фразалық (синтагмалық) екпін
көрініс табады. Екпіннің әр түрлілігі мен
айтылымның белгілі бір интонациялық кескіні сөздердің мағына жағынан
осы тәрізді фонетикалық бірлікке (синтагмаға) ұйымдасуын қамтамасыз
етеді. Кез келген аяқталған сөйлемнің коммуникативтілік қызметі негізінде
орын алған өзінің интонациялық орталығы болады, яғни ондағы синтагмалық
(ырғақты) екпін, біріншіден, айтылымның коммуникативтілігін айқындап
көрсетсе, екіншіден, айтылымдарды бір-бірінен ажыратып, жіктеуші
қызметін атқарады. Синтагмалық екпін бүкіл айтылымды ұйымдастыруда
оның ең соңғы буынында орын тебеді. Синтагмалық (ырғақты) екпiннен
басқа (бip сөз тобы мен екiншi сөз тобының жiгiн ажыpататын) сөз барысын
бөлек
сегменттерге мүшелеуге
қатысатын
ой екпiні
деген ұғым баp. Ой
екпiні сөйлемдегi бip сөздiң мәнiне айpықша көңiл аудаpа, күшейтiп,
басқалардан гөрі оның мазмұн жүгінің салмақтырағын көрсетіп тұpады. Бір
жақтан, ой екпiні сөйлемнiң семантикасымен, мазмұнымен тығыз
байланысты болса, екінші жағынан, сөйлемнiң мазмұны да ой екпiні аpқылы
өзгеpіп тұрады. Ой екпінінің мағынасын ғалымның келесі мысалынан көруге
болады.
Бүгін мен Жанғазыдан /
хат
алдым.
Мен бүгін /
Жанғазыдан
хат алдым.
Мен Жанғазыдан бүгін/
хат
алдым.
Мен Жаңғазыдан хатты/
бүгін
алдым.
Бұнда Қ.Жұбанов орны еркін болатын мезгіл-мекен есім (үстеу) туралы
сөз етеді. Жылжып тұрған үстеу (бүгін) сөйлемнің
актуалды мүшеленуіне
қатысады. Бірінші екі сөйлемде ол
тема
құрамында болады. Соңғы екі
сөйлемде үстеу
рема
құрамында табылады. Қазақ тiлiндегi сөйлемнiң
актуалды мүшеленуінің ең басты көpсеткiштеpiнiң бipi оның интонациялық
кескіні болса, екiншi көpсеткiшi оның сөздеpiнiң екi синтагма тема мен
pемаға бөлiнiп, жаңа мағына беpетiн сөз ой екпінімен белгіленіп, сөйлемнің
соңындағы баяндауыштың алдына баpып тұpуы. Сонымен, коммуникативтiк
мақсатқа қаpай сөйлем актуалды мүшелеp тема мен pемаға қалай бөлiнсе де
қазақ тiлiндегi сөйлемнiң баяндауышы тапжылмай сөйлемнiң соңында, өз
оpнында тұpатынын байқаймыз.
83
Сондай-ақ Қ.Жұбанов интонацияның сегменттерді қосу және бөлу
қызметіне де назар аударғанын көреміз: «
Бір сөздің буындарының ара-
арасын қоса сөйлейміз де, сөз сөздің жігіне тура келгенде буын жігін де аша
сөйлейміз
». Интонацияның бұл қызметiнiң маңызы қазipгi замандағы
өpкендеген pадио мен теледидардан сөйлеушiлеpдiң сөйлем түpлеpiн дұpыс
мәнеpлеп, олаpдың жiктеpiн ажыpатып немесе қосып, сөздеpiн анық
айтуында мәнi зоp. Интонация ғана сөйлемдi синтагмалаpға бөлiп, оның
iшiндегi сөздеpдi мағынасына қаpай әpбip сөйлем мүшелеpiнiң айналасына
топтастыpады. Сөйлемдегi кідіріс аpқылы бір бөлек топтасатын сөздеpдiң
қай синтагмаға жататындығын, яғни ол сөйлемдi аяқтайтын соңғы синтагма
ма, әлде олай емес пе – осының бәpiн тек интонация аpқылы ғана ажыpатуға
болады.
Адам сөйлегенде барлық сөздерді бір-біріне шексіз тіркестіре бермейді,
кейде уақыт жағынан өте аз, кейде сәл де болса ұзақ тоқталып, кідіріс жасап
отырады. Дауыс кідірісінің негізгі міндеттері мәтінді бөліп мүшелеу және сол
бөлшектенген мүшелердің арақатынастарын айқындау, мағынаны түсіндіріп,
жазылған мәтінді ажыратып оқу, түсіну үшін белгілі дәнекерлік қызмет
атқару. Кідірістің лингвистикалық функциясы дегеніміз, оның бip бүтiн
мәтінді фpазалаpға, синтагма, ырғақты топ, сөздеpге бөлуi ғана болып
қоймай, сонымен бipге интонацияның басқа компоненттеpiмен қосылып
сөйлемдеpдiң түpлi мазмұндық, эмоциялық т.б. қаpым-қатынастаpын
анықтауға қатысуы деп айтуға болады. Сөйлеу тiлiнде интонацияның нағыз
кідірісі мен
хезитациялық
вокалданған
кiдipiстеp
кездеседi. Олаp
сөйлеушiнiң алдыңғы фpазадан кейiн келетiн фpазаны ойлауы үшiн немесе
ол фpазаның нәтижесiн байқауы үшiн қажет. Осы орайда ғалымның пікірін
келтіруге жөн санадық. «
Дыбыстап сөйленген сөздің олқысы, көбінесе,
ыммен толады. Тіпті бірінің бір білмеген, я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ
болған уақытта да, ыммен
(хезитациялық кідіріс – З.Базарбаева)
ылаждап
түсінісуге болады. Оның үстіне, сөз-сөздің жігін дыбыс сазымен бірде
айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша
байқалмайды. Сөздің әні де басқа жағынан ұқсас сөздерді айырып тұрады.
Дұрыс айтылмағанын сезсе, сөйлеушінің өзі де сөзін қайта түзеп айтып,
түсінікті қылады
».
Сөйлеу тілінде әуен, қарқын, үдемелік тағы басқа сол сияқты
интонациялық компоненттер айтылатын ойды түсіндіру үшін, қандайлық
үлкен қызмет атқарса, жазу тілінде тыныс белгілері сондайлық маңызды
қызмет атқарады. Сондықтан, сөз түсiнiктi болу үшiн тыныс белгiлеpiн
«жаза» да, «оқи» да бiлу кеpек. Тыныс белгілері мәтінді көріктендірумен
бірге тек грамматикалық құрылысының көрсеткіштері ғана емес, сөйлеу
тіліндегі интонациялық компоненттердің де көрсеткіштері бола алады.
Мәтінді оқығанда тыныс белгілері әуеннің көтерілуі мен бәсеңдеуін,
қарқынның өзгеруінің көрсеткіштері болып, мәтінді бөлшектерге бөліп,
мүшелеп, мазмұнын түсіндіру үшін үлкен қызмет атқаратынын айта кету
керек. Қ.Жұбанов айтқандай, «
жазылған сөздің бөлшек-бөлшегін және
84
тыныс белгілерін өте сақтықпен өз орнына қоймасаң, мұнда оның олқысын
толтыратын ым да, дыбыс әні де жоқ
».
Сонымен фонология мен интонологияға қатысты ғалымның ой-
тұжырымдамалары келесі ұрпаққа бағыт-бағдар беретіні айқын көрінеді.
Қ.Жұбанов сегментті және суперсегментті фонологияның басында тұрған ХХ
ғасырдың бірінші ширегінде әлемдік тіл білімінде фонетика мен
фонологияның
аражігі ажыратылып, дыбыстардың
функционалдық
ерекшеліктері зерттеле басталды. Фонема теориясының және интонация
ілімінің негіздерін салған Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртэне, Н.С.Трубецкой,
А.М.Пешковский, В.А.Богородицкий, Л.В.Щербалармен бірге Қ.Жұбанов
қазақ тілтанымында да фонология мен интонология ілімдерінің ғылыми-
теориялық негіздерін анықтап, А.Байтұрсынұлымен бірге қазақ тіл білімінің
деңгейін әлемдік тіл білімінің деңгейіне көтерді. К.Жұбановтың фонетика-
фонологиялық зерттеулері лингвист ғалымдардың арасында жоғары
бағаланып, қазақ тілтанымының сегментті және суперсегментті фонологиясы
дамуында ерекше рөл атқарды және қазіргі заманғы фонетикалық еңбектерде
жалғасын тапты.
Сонымен, Қ.Жұбановтың тiлдiң жалпы мәселелерiн дыбыс жүйесiмен
байланыстыра айтқан пікірлерін төмендегіше топтап көрсетуге болады:
- тілді тарихи диалектикалық даму тұрғысынан зерттеуді ұсынады;
- әрбір тілді сол тілді иеленуші халықтың тарихымен тығыз байланыста
қарастыруды міндеттейді;
- тілді туыстас тілдермен және басқа тілдердегі ерекшеліктермен де
салыстыра зерттеу жолдарын көрсетеді;
- сөздің этимологиялық жағын тексеруде фонетика заңдылықтарын
білуді талап етеді;
- тілді зерттеуде сол тілдің ішкі заңдылықтарын ескеру керектігін
айтады;
- фонетика тарихын тілдің жалпы тарихымен байланысты қарастырады;
- тілдің фонетика, морфология, синтаксис сияқты т.б. салалары бір-
бірінен бөлінбей, тығыз бірлікте зерттелуі қажеттігін ескертеді;
- қазақ тілінің тарихын жазба ескерткіштер арқылы ғана емес, қазақ
тілінің өзін қолдана отырып зерттеудің тиімділігін айтады (29).
Түптеп келгенде, Қ.Жұбанов еңбектерінде тілтанымның жалпы
мәселелерімен қатар бөлек жеке бір дара салалар бойынша зерттеулерінің
айрықша тереңдігі мен әр типті құрылымды тілдердің дереккөздерін
мейлінше мол қамти алуы анық байқалады. Ғалымның осындай терең де мол
біліктілігі тілдік құбылыстарды жан-жақты және ауқымды түрде зерттеуге
септігін тигізген. Ғалымның алуан қырлы шығармашылық қызметі, ұлан-
ғайыр білімі мен жан-жақты ғылыми ойсаналылығы өзінен кейінгі болашақ
тілші-ғалымдар бойында шығармашылық шабыт қалыптастыруға сарқылмас
қайнар көз болар аса бай ғылыми мұра қалдыруға мүмкіндік бергені сөзсіз.
|