Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары


  ХVІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар мұраларындағы



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
2.  ХVІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар мұраларындағы                            
ғибратты тәрбие 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Ел  келешегі  –  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  тікелей 
байланысты»  –  деп  айрықша  атаған.  Мемлекетіміздің  тәуелсіздікке  қол 
жеткізген  кезеңінде  негізгі  мақсаттарымыздың  бірі  –  тәрбиені  ұлттық, 
халықтық тәліммен сабақтастыра жүргізу, ұрпақ бойына ұлттық адами-рухани 
құндылықтарды сіңіру. 
Келешек  қоғам  мүшелерін  ұлт өмірін өркендететін, жан-жақты жетілген 
ұлтжанды  рухы  биік,  ақыл  парасаты  мол,  мәдени-ғылыми  өрісін  кең  етіп 
тәрбиелеуде «Тәрбиені ұлттық тәліммен сабақтастыра жүргізу керек»
54
 – дейді 
белгілі ғалым Ә.Табылды. Ал, кезінде грек ойшылы Аристотель: «Біз тәрбиеде 
халық тәжірибесіне сүйенеміз»
55 
– деген. 
Ұрпақ  тәрбиесі  –  ол  еліміздің  болашағының,  ертеңінің  қамы.  Жалпы 
халқымыздың  бала  тәрбиесі  жөнінде  ата  заманнан  бері  жиып-терген  мол 
тәжірибесі  бар.  Халық  сол  тәжірибені  пайдалана  отырып,  өз  бойындағы  ең 
жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнділікті үйретіп, бала бойына сіңіруге 
тырысқан. 
Қазақ халқының тәрбие дәстүрі қай халықтан болса да кем түсіп көрмеген. 
Ол жөнінде ағартушы-педагог М.Жұмабаев: «Әрбір ұлттың бала тәрбиесі 
туралы  ескіден  келе  жатқан  жеке-жеке  жолы  бар.  Әрбір  ұлттың  баласы  өз 
ұлтының  арасында,  өз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан  сол  ұлт 
тәрбиесімен тәрбиеленуге міндетті»
56
 – деп түйіндеген.  
Этнотәлімгер-ғалым  Ә.Табылды:  «Біз  халық  тәрбиесін  тірек  тұтамыз. 
Адамзаттық асыл мұралар халық тәжірибелері арқылы қалыптасқан»
57
 –деген. 
Шындығында,  әрбір  халықтың  тәлім-тәрбие  дәстүрі  оның  ұлттық  мәдени 
мұраларында көрініс тапқан. Барлық адамзат қоғамы өзінен бұрынғы мәдени-
асыл мұраларындағы тәрбие дәстүрін пайдалана отырып, жалғастырушы иегері 
болған. 
Энциклопедист-ғалым  Ш.Уәлиханов:  «Халық  кемеліне  келіп, өркендеуі 
үшін, ең алдымен азаматтық пен білім керек» деп өте орынды айтқан. Ендеше, 
ел  тарихын  жан-жақты  жетік  білетін  білімділікке,  заман  талабына  сай  елге 
тірек,  нағыз  ұлттық  тұлға  болатын  азаматтыққа  тәрбиелеуде  мәдени 
мұраларымыздың  арналы  саласы  –  жыраулар  поэзиясындағы  ауқымы  кең, 
түбірі терең, озық ойлы тәлім-тәрбиенің орны ерекше. 
Жыраулар  туған  ел,  оған деген сүйіспеншілік, елдің бүтіндігі мен бірлігі 
және  өмір  жайлы,  достық,  адамгершілік,  тіршілік  жайлы,  халқы  үшін  қан 
майданда  шайқасқа  түсіп  елін,  жерін  сыртқы  жаудан  қорғаған  халық 
батырларының ерліктері жайлы сыр шерткен. 
Жыраулар мұраларында елдің әлеуметтік тіршілігі, халық тағдыры, арман-
мұратымен  бірге  адамгершілік,  этика,  мораль  мәселелері  кең  орын  алған. 
Оларда бүгінгі жастар тағылым алар дүниелер молшылық. 
Мәселен,  жоңғар  шапқыншылығы  кезінде  халықтың  береке  бірлігін, 
Отанға адалдығын сақтау, намысты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай 


67 
 
қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы 
екендігін ақын-жыраулар мұрасынан көреміз. 
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген Ақтамберді жыраудың: 
Жауға шаптым ту байлап, 
Шепті бұздым айғайлап, 
Дұшпаннан көрген қорлықтан 
Жалынды жүрек қан қайнап, 
Ел-жұртты қорғайлап, 
Өлімге жүрміз бас байлап, – 
деген жыр жолдарымен Бұқар жыраудың: 
Ер жігітке жарасар 
Қолына алған найзасы, 
Би жігітке жарасар 
Халқына тиген пайдасы –  
деген  өлең  жолдарында  елін сүйер азаматтыққа, батырлық пен батылдыққа, 
елжандылыққа шақырып, Отанға пайдалы азамат болуды еске салады. 
Бұл  ағартушы-педагог  М.Жұмабаевтың  14  ірі  бөлімнен  құрылған, қазақ 
топырағында тұңғыш жарық көрген «Педагогика» еңбегінің «Құлық сезімдері» 
бөліміндегі:  «Адам  шын  ізгі  адам  боламын  десе,  халық  ісі,  халық  пайдасы 
жолында құрбан бола білсін» деген пікірімен сабақтас. 
Отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық ерлікті мадақтаған, ақылдылық, 
парасаттылық,  достық  тәрізді  адамгершілік  игі  қасиеттер  дәріптелген 
шығармалар жас ұрпақты ұлттық бірлікке Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық 
тәуелсіз мемлекетті нығайтуға тәрбиелеуде маңызы зор. 
Бұл бөлімде халқымыздың ХVІІІ ғасырдағы өмірін, әлеуметтік тіршілігін, 
ой  санасы  мен  көзқарасын  өнер  өрнегіне,  ақыл  сөзіне  бейнелеп  түсірген 
Қожаберген жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар 
жырау,  Шал  ақын  мұраларындағы  өшпес,  өлмес  тәлім-тәрбие  дәстүріне 
тоқталмақпыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет