Үлгілік оқу бағдарламасы «бекітемін»



бет2/6
Дата25.11.2023
өлшемі32,31 Kb.
#127215
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама пропед каз образец

4S09120101"Фельдшер".
4. Үлгілік оқу бағдарламасы "Аяжан" колледжі ББМ директоры К. К. Курумбаеваның бұйрығымен бекітілген, "Медитерра" клиникасының бас медбикесі-магистрі р. ш. Үсеновамен келісілген

  1. Түсіндірме жазба

Осы үлгілік оқу бағдарламасы 4S09120101 "фельдшер" біліктілігінің 09120100"емдеу ісі" мамандығы бойынша ҚР - 2022 ж.медициналық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты -"емдеу ісі"негізінде жасалды. "Ішкі аурулар пропедевтикасы" пәнін оқу жалпы практика фельдшерлерін дұрыс диагноз қоюға өз бетінше жұмыс істеуге дайындауға және болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға арналған.
Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары ҚР жоғары оқу және арнайы білім орындарында оқытудың жалпы қағидаттарына негізделген:
1. Дәрістерге міндетті түрде қатысу.
2. Практикалық сабақтарға міндетті түрде қатысу.
3. Оқу процесіне белсенді қатысу (теориялық материал дайындау, ситуациялық есептер мен тестілерді шешу, практикалық жұмыстарды өз бетінше орындау).
4. Дәптерлерді ұқыпты жүргізу: дәріс, практикалық сабақтар үшін.
5. Медициналық халатта дәрістер мен сабақтарға қатысу.
6. Тақырыптық жоспар бойынша белгіленген уақытта аралық бақылауды тапсыру.


1.1 Кіріспе

"Ішкі аурулар пропедевтикасы" пәні барлық клиникалық пәндердің негізі болып табылады.Ішкі аурулар пропедевтикасы жас маманды клиникалық даярлаудың ажырамас негізгі бөлігі болып табылады. Осы пәндерді оқу нәтижесінде студенттерде науқасты тексерудің маңызды кәсіби дағдылары, клиникалық ойлау негіздері, сондай-ақ медициналық этика қалыптасады.


Білікті фельдшер пациентті жан-жақты тексеріп-қарауды, жағдайын бағалау және өзінің кәсіби құзыреттілігі мен өкілеттілігі шегінде шешім қабылдау, фельдшерлік манипуляциялардың техникасын орындауды, өмірлік маңызды көрсеткіштерді ( дене қызуы, пульс, ТЖ, АҚ) анықтауды, электрокардиография нәтижелерін қалыпты және патологиядағы бағалауды, ауыр және терминалды жағдайдағы науқастар мен зардап шегушілердің жағдайын бағалауды, лауазымдық міндеттермен қарастырылған барлық қажетті медициналық құжаттарды ресімдеуді ілулері тиіс.
Теориялық және практикалық сабақтар кестелерді, графикалық құрылымдарды, ситуациялық есептерді, тестілік бақылауды, қазіргі ТСО-ны пайдалана отырып жүргізілуі тиіс.
Практикалық сабақтар емдеу-алдын алу мекемелерінде және клиникаға дейінгі практика кабинеттерінде жүргізіледі. Оқушылар теориялық білімдерін науқастарды тексеру жоспарын құру бойынша оқытушының тапсырмаларын өз бетінше орындау арқылы бекітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет