Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған асыл қазына



бет7/8
Дата11.04.2023
өлшемі162,5 Kb.
#81674
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Махаббатсыз дүние бос-4 сағат

1

«Қор болды жаным»

«Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері, лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой-топшылаулары, ғашықтық, құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстары, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары;

1







2

«Сен мені не етесің»

өлеңіндегі ақынның жастық шақ, махаббатқа толы күндері туралы түйінді ойлары мен пікірлері, өлеңнің құрылымдық өлшемі, ерекшелігі;

1







3

«Білектей арқасында өрген бұрым»

өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы, Абай лирикаларында көрініс беретін әсемдік туралы пайым түсініктер, әйел ажары, сұлулық туралы талап-талғамы;

1







4

«Қызарып, сұрланып»

өлеңінде ақынның ғашықтық сезімді, махаббат мұңын айшықты кестелеуі, Абайдың махаббат сезімдерін жырлаудағы шеберлігі.

1







«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» -7 сағат

1

Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай»

Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы, «Хал ілімінің» адамның ақиқатты сезіну сезімдерін қамтитыны, «Өзін таныған Алланы таниды» деген пайғамбар хадисін Йасауидің басшылыққа алуы, Жәуанмәртілік –адамгершілік негізі, А.Машановтың, М. Мырзахметұлының еңбектері негізінде;

2







2

Абайдың «Толық адам» философиясы

Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алатындығы, өлеңнің адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделуі, толық адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігі, адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда қалыптасатындығы туралы ақын пікірі, Абай өлеңдері мен қарасөздерінде қозғалып отыратын Алланы сүю, тіршілік, жаратылыс заңдылықтарын ұғындыруға ұмтылу мәселелері;

1







3

Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі

«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінде ақынның өз қайғысына ел қайғысын қосып жырлауы, наным, сенім жөніндегі ой тоқтамы, Абайдың исламның ғылыми негіздерін ұғындыруы, абайтанудағы Абайдың сопылық дүниетанымын арқау еткен іргелі ғылыми еңбектер;

2







4

«Осы үш сүю болады имани гүл»

Абайдың қазақ қауымының рухани жағынан іштей тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт-бағдарын көрсету, ақынның ішкі нанымы, адамшылық жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы танымы, Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» философиясының негізі болатындығы туралы.

2









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет