375
елдері білімпаздарының небір асыл мұраларын көп оқиды, ғылымның
тереңіне бойлап, білімін жетілдіре береді.
Сол уақыттағы сирек оқыған қазақ жастарының бірінен саналған
Құдайберген
Жұбанов
Ұлы
Октябрь
революциясының
алғашқы
жылдарынан-ақ оқу-ағарту ісіне ден қояды. Халықты жаппай сауаттандыру,
жастарды оқыту, ағарту майданында белсенді жұмыс істеу – оның өмірлік
мақсатына айналды. Жақсы инженер болу үшін алдымен жұмысшы кәсібін
меңгеру, жақсы мал маманы болу үшін малшылық кәсіптің сыр-сипатына
қанық болу керек. Құдайберген Жұбанов өзінің ағартушылық жұмысын
төменгі буыннан бастайды. Кейін, 1930 жылға дейін уездік, губерниялық
оқу-ағарту бөлімдерінде қызмет істеп жүріп,
Ақтөбенің педагогикалык
техникумында, ал одан кейін республиканың халық ағарту комиссариатында
жемісті жұмыс істегені жұртшылыққа аян.
1919-1930 жылдар аралығындағы кезеңде ағарту жұмысын, мектеп
жұмысын, оқу ісін ұйымдастыруда Құдайберген Жұбанов көп еңбек сіңірді.
Сол жылдары отырғызылған бау-бақша гүлстанға айналды, сол бір жылдары
себілген ағарту ұрықтары бұл күндері үлкен жемісін беріп отыр.
Оқу-ағарту жұмысында біраз тәжірибе жинап ысылған, оқыту әдісінің
бүге-шүгесін білетін, ана тілінің маманы Құдайберген Жұбанов ғылыми
жұмысқа түбегейлі шығу үшін өз бетімен көп оқиды, білімін жетілдіре
береді. Педагогика және психология ғылымдарымен шұғылданады.
Әзірбайжан, өзбек, татар ғалымдарының түркология ғылымы төңірегінде
жазылған еңбектерін зерттей жүреді, белгілі орыс түркологтарының
еңбектерін оқып, бұл саладан білімін толықтырады. Бұрыннан араб, парсы
тілдерін білетін ол ағылшын, француз, неміс тілдерін үйреніп, бұл тілдерде
толық түсінісу дәрежесіне жетеді. 1929
жылы ол Ленинградтағы Шығыс
халықтары институтының түркология семинарына (аспирантурасына) түседі.
Мұнда бір жылдай оқиды. 1930 жылы Ленинградтағы СССР Ғылым
академиясының Тіл және ой институтының аспирантурасына ауысып, оны
1932 жылы ойдағыдай бітіреді.
1932 жылы Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орны – Мемлекеттік
педагогикалық институтының профессоры атағын алады. Мұнда 1937 жылға
дейін қазақ тілі мен әдебиетінің кафедрасын басқарады. Қазақ тілі
мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіреді. Ол тіл білімі мен әдебиет
саласынан ғылыми лекциялар оқып, бұл саланың тыңын көтереді. Өлкемізде
жоғары оқу орындарының іргетасын қаласқан ірі ғалымдардың бірі болды.
Құдайберген Жұбанов бұл жылдары СССР Ғылым академиясы Қазақ
филиалының лингвистика секторын басқарады. Қазақ тіл білімін дамытып
көптеген ғалыми еңбектер жазды. Қазақ совет лингвистикасының негізін
қалады. Академиктер Мұхтар Әуезовтың, Ісмет Кеңесбаевтың, белгілі ғалым,
филология ғылымының докторы Рабиға Сыздықованың зерттеулерінде
Қ.Жұбановтың қаламынан: фонетика, қазақ тілі грамматикасы (морфология,
синтаксис), жалпы тіл білімінің кейбір мәселелері,
казақтыңұлттық тілінің
376
дамуы мен тарихы және басқа да көптеген ғылыми туындылар шыққаны
айқын көрсетілген.
Қ.Жұбанов фонетика саласын көп зерттеп, «Материалы к научной
грамматике казахского языка» атты үлкен монография жазған. Академик
І.Кеңесбаев: «Көлемі жиырма баспа табақтай бұл кітап – автордың фонетика
саласындағы ұзақ уақыт зерттеген еңбегі еді...» дейді.
Ғалым қазақ тілінің морфологиясын, синтаксисін ғылыми тұрғьдан
зерттеп, бұл саладан біраз еңбек калдырды, ол халықтың игілігіне айналды.
Ғалым араб әліппесінен латын әліппесіне көшудің керектігін дәлелдеумен
қатар, латын әліппесін қабылдағаннан кейін оны жетілдіру, өңдеу сияқгы
жұмыстың жүгін көтерді.
Қізақ тіл білімінің келешегіне көз салған ғалым тіл біліміне
құштарлығы
бар жастарды тауып, оларды ғылымға баулап, жемісті еңбек
етулеріне ізгі ықпал жасап отырған. Белгілі ғалымдар Сәрсен Аманжолов,
Сейіл Жиенбаев, Ғайнадин Мұсабаев, Мәулен Балақаевтар – Қ.Жұбановтың
баулуымен өскен кадрлар.
Қ.Жұбанов 1932-1937 жылдар аралығыңда Қазақ ССР Халық ағарту
комиссариаттың оқу программасы және методика бөлімінің меңгерушісі
болды.
Мектеп жұмысында оқулық кітаптардың, оқу программасының, оқыту
методикасының алатын орнының маңыздылығы баршаға мәлім. Оқулық – әрі
оқыту, әрі тәрбие құралы. Оқу программасы заманы тілегіне, педагогика,
психология қисындарына сай жасалуы алғы шарттардың бірі. Міне,
Қ.Жұбанов осыған ерекше назар аударды.
Ол 1932-1937 жылдар аралығында Үкімет жанындағы мемлекеттік
термионологиялық
комиссияны
басқарды.
Ғалым
«Терминология
мәселелері» деген ғылыми мақаласында терминнің туып, өзгеріп, байып
отыратын құбылыстарын диалектикалық
тұрғыдан пайымдады, бұл салада
бірден бір дұрыс бағытта болып, халықаралық терминдерді аудармай
қабылдау керектігін дәлелдеді. «Психологияны», «жан жүйесі» деп,
«Геометрияны» «пішіндеме» деп біраз уақыт адасушылықтың бір тамыры
интернационалдық терминдерден қашуда болғанын көрсетті. Ғалым қазақ
әдеби тілінің терминдерін жасау принциптерін ұсынды, термин жасау сияқты
үлкен мемлекеттік істі ғылыми жүйеге келтірді.
Сонымен бірге, ол – «Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы
жайлы» деген ғылыми еңбектің де авторы. Бұл еңбек бір жағынан әдеби
туынды, бір жағы күй жанрының тууы жайлы тұңғыш ғылыми шығарма. Бұл
еңбектен ғалымның өнер тарихына да, музыка өнері тарихына да көңіл бөліп
зерттей жүргенін көреміз. Осы бір сындарлы еңбегінде ол: «... музыка
мәдениетін күшейту ісінде халық музыкасының мұраларын тексерудің
маңызы өте зор. Өйткені, болашақтағы жоғары мәдениетті музыка мен қолда
бар музыка мәдениеті арасының жібі үзілмеуі керек, қазақтың қалың
еңбекшілеріне түсінікті, әсерлі болуы үшін жаңа музыка олардың құлағына
377
жат
болмауы керек, жат болмауы үшін өзінде бар музыкаға бір жағынан
байланысты болуға тиіс», – деген-ді.
Сайып келгенде, көрнекті ғалым, ірі ағартушы, белгілі мәдениет
қайраткері, атақты ұстаз Құдайберген Жұбанов социалистік құрылыстың
асуларында, мәдениет майданының алдыңғы шебінде жүрді, Ленин
идеяларын, Октябрь идеяларын қалтықсыз жүзеге асыруға белсенді де
жемісті араласты, ол ұрпақтан ұрпаққа өшпес мұра қалдырды.
Құдайберген Жұбановтың 70 және 80 жылдық мүшетойын Тіл білімі
институты коллективі атап өткені, коллектив жиналысында бірнеше ғылыми
баяндамалар жасалғаны жайлы естігеніміз бар. Ғылым академиясының
кітапханасында ғалымның еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылғаны жөнінде
де «Қазақ әдебиеті» газетінен оқығанбыз. Мұның бәрі құптарлық жай.
Дегенмен қазақ совет лингвистикасының негізін қалаған үлкен
ғалымның
мүшелі тойларының кең көлемде өткізілмей келгеніне көңіл толмайды.
Ғалым алдында борыштар екенімізді мойындау керек сияқты. Қапыда көз
жазып қалған халық перзенті, ірі ағартушы, ғұлама ғалым, коммунист
Құдайберген Жұбановтың белгісіз қабіріне бас ие отырып, оның алдындағы
парызымызға адал болайық, оның атын мәңгілікке қалдыру үшін жоғарыда
көрсетілген және басқа да шараларды жүзеге асыруға ат салысайық, қадірлі
замандастар.
(«Коммунизм жолы». 30-наурыз, 1988 жыл)
Достарыңызбен бөлісу: