370
Биыл ол ұйғыр халқының толық тіл грамматикасын жазып береді.
Дүнген халқының тіл маманын әзірлеуге ат салысып жүр. Осыны көргенде
халықтар арасындағы достық, туысқандықтың мейлінше бекігенін түйгендей
боласың.
Ленинизм ғылымы ешбір ұлтты, ешбір тілді алаламайды. Ол бәріне
бірдей ғылым. Ол ғылыммен тәрбиеленген кісі де барлық ұлттқа бірдей кісі,
барлық тілге де өз ана тіліндей қарайтын кісі болатынын терең ұғынасың.
* * *
Оған мұғалімдеріміз де көп көз тігіп, көмек күтеді. Сондықтан да оның
алдынан мұғалімдердің хаты үзілмейді. Кейбіреулер, тіпті, келіп те
жолығады. Осының бәріне ауызекі де, хат арқылы да жауап қайтарып, жөн
көрсетіп үлгереді. Соның ішінде мына сияқты тамаша әңгімелердің де
тақырыбы кездесіп қалады.
Ол бір күні кафедрадағы жұмысын бітіріп, оқу бөліміне келгенде,
столда жатқан хатқа көзі түсті. Алып қарады, алыстан екен. Ашып оқығанда
бұл өз өмірін аралап шыққандай болады: оның баяғы монтиған кезінде өзін
оқытқан бір оқытушы есіне түсті. Сонда бұл: «Осы мұғалімнен өтер білімді
кісі жоқ шығар!», – деп ойлайтын еді. Тегінде, балалар солай ойлайды... Бірақ
өзің есіп, білімің ұлғайған кезде ғана барып, оның жайын түсінесің.
Мына хат жазып, ақыл сұрап отырған да сол сияқты осы профессорды
бір кезде оқытқан Абдолла Беркінов деген жолдас екен.
Бұл оған толық түсінік беріп хат жазды да, аяғына қол қойды:
«Профессор Құдайберген Жұбанов», – деп.
(«Социалистік Қазақстан», 1937 жылы, 21 март)
М.Балақаев
Достарыңызбен бөлісу: