Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет40/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

темір, 
ағаш
дегендер конкрет заттар, сөзде (тіл ішінде) бұл екеуі ылғи бірөңкей 
формаланады, сөйлем ішінде бірөңкей қалыпта болады, зат есімнің тонын 
киеді. Басқа сөз таптары да солай. Демек, грамматиканың арқасында 
сөздердің жақындығын да біліп отырмыз
» (8, 91). Бұл ретте С.Исаевтың 
«морфология лексикология сияқты жеке сөздердің нақты мағыналарын, 
олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқанын, функционалдық-стильдік 
сипаттарын емес, сөздердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы 
сөздердің белгілі топ құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін, соның 
нәтижесінде пайда болатын жалпы мән-мағыналарды топтап, категориялық 
ерекшеліктерін зерттеп, сипаттайды» немесе «грамматикалық мағына 
сөздердің бір-бірінен бөлмей ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы 
мағыналары болып табылады» (34), – деуі Қ.Жұбановтың жоғарыдағы 
ғылыми тұжырымдарының заңды жалғасы іспеттес. 
Қазіргі тіл білімінің грамматика саласында тілдік құбылыстарды «тіл» 
(язык) және «сөйлеу» (речь) тұрғысынан бөліп қарастыру қажет деген 
ғылыми теория қолдау тауып отыр. «Тіл» – тілдік бірліктердің жүйеде 
тұрғандағы қалпын нысан етсе, тіл бірліктерінің қолданыстағы қалпы – 
«сөйлеуге» (речь) жатады. Қ.Жұбановтың «грамматика сөз құраудың 
техникасын қарайды» деген тұжырымынан ғалымның грамматика саласын – 
«сөз 
құраудың 
техникасын 
қарайтын» 
– 
сөйлеумен 
(речь) 
байланыстырғандығын байқаймыз. Сондай-ақ Қ.Жұбанов «Түбір мүшенің 
өзгешелігі» деген тақырыпшада сөзді – хабардың белгілі бір бітім бөлшегі 
деп атайды.
«Ал хабарласу жеке сөздерден құралады. Сөзбен берілген 


88 
хабардың өзгешелігі – мұнда зат пен оның сипатын айыра таңбалаймыз. 
Демек, түбір сөз – заттың не істің әр алуан түрін не зат пен істің 
сипатының түрлерін айырып көрсететін таңба (заттың тек өзін
сипаттың тек өзін ғана білдіреді), ал сөйлеу дегеніміз – белгілі бір заттың, 
істің, сипаттың аттарын белгілі тәртіппен тізіп, бірімен-бірі 
байланыстырып барып солар арқылы хабар беру
», – деп жазады (8, 110). 
Қ.Жұбанов сөз мағынасы екі түрлі болады: 
негіздік мағына

грамматикалық мағына
деп көрсетеді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздің 
лексикалық мағынасын «негіздік мағына» деген терминмен атайды. 
Ғалымның өз сөзімен көрсетсек: «
Сөздің атау ретіндегі мағынасын негіздік 
мағына дейміз
» (8, 106). Қазіргі қазақ тілі грамматикаларында Қ.Жұбанов 
салған ізбен сөз мағынасы 
лексикалық 
және 
грамматикалық
мағына болып 
тұрақталып қалды. Бұдан қазіргі қазақ тіл білімінде тұрақты қолданыс тапқан 
терминдердің біразының Қ.Жұбанов еңбектерінен бастама алатындығына көз 
жеткіземіз. 
Жоғарыда сөз болған Қ.Жұбановтың грамматика саласына қатысты ой-
тұжырымдары ғалымның «Грамматика нені қарайды, қандай пәндерден 
құралады?», «Грамматика деген не?», «Ф. де Соссюрдің тілге көзқарасы», 
«Марр және грамматика», «Грамматиканы кім, қалай жазған», «Сөздің 
негіздік мағынасы мен грамматикалық мағынасы» деген бөлімдерде көрініс 
тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет