Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет37/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   200
предшествующей истории человечества, отдельные этапы которой 
напластовались по порядку последовательности своего развития земли, 
оставили свои следы в виде последовательных отложений, пластов 
легшихдруг на друга чем и дают они о себе знать историкам земли» (8, 404-
405). Әрі қарай автор тілге осылайша палеонтологиялық барлау жасаудың 
табиғилығын, заңдылығын дәлелдейді. Біріншіден, палеонтология негізгі 
зерттеу нысаны етіп тек жазба ескерткіштерін емес, жалпы сол тілдің өзіндік, 


96 
ауызекі сөздің (речь) тілдік фактілерін алады. Екіншіден, сол тілдің (қазақ 
тілінің) өзіндік ерекшеліктеріне, ішкі даму заңдылықтарына сүйенеді.
Осы жерде айта кететін бір жайт – Қ.Жұбановтың «палеонтология» 
терминіне берген анықтамадан оның еуропоцентризмді құптамайтындығын 
аңғарамыз. 
Бұл 
ойымызды 
ғалымның 
өз 
сөзімен 
жеткізейік: 
«Палеонтологией называется лишь такое прослеживание на речевом 
материале путей развития языка особыми приемами, чуждыми 
традиционным приемам индоевропеистики, но исходящими из специфики
природы самого языка, – приемами, учитывающими исторические условия 
развития язык. ... При бесспорной ценности этих работ как материала, все 
же они по достоинству своему стоят несравнимо ниже, чем последующие 
(в чем не сомневался и сам Н.Я.Марр), так как иная, открыто 
индоевропейская методология не могла не отразиться и на самом 
результате исследований, не могла не снизить качества, не уменьшить 
правдивость в восприятии и воспроизведении исследуемой языковой 
действительности». 
Әрине, қазіргі тіл білімінде «палеонтология» термині қолданылмайды 
деуге болады. Иә, басқа балама, жаңа терминдер пайда болған. Бірақ әңгіме 
оның атында емес, затында десек, проф. Қ.Жұбановтың қазақ тілін тарихи 
зерттеу туралы бұл тұрғыдағы ойлары өз жалғасын қазіргі күнгі 
зерттеулерден тауып отыр (Ә.Т.Қайдаров, А.Ысқақов, М.Томанов, А.Ибатов 
т.б. еңбектерінде). Әсіресе, түркі тілдеріндегі агглютинативті құрылыстың 
тарихи дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі түбірдің күйі мен құрылымына 
қатысты жұмыстар палеонтологиялық зерттеуді қажет етеді, осы 
мәселелердің дұрыс шешілуіне көмектеседі.
Осылайша палеонтологиялық зерттеудің нәтижесінде анықталған 
түбірлердің көпшілігі дыбыстық тұлғасы ғана сақталып, мағынасы 
күңгірттенген, дербестігін жойған «өлі» түбірлерді тірілту үшін олардың 
өткен дәуірдегі тұлғалық, семантикалық қалыпқа келтіруді реконструкция 
деп атап жүрміз.
Проф. Қ.Жұбановтың С.Аманжоловтың «Қазақ тіліндегі флективтіліктің 
элементтері» деген мақаласына жазба ескертпесінде ұят және ұял 
сөздеріндегі -л және -т формаларының флективті формаларға тек сырттай 
ғана ұқсас, ал табиғаты агглютинативті деп дәлелдейді: «...В сущности же 
ұят и ұял – образования агглютинативные. Агглютинативная их природа 
затемнена лишь тем, что здесь корень, более того производная глагольная 
основа ~ неживой...». Немесе, тағы сол мақалада: «... Но ведь мертвые 
основы глаголов күрес «бороться» и жарыс «состязаться в бегах» от 
которых, если отнять живой по сей день суффикс взаимного залога -с 
остаются не употребляющиеся самостоятельно части: күре и жар. Но не 
объявляем же после этого глаголы күрес и жарыс образованиями 
флективного порядка» (Примечания автора к статье С.Аманжолова 
«Элементы флективности в казахском языке»). 


