Ақылгөй аға, ұлағатты ұстаз
391
Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың омырауында Қазақстан Орталық
атқару комитетінің мүшесі екендігін білдіріп тұратын «КазЦИК» деген
жазуы бар белгі болатын-ды. Демек, қазіргі ұғым бойынша, Қ. Қ. Жұбанов
Қазақстан Жоғарғы Советінің депутаты, яғни республикамыздың ірі қоғам
қайраткері болғанын көреміз.
Қ.Жұбанов ҚазПИ-дің тіл-әдебиеті факультеті оқытушыларының
ортасындағы жалғыз ғана профессор еді. Осы атақ, лауазымдарға қарай
факультет коллективі оны аса ардақтап, сыйлайтын-ды.
Қ.Жұбанов орта бойлы, буырыл тарта бастаған толқынды, қою қара
шашты, қара торы жүзді адам еді. Оның барқыттай қоңыр үнді дауысы,
мазмұнды ойына орай сөйлеген сөзі әрі әуезді, әрі сазды шығатын-ды. Оның
қимыл-қозғалысы да, жүріс-тұрысы да кескін-келбетіне сай сабырлы, майда
болатын-ды. Қ.Жұбанов адамгершілігі мол, ақ көңіл, кішіпейіл адам еді. Ол
кісі үлкендер былай тұрсын, жасы кіші адамдарға да, мысалы, студенттермен
қарым-қатынас жасағанда да, «сен» деген сөзді ешуақыт тұтынбайтын, дәйім
«сіз» деп сөйлейтін. Қ.Жұбанов халықты, көпті жақсы көретін, үнемі көппен
әңгімелескенді, қарым-қатынасты ұнататын, бұқарашыл адам еді. Мысалы,
жексенбі күндері әрдайым жатақханаларды аралап, студенттердің қал-
жайларын біліп, тұрмыс-тіршіліктерімен танысып, әңгімелесіп жүретін.
Жатақхана аралаған осындай шақтарда да, басқа жұмыс күндерінде де,
кейбір ересек студенттермен жиі әңгімелесетін. Әсіресе жоғарғы курс
студенттерінің ішінен Әди Шәріповпен, Ғайниден Мұсабаевпен, Шаймерден
Балжановпен, Әкім Әйнековпен және басқа озат оқитын студенттермен етене
сөйлесіп тұрғанын көп көретінбіз.
Профессор Қ.Жұбановтың осындай әрі ағалық, әрі ұстаздық қарым-
қатынасы осы естелікті жазып отырған менімен де оқуға түскен алғашқы
айдың өзінде-ақ басталып кеткен еді. Сол кездегі есте қалған кейбір жайларға
қысқаша тоқталмақпын.
Мен орта мектепті өз құрбы-құрдастарыммен уақыт жағынан бір
шамалас бітірсем де, жоғары мектепке тіпті кешігіп, алты жылдан кейін зорға
түстім. 1930 жылы Қарқаралы қаласында әуелде гимназия, кейін реалдық
училище, одан соң тоғыз жылдық мектепті бітіріп, математиканы өте жақсы
әрі сүйіп оқығандықтан, Томскідегі университетке барып түсіп, не
математикадан, не технологиядан маман болып шығуды қатты көкседім...
Бірақ бұл арманым бірден орындалмады.
Әлі есімде, 1936 жылдың сентябрь айының орта шені, бір күні қасында
факультеттің деканы бар, профессор Жұбанов біздің класқа келді. Ол кісі
класқа келген бойда, мақсаты – студенттермен жақын танысу, кімдердің
қандай мектепті қалай бітіріп келгенін білу екенін айтты да: «Староста кім
болады, әңгімемізді содан бастайық», – деді. Мен фамилиямды айтып, ұшып
түрегелдім де өзімді таныстыру үшін, 1930 ж. Қарқаралы қаласында (Семей
облысы) әуелі гимназияда, одан кейін реальное училище деп аталып,
кейіннен бастауыш мектепке мұғалім даярлайтын мамандығы бар тоғыз
жылдық мектепті бітіргенімді, сонан соң Томск қаласына оқуға бармақ
392
болғанымды, бірақ бара алмаған себептерімді, журналист боп қызмет
атқарғанымды, соңғы 1935 жылы Петропавлдағы қазақ педучилищесінде
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болғанымды, биыл оқуға түскенімді
қысқаша баяндадым.
Профессор Жұбанов өзге студенттермен де осылай танысып болып,
рақмет айтып, кластан шығып кетті...
1936 жылы сентябрь айының, ұмытпасам, басында өзіммен бірге
оқитын Айқынбаев Өмірәлі дейтін студентпен Юных Коммунаров
көшесіндегі жатақханадан шығып, Федерация паркі арқылы өтіп Совет және
Красин көшелерінің түйіскен жеріндегі есіктен шыға бергенімізде, қарсы
алдымыздан екі кісі ұшыраса кетті. Қарасам, біреуі көптен көрмеген, бір
кезде маған әрі аға, әрі жолдас болған ескі досым – Кәрібай Барманқұлов
деген кісі екен. Жақындаса келгенде мен ол кісіні Кәраға деп құшақтай
алыппын. Ол кісі де «Өй, Ақан, Ахмеди, сен қайдан жүрсің мұнда қашан
келдің?» – деп, құшақтаса кетті. Мен осында оқуға келіп, ҚазПИ-ге жаңа ғана
түскенімді айттым. Ол кісі: «Қай факультетке, математика факультетіне
ме?» – деді. Мен: «Жоқ, қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне түстім», – дедім. Ол
таң қалғандай болды да: «Мен осындамын, сол ҚазПИ-дің сол факультетін
бітіргенмін, қазір 40-шы орта мектепте мұғаліммін, осы Красин көшесінің
бойында Комсомол көшесінен әрі үшіншіүйде тұрамын. Сонда кел, бәрін
сөйлесерміз, мені үйдентек түстен кейінгі уақытта ғана табасың», – деді де:
«Мына кісі – профессор Құдайберген Жұбанов ағай», – деп таныстырды. Бұл
кісіні мен бұрын көрген жоқедім. Ол кісі басын изеген соң мен де басымды
изедім. Кәрағаң: «Жарайды, жолдарың болсын, маған қайтсең декел,
күтемін», – деді де, Қ.Жұбанов ағаймен паркке еніп кетті...
Екі күннен соң мен Кәрағаңды іздеп, өзі көрсеткен үйге келдім (ол
кездегі үйлер бір қабат, ағаштан, кірпіштен салған болатын). Қақпадан еніп,
қорадағы үйдің сыртқы есігін қағып едім, бір егде әйел есікті ашты. Мен:
«Кәрібай Барманқұлов деген кісіге келдім», – дедім. Жаңағы әйел: Кәреке,
сізге біреу келіп тұр», – деп дыбыстады. Кәрекең қарсы шығып, қолымнан
жетектеп, бір бөлмеге енгізді де, орындыққа отырғызды. Сосын өзінің
басынан кешкен оқиғаларын баяндады: Қарқаралыдан кеткен соң осы
ҚазПИ-ге қазақ тілі мен әдебиет бөліміне түсіп, оны өткен жылы бітірген
екен де, осы қалада мұғалім боп қалған екен... Мен де ол кісіден айрылысқан
шақтан бастап, осы кездесіп отырған сәтке дейінгі басымнанкешкен
тарихымды әңгімеледім. Осылай бір-бірімізбен көптен бері көріспегенімізді
айтып біткеннен кейін, ментуралы профессор Жұбановқа өзі білетін
мәліметтердің бәрін тізіп айтып, «сіздің жақсы шәкіртіңіз болады»
депсендіргенін айтты.
Оқу тиісті кесте бойынша жүріп жатты. Бірақ көңілімнің түкпірінен бір
түрткіл ой – күптілік кетпей жүрді. Өйткені Қызылжарда қалған
жолдастарымның
хаттарына
қарағанда, педучилищенің басшылары
Казнаркомпросқа үсті-үстіне хат жазып, менің қызметіме қайта баруымды
393
сұратып жатқан көрінеді. Осы күдік бір күні расқа шықты. Институт
директоры Бекжанов кабинетіне шақырып алып:
–Сіз бұрынғы қызметіңнен рұқсатсыз кетіп қалып, бізге оқуға түскен
көрінесіз, Наркомпрос сізді оқудан шығарып, өздерінің қарауына жіберу
жөнінде бұйрық беріп отыр, мен осы бұйрықты орындамақшымын, – деді.
Мен өзімнің рұқсатсыз кеткен себебімді, институтты бітіруге
құмарлығымды айтып, мені оқудан шығармай қалдыруды өтіндім. Директор:
«Сіздің тілегіңізді мен түсінемін, пікіріңіз дұрыс, бірақ Қызылжардағы
қызмет істеген жеріңізде сіздің беретін сабақтарыңыз тоқтап қалған көрінеді,
Наркомпроста осы себептен сізді бұрынғы орныңызға қайтарып жіберуді
бұйырды. Мен ол бұйрықты орындамасқа шарам жоқ, егер Наркомпрос
қалдырса, мен сіздің оқуыңызға қарсылық етпеймін. Сіз сонда кадр
басқармасының бастығы Аспандияров Сәкен жолдасқа барыңыз да,
мұңыңызды айтыңыз, – деді.
Аспандияров жолдасқа келіп, арызымды айтып едім «Мен де сізді
түсінемін, бірақ оқуда қалдыруға лажым жоқ, өйткені онда (Қызылжар
педучилищесінде) сіздің пәндеріңіз жүрмей қалып, биыл бітіретін кластарда
өте-мөте қиыншылық туып отырған көрінеді. Сізді қайта орныңызға жіберуге
Наркомның орынбасары маған әмір берді. Мен соны орындауым керек, – деп
үзілді-кесілді өз қортындысын айтты.
«Наркомның орынбасарының жарлығын тек Наркомның өзі ғана бұза
алады, сол жерге барып көріңіз», – деген соң Наркомның қабылдау бөлмесіне
барсам, ол кісі командировкаға кеткен екен. Осыдан кейін Наркомның келуін
күтіп жарты айдай жүрдім, онан қала берді ол кісі келгеннен кейін мені
қабылдауға уақыты болмай, тағы біраз жүрдім.
Әлі есімде октябрь айының орта шені жексенбі күні жатақханада менен
басқа ешкім жоқ, Омбыдағы, Қызылжардағы інілеріме хал-жайымды, қайта
Қызылжарға барып қалу мүмкіндігімді айтып хат жазып, екіншіден, қалып
қойған кейбір сабақтардың конспектілерін толықтырып отыр едім, біреудің
есікті ашып: «Сәлематсыз ба?» – деген даусын естідім. Қарасам, профессор
Қ.Жұбанов екен. Орнымнан ұшып түрегеліп, амандасып, қарсы жүріп едім,
«алаңдамаңыз, мен сізге бөгет жасаған екенмін, бөгелмей кетемін», – деп
орындыққа отырды. Мен өз жайымды, оқудан шығып қалып, бұрынғы
жұмысыма оралуға тиісті екенімді, үш бірдей інім бар, олардың да мені күтіп
жүргенін, бір жағынан, солар үшін елге барғым келетінін, екінші жағынан,
оқы ғым келетінін, не істерімді білмей дал боп жүргенімді қысқаша
баяндадым.
Ол кісі зейін қоя тыңдады да, «Жарайды, ойласайық, ал қазір
жатақхананы аралауға қарсы емессіз бе?» – деп қолқа салды.
Достарыңызбен бөлісу: |