Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Қазақ тіл білімінің көш бастаушысы



Pdf көрінісі
бет190/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Қазақ тіл білімінің көш бастаушысы 
Елімізде сталиндік репрессияның қызу басталған кезі – 1937 жылы мен 
қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданында қазақ орта мектебінде 
мұғалім болып істейтінмін. Ыбыр-сыбыр көбейіп, небір момын коллектив 
арасында беделді адамдарды НКВД ұстап кетіпті дегенді жиі еститін болдық. 
Қансонарда қызыл түлкіні көзі шалған аңшы мен құмай тазы тәрізді менің 
фамилиямды естіп, білген кейбір белсенді «ақ жүректер» маған көздерін тіге 
бастағанын сездім. Сол жылы оқу жылы аяқталысымен, «есің барда елің тап» 
дегендей, Алматыға келіп, № 37 орыс мектебіне қазақ тілінен мұғалім болып 
орналастым. Ол жылдары, бүгінгідей емес, республика бойынша барлық 
орыс мектептерінде қазақ тілі басқа пәндер қатарында тең праволы пән 
ретінде өтілетін. Сол жылы Алматыдағы орыс мектептерінде қазақ тілін 
оқытатын мұғалімдер арасында «халық жауы» деп сотталған азаматтардың 
әйелдері (Ф.Ғабитова-Жансүгірова, М.Омарова) және партия қатарынан 
шығарылған бірнеше бұрынғы басшы қызметкерлер бар екен. 
Бір күні ҚазПИ-де профессор Қ.Жұбанов қазақ тілі мамандары, 
мұғалімдері үшін семинар ұйымдастырып, өзі лекция оқиды екен дегенді 
естіп, ҚазПИ-ге келдім. Бір аудиторияда жиырмаға жуық адам отыр екен, 
ішінде бірлі-жарым студенттер де бар секілді. Мен де арт жақта бір орынға 
отырдым. Бір кезде аудиторияға Құдайберген Жұбанов кіріп, отырғандармен 
сыпайы сәлемдесіп, лекция оқуға кірісті. 


426 
Мен бұрын Қ.Жұбановты сырттай танып, кейбір еңбектерін оқығаным 
болмаса, бетпе-бет жүздесіп, тіл қатысқан емес едім. Қ.Жұбанов үзіліс 
кезінде маған көзі түсіп: 
–Сіз, семинарға жаңа қатысушысыз ғой? – деп сұрады. 
Мен орнымнан тұрып, аты-жөнімді, қайда істейтінімді айттым. 
–Сонда, қай Маман, «Айман-Шолпандағы» Маман ба? –деп сұрады. 
–Жоқ мен Ақсу ауданынанмын, – дедім. 
–Е-е, онда «Қараағаш» мектебін салдырған Мамановтар, ақын Сараның 
руынан екенсің ғой, – деді. 
Мен ары қарай «Маманды» көп сөз етпесе екен дегендей рең білдіріп, 
күбіртіктеп жауап қаттым. Жұбанов лекциясын жалғастырып оқып кетті. 
Лекция соңында Жұбанов көптеген сұрақтарға жауап берді. 
Мен сол күннен бастап, семинардың бір мүшесі болып, үзбей қатысып 
жүрдім. Қ.Жұбановтың семинарда оқыған лекцияларының басты 
тақырыптары мынадай еді: 1) Орыс тюркологтері, олардың еңбектерінің 
мазмұндары, оның ішінде менің есімде сақталғаны Мелиоранскийдің 
«Грамматика қазақ-киргизского языка» атты еңбегіне көбірек тоқталып, әр 
қырынан талдау жасап, өз пікірімен толықтыратын еді. 2) Маррдың «Тіл 
туралы жаңа ілімі» атты еңбегі болды. Ол кезде бұл тақырып одақ бойынша 
тіл білімінің үлкен ғылыми табысы ретінде танылатын. 3) Қазақ тілінің 
грамматикалық құрылымы мен фонетикаға лектор көп көңіл бөлетін еді. 
Қ.Жұбанов әсіресе қазақ тілінің фонетикасы, орфографиясы және 
орфоэпиясына қатысты лекция оқығанда, оның жүзінен әсерлі шабыт белгісі 
байқалатын еді. Бір лекция үстінде Қ.Жұбановтың: 
–Мынау менің «Қазақ тілі фонетикасы» атты еңбегім ғой, – деп бір 
қомақты папканы көрсеткені есімде. Сол еңбек басылып шыққан жоқ қазір ол 
еңбек «қолды болып» кетпесе, архивтің бір бұрышында жатуы ықтимал. 
Мұндай құнды еңбектің із-тұзсыз жоқ болып кетуі мүмкін емес. Қ. Жұбанов 
әр семинардың соңынан тыңдаушыларға тапсырма ретінде тақырыптар 
ұсынып, келесі семинарда сол тақырып бойынша пікір айтуды талап ететін 
еді. Сол тақырыптарды талдау үстінде Қ.Жұбановтың: «Қазақ тіл білімі қазір 
жалғыз аяқ сүрлеу жол сияқты, оны жан-жақты зерттеп, жетілдіру бәріміздің 
міндетіміз. Ғылымның қай саласы болмасын, пікір таласы арқылы ғана 
шынығып жетіледі. Сондықтан сіздер семинардың пассив қатысушысы 
болмай, актив қатысушысы болыңыздар»,— деп бірнеше рет айтқаны есімде. 
Бұл жерде сөз арасы ретінде айта кететін бір жайт – қазақ тіл білімін 
зерттейтін тиісті мекемелер, қазақ тілі кафедралары, Қ.Жұбановтың 
үлгісімен, қазақ тіл білімін жетілдіру мақсатында жоспарға ендіріп, кезекті 
семинар жұмысын ұйымдастырып, пікір алысуға мән бермейді. Соның 
салдарынан қазақ тілі оқулықтарында, кейбір ғылыми еңбектерде қазақ тілі 
грамматикасына қатысты тақырыптар әр автордың еңбегінде әр түрлі 
баяндалады. Бұған көңіл аударып, қазақ тіл білімінің қамын ойлап жүрген 
ғалымдар аз. Олардың әрқайсысы өз ісімен жүр. 


427 
Сонымен, қай ай екені есімде жоқ, бір күні кезекті семинарға келсем, 
аудиторияда 4-5 мектеп мұғалімдері ғана отыр екен. Институт 
мұғалімдерінен ешкім жоқ. Біраз отырған соң мұғалімдер маған қарап: «Сен 
бәрімізден жасың кіші, Жұбановтың пәтеріне барып, біліп кел, бүгін семинар 
бола ма екен», – деді. Жұбановтың пәтері ҚазПИ-дің қарсысындағы үйдің 
екінші қабатында екенін білетінмін. Мен есік қаққанымда, Қ.Жұбановтың өзі 
есік ашып, кабинетіне кірдік. Мен келген шаруамды айттым. Жұбановтың өңі 
жүдеу тартқан, үлкен бір уайымның, ызанын үстінде екенін бірден байқадым. 
Ол семинар өткізуге бара алмайтынын айтты, басқа сөз қатыса алмадық. Мен 
қоштасып, тезірек шығып кеттім. Көп ұзамай Қ.Жұбановтың ұсталып 
кеткенін естідік. Үйірмеге қатысып, Қ.Жұбановтың лекциясын ынтамен 
тыңдап, өзіне зор құрметпен қарайтын мұғалімдер бір-бірімізбен кездесіп 
қалған күндері Жұбановтың атын атауға қорқатын болдық... 
Д.Әлімжанов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет