243
термин, иә жанрлық форма ретінде қалыптасқан өнер түрі емес, ұлт
мәдениетімен, таным-санасымен сабақтасқан кешенді сипатта талданады.
Ол үшін, біріншіден,
күй ұғымының басқа тілдердегі (татар, өзбек т.б.)
айырмашылығы салыстырылып ашылады.
Екіншіден, күйдің әуел баста пайда болған, шыққан ортасында көңіл
көтеру, сауық құралы қызметін атқармағанын, табиғат күштерін
бағындыруда күйдің магиялық, психикаға әсер етуші күші арқылы
«табиғаттың жасырын күштімен астарласып барып, соған дегенін жүргізуге,
қазақша айтқанда, арбауға тырысатынында», – (8, 278) деп көрсетеді.
Сондықтан,
күй
атауының
этимологиясын
көк
сөзімен
байланыстырылуы
түркілердің
мифтік
танымына
сай
антрополингвистикалық негізде анықталғанын көреміз.
Үшіншіден, проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі
күй ұғымының
кешенді сипатын көрсететін оның әлеуметтік қызметі: діни, дәрігерлік
метеорология, астрономия, аңшылық т.б. салаларындағы қолданысы. Осы
қызметті іске асырушы адамдар мен музыкалық құралдарды талдаулары да
этномәдени контексте құрылған. Мысалы,
бақсы, қобыз, сыбызғы т.б.
атаулардың мәні тек музыка құралы емес, ерекше магиялық, киелі, космос
ретінде, яғни мәдениетаралық коммуникацияның нәтижесі емес, этнос
болмысымен біте қайнасып, табиғи қалыптасқан төл мәдениет түрі деп
анықталған.
Осы арада проф. Қ.Жұбановтың «
жыр-толғаулар, эпостар әңгімелеп,
күйлеп (қою жазумен берген – Ж.Манкеева)
айтылған болу керек» (8, 286)
деген пікіріне сүйеніп, негізінен ауызша тараған қазақ әдеби мұралардың
сақталуының бір құралы, формасы ретінде де күй өнерінің қызметін
бағалауға болар. Осы шағын мақалада ғалым ұлт мәдениетін танытатын кең
де, терең арна ретінде күй өнерін көрсетіп, оны әрі қарай зерттеуді
болашаққа аманат еткен. Проф. Қ.Жұбановтың осы ой-арманын белгілі
ғалым, этнограф, мәдениеттанушы А.Сейдімбек өзінің «Күй-шежіре»
монографиясында және басқа да зерттеулерінде жалғастырып, күйлердің
шығу негізін аңыз-әңгімелерімен сабақтастырып, қазақ халқының мәдени-
рухани әлеміндегі төлтума бітімі, дара да ерекше құбылыс ретінде дәлелдеді
(107).
Профессор Қ.Жұбановтың тіл туралы еңбектерін оқи отырып, қандай
да бір тілдік құбылысқа арналған зерттеулерінде тіл деңгейлерінің мәселелері
«қабаттасып» жататындығын аңғарсақ, күй өнеріне арналған мақаласының
өзінде де музыка аспаптарының аттарын –
домбыра, қобыз, сыбызғы –
тарихи-лингвистикалық әрі этимологиялық тұрғыдан талдауы ғалымның ой-
өрісінің, таным-білімінің тереңдігін, көптеген тілдерді меңгергендігін анық
көрсетеді. Ол атауларды туыстас түркі тілдері материалдарымен салыстырып
қана қоймай, туысы бөлек тілдер материалдарымен типологиялық тұрғыдан
салғастыра зерттеуі ғалымның терең білімге иелігін аңғартады.
«Домбыра» сөзін талдау барысында: «
Оны кейбіреулердің араптың
Достарыңызбен бөлісу: