Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұлттық тарихымызға өзіндік стратегиялық көзқарасын 1999 жылы «Тарих толқынында» кітабында баяндады. Елбасының «Тарих толқынында» кітабы жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті. Ел азаматтары арасында төл тарихымызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай жасала бастады. «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттілігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн», - деп Елбасы өзінің «Тарих толқынында» деген кітабында жазды
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған. Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды. Үкімет басшысының атап өткен ұлттық тарихтағы шешілмей келген ауқымды міндеттерін шешуде ғылыми талдауларды жаңаша көзқараспен дүниеге әкелу үлкен жауапкершлікті талап етуде. Болашақта жүзеге асырылатын «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын – Ұлы мақсат жолындағы ұйытқы деп қабылдауға болады. Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды. «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы халық санасын жаһандық