Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет83/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Тіл
мен 
жас
ерекшелігі байланысы – әлеуметтік лингвистиканың 
мәселесі. Тіл мен жас мәселесі қазақ тіл білімінде өзара байланыста арнайы 
зерттелмеген, қаралмаған, бірақ бұл тақырыпты алғашқы меңзегендердің бірі 
– Құдайберген Жұбанов. Ғалым «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен 
лекцияларында» («Қазақ тілінің фонетикасы» кесегінде) тіл мен ұлт, тіл мен 
ұлтшылдық, тіл мен жастар мәселелері байланысын қозғайды. Қ.Жұбанов 
сияқты, қазіргі тіл теориясы да адам мен тілдің жас ерекшелігін өзара 
байланысты қарастырады. 
Баршаға белгілі швейцар лингвисі Фердинанд де Соссюрдің (1857-
1913) «Жалпы лингвистика курсы» атты еңбегі ғалым дүниеден озғаннан 
кейін 1913 жылы жарық көрді. Әлемдік лингвистика бойынша алғанда, 
тұңғыш рет осы еңбекте тіл мәнбірлерін талдау жүйелі тұрғыда жүзеге асты. 
Замандастары мұны түсіне алмай, сынаумен болды. Өйткені олар жаңалықты 
түсінбей, замандасының лингвистикалық идеялары тұрғысынан бағалады. 
Құдайберген Жұбанов Соссюрді жақсы түсінді, оның атына әділ сын пікір де 
айтқан.
Ф. де Соссюрше «тіл – әлеуметтік мәнбір» (француз тілінен аударылған 
орысшасы: «язык есть факт социальный). Алайда «Курстың» соңғы 
қорытынды сөйлемі: «лингвистиканың бірден-бір және ақиқат нысаны іштей 
өзінше және өзі үшін қарастырылатын тіл» («...основной мыслью этого 
курса: единственным и истинным объектом лингвистики является язык, 
расматриваемый в самом себе и для себя»), – деп аяқталады. 
Профессор Қ.Жұбанов «
тіл білімінде әлеуметтік бағыт ұстаған әйгілі 
Женева мектебі деген көрнекті мектептің адамы. Ф. де Соссюр – 
«синхроническое языкознание» деген бағыттың негізін салған ғалым. 
Аталған бағыт тілдің бір дәуірдегі қалпын ғана қарайды. Осы идеяға 
берілген ғалым әр заманда тіл жүйесі әр басқа болады деген жаңсақ 
көзқараста болды. Оның қателігі тілді еш уақыт өзгермейтін қатып қалған 
зат деген түсініктен туған
», – дейді.
Бұдан әрі проф. Қ.Жұбанов өз еңбектерінде «синхроника», диахроника 
мәселелеріне тоқталады. Ғалым сөзінің дұрыстығы сол – қазіргі тілтаным 
оқулықтарында тілдің тарихи дамуының белгілі бір кезеңдеріндегі қалпы 


144 
(синхрония) да, тіл жүйесінің тарихи дамуын тілді оның уақыт шеңберіндегі 
даму үрдісінде (диахрония) қарастырған. 
ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап Соссюр ізімен өз бетінше 
зерттеуді 
ұсынғандарға, 
тіл 
болмысының 
сыртқы 
жағдайымен 
шектелушілерге 
әлеуметтік 
лингвистика 
тұрғысынан, 
сондай-ақ 
американдық структурализмге тіл әлеуметтік құбылыс ретінде сипатталып 
теориялық тойтарыс берілді, тілді «өзінше және өзі үшін» зерттеуге 
болмайтыны дәлелденді. Сондай-ақ тіл – таңба жүйесі, ал таңба жүйесі тек 
қана өзгереді, дами да алмайды, жетіле де алмайды деген «тұжырымдама» да 
құрықталды. Осы ретте тілді халықпен, шындық өмірмен байланыстыра 
зерттеген, 
тілдің 
әлеуметтік 
табиғатын 
аша 
білген 
Кеңес 
социолингвистерінің еңбегін атап көрсету керек (74). 
ХХ ғасыр лингвистикасының парадигмалары Ф. де Соссюрден бастау 
алған тілді құрылымдық бірліктерден (элементтерден) тұратын таңбалық 
жүйе ретінде қарастыратын, яғни пәні «тіл» болып есептелген құрылымдық 
лингвистика (структуральная лигвистика) ілімінен бастау алғанымен, осы 
ғасырдың жартысында тіл лингвистикасы зерттеулері орнын сөйленім 
лингвистикасы (лингвистика речи) зерттеулері басты. 
Қазіргі тіл туралы ғылым сөйленім лингвистиканың жалпы және ортақ 
пәнін анықтау жолында ізденісте. Ізденіс үстінде «Адам қатынасының 
мақсаты қандай, тілді не үшін қолданады?» деген сұрақ қойылуда. 
Проф. Қ.Жұбанов бұл сұраққа сол кездің өзінде дәл қазіргі 
психолингвисше, социолингвисше жауап берген болатын: «
Тіл – бір адам 
үшін керек емес, тіл жеке адам үшін жасалған нәрсе». Тіл деген не? дегенде 
алдымен осыны ескеру керек
», – дейді ол.
«
Бір тілмен сөйлесу үшін адамдар бір-бірімен аралас болуы керек, 
істес болуы керек
», – деген еді ғалым. 
«Біздің бірөңкей қазақша сөйлеуіміз неліктен?» деген сұрақ қойып, 
оған «
ол атамыз бір болғандықтан емес. Ата-тегі түрліше болса да, бір 
тілде сөйлейтіндер аз емес
...», – дей келе, «...тіл бірлігі неден?» деген сұрақ 
қойып, оған «
Адам – қоғамның үйіншігі емес, ұжым. Мұны ескеру қажет
», – 
деп тағы да социолигвисше жауап береді. 
Қазақстанның тілдік даму стратегиясын жүзеге асыру тетіктерін жасау 
барысында, атап айтқанда, қазақ-орыс-ағылшын үштілділігін дамыту, жаңа 
әліпбиге көшу қайшылықсыз болуы үшін Қ.Жұбановтың лингвистикалық 
пайымдаулары ескерілуі тиіс. 
Қазақ ғалымы үндіеуропа тілдері ғана емес, басқа тілдер жанұясына 
жататын ондаған тілдер материалдарын, тіл тарихымен байланысты 
материалдарды молынан пайдаланып, жаңа пайымдаулар ұсынды. 
Сондықтан да жаңа мыңжылдықтың салыстырмалы-тарихи тіл білімі 
Қ.Жұбанов зерттеулерімен үндес. Проф. Қ.Жұбанов идеялары ықпал етпеген 
бұрын-соңды қазақ тілі білімпаздары болмаса керек. Ал тіл теориясы 
бойынша оған оның тұстастары да, кейінгі буын тілшілер де қарыздар десек, 
еш артық айтқандық болмайды. Қазақ «сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді. 


145 
Қ.Жұбанов идеяларымен қаруланған бүгінгі ұрпақ әлемдік тіл теориясына 
қазақ тілі материалдары негізінде өз үлесін қосары анық. 
Бір айта кететін нәрсе – Қ.Жұбанов еңбектері үнемі «Қазақ тілі 
жөніндегі зерттеулер» деген атпен жариялануда. Бұл – дұрыс емес. 
Ғалымның өзі айтпай ма: «... 
Мұндағы жазылғандар ... қазақ тілі, оған 
жақын тілдерді, жалпы тіл ғылымы жүйесін тексерген жұмыстардың... 
қорытындысы еді
». Ендеше, Қ.Жұбановтың келесі еңбектер жинағы «Қазақ 
тілі және жалпы тіл ғылымы жөніндегі зерттеулер» деп аталуы тиіс. 
Ғалымның 
келесі 
жинағында 
қолжазбалары 
мен 
қолтаңбалары 
(автографтары) толық қамтылуы тиіс, соның негізінде «Қ.Жұбанов тілі 
сөздігі» жарияланса әбден дұрыс болар еді. 
ХІХ ғасырдың басынан (1816) жаңа бағытта даму бағытын анықтаған 
әлемдік тіл білімі өткен ғасырда жаңаша қарқын алды, ал ХХІ ғасырда білім 
үлгісі (парадигмасы) ауысуы барысында жан-жақты дамуда.
Баршаға аян, ХХ ғасырда ұлттық тіл білімінің ғылыми негізін салған 
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов отандық жалпы тіл білімінің көзін ашты 
және оның пайымдаулары ХХІ ғасыр тілтанымына тамырын жайды. 
Ғалымның салыстырмалы-тарихи лингвистикалық пайымдаулары тарихи 
ұстанымға негізделген 
лингвистикалық компоративизм
парадигмасына, 
керек десеңіз, қалыптасу үстіндегі 
жүйелі-құрылымдық
парадигмаға дөп 
келеді. Ғұлама еңбектері қазақ тілі, түркі тілдері мен шетел тілдері 
материалдарына негізделген пайымдауларға мол қаныққан, оның 
біртұтастық
пен 
жүйелілікке
құрылған еңбектері – осы тұжырымымыздың 
кепілі. Сонымен қатар Қ.Жұбановтың пайымдаулары мен атауға байланысты 
тұжырымдары бүгінгі әлем тіл білімінде белгі бере бастаған 
когнитивтік 
парадигмаға
ұласады. (Айта кетелік, бұған ғалымның «Тіл дыбыстарының 
табиғатын қалай танып келдік, қалай тануға тиіспіз?», «Тіл дыбыстарын 
бұлай танып келуіміздің себептері» деген дәрістері толық дәлел бола алады). 
Қорыта 
айтқанда, 
Қ. Жұбановтың 
теориялық 
пайымдаулары 
лингвистикалық ілімдер тарихына
енгізіліп, қазіргі тіл теориясы елегінен 
өткізілуі тиіс. Ғалымның пайымдаулары ХХІ ғасырда жарық көрген 
зерттеулер мен оқулық тұжырымдарымен салыстырылса, сөз сарасының 
шынайылық деңгейі айқын анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет