1)Шыңғыс ханның әскери жорықтары 2)Алтын Орданың құрылуы 3)Алтын Орданың әлсіреуі 4)XIV-XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер 5) Алтын Орданың мәдени мұрасының сипаттамасы
Шыңғыс хан жорығы
Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды, Шығыс Европаны басып алу болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады. 1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде монғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Осы жылы қаңлы, найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда ұстап, өлтірді. Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Индия территориясына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бұл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219-1224 жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына кірді.
Алтын орданың құрылуы
Алтын Орда, немесе Ұлық Ұлыс, Жошы Ұлысы — Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Русь кінәздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстанжәне Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесіп жатты. 1242 жылы Алтын Орданың негізі қаланды. Мемлекет ұлыстарға, ұлыстар үлестерге бөлінді. Әскери билік беклербектің қолына көшті. Азаматтық басқару билігі түрік әулетінен шыққан «мәлік» деп аталған жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылды. Ислам дінін қабылдағаннан кейін іс қағаздарын жүргізу жұмыстары түрік жазуымен, дәлірек айтқанда ұйғыр жазуымен жүзеге асты. Батыйдан соң билікке келген Берке хан бүкілмоңғолдық құрылтайға қатысудан бас тартып, Алтын Орда дербес тәуелсіз мемлекетке айналды. Берке ханның кезінде Египет сұлтаны Бейбарыспен байланыс күшейді. 1262 жылы екі елдің арасындағы дипломатикалық келісімдер арқылы елшілер келіп жатты. Алтын Орданы одан да әрі күшейту үшін Берке хан Ислам дінін қабылдайды.