М.

7

Дыбыс түрлері

Парақшамен жұмыс

Мұрат И.М.

8

Дауысты дыбыстар.

Парақшамен жұмыс

Мұрат И.М.

9

Дауыссыз дыбыс түрлері.Қатаң дыбыстар

Парақшамен жұмыс

Мұрат И.М.

10

Ұяң дауыссыз дыбыстар

Парақшамен жұмыс

Мұрат И.М.

11

Үнді дауыссыз дыбыстар

Мәтінмен жұмыс

Мұрат И.М.

12

Сөзге дыбыстық талдау жасау

Өздік жұмыс

Мұрат И.М.

13

Тасымал

Мәтінмен жұмыс

Мұрат И.М.

14

Буын түрлері

Парақшамен жұмыс

Мұрат И.М.

15

Әріп элементтерін салу

Өздік жұмыс

Мұрат И.М.

16

Заттың атын білдіретін сөздер

Жұппен жұмыс

Мұрат И.М.

17

Диктант

Жеке жұмыс

Мұрат И.М.

18

Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Жұппен жұмыс

Мұрат И.М.

19

Сурет бойынша сөйлем ойлау

Өздік жұмыс

Мұрат И.М.

20

Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс

Мұрат И.М.

21

Заттың сынын білдіретін сөздер.

Парақшамен жұмыс

Мұрат И.М.

22

Мәтіннен заттың сынын білдіретін сөздерді табу.

Сурет бойынша әңгіме құрату

Мұрат И.М.

23

 Заттың санын білдіретін  сөздер.

Жеке жұмыс

Мұрат И.М.

24

 Сурет бойынша әңгіме жазу.

Сурет бойынша әңгіме құрату

Мұрат И.М.

25

 Мазмұндама.

Өздік жұмыс

Мұрат И.М.

26

Мәтін ,мәтін түрлері.

Жұппен жұмыс

Мұрат И.М.

27

Әңгімелеу мәтіні.

Мәтінмен жұмыс

Мұрат И.М.

28

 Сипаттау мәтіні.

Мәтінмен жұмыс

Мұрат И.М.

29

 Пайымдау мәтіні.

Мәтінмен жұмыс

Мұрат И.М.

30

Сөйлем мүшелері

Топпен жұмыс

Мұрат И.М.

31

Бастауыш

Парақшамен жұмыс

Мұрат И.М.

32

Баяндауыш

Жұппен жұмыс

Мұрат И.М.

33

Мәтіннен бастауыш пен баяндауышты таптыру

Парақшамен жұмыс

Мұрат И.М.

34

Терме диктант

Топпен жұмыс

Мұрат И.М.

35

Жыл бойы өткенді қайталау

Қайталау

Мұрат И.М.

 

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

Мақсаты:

Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылармен жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.



Міндеттері:

1.Әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау;

2. мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату;

3.Үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.



Күтілетін нәтиже:

Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін танып, қалыптасқан тұлға.



Сыныбы: 5 «Е», «Д»
Қазақ тілі




Мазмұны

Сағат саны

1

Сөз бен мағына

1

2

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

1

3

Көп мағыналы сөздер

1

4

Көп мағыналы сөздер

1

5

Омоним

1

6

Омоним

1

7

Синоним

1

8

Синоним

1

9

Антоним

1

10

Антоним

1

11

Табу

1

12

Эвфемизм

1

13

Дисфемизм

1

14

Тұрақты сөз тіркестері

1

15

Тұрақты сөз тіркестері

1

16

Мақал-мәтелдер

1

17

Мақал-мәтелдер

1

18

Сөздік қор және сөздік құрам

1

19

Көнерген сөздер

1

20

Жаңа сөздер

1

21

Жалпылама лексика.

1

22

Кәсіби сөздер мен термин сөздер

1

23

Кәсіби сөздер мен термин сөздер

1

24

Тіл дыбыстары. Қазақ Әліпбиі

1

25

Дауысты дыбыстар

1

26

Дауысты дыбыстар

1

27

Дауыссыз дыбыстар

1

28

Буын. Тасымал

1

29

Буын

1

30

Тасымал

1

31

Үндестік заңы. Буын үндестігі

1

32

Дыбыс үндестігі. Орфография мен орфоэфия

1

33

Екпін және оның түрлері

1

34

Сөзжасам



1.СӨЗ БЕН МАҒЫНА 1.Лексика ғылымы нені зерттейді?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Мағынасын жоғалтқан сөздерді тап.

Алма, дәптер, және, қағаз, сайын, көк, да, алтын.

____________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Мәтінді көшіріп жаз.
ЖАЛҚАУДЫҢ ЖАЗАСЫ

Баяғыда бір жалқау болыпты. Ол ештеңе істемейді. Ертеден кешке дейін әке-шешесі он тамақтандырады. Баланы ешкім жұмсамайды. Жұмсағанда бәрібір жалқау істемейді. Баланы бәрі еркелетіп жүре береді. Жалқау орнынан мүлдем қозғалмайды. Бір орнында тамақ ішеді, сол орнында ұйықтайды. Бір күні баланың ата-анасы бір жаққа қыдырып кетеді. Баласын ертіп апарайын десе, жалқау бала көнбейді. Ол орнынан қозғалуға да ерінеді. Анасы баласына жалынады. Жалқау жүрмейді. Әкесі мен анасы кетеді. Жалқау су ішкісі келеді. Анасын шақырады. Әкесін шақырады. Ешкім келмейді. Үйде ешкім жоқ еді. Жалқау бала даусымды еститін шығар деп, қатты айғайлайды. Даусы да шықпай қалыпты. Орнынан тұрайын десе, тұра алмайды. Өйткені қол-аяғынан күш кеткен. Денесін май басып кеткен. Өз аяғына күші жетпейді. Міне, жалқау болсаң, осылай қор боласың!

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

1.Сөздің тура мағынасын қалай түсінесің?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Мәтіннен ауыспалы мағынада тұрған сөздерді тап.

Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3.Мына сөздерден тура және ауыспалы мағынаны білдіретін сөз тіркестерін құра.

Жаңа, таяз, суық, жылы.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР

1.Өлеңнен көп мағыналы сөздерді тап.

Есік алды ор болды,

Үйдің алды жар болды,

Бай бетке қонды,

Кедей шетке қонды.

Етек-жеңім шолақ болды,

Киюге тоным жоқ-ақ болды.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Мына свздердің бастапқы және ауыспалы мағыналарына сөз тіркестерін құра.

Үлкен, жана, жақын, жеңіл.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Мәтінді көшіріп жаз.

НЕМЕРЕСІН СЫНАУ

Ертеде бір данышпан қария болыпты. Қарт немересінің жолдасын көреді. Немересінің жолдасына әр түрлі тапсырмалар береді. Сынайды. Қарт немересіне:

– Жаман жігіт көрінбейсің, – депті. Немересі:

– Ата, неге олай дейсіз? – деді. Атасы:

– «Адамды досына қарап таны», – демей ме, халық мақалы.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектептің мұғалімі

Мұрат Индира Мұратқызы

Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебі


Өздігінен білім алу жұмысының жоспары

мұғалім Мұрат И.М.

Қызылорда қаласы, 2020 жыл

І. Педагог туралы ақпарат
Аты-жөні: Мұрат Индира Мұратқызы
Туған жылы:1994 жыл 28 мамыр
Білімі: жоғары педагогикалық,магистр, «Болашақ» Университеті, 2018
Жұмыс өтілі: 4 жыл

Педагогикалық өтілі: 4 жыл; 
Санаты: ІІ
Өздігінен білім алудың жеке тақырыбы: М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі

ІІ.Өздігінен білім алудың жеке тақырыбы:
М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі

(тақырып бойынша жұмыс 2020-2021 оқу жылында басталды)

ІІІ.Өздігінен білім алу жұмысының мақсаты:
1.Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктердің тілдік көрінісін қарастырып, ұлт дүниетанымының тіл, мәдениет және өркениеттің өзара байланысындағы орнын анықтау.

2. Өз саласы бойынша терең білім алу.

3. М.Мағауиннің хикаяттары басқа тілдерге аударылып қазақ халқының ұлттық болмысын меңгеру.

4. Жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру.

5. М.Мағауин шығармаларындағы қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшелігін танытатын киім-кешек, мата атауларын, тағам атауларын, зергерлік құрал-сайман атауларын, тұрмыстық зат атауларын сұрыптап, ұлттық-мәдени негізін айқындау.
ІV. Тақырып бойынша әдебиеттер.

1.Сұлтан Ж.И. Тілтанымдағы антропологиялық парадигманың Қ.Жұбанов мұраларындағы көрінісі. Алматы, 2007

2.М.М.Тілеужанов. Қазақ халықтық педагогикасының кейбір мәселелері. - Орал, 1992.

V. Тақырып бойынша хабарлама.
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты Мұхтар Мұқанұлы Мағауин – қазақ сөз өнерінде ерекше орны бар көркем шығармалардың, қазақ әдебиеттану ғылымында терең ғылыми тұжырымдарымен белгілі болған ғылыми іргелі еңбектердің авторы ретінде түркі дүниесіне еңбегі сіңген, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де кеңінен танымал тұлға.

М.М.Мағауиннің шығармашылығының арналы саласы, оның шығармаларын ала отырып, оның көркемдік қуатын, эстетикалық талғамын және ұлттық танымда алатын орнын ашуды көздейді. Ұлттық характер категориясы суреткердің даралық стилін айқындауға мүмкіндік береді.

Еліміз тәуелсіздік алған кезеңнен бері өнер мен ғылымдағы ұлттық таным, қазақ халқының мәдени мұрасын түгендеу қарқынды қолға алына бастады. Көптеген әлемдік құндылықтар қазақ тіліне аударылып, қазақтың өз рухани мұралары көп томдық болып жарық көре бастады. М.М.Мағауин шығармашылығын осы үрдіс аясындағы ең өзекті мәселелердің бірі деп танимыз. Сондықтан, жазушының хикаяттары ұлттық танымның көркем шығармадағы көрінісін тану үшін алынып отыр.

Мұхтар Мағауиннің хикаяттары жекелеген зерттеулердің арасында қарастырылғаны болмаса, бүгінгі таңға дейін арнайы ғылыми мәселе ретінде жүйелі зерттелмеген. Белгілі суреткер шығармашылығы арнайы зерттеуді қажет ететіні белгілі.



Мұхтар Мағауиннің прозасы халықтық және ұлттық толғамымен ерекшеленеді. Бұл бағдарда ғалым-жазушының шығармашылығын ерекше атап айта аламыз. Дара тұлғаның жалпы шығармашылығы ұлттық бояуының қанықтылығымен ерекшеленетінін зерттеушілер де, оқырмандар да талай мәрте атап көрсеткен. Жалпы ұлттық таным оның көркем шығармаларының барлығының стиліне тән ерекшелік. Осы пікіріге бір ғана мысал ретінде жазушының хикаяттарын алатын болсақ, алдымен олардың атауы ғылыми ақпарат береді. Мәселен, «Тазының өлімі», «Жүйрік», «Жыланды жаз», «Қара қыз», «Бір атаның балалары», «Шипалы арасан», «Қисық ағаш», «Оңғақ» атауларының ұлттық бояуы соншалықты қанық, қазаққа мінезді атаулар. Тұрақты тіркеске айналғандай жанымызға жақын атаулар. Ұлттық танымы биік атаулар. Көркемдік жүйеде ұсақ нәрсе болмайтынын суреткер осылайша шығарма атаулары арқылы-ақ байқатқан тәрізді. Характер мәселесі өнердің барлық түрінде көрініс табады. Тіпті поэзияның өзінде характер ерекше орын алады. Ұлттық характер мәселесі – қазіргі әдебиеттану ғылымындағы аса маңызды мәселе болып табылады. ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ прозасы ұлттық танымның саясат салдарынан тығырыққа тіреле бастағанын байқап, аса қарымды түрде көркем шығарма арқылы қарсылық көрсете бастады. Интернационалдық идея деген желеумен ұлттық мәселелер тоқырауға ұшырады. Міне, осы кезеңде шығармашылығы ұлттық характермен ерекшеленген суреткер-Мұхтар Мағауин болды. Әдебиеттану ғылымында ұғым-категория жай ғана теориялық термин, ғылыми анықтама ғана емес, ол сол зерттеу объектісін ашу үшін қажетті құрал. Осы тарапта, ұлттық характер суреткердің көркемдік шеберлігі мен ұлттық танымы аясында даралық стилін айқындауға ықпал етері анық. Ұлт мәдениеті мен әдебиетінің негізгі тірегі, табиғаты аталмыш мәселені қарастыру арқылы ашылмақ. Біз сондықтан қазақ халқының тарихы, дәстүрі, мәдениеті, тұрмыс-салты және өнері мейлінше кеңінен қамтылған суреткер хикаяттарын ұлттық характер мәселесі контексінде қарастырып, проблема табиғатына талдау жасамақпыз. Ұлттық характер- әдебиеттану ғылымында аса маңызды әрі зерттелмеген мәселе. Ғалым А.Лаушкина: «Ұлттық характер проблемасы – маңызды мәселе, және қазіргі әдебиеттану ғылымында аз зерттелген» деген пікір айтады. Ғалым осы мақаласында А.С. Пушкиннің атақты шығармасын талдай отырып, әдебиеттану ғылымындағы біз үшін аса маңызды мәселені де көтеріп кеткен. Ол «ұлттық характер аса маңызды мәселе» деген тұжырым. Шындығында, көркем шығарманың басты қуаты көркемдігінде, оның қайталанбас ұлттық даралығында, адамзат баласына жақын халықтығында болса керек. Тәуелсіздік алған ел өзінің мәдени құндылықтарын түгендей бастаса, екінші жағынан бұрынғы идеологиясы ұлтсыздануға бейімдейтін үлкен империя құлап, содан бөлініп шыққан республикалардың өз ұлттық байлықтары бар екеніне назар аударған әлем олардың табиғатын бар қырынан тануға ұмтылыс жасауда. Осы бағдарда, ғалым әрі суреткер Мұхтар Мағауиннің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларына назардың ерекше ауа бастауы кездейсоқтық емес. Өйткені суреткердің қай шығармасы болмасын этникалық сипатымен ерекшеленеді. Ендеше, Мұхтар Мағауиннің хикаяттарындағы ұлттық характер мәселесін көркемдік контексте қарастыру аса өзекті мәселелердің бірі екені жоғарыда айтылған тұжырымдардан кейін айқын көрініс табады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет