Үлгілік оқу бағдарламаcы



бет7/11
Дата18.10.2023
өлшемі54,06 Kb.
#118944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
9

Өсу және даму

Бағаналы жасушалар ұғымы және олардың қасиеттері (қайта жаңаруы, жіктелуі). Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Практикада қолданылуы. Этикалық аспектісі.

1) Бағаналы жасушалардың медицинада практикалық қолданылуын білу.

1) Бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін түсіндіреді;
2) Бағаналы жасушалардың практикалық қолданылуын түсіндіреді.

10

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Модификациялық өзгергіштік. Белгілердің өзгеруіндегі вариациялық қатарлар.
Зертханалық жұмыс "Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу".
Белгілердің тұқымқуалауындағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жынысқа тіркес тұқұым қуалау. Көптік аллельділік. Есептер шығару.
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы.
Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі.
Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия. Хуго де Фризадің мутация теориясы. Кенеттен және индуцияланған мутация. Нүктелік, хромосомалық, геномдық, ядролық және цитоплазмалық мутациялар. Модельдеу "Адам хромосомасы жиынтығынан кариограмм құру. Геномдық мутацияны оқып білу" Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары. "Адам геномы" жобасы. Адамның геномдық ДНҚ-ін секвенирлеу. Жоба аясында жүргізілген зерттеулердің маңызы.

1) Есеп шығару арқылы тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын білу.

        1. Модификациялық өзгергіштіктің заңдылықтарын зерттейді;

        2. Дигибридті будандастыру; жыныспен тіркескен тұқым қуалау мен көп аллельділіктің цитологиялық негіздерін есептер шығаруда қолданады;

        3. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстырады.

2) Мутацияның себептері мен салдарын білу.

1) Хуго де Фриздің мутация теориясынның негізгі қағидаларын, мутагенез себептерін және мутация түрлерін атайды;
2) Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (ауто- сомдық және жыныстық) сипаттайды;
3) "Адам геномы" жобасының маңызын түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет