Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет138/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

этнолингвистика
саласы – ана 
тіліміздің табиғатын тануға негіз боларлық сенімді арна. Осы орайда, тілдің 
небір нәзік қырлары мен сырларын сезіне білетін, тіл шеберлігі мен тіл 
заңдылықтарын, теориялык қағидаларды игеріп, меңгерумен қатар ұлттық 
рухы мықты, танымдық дүниесі терең де кең тұлғалардың орны ерекше. Осы 
тұрғыдан пайымдап қарасақ, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, 
алғашқы лингвист-профессор Қ.Жұбановтың ғылыми-танымдық көкжиегін 
көрсететін, көбіне тезистік түрде, этюдтік сипатта ғана бізге жеткен 
теориялық топшылаулары мен тұжырымдарының өзінен осы тектес 
зерттеулер мен бағыттардың бастауы, қайнар көздері көрінеді. 
Сайып келгенде, таным мен тарихқа сүйенген зерттеулер сол тілде 
сөйлеуші халықтың, ұлттың танымдық мәнін ашып, тілдік санасының 
қалыптасуын барлайды. Соның негізінде тіл арқылы ғасырлар бойы 
калыптасқан, рухани да заттық мұрасының тілдің кумулятивтік қызметі 
арқылы ұлттың тарихи жадында сақталып қалғанын көреміз.
Демек, кез келген халықтың ғасырлар бойы туып, жетіліп, кемелденіп 
отыратын мәдениетінің қазынасы – тілі. 
Атап айтқанда, ұрпақтан-ұрпаққа ауыз әдебиеті, эпостық жырлар, 
шешендік-паремиологиялық-фразеологиялық, 
ономасиологиялық 
жүйе, 
ақын-жыраулар шығармашылығы және т.б. рухани-мәдени мұра үлгілерінің 
арқауы болған сөз өнері, айшықты сөз арқылы жеткен қазақ халқының 
этникалық тарихы мен мәдениеті, көркем ойлау жүйесі мен танымдық 
деңгейі тілдің куммулятивтік (мұрагерлік) қызметі негізінде сақталған 
этнотаңбалық ақпарат түрінде жетіп отыр.
Жоғарыда көрсетілген үлгілерде ұлттың этностық болмысын 
сипаттайтын төл мәдениеттің этнотаңбалық деректері, біріншіден, 
эстетикалық, екіншіден, тарихи-этникалық тұрғыдан уақыт пен кеңістік 
контекстегі 
әлеуметтік-функционалдық, 
үшіншіден, 
танымдық-
аксиологиялық қызмет атқарады. Себебі тілде әр ұлттың өзіндік ойласу 
ұғымдары мен бағыт-байламдарын сипаттайтын этнолексика қалыптасады. 
Ол әр халықтың материалдық, экономикалық, әлеуметтік жағдайына 
байланысты дамитын, қоғамдық санасына сәйкес негізделетін «ұжымның 
жадында сақталған жүйе» (Ю.М.Лотман). Осымен байланысты этномәдени 
тілдік деректерді зерттеу қазіргі қазақ тіл білімінде қалыптасып келе жатқан 
ұлт (адам) болмысын тіл арқылы тануға бағытталған «мәдениет пен тіл 
біртұтас», деген қағиданы ұстанатын антропоөзектік бағытқа сәйкес келеді. 
Осы орайда, «таным», «тілдік сана», «тіл тарихы» деген ұғымдардың мәні 
ерекше. Сондықтан тіл мен таным процестерінің арақатысын зерттеудің 
когнитивті лингвистикаға сүйенуі – заңды құбылыс. Соңғы ғылыми еңбектер 
нәтижесінде таным мен тілдің арақатысы адам проблемасымен біртұтас 
күрделі құрылым деп қаралады (102). 


221 
Осыған қатысты тілдің ішкі формасына (мазмұнына) ерекше назар 
аударған, осы лингвистикалық бағыттың негізін салушы ғалымдардың бірі В. 
фон Гумбольдттың пікірінше, ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы, пайым 
дүниесі бар (103). Соған сүйенген философиялық ой-пайым бар. Соның 
ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші – тіл. 
Яғни таным әлемі мен тіл әлемін сабақтас қарағанда ғана ұлттың да, 
тілдің де өзіндік табиғаты айқындалмақ. Қазіргі қазақ тіл білімінде біршама 
зерттеліп, теориялық-әдістемелік негіздемелері анықталып қалған осындай 
үрдістегі зерттеулердің алғышарттары мен нышандарын Қ.Жұбанов 
қарапайым түрде былай деп түсіндіреді: 
«
Адам баласының табиғатында әуелі басқаны біліп алып, өзін кейіннен 
білу қасиеті бар. Мысалы: адам фотографияны танып білгеннен кейін ғана 
өзінің басқа заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата атайтыны – 
өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы 
таным тілге де әсер еткен. Мысалы, орысша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет