ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТЫ
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Кенже Асылжан Досымжанұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің География мұғалімдерін даярлау мамандығының 2 курс студенті. Тараз қ.
kenzhan_0202@mail.ru
Бузаубакова Клара Джайдарбековна М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің п.ғ.д Профессор, Білім берудегі менеджмент кафедрасыны меңгерушісі. Тараз қ.
klara_1101@mail.ru
Бупетаева Сауле Жакиповна М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Аға оқытушысы
Тараз қ. aizo2010@mail.ru
Андатпа: Бұл мақалада Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі басты тақырыптардың бірі – адамгершілік тәрбиесін және жеке тұлғаның интеллектуалды дамуында Абай өлеңдері мен қара сөздерінің алатын орнын, ЖОО-да «Педагогика» пәнін оқытуда Абай тағылымдарын пайдалану жолдарын, Абай тағылымдарына арналған «Жүзден жүйрік» интеллектуалды ойынының мазмұны мен жүргізілу ерекшеліктерін, Абай Құнанбайұлының педагогикалық көзқарастарын зерттеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың қорытындысын шығару арқылы Абай шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде қолдануды терең ұғыну.Жеке тұлғаның интеллектуалды дамуында Абай өлеңдері мен қара сөздерінің алатын орны мен маңызын ашып көрсету; Абай Құнанбаевтың педагогикалық тағылымдарын оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдарын анықтауОсы ойларды сараптай отырып, оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың жолдарын көрсету. Кілттік сөздер: Хәкім Абай, рухани ұстаз, ғылым-білім, интелектуал, Абай 175 жылдығы, ұлы дала ұлағаты, педагогикалық көзқарастар, жүзден-жүйрік.
Халықтың Абайы атанған хакім, ойшыл, дана Абай бар мұрасын болашақ ұрпағына,өзі айтқандай «қалаың елі қазағыны» арнаған. Оның бар мұрасы, шығармашылық қызметі, негізгі мұраты-адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің ең биік мағыныас Абайдай ойшылға өте орынды айтылған. Хәкім Абайды ұлтымыздың «Рухани ұстазы » деп санар едім. Себебі Абай өз шығармалары мен ғақияларын, жырларын бүгінгінің жастарына үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызының санасына өнер мен білімді, өмірлік қажет еңбек пен адамгерщілікті, парыз бен қарызді, білім мен тәрбиені мына біздерге жетерліктей мұра ретінде аманат қылып тастап кетті. Ойшыл ақынның педагогикалық көзқарастарының ең басында «толық адам» тұжырымдамасы тұр. Жобаны жазу барысында ақынның өлеңдері мен қара сөздері талданып, Абай тағылымдарына арналган «жүзден жүйрік» интелектуалды ойынның мазмұны мен берерін анықтап, тәжірибиелік-эксперименттер жасап зерттеу еңбектері қарастырылады.[1,185 б]
Абайдың педагогикалық көзқарастары бала тәрбиесіне негізделген. Абай айтад «Адамның бір қызығы-бала деген» Абай шынышыл Абай бар нәрсенің дөп бағасын береді. Өмірдегі барлық қызықты тек балаға тіреп тастайтынымыз аз емес өмірде қызық көп соның ішіндегі аса жауапты маңыздысы ол бала тәрбиесі. Сондықтан да, көп қызығы демейді, бір қызығы дейді. Соны айтып келеді де «баланы оқытуды жек көрмедім» дейді. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйқтасам деп туады. Екіншісі білсем екен, үйренсем, көрсем екен деп туады» Бұныда Абай айтқан осы екі типтегі баланы қайтіп адам қылмақ керек? Әке балаға сыншы Құнанбайдың өзі Абайға сыншы болған. Сыншы деген сынау емес баланы тану екені айдан анық, баланың мінез құлқын , бейімін тану ол үлкен іс, музыкаға бейім баланы спортқа, спортқа бейім баланы музыкаға бермей бейіміне қарай өз қалауымен айналыстыру, ол қолынан іс келерлік баланы тану дейді.[2, 55 б ]
Абай баланы қалай тәрбиелейді?