тау-кен кәсібі, ағаш жасау кәсібі, кен өндірісі,
қолөнер кәсібі, алтын өндірісі, керемік кәсібі, кәнсербі кәсібі, бояу кәсібі,
орман кәсібі, зығыр кәсібі, май кәсібі, май өндірісі, мәшине өндірісі, мәшине
жасау кәсібі, метал кәсібі, метал шығару кәсібі, тиірменшілік өндірісі,
тиірменшілік кәсібі, сабын былғау кәсібі, мұнай кәсібі, өңдеу кәсібі, сауда
кәсібі, мақта кәсібі
және т.б. Сонымен бірге, осы салаларға қатысты кәсіп
атаулары да беріліп отырған. Мысалы:
тау-кен кәсібі → тау-кен кәсіпшісі,
кен қазушы; ағаш жасау кәсібі → ағаш шебері; кен өндірісі → кеншілер;
қолөнер кәсібі → қол кәсіпшісі; сауда кәсібі → саудагер
және т.б.
Ірі машиналық индустрияның дамуына орай механикаланған еңбек
үдерісін білдіретін кәсіп атаулары қалыптаса бастайды. Дегенмен, бұл
кезеңге сәйкес мұндай атаулар көп кездесе бермейді, мысалы,
меқаникеші
(
тетікші
). Бұл аралықта қазақ тіліне, әсіресе химия өндірісіне байланысты
көптеген сөздер еніп үлгерді:
орман кимиелік зауыт
(лесохимическая
промышленность),
епір
(эфир),
поспыр
(фосфор),
көкжар
,
кіпіраз
(купорос),
152
сірке
(уксус),
қышқыл поспырлы ізбес
(фосфорно-кислая известь) және т.б.
сөздер сол кездерде-ақ тілімізге енген. Бірақ механикаландыру мен ғылым
жетістіктерін аса қажет ететін бұл өндіріс салаласына қатысты кәсіп-
мамандық атауларының әлі де түпкілікті қалыптаса қоймағаны байқалады.
Біздің ойымызша, бұл ретте, дәстүрлі терминологияның көнелік негізі,
яғни оның үнемі жеткіліксіздігі, нақты техникалық прогрестен артта қалып
қоятын қасиеті көрініс табады. Себебі, көп жағдайда атаулар сол бұрынғы
қалпында етістік негізінде жасалып, іс-қимылға байланысты қатынасты
білдіргенімен, еңбек барысы белгілі бір машина, аппарат, құрал т.б. арқылы
жүзеге асырылады. Мысалы,
тоқушы
(текстильщик),
жол бұрушы
(стрелочник),
теруші
(наборщик),
реттеуші
(монтер) және т.б.
1935 жылы өткен Мәдениет қайраткерлерінің бүкілқазақстандық
құрылтайының (съезінің) күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелердің бірі –
орфография мен терминология мәселесі болды. Осы құрылтай қарсаңында
Мемлекеттік термин комиссиясы өзінің кеңейтілген мәжілісін өткізіп, онда
ғылымның әртүрлі саласына байланысты жасалып жатқан терминдер жүйесі
туралы сөз қозғады.
Қазақ тілінің ғылыми терминологиясын жасап, оларды ретке келтіруде,
сондай-ақ алдағы жұмыстар бағытын айқындай түсуде бұл құрылтайдың
атқарған рөлі зор болды. Құрылтайда терминология мәселесі ғылыми
проблема есебінде қарастырылып, оның негізгі белгілері, ерекшеліктері
анықталды. Лексиканың өзге қабаттарына қарағанда терминнің өзіне тән
өзгеше қызметі, жасалу жолдары, қалыптасу сырлары бар екені дәлелденіп,
ғылыми қағидаттары түзілді. Осының негізінде бұдан былай қарай термин
жасау ісі белгілі бір ғылыми жүйеге, тіл заңдылығына сәйкес, қабылданған
қағидаттар негізінде жүргізілетін болды. Яғни термин жасаудың ортақ
қағидаты түзіліп, оның басқа да маңызды мәселелері шешімін тапты.
Құрылтай қарсаңында жасалып, жұртшылық талқысынан өткен, сөйтіп
құрылтай мақұлдамасын алған қазақ терминдері Қазақстан Халық
Комиссарлары Кеңесінің 1935 жылғы 23 маусымдағы 812-қаулысымен
бекітілді. Құрылтайдың алды-артында қауырт жүргізілген осы тектес
жұмыстар нәтижесі іле-шала І936 жылы терминологиялық сөздік күйінде
«Қазақ тілі терминдері» деген атпен жұрт қолына тиді. Қ.Жұбановтың жалпы
редакциясымен «Қазақстан» баспасынан жарық көрген бұл сөздіктегі
терминдер негізінен үш саланы (әлеуметтік-экономика, физика мен
математика) қамтыған. Жинақталған терминдер саны онша көп бола
қоймағанмен, бұл қазақ терминологиясың сол кезеңнің талап-тілегіне орай
ғылыми арнаға түсіріп, оның әлеуметтік мәні бар мәселе екенін танытқан игі
іс ретінде тарихта қалды.
Сөздікте Үкімет қаулысымен бірге Мемлекеттік термин комиссиясы
басшылыққа алатын қазақ әдеби тілі терминологиясының он тармақтан
тұратын қағидаты берілді. Бұл кұжат терминологтар алдына мынадай
талаптар қойды:
153
Бірінші шарт бойынша: әдеби тілдердің көбіне ортақ
Достарыңызбен бөлісу: |