ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу жеке адамның біліктілік бәсекесіне шыдас беретін өзіндік даму зердесі деңгейін қалыптастыру арманынан туындайды. 2013 жылы 5-маусымда Астанада сол кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы лауазымында отырған Тәжин Марат Мұханбетқазыұлының қатысуымен Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеуде Ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Ғылыми қоғамдастықтың алдында «Халық тарих толқынында» ғылыми зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды. Онда ол: «Ұлттық тарих мәселесіне бұрыннан жіті көңіл бөліп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды», - деді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: - Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдістемелік және әдістеме арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау; - Қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту; - ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. - қазақ этносының объективті тарихын және оның ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы; - этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы; - Қазақстан халықтарының полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару болып табылады
Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында
көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті
қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп,
мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды.
Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Елбасы
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында: «Біз ұлттың тарихи
санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» деді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлытау төріндегі
толғаныс» атты сұхбатында: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының
арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге
жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі» деп
Қазақстан тарихының тамырының тереңнен бастау алатынына
ерекше мән берген болатын. Осы тұрғыдан Н.Ә. Назарбаев 2015
жылы Қазақ хандығы құрылғандығының 550 жылдық
мерейтойының ел көлемінде атап өтілетіндігін мәлімдеді.
Отанды сүю, ел бірлігі, өз елінің патриоты болу сынды
қастерлі ұғымдар жөнінде сөз еткенде, әрдайым қастерлі
тарихымызға жүгінеміз. Осы тұрғыдан алғанда Елбасымыздың
Ұлытау төріндегі сұхбатында айтылған мынадай пікіріне құлақ
қойғанымыз жөн: «Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы
алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді,
бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол
жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан
тарихыңды білген жөн. екеттерінің
заңды мұрагері болып табылады», – деді.
Тарихын білмеген ұлттың болашағы
бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең
болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан
2014 жылдың қараша айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Астана қаласы активімен кездесу барысында келесі 2015 жылы
Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттік дәрежеде аталып
өтілетіндігін ресми мәлімдеді. Онда Елбасы Керей мен Жәнібек
хандардың 1465 жылы алғашқы хандықты құрғанын, Қазақ
хандығы Қазақстан мемлекетшілдік бастауының негізі екенін,
сонымен қатар, қазіргі халықты бабалардың ұлы ісін
жалғастырушылар деп атады.
2015 жылы Қазақстан халқы Қазақ хандығының 550
жылдығын лайықты атап өтті. Қазақ хандығының – 550
жылдығының жалпыхалықтық масшабта аталып өтілуі - ел рухын
шарықтатып, жастардың патриоттық сезімін арттырып, тарихи
жадысын шыңдады. Елбасы салтанатты жиында қазақ халқы Ұлы
Даланың бағзы заманнан бері тұрақты тұрғындары екенін қадап
айтып: «Қазақ хандығы бұдан бес жарым ғасыр бұрын шаңырақ
көтерсе де, Еуразияның Ұлы Даласында орнаған арғы дәуірде
Сақ, Ғұн, Үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы Түрік
қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеті