логикалық тұжырымдау, философиялық ойлау,
қоғамдық бағалау тұрғысынан айқындалатын лингво-танымдық типология
негіздері мен олардың жүйелену бағытына сүйенсек, тілдік зерттеулер «тіл
философиясының», антропоцентристік ізденістің, экстралингвистикалық
танымның өзегіне айнала отырып, тілдегі материалдық болмыс пен
идеялық рух мәселелерін сабақтастыруынан пайда болады
», – дей келе,
Қ.Жұбановтың «
Ғылым да адам санасының жемісі, адам тәжірибесінің
қорытындысы
» деген пікіріне қатысты: «...құнды түйін жасау негізінде тілші
бүгінгі күні «сана», мен «тәжірибе» секілді когнитивтік бірліктердің
қолданылу аясын кеңейтумен бірге, танымдық қағидалардың өзектелуіне
218
ерекше үлес қосты деп тұжырымдауға болады», – деген ой айтады (98, 45-
46).
Проф.
Қ.Жұбановтың
тілге
қатысты
ғылыми
мұраларын
лингвокогнитивтік, психолингвистикалық және т.б., яғни қазіргі заманауи
ғылыми парадигма тұрғысынан жан-жақты зерттеген Ж.Сұлтан Қ.Жұбанов
тілді тек құрылымдық-құрамдық тұрғыдан ғана зерттемей, әрі қарай күрделі
үштікте қарастыруы туралы ойларын былай түсіндіреді: «Қ.Жұбанов тілді
адам, қоғам, мәдениет
факторларын ескермей зерттеу немесе тілді оның
мазмұнынан бөле-жара, жалаң формасы жағынан қарастыру бос әурешілік
деп, бүгінгі таңдағы заманауи тіл білімінің негізгі өлшемдерін өз тұсында-ақ
байқаған.
1-мысал:
«
біздің
тілді
зерттеуіміздегі
ерекшелік
–
лингвистикалық фактілерді өмірдің әр алуан салаларымен жалпы бірлікте
алып, олардың арасындағы өзектестікті қоғам дамуының жекелеген
кезеңдерімен, экономикалық жағдаймен, әлеуметтік құрылым және
дүниетаным деңгейімен салыстыра анықтау болып табылады
», – дейді
(түпнұсқада: «...
отличием нашего подхода является то, что мы берем
отдельные лингвистические факты в общей их связи с остальными
областями языковой жизни, выясняя связи этой последней с отдельными
этапами развития общества, его экономики, социального строя и
мировоззрения
»). Зерттеуші Ж.Сұлтан Қ.Жұбановтың лингвокогнитивтік
мазмұндағы идеяларын мынадай топтарда орынды көрсете білгендігін айту
керек:
« - қоршаған орта мен жеке адамның тілдік танымы арасындағы
байланыс;
-
ақпаратты қабылдау қабілеті және оны еске сақтап, басқаға жеткізу;
-
танылған заттар (құбылыстар) мен сөздік қордың сәйкес болуы;
-
жекелеген сөздердің мағыналары, өзіне артатын ақпараттық-танымдық
жүгі;
-
сөздердің тіркесім тәртібіндегі заңдылық;
-
құндылық бағдары;
-
таным теориясы және т.б. когнитивтік лингвистиканың түбегейлі,
базалық ұғымдарымен сәйкес келетін, бүгінгі күннің зерттеушісіне үлкен ой
салатын өзекті мәселелер сөз болады» (90, 36).
Қ.Жұбановтың когнитивтік көзқарастары жайлы сөз еткен тағы бір
зерттеуші Ж.Кемерова былай дейді: «Когнитивтік лингвистикада тіл арқылы
адамды, адам арқылы тілді тануға бағытталса, Қ.Жұбановта мұның бір жағы
субстанцияның миға әсері, сыртқы дүниенің танымдық бейне жасауға
ықпалы жағын беруі басым болған... тілдің танымдық қасиетін, қиюын
тауып, қиыстыра зерделеген Қ.Жұбановтың еңбектерінен
когнитивті
лингвистиканың
қай жағы да табылатынына көз жеткізу қиын емес» (99, 71-
83). Расында да, Қ.Жұбановтың лингвистикалық зерттеулерін талдау
барысында
ерекше
назарымызды
аударған
факті
–
тікелей
лингвокогнитивтік бағытпен
астасып жатқан ой-пікірлері, яғни қазіргі
кездегі концептілік-фреймдік, тілді формалдау, моделдеу сынды жаңашыл
219
(инновациялық) зерттеу әдістерінің нышандарын байқадық. Сондықтан
Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасы қазақ лингвистикасының қазіргі қалыптағы
даму деңгейі ғана емес, болашақтағы жаңа инновациялық зерттеулерге де ой
тарқатар азық болары сөзсіз.
«Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше». Халқымыздың санасында
сан ғасырлық саралаудан өткен осынау ұлттық мәдени тағылымды сөздің
астарын ақтарып жату артықтық етер! Бір-ақ сөзбен айтар болсақ: дыбыстық
тілмен қарым-қатынас жасау, яғни тілдесім адамзат баласына ғана тән
болғандықтан, адамның ойлау қабілеті оның айналадағы адамдармен қалай
сөйлесуінен байқалатындығы белгілі. Ойлаумен өрілген сөйлеу әрекеті
адамның «ішкі әлемінен» шығатындықтан, тілді адам негізінде, қазіргі тіл
біліміндегі терминмен айтсақ, «антропоцентристік» негізде зерделеу
қажеттігін профессор Қ.Жұбанов қазақ тіл ғылымның балаң кезінің өзінде
терең түсініп, адамзат баласына өз сезгендерін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге
тырысқан тілші-ғалым (59, 100).
«Тіл – ұлттың тірегі, ұлт мәдениетінің негізі» деген қағидаларға сәйкес
тіл мен мәдениет арасындағы байланыстың ана тілі бойындағы арқауы сан
ғасыр өтсе де, бар асылын еш шашаусыз жиып, болашаққа сақтап жеткізетін
тілдің құдіреті – кумулятивтік (мұрагерлік, құжаттық) қызметі негізінде
шешілетінін профессор Қ.Жұбанов сол заманда атап көрсеткен, ғылыми
тұрғыда дәлелдеген.
Осы мәселені қазіргі тіл ғылымының нәтижелері мен жалғастығына сай
нақты түрде жіктеп түсіндірер болсақ, кез келген ұлттық мәдениеттің негізі –
ортақ тілде сөйлеп, өмір сүріп, әрекет ететін этноұжымда қалыптасқан
шындық дүниенің тұтастығы, этностың материалдық және рухани кеңістігі.
Нақты түрдегі оның көріністері: материалдық мәдениет (тұрақ, киім,
тамақ, тұрмыс бұйымдары, еңбек құралдары т.б.) және ұлттық тіл арқылы
ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, жеткізілетін рухани мәдениет (салт-дәстүр, миф,
өнер, дін, тәлім-тәрбие, көркем мәтін т.б.) және ұлттық психология, таным
тұрғысынан жасалатын рәміздік жүйе, сакрализация тәсілімен сақталған
өнер, археология туындылары т.б.
Ал олардың атаулары ретіндегі жүйелі тілдік көрінісін мәдениеттің
метатілі деп қарауға болады. Бұл ыңғайда мәдени лексика Ю.М.Лотман,
Верещагин, Костомаров, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Е.Жұбанов,
Қ.Өмірәлиев, Н.Уәлиұлы, Ж.Манкеева т.б. еңбектеріне арқау болуда.
Ал осы мәдени мұраның немесе мәдениеттің метатілінің танылуы, халық
игілігіне асуының негізгі тірегі тілдің коммуникативтік қызметімен тікелей
байланысты. Сол арқылы әрбір ұрпақ өкілі ақпараттарды қабылдап, мәдени
мұраны игеру ісін ұрпақтар жалғастығы іске асырады. Міне, осы арада
мәдениет игіліктерін өндіруші мен тұтынушы арасындағы мәдениетаралық,
танытушылық қызметті проф. Қ.Жұбанов сынды ғалымдарымыздың
зерттеулерінен басталған тіл ғылымы атқаруда.
Лингвомәдениеттанумен қатар ұлт болмысы мен мәдениетінің
табиғатын, дүниетанымындағы таным-парасатын тіл аркылы зерделеуді
220
«этностық тіл бейнеленуі» (100) арқылы, яғни «қазақ этносының ұлттық
бейнесін, өзіндік болмысын толық та түбегейлітүрде тек оның байлығы – тіл
әлемі арқылы ғана танып білуге болатындығын» (101, 16) арқау етіп, казақ
тілі білімінде қалыптасып келе жатқан
Достарыңызбен бөлісу: |