97 
Сонымен, Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасына сүйеніп, қазіргі тілімізде 
көптеген сөздерді шартты түрде түбірсөз деп қараймыз. Шын мәнінде, олар 
– «өлі түбірлер» мен қосымшадан тұратын туынды түбірлер. Ол диахрондық 
зерттеудің нәтижесінде анықталады. Бұл орайда бұйрық рай формасындағы 
етістіктер ерекше назар аударады. Осы формадағы етістік түбірлерді 
диахрондық тұрғыдан қарау бұл көзқарасты өзгертіп, олардың көбінің 
құрамынан сөз тудырушы қосымшаларды ажыратады. Бұл қосымшаларсыз 
ол түбірлер жаңа сөз жасауға негіз бола алмайды. Демек, түркі сөздерінің 
байырғы түбір морфемасы бір буынды болғанмен, аффиксацияның 
нәтижесінде оның көбінесе екі буындыға айналуы тұрақты құбылысқа 
айналған. Бірақ екі буынды түбірлердің қальптасуын беріде болған құбылыс 
деп қарауға болмайды. Түркі жазу ескерткіштерінің ішіндегі ең ежелгісі 
болып есептелетін Енисей жазбаларын зерттеуші И.А.Батмановтың, орхон-
енисей, ұйғыр ескерткіштерін зерттеген С.Е.Малов, В.М.Насилов, 
Ғ.Айдаровтардың пікірінше, осы жазбаларда екі буынды түбірлер де белсенді 
қолданылған. Ал, осындай этимологизацияға ұшыраған екі буынды түбір 
сөздерді талдаудың, олардың құрамындағы «өлі» түбірлерді «тірілтудің» 
(реконструкция) жолдары мен тәсілдері қандай? 
Біріншіден, түбірдің ұзарып, ия морфологиялық элементтерінің 
кіріккенін анықтау үшін оның жалаң, ежелгі нұсқасын табу қажет. Оны ескі 
түрік ескерткіштерінің материалдарынан, ескі түркілік қасиетін көбірек 
сақтаған алтай, чуваш тілдерінен кездестіреміз. Мысалы, «Ескі түркі» 
сөздігіндегі -са- /санау/, -қыд- /қыдыр/, -мақ- /мақта/ т.б. деп қолданылған. 
Сол сияқты қазіргі алтай тілінде ит: /итер/, -тоз- /тозаң/, -тақ- /тақыр/ т.б. 
Чуваш тілінде -қай- /қайт/, -жал- /жалын/ т.б. фактілер сақталған. 
Осы сияқты ешқандай аффиксіз жеке сөз ретінде қолданылатын жалаң 
түбірлердің саны ескерткіштерде (кейбір қазіргі тілдерде де) көп емес. Оған 
себеп – бұл жазбалардың өзі ежелгі уакытты бейнелеген ескерткіштер емес 
екендігі. Бұл ескерткіштердің зерттелуіне зор үлес қосқан ғалым С.Малов ең 
ежелгі деп саналатын Енисей жазбаларының өзін V ғасырға жатқызады. 
Мазмұны жағынан басқалармен салыстырғанда ең байырғы болып саналатын 
Орхон ескерткіштерінің өзі ІІІ ғасырға жатады. Қазіргі тіліміздегі бір буынды 
түбірлер сол фонетикалық айырмашылығы болмаса, ескерткіштерде сол 
күйінде кездеседі.Мұның өзі түбір сөздердің морфологиялық, фонетикалық, 
семантикалық ыңғайдағы өзгерістері негізінен Енисей, Орхон, ұйғыр 
ескерткіштерінің жазылу кезеңіне дейін болғанын көрсетеді. Көбінесе 
ескерткіштер тілінде түбір екі формасында да (еш аффиксіз қарапайым 
ежелгі формасы, аффикстер жалғанған жаңа формасы) берілген: сасанау
сан –сан, сана – сануба – байлаубан – байлане – ойлауеғ – ой т.б. Бұл екі 
форманың біразға шейін қатар қолданылғанын көрсетеді. 
Екіншіден, осы орайда «өлі» түбірлерді анықтаудан да оған жалғанған 
аффикстерді айыру әлдеқайда жеңілірек. Яғни мұндай түбірлерді тек 
өздеріне ұқсас сөздердің құрылымы бойынша ортақ сөз тудырушы 
модельдерін салыстырып, теориялық жолмен ғана қалпына келтіруге болады. 


98 
Ол үшін кез келген модельді алып, сол арқылы жасалған екі буынды түбір 
құрамынан өзара ұқсас, тектес әрі мағыналас грамматикалық форманттарды 
түбір мен тұлға жалғасқан жігінен формалды түрде болса да бөліп алуымыз 
керек. Мәселен, -ыр, -ір модель бойынша жасалған айыр-, ауыр-, өсір-, 
жасыр-, кідір-, құтыр-, асыр-, қашыр-, бітір-, кешір- деген екі буынды 
императив етістіктердің құрамынан осы грамматикалық форманттың өзін 
бөліп алып қарасақ, ай-, ау-, ес-, жас-, кід-, құт- түбірлерінің де сөз 
тудыруда қатысып отырғанын көреміз. Айырмашылығы – бірінші топтағы 
түбірлер жеке дара қолданылады да, екінші топтағылар – ондай дербестігінен 
айырылған, мағынасы біз үшін бүгінде түсініксіз элементтер.
Бұдан шығатын қорытынды: бір модель бойынша жасалатын императив 
етістіктердің құрамында дербес түбірлерімен қатар, «өлі» түбірлер де бір 
кезде дербес сөз болғандығынан дерек береді. Өйткені тіл диалектикасына 
сүйенсек, тілде оның кәдесіне жарамайтын бірде-бір түбір,тұлға пайда 
болмаса керек.
Осыдан жарты ғасыр бұрын (1936) қазақ тілі тарихи грамматикасының 
негізін қалаушы проф. Қ.Жұбановтың мектеп мұғалімі Ж.Жолаевқа жазған 
хатына көз жүгіртейік. Ол 1958 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 
2-ші нөмірінде жарияланған: «...Өлі қосымша, өлі түбір V класқа ауыр 
соғатын сияқты, – депсіз. Сенбеймін. Меніңше, бұларды оқытпасаң, ауыр 
соғатын сияқты. V класқа түбір мен қосымшаны оқытпасаң, бала тұрып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет