Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары


ІІІ тарау. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
ІІІ тарау. АҚЫН-ЖЫРАУЛАР МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ 
 
1.  ХV-ХVІІ ғасырлардағы ақын-жыраулар мұраларындағы                     
тәлім-тәрбие 
 
Біз қазақ ұлты – терең тарихы, бай мәдениеті, озық өнері мен тағылымды 
мұралары бар елміз.   
Ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойы  жиып-терген  тәлімдері мен тәрбие 
жүйелерін зерттей келе ғалым С.Қалиев: «Халық әрқашан өзіне дейінгі қоғамда 
қолы  жеткен  тәрбиелік  тәжірибелер  мен  жақсы  дәстүр  атаулыны  жинақтап 
пайдалана отырып, келер ұрпағын шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып 
тәрбиелеуді мақсат еткен»
33
 – деген.  
Ұлттық тәлім-тәрбие бастаулары тарихи дәуірлер көшінде заман талаптары 
мен құбылыстарының өзгерістеріне қарай сипатталып отырды. 
Сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын арғы тарихымызға көз жіберсек, 
елін, жерін, дінін, тілін қорғап, бірлік пен ынтымаққа ұмтылған ата-баба жерін 
кеңейтіп, байытып ие болуды көксеген елжандылық құндылықтардың сонау 
заманнан бастау алғанын аңғарамыз. 
Мәселен,  Күлтегін  жазбасында  ел  бірлігін  бұздырмай,  халқын  жауға 
бермей, ерлікпен, даналықпен басқарған Білге асқан ақыл иесі, батыр ретінде 
суреттеледі: 
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың 
Аты, даңқы өлмесін деп, 
Түркі халқы үшін 
Түнде ұйықтамадым, 
Күндіз отырмадым... 
немесе, 
Кедей халықты бай қылдым, 
Аз халықты көп қылдым...
34
 
делінген. 
Х-ХІ ғасырларда өмір сүріп, сол дәуірдің озық өнер туындысын дүниеге 
әкелген есімі күллі шығыс елдеріне мәлім болған ойшыл, энциклопедист-ғалым 
Жусуф  Хас-Хажиб  Баласағұнидің  «Құтадғу  білік»  еңбегі  де  бүгінгі  таңда өз 
өнегесін  берері  даусыз.  Мәселен,  «Салқындылық,  тұрақтылық,  мінезділік  – 
адамға ауадай қажет, қайда жүрсең де ерлікпен қатар ақкөңілділік те керек»
35
 
деген  сөздері  арқылы  әрбір  азаматты  жақсы қасиеттерге баулып, жаман жат              
мінез-құлықтардан аулақ болуға негіздейді. 
Ортағасырлық жұлдыздардың бірі Махмұд Қашқаридың: 
Ұлым менің өсиетіммен жаңды аузыңа қаратқын. 
Ғалым болып, біліміңді ел ішіне таратқын...
36
, – 
деген  өсиеттерінен  келешек  ұрпақ  тәрбиесіне  деген  жауапкершілік  сезімін 
танисың. 
 


19 
 
Ал,  халық  тәлімгері  атанған  У.Қайқауыстың:  «Кодекс  Куманикус» 
еңбегінде: «...ей, перзентім... сені жан-діліңмен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген 
ата-анаңның көңілін қалдырма. Білім – ақылдың ажар көркі. Аңдасаң – ақыл 
деген  қымбат  нәрсе.  Оны  ұры  алып  кете  алмайды,  отқа  жанып,  суға 
ақпайды...»
37
  –  деген  нәрлі  ойлары  арқылы  ұлттық  тәлім-тәрбиенің  кілті 
тереңде жатқанын сипаттайды.  
Осы  ортағасыр  ғұламалары  мен  Алтын  Орда  дәуірінің  ойшылдарының 
мұралары,  халқымыздың  ұлтжанды  өкілдерінің  ұлағатты  өсиеттері  мен  төл 
жәдігерлері – ұлттық сезімді оятудың төте жолы.   
Елдің  бүгінгісі  кешегі  тарихымен  астасып  жатады.  Өткенін  білмеген, 
тәлім-тәрбиесін, ғибратын алмаған халықтың ұрпағының келешегі тұрлаусыз, 
болашаққа берері де шамалы болады. Келешектің кемшіл болмауын ойлаған ел 
жастарына  өткеннен  мирас  болып  қалған  тағылымды  асыл  қазыналары мен 
рухани-тарихи мұралары және төл жәдігерлері арқылы ұлттық негізде саналы 
тәрбие берері анық.  
«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  –  дейді  қазақ  мәтелі.  Иә,  ұрпақ 
жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. 
Ол  сәт  сайын  өзгеріп,  өрлей  дамыған  саналы  тірлік.  Адамзат  еншісіне  ғана 
тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы – тәрбие. Демек, ұрпақ тәрбиесі – қай 
заманның, қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі. 
Ұлы  ағартушы-педагог  М.Жұмабаев:  «...баланы  жан-жақты  жетілген 
азамат  етіп  тәрбиелеу  үшін  ұлт  тәрбиесімен  қоса  түрлі  замандарда  шыққан 
ғалымдардың ой-пікірлері арқылы тәрбиелеу міндетті»
38
 – деген. 
 Кезінде орыс педагогы Н.К.Крупская шығыс тәрбиесін зерттей отырып, 
оның ұлттық тәрбиесімен ұштастырыла берілетініне таңдана отырып: «Балаға 
тәрбие беруді шығыс халықтарынан үйрену керек»
39
 – деп бағалаған. 
Ұлттық тәрбие алған адам өз ұлтын өз ата-анасындай сыйлайтын, өз елі 
мен жерін Отаным деп сүйе білетін, халқының тіліне, өнері мен мәдениетіне 
құрметпен қарайтын иманжүзді, ұлтжанды азамат болады. 
Ғалым  Қ.Бөлеев:  «Ұлтжандылық – жеке тұлғаның туған жеріне, ұлтына 
адал  ниеті,  мемлекетінің  күш-қуатын,  өміршеңдігін,  тұтастығын  қорғайтын 
рухани тірегі. Ал ұлтжандылық тәрбие дегеніміз – ұлт, ұлттық тіл, ұлттық сана, 
ұлттық  мінез-құлық, ұлттық намыс, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр, 
ұлттық мәдениет т.б. ұлттық қасиеттердің ерекшеліктерін көрсететін ұлттық 
тәрбиенің түрі»
40
 – деп, сипаттама берген. 
Ұлттық  тәрбие  құндылықтары  мен  озық  жетістіктерге  негізделген  білім 
нәрін  бойына  сіңірген  ұрпақтар  ғана  ұлт  тағдырын  тереңнен  таразылап, 
болашағын барынша болжайтын тұлға болары анық. 
Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ 
қана болашақ ел тірегі бола алады. 
Ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткен  түрлі  ақын-жыраулар 
толғауларына назар аударсақ, оның өн бойынан ұлттық сезім, ұлттық тәрбие 
құралын аңғарғандай боламыз. 


20 
 
К.Оразбекова: «...ұлттық тәрбиенің тәлімдік негіздері Адам атадан бастау 
алып, бүкіл өмірі – өлеңге, өлеңі – өмірге айналған жыраулар арқылы жалғасын 
тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырды...»
41
 – деп өте орынды түйіндеген.  
 Дербес  мемлекет  дәрежесінде  өмір  сүрген  қазақ  хандық  дәуірінде 
жыраулық  дәстүр  кеңінен  дамыды.  Олар  халыққа  өнегелі  сөздерімен  ықпал 
етіп,  оларды  іргелі  ел,  берекелі  жұрт  болуға  шақырды.  Ақын-жыраулар 
жаугершілік  заманда  хандар  мен  бектердің  ақылгөй  кеңесшісі  болып, 
жорықтарға  бірге  аттанды,  ру-тайпаларға  басшылық  етті,  сұрапыл  қанды 
майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды 
жоқтап, ел қайғысын бөлісті. 
ХV-ХVІІ  ғасырлар  аралығында  өмір  сүрген  ақын-жыраулар  қазақ 
қоғамының  қалыптасу,  даму  кезеңінен  бай  рухани  мұра  қалдырды,  олар 
өздерінің  жырларында  қоғамдық  өмірдің  әлеуметтік  саяси  жағдайы  мен 
халықтың  ой-санасын  бейнелеп,  өзіндік  айшықты  орны  бар,  өткірлігімен, 
тапқырлығымен, көрегендігімен, қажымас күш-қуатымен, ақыл-парасатымен, 
басқаша  айтқанда,  көсемдігімен,  шешендігімен,  әділдігімен,  өз  мүддесін  ұлт 
мүддесімен  ұштастыруымен,  ұлтжандылығымен  халықтың  сана-сезімін 
тәрбиелеп, қоғамдық тәрбиешілердің рөлін атқарды. 
Осындай асыл мұралардың арналы саласы жыраулар поэзиясын жете біліп 
зерделеп,  ондағы  үлгі-өнеге  мен  игі  дәстүрлерді  ұрпақ  тәрбиесіне  ұтымды 
пайдалану  тұрғысында  этнотәлімгер-ғалым  С.Қалиевтің  ғылыми  еңбектерін 
басшылыққа ала отырып қарастыру өте тиімді. 
Аталмыш  оқу  құралының  осы  бөлімінде  өздерінің  өлең-жыр, 
толғауларымен елдік пен ерлікті, сақилық пен серілікті, әділдік пен адалдықты 
жалықпай насихаттап, «ел намысы – ер намысы» деп қарап, дұшпанға өткір 
тілді  өлеңін  де,  алмас  қылышын да жұмсай білген ХV-ХVІІ ғасырларда өмір 
сүрген Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа сияқты 
ақын-жыраулар мұраларының тәлім-тәрбиелік қырларына тоқталдық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет