Үлгілік оқу бағдарламаcы



бет4/11
Дата18.10.2023
өлшемі54,06 Kb.
#118944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2

Жасушалық биология

Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы). Ядро. Жасушаның негізгі компоненттерінің қызметтері. Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс.
Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипидтердің, холестеролдың қызметі.
Зертханалық жұмыс "Жасуша мембранасына әр түрлі жағдайлардың әсері".
Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.

1) Мембрананың жартылай өткізгіштігін зерттеу.

1) Электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіреді;
2) Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты анықтайды.

1)Эукариот және прокариот жасушаларын салыстыру.

1) Жасушаның негізгі компоненттерін микрофотография ны пайдалана отырып анықтап сипаттайды;
2) Жасушаның нақты өлшемі мен компоненттерін анықтап сипаттайды.

3

Қоректену

Ферменттер белсенділігіне әсер ететін факторлар мен жағдайлар: рН; температура; субстрат концентрациясы, фермент ингибитор және активатор.
Зертханалық жұмыс «Ферменттер белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың әсері»
Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Rf мәні. Зертханалық жұмыс "Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу". Фотосинтездің жарық кезеңі. Фотофосфорлану. Фотосинтездің қараңғы кезеңі. Кальвин циклі. Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерін салыстыру.

        1. Өсімдіктердің қоректену процесінің ерекшеліктері бойынша тәжірибе жоспарлау, нәтижелерін жазу, қорытынды жасау.




        1. Ферменттердің белсенділігіне әртүрлі факторлардың әсерін анықтау.

1)Хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнатады;
2)Фотосинтездің жарық кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіреді.;

        1. Фотосинтездің қараңғы кезеңінде өтетін үдерістерді түсіндіреді..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет