Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Қ.Жұбановтың«Қазақ музыкасында күй жанрының пайда



Pdf көрінісі
бет150/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

3. Қ.Жұбановтың«Қазақ музыкасында күй жанрының пайда 
болуы (тіл мен тарих деректері)»атты еңбегі жайында
Бұл очерк кітапшасының баспадан жарық көруі (кітапша 1936 жылы 
Қызылорда қаласында жарық көрген) жөнінде қызық деректі келтіруге 
болады. Бірде замандастары ғұлама ғалымның інісі Ахмет Жұбановқа 
мынадай сауал берген: «Күй жанрының қалыптасуы жайында өзіңіз жазбай, 
Құдайберген ағаның қалам тартқаны қалай?». Сонда Ахмет Жұбанов 
мынадай сыр айтқан көрінеді: «Ленинград консерваториясын бітіріп, 
Алматыға келген соң, 1933-1934 жылдар бойына музыкалық техникумның 
жанынан 
«музыка 
этнографиясының 
кабинетін» 
ұйымдастырып, 
халқымыздың көне аспаптарын зерттеуге кірістім. Қазақтың қара домбырасы 
мен қылқобызын жетілдіріп, түрлендіріп көп дауысты оркестрге лайықтау 
қажет болды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін домбыра, қобыз, сыбызғы 
секілді аспаптардың әрідегі тарихын шолып, ғылыми байыптама жазбақшы 
едім. Бірақ жазғандарым көңілдегідей шықпады. Жастық, тәжірибесіздік пе, 
әлде зерттеушілік әдістің жетілмегендігі ме, әйтеуір шимай-шатпағым өзіме 
ұнамады. Бірде менің сол қағаздарымды көзі шалып қалған ағай: «Не жазып 
отырсың», – деп сұрады. Мен ойымды айттым. Ол кісі үн-түнсіз менің 
жазғандарымды аударыстырып қарады да, «мен осы жазғандарынды үйге 
апарып, оқып көрейінші», – деп жинап алып кетті. Арада біраз уақыт өтіп 


239 
кеткен. Мен іссапарға шығатын болып, ағайдың үйіне соқтым. Өзі үйде жоқ 
екен. Столының үстінде әлгі аяқталмаған қолжазбалар бұрқырап жатыр. 
Үңіліңкіреп қарасам, күй жанры туралы жазылған 20-30 бет шамасындағы 
қолжазба өз алдына бір дербес дүниедей көрінді. Баяғы менің «шатпағым» 
емес, мүлдем жаңаша зерттеу. Мен сол жерде ағаға айтпастан, қолжазбаны 
алдым да, «ендігі міндет музыка мамандарынікі» деген тәрізді бір сөйлеммен 
очеркті «аяқтай» салып, алып кеттім. Ағаның кітапшасын, өзімнің 
«Құрманғазымды», екеуін Қызылордаға алып барып, баспаға бердім. Үнемі 
жұмысбасты болып жүретін аға бұны тіпті сезген де жоқ. Кітапшалар 
басылып шыққанда әкеліп керсетсем: «Туу, мынау өзі әжептәуір кітапша ғой, 
бұны сен қашан шығарып жүрсің?», – деп өзіме қарайды. Сондағы 
жайрандаған қалпы бүгінге дейін есте». 
Аталмыш мақаланы жазуға Қ.Жұбановтың музыка өнеріне құмарлығы 
да себеп болса керек. Олай дейтініміз – В.Решетняк Құдайберген 
Қуанұлының музыка саласына да бейім, өте жақсы көретіндігін атап 
көрсетеді. Түрлі аспаптарда, атап айтса, скрипкада, ішекті аспаптарда ойнай 
білетін В.Решетняктардың отбасына ол жиі қонақ болып, пікірлесіп қайтады 
екен. Осындай дарынды, өнерлі отбасына өзінің інісі Ахметті ертіп баратын 
болған. Өнерді жоғары бағалай білген мұндай жас дарындарға көңіл күйі 
болған сәттерде Құдