242
қалыптасуының мифтік деңгейінен бастау алған төл мәдениетімен сабақтас
қарауы деп санаймыз.
Проф. Қ.Жұбанов қазақтың ықылым заманнан өзімен бірге жасап келе
жатқан музыкалық аспаптары – қобыздың, домбыраның, сыбызғының
ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып: «
Қобыздың дамуы, ондағы
музыка жанрларының дамуы домбырадай емес, төмен. Домбыраға
исключение болған нәрселер қобызда норма болып шығады. Домбырада
тартылатын күйлердiң iшiнде әңгiме қосып тартып отыратын, бiз бiлетiн,
бiр-екi-ақ күй бар. Оның да әңгiмемен бiте қайнағаны «Ақсақ құлан – Жошы
хан»», – дей келе, осы күйдің жазылып алынған үш түрлi нұсқасының (Ермек
ұлы, Медет ұлы, Бөкейхан ұлы тартатын үлгілері) бiрiне бiрi
ұқсамайтындығын, «құрылысы, композициясы жағынан қашық» екендігін
айтады.
Қ.Жұбанов қазақтың батырлық эпостарымыздың («Қобыландыдан»
басқаларының) бәрiнде де, сонымен қатар Сағдидың «Гүлстанында»,
Фирдоусидiң «Шах-намасiнде» қара сөзге өлең аралас келетіндігі айтады.
Автор ««
Аққу» күйiндегi, болмаса «Ақсақ құландағы» аттың аяңдағанын,
Достарыңызбен бөлісу: