Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
 
Қожаберген жырау 
 
Өткен  күннің  шежіресін  сырдай  шертіп,  қазақ  қоғамындағы  ірі 
оқиғалардың куәсі болып, қаруы мен қаламын тең ұстаған жыраулардың бірі – 
Қожаберген Толыбайсыншыұлы. 
Артына  мол  поэтикалық  мұра  қалдырған  ақын-жырау  XVIII  ғасырдағы 
әдебиет тарихына енбей, қағаберісте қалған. Жыраудың қазіргі уақытта өмірі 
мен  өнерниетіне  қатысты  деректер  жинақталып,  XVIII  ғасырдағы  қазақ 
әдебиетінің тарихындағы орны айқындалуда. 
Бұл  жөнінде  зерттеуші  Т.Тебегенов:  «Жазушы  Нәбиден  Әбутәлиев 
(Қожаберген жырау, «Жұлдыз», №3, 1984 ж., «Елім-ай» жырының авторы кім?, 
«Алматы ақшамы», 28-қыркүйек, 1988 ж.; «Елім-ай» – ел гимні, «Жас алаш»,  
17  желтоқсан,  1991  ж.; Қазақта Қожаберген батыр нешеу?, «Халық кеңесі»,           


68 
 
14-тамыз, 1992 ж.), экономист-ғалым Шаймұрат Смағұлов («Мәдениет», №10,                  
15-31  мамыр,  1993  ж.),  Монғолияның  Баян-Өлгий  аймағындағы  қазақтар 
арасындағы Қожабергенге қатысты деректерді жазған Р.Б.Ұятхан («Шалқар», 
№43,  22  қараша,  1992  ж.)  сынды  азаматтар  Қожабергеннің  шығармашылық 
өмірбаянына қатысты деректерді жинап, мерзімді баспасөз беттерінде жариялап 
жүр»
58
 – деген. 
Қазақ елі тарихында жырау, ақын, жауынгер қолбасшы, ел қамын жеген 
қайраткер ретінде танымал болған Қожаберген 1663 жылы Солтүстік Қазақстан 
облысы,  Жамбыл  ауданы,  Гүлтөбе  –  Маманай  жерінде  аса  сыншылығымен 
әйгілі болған Толыбайсыншының шаңырағында дүниеге келген. Әкесі әскери 
қолбасшы,  әрі  би,  әрі  шешен  кісі  болған.  Анасы  – Ақбілек әрі батыр, әрі би 
Айдабол Құлболдының жалғыз қызы екен. Бала кезден нағашылары – Жалаңтөс 
батыр  ұрпақтарының  тәрбиесінде  болып,  Үргеніш,  Бұқара,  Самарқант 
медреселерінде  оқыған  Қожаберген  он  үш  жасынан  өлең  шығара  бастаған. 
Білімді  де  білікті  жырау  мемлекеттік  маңызды  істермен  айналысып,  Әз 
Тәукенің сенімді елшісі болады. Жыраудың бұл өмір деректері өзінің: 
Толыбайсыншы кенжесі ем Қожаберген, 
Бата алған Әнет пен Әз Тәукеден. 
Күйзелген ел жағдайын көзбен көріп, 
Өзегім өртеңген соң айттым өлең  
 
Тіліне араб-парсы болдым-жетік, 
Оны да қолданбадым өнер етіп, 
Көрші елге елшілікке ылғи барып, 
Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп –  
деген жыр жолдарында бейнеленген. 
Жалынды  жыраудың  ел  ішіндегі  опасыздармен  күресіп,  оларды  сынға 
алған  айбарлы  тұлғасы,  басқыншы  жаумен  айқасқан  рухы  биік  батырлығы, 
қайраткерлігі,  ерлікті,  елдікті  дәріптеудегі  әділдігі  мен  шешендігі  өз  өлең-
толғауларында көрініс тапқан. Оған «Баба тілі» дастанындағы: 
Ерте жанған шырақпын 
Оңайлықпен сөнбейтін... 
 
Қорғағам елді, ханды да 
Қалмақтар қанат жайғанда... 
 
Таймаған жаудан жүрегім 
Талмаған болат білегім –  
деген өлең үзінділері, осы туындыдағы: 
Таза тілің тұрғанда, 
Неге керек шұбар тіл?! 
Баба тілде дәріс ап 
Тіршілікте өнер біл! –  
деп туған тілдің беделін көтеруге үндеуі, 


69 
 
Қазақтың тілін қорғай біл, 
Әлеумет, Сізден тілегім! – 
деп болашақ ұрпаққа аманат етуі дәлел. 
Қожаберген  жыраудың  өлеңдерінің  (толғаулары,  ән  өлеңдері,  тарихи 
өлеңдері,  дастандары)  қайсысын  алсаңыз  да  халық  тұрмысы,  халық  жайы, 
ерлік, елдік, адамгершілік, бірлік, достық, татулық, теңдік мәселесін көтергенін, 
өзі куә болған оқиғаны деректілікке негіздей жырлағанын көреміз. 
Ғалым Т.Тебегенов: «Жинаушы азаматтардың деректеріне және басқа да 
қолжазбаларға, жарияланған мұраларына сүйене отырып: толғаулары («Ғасыр 
жас», «Жастық»); тарихи өлең-жырлары («Ата тек», «Қызылжар», «Қарасары», 
«Балта  керей соқыр абыз», «Қойлыбай көреген», «Төрт жігіт»); ән-өлеңдері                              
(«Дүние»,  «Ақ  сауыт»,  «Жігіттік»,  «Шилі  өзен»,  «Сылаң  Сыр»,  «Балқан, 
Балқан, Балқан тау», «Шоңғал, шоңғал шоңғал тас» т.б.); дастандары («Баба 
тіл», «Елім-ай!», «Ер Көкше», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Ер Сырым», «Қасқа 
жолды ер Қасым», «Қабанбай батыр», «Ер Жәнібек», «Орақ батыр», «Қорқыт 
баба»);  күйлері  («Дабыл»,  «Елім-ай»,  «Бозайғыр»,  «Аңырақай»,  «Күлдір-
мамай» т.б.) деп саралауға болады»
59
 – деген. 
Ал жыраулардың өмір жолы мен мұраларының қалай ақталғаны жөнінде 
Н.Әбутәлиевтің 
зерттеулерінде  мағлұмат  берілген.  Н.Әбутәлиевтің, 
Қ.Биғожиннің 
айтуынша, 
толып  жатқан 
дастан-жырлар  туғызған 
Қожабергеннің әдеби мұрасын жинап, сақтаған – Сегіз Сері. ҚРҰҒА Қолжазба 
қорындағы Сегіз Сері шежіресінде Қожаберген жырау жайлы едәуір дерек бар. 
Халқының  апатты  ауыр  халін,  оның  жан  төзгісіз  салмағын  өз  көзімен 
көріп, қасіретті соғыстың бастан-аяқ бел ортасында болған қолбасшы әрі төрт-
бес  тілді  меңгерген  білімді,  көріпкел  бабамыз  Қожаберген  жыраудан  қалған 
рухани қазыналарымыздың бірі – «Елім-ай» қисса дастанында XVIII ғасыр мен 
XIX ғасырдың басындағы қазақ қауымының бар болмысы, тарихи шындығы 
ащы әшкерлене реалистікпен суреттелген. 
Жұртымнан неге аяйын өнерімді, 
Жоғалтпан тірі жүрсем беделімді. 
Халқымның ауыр халін баян етіп, 
Бастайын «Елім-ай» деп өлеңімді, – 
деп халқының күйзелісін ел ішіндегі алауыздық-сатқындықтарды, көршілердің 
жауыздық, қатыгездік, геносидтік саясатын сын көзімен сынай күйіне әшкере 
етіп,  келер  ұрпақтың  көкірек  көзі  ояу  болып,  өткен  ауыр  күннің  шежіресін 
білсін деген ниетпен жыр жолдарын өрімдеген. 
«Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл сұлама» атанған зұлмат күндеріндегі  ел 
қайғысын өз қайғысы ретінде қабылдаған жырау:  
...Ел едік, егін егіп, бейбіт жатқан, 
Күтпеп ек жау болар деп пәле баққан, 
Қысқа қам жасауға да үлгерместен, 
Жолықтық қалың жауға дабыл қаққан. 
...Болды ғой заман ақыр япырым-ау, 
Жарар еді қазақ қалса апаттан сау, 


70 
 
Үлгертпей елден сарбаз жиюға да, 
Соқтықты қапияда мейірімсіз жау
12
... – 
деп  дархан  пейілді,  момын  халықтың  жазықсыз  апатқа  душар  болғанын 
күйзеле, ашына жырлайды. 
       Қазақтың сахарасы жүз құлпырған, 
       Қытай мен Ресейді қызықтырған –  
деп  жерінің  асты-үсті  қазынаға  толы,  даласы  мыңғырған  малға  толы  қазақ 
жеріне  қызыққан  Ресей,  Қытай  империясының  көксеген  арман-мүддесі  – 
отарлау екенін ащына айшықтаған. Отарлаудың оңай жолы – қазаққа қалмақты 
айдап салып, өзді-өзін қырғызу арқылы босаған жерлерді емін-еркін иемденбек 
болған арамза ниетін:  
Ресей қалмақтарға қой демеді... 
Жердің елсіз қалғанын хош көрді орыс, 
Оларға қажет болды иесіз қоныс, – деген  
немесе, 
Ресей, Қытай, қалмақ сұм ақылдасып, 
Алмақшы қазақ жерін үшке бөліп –  
деп күйзеле толғаған. 
Қазақ жерінен дәмеленген Орта Азия хандықтарының саяси соқырлығына 
күйінген жырау:  
Туысқан болыса алмай туысқанға, 
Ұқсап тұр бүгінгі күн шын дұшпанға –  
деп шындық көріністерін дәл басып, көрегендікпен кектене кестелеген.  
Елін сүйген ер халықты бірлікке шақырып, бас сауғаламай елі, жері үшін 
атқа қонуын талап етіп, қазақ жауынгерлерін жігерлендіре, қиындықты жеңе 
білуге, шыдамдылыққа үндеп: 
...Шабуылы жау қалмақтың күшті екен деп, 
Кетпеңдер жаудан қорқып, тарап бәрің, – 
деп, елдігін сақтап қалар ерлікке, ерліктің бастауы намысшылдыққа шақырды. 
«Бөгеуге  күшті  салып  жанталастым,  Жасымнан  торғауытпен  найзаластым» 
деген  ер  ақын  қан  майданның  бел  ортасында  жүріп,  қол  бастап, батырлық, 
ерлікпен шайқаса жүріп, ерліктің, елдіктің насихатшысы да бола білді. Еліне 
деген  сүйіспеншілігінен,  өр  намысынан,  қазақтың  елдігін  сақтап  қалу 
арманынан туған өзінің күш-қайратын, жігерлі де кекті қозғалысын бірде: 
Сол кезде өзімді-өзім тоқтата алмай, 
Ұрандап «Ошыбайлап» салдым айғай. 
Сілтедім оңды-солды көк найзаны, 
Жығылды талай дұшпан салып ойбай –  
деп жырласа, бірде: 
Қолбасшы батыр болмасам, 
Кебелі сауыт кимейтін. 
Ту ұстайтын болмасам, 
Арабы ақ боз мінбейтін. 
Талапты жігіт болмасам, 


71 
 
Ұрандап жауға тимейтін. 
Майданда жауды жеңбесем, 
Қызық дәурен сүрмейтін –  
деп  батырлық,  айбарлы  тұлғасын  суреттейді.  Жауынгер  жырау 
шығармаларында  «Ел  қорғар  ер»  болудан  артық  бақыт  жоқ  деген  идеяны 
үндейтін жыр жолдары молшылық. 
Жауынгерлердің  ерлікке  бастар  намысын  қайрап,  жігерін  жарқыратып, 
қанатын қатайтып, еңсесін түсірмей рухын көтеріп: 
Жорықта жолың болсын азаматым, 
Болыңдар жаудан кекті қайтаратын. 
Кеудеңде шыбын жаның болса егер, 
Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын –  
деп «намысты ерлік» елдікті сақтайтынына сенім білдіре, ел азаматтарына ақ 
тілекпен үлкен үміт арта, тәуекелге шақырып, ерлікке, елдікке үндейді. 
Бұл соғыс қазағыма қатты батты, 
Қара жер боздақтарын жұтып жатты – 
деп  жойқын  апатқа  ұшыраған  халқының күйзелісіне күйініп, ызалы кек пен 
өксікке булыққан ақын ашына: 
Майданда өл, жауға тірі берілмеңдер, 
Төкпеңдер жау алдында беттің арын – 
деп  сардарларды  рухтандыра,  жігерлендіре  жырлайды.  «Жаным  –  арымның 
садағасы» деу ерлердің ісі дегенді уағыздайды. 
       «Өз елін қорғап өлген ердің арманы жоқ» деген ойды ерекше леппен: 
       Үйде, түзде болсаң да, бір-ақ өлім 
       Дұшпаннан алған дұрыс елдің кегін – 
деп әр азаматты «бар өмірін еліне, халқына арнауына, жауға төтеп бере алатын 
беріктікке, шыдамдылыққа, табандылыққа, тектілікке үгіттей жырлаған. 
Ер азаматтан еліне қорған, пана болуды тілеген ақылгөй жырау: 
Өрлей түс қыран құстай көкте қалқып, 
Үш жүзді соңыңа ерт түгел қамтып. 
Дұшпанға тіршілікте басыңды име,  
Жайнай бер, жанып тұрған отша шалқып, – 
деп ер-азаматтарының намысын жауына таптатпайтын қаһарман ер болса деген 
арманын ерекше зор шабытпен, баталы тілекпен тебірене жырлайды. 
Жалпы жырау жырларының тарихи деректілігі мол, тәрбиелік тағылымы 
терең, тақырыптық ауқымы кең. 
Көргені  көп,  білгені  мол  жыраудың  көздегені  –  адамды  азаматтыққа, 
азаматтыққа  қамқоршы  болуға,  адамгершілікке,  өнегелі  тірлікке  үндеп, 
Отанын,  туған  жерін,  Атамекенін  қорғап, елдің бүтіндігін сақтап, бірауызды 
береке-бірлікті насихаттап, оны ұрпақтың ұрпағына аманат етуі.  
Ақылшы жырау: 
Бұл келген заман болды бастарыңа, 
Тоқтарың қайырыла жүр аштарыңа 
немесе, 


72 
 
...Әр уақыт тобың жазбай бірге жүрсең, 
Татисың аз да болсаң, іргелі елге, – 
деп ғибратты даналығын ақылгөйлікпен уағыздайды. 
Жырау жырларынан әр адамның бойына елжандылық, Отаншылдық, елін 
сүйер намысты ер, қаһарман азаматтықты дарытуға ұмтылғанын көреміз. Бұл 
сарын қазіргі таңда «ел тірегі – ұлы тұлға» тәрбиелеуде өзіндік рөлі мол. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет