Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


«Сөз материалының түр сипаты»



Pdf көрінісі
бет29/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   200
«Сөз материалының түр сипаты» 
(Қ.Жұбановтың морфология саласындағы еңбектері жайында) 
Грамматикалық ұғымдар мәселесі 
 
Профессор Қ.Жұбанов тіл білімі (Қ.Жұбанов «тіл ғылымы» деген 
терминді қолданады) салаларының ішінде, әсіресе, грамматикаға үлкен мән 
берген. Қ.Жұбановтың грамматикалық зерттеулеріне көз жүгіртсек, 
ғалымның бұл саланы: 1) дыбыс жүйесі (фонетика), 2) сөз тұрпаты жүйесі 
(морфология), 3) сөйлем жүйесі (синтаксис) деп бөліп қарастырғанын 
көреміз. Ғалым өзінің «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» грамматиканың 
жекелеген салалары туралы айтудан бұрын, жалпы «грамматика» терминінің 
мән мазмұнын, зерттеу объектісін, сонымен қатар оның құрамына нелер
қандай категориялар кіреді? деген мәселенің басын ашуды мақсат етеді. Бұл 
ретте әлемдік тіл білімінің тәжірибелерін, атап айтқанда, Марр, Шапиро, 
Пешковский, Петерсен, Фортунатов, Ф. де Соссюр т.б. ғалымдардың ой-
тұжырымдарына сүйене отырып, тілдің грамматика саласының құрамдас 
бөліктері туралы, яғни «грамматиканың қандай пәндерден құралатындығы 
жайлы» әлемдік тіл біліміндегі үш бағытты атап көрсетеді. Олар:
1) Грамматика морфология және синтаксис салаларынан тұрады деп 
танушылар. Бұл бағытты ұстанушылар «форманы жүйелі түрде ұсынушы 
батыста Фердинанд де Соссюр, Ресейде академик Фортунатов болды, ал 
Петерсен, Пешковский – солардан өрбігендер». Қ.Жұбанов бұл бағытты 
ұстанушыларды «формашылдар» деп атайды;
2) Грамматикаға фонетика саласын да қосып атаушылар. Қ.Жұбанов 
бұл бағыттың өкілі ретінде Богородицкийдің («үнді-европа тілдерінің 
ғалымы, грамматика мәселесінде психологизм ағымын қолдаушы») «Орыс 
тілінің жалпы курсы» деген кітабындағы: «Грамматика – тіл ілімінің бір 
тарауы. Ол үш тараудан (бөлімнен) құралады – фонетика, морфология
синтаксис», – деген пікірлерін келтіреді. Ғалым бұл бағытты ұстанушыларды 
«психологистер» деп атайды.
3) Грамматиканы үш пәннен (морфология, синтаксис және 
лексикология) құралады деп танушылар. Ф. де Соссюр «формашыл» 
бағыттың негізін қалағанмен, грамматика салаларын атауда «тіл қалпының 
ішіне тілдің сөздігі де кіретін болғандықтан, лексикологияны да 
грамматиканың бір тарауы деп атайды.
Проф. Қ.Жұбанов әлемдік тіл біліміндегі грамматиканың құрамдас 
бөліктері туралы бағыттарды осылайша жіктеп көрсетіп қана қоймай, 
олардың әрқайсысына өзіндік пікір-көзқарастарын білдіріп отырады. 
Мәселен, Ф. де Соссюрдің сөз өзгерту құбылыстарын синтаксис 
құбылыстарынан бөлек қарағысы келген тұжырымдарына қарсы батыл пікір 
айтады: «Ф. де Соссюр сөз өзгерту құбылыстарын синтаксис құбылысынан 
бөлек қарағысы келеді, бұл екеуін грамматиканың екі бөлімі дегісі келеді, 
демек, бұдан іс шықпайды, өйткені сөз өзгерту құбылыстары деген – 


86 
синтаксистің кәдесін өтеу үшін, бір сөзбен екінші сөзді байланыстыру үшін 
жұмсайтын тілдік амалдары ғана» (8, 83).
Қ.Жұбановтың өзіндік көзқарасы, ойы бар, батыл, қайсар, өр мінезді 
ғалым екендігін танытатын тағы бір факті – Шапироның грамматиканың 
құрамдас бөліктері туралы ойларына сыни пікір білдіруі. Ғалымның өз 
сөзімен айтқанда: «Шапиро – бірде мағынашыл, бірде формашыл. Шапиро 
грамматиканың құрамын формашылдарша түсіндіреді, оның қандай пән 
екендігіне келгенде, тілдің құрылысын қарайтын ғылым дейді, мұнысында 
фонетика болмай шығады; материалсыз құрылыс бола ма? 
Шапиро құрылыс теориясын Маррдан алған, бірақ нендей құрылыс 
екендігін өзі де түсінбеген, сондықтан дыбыстарды шығарып тастаған; 
грамматика морфология мен синтаксистен құралады, бұған дыбыс кірмейді 
деген қисыны ол формашылдардан алған. Шапироның пайымдаулары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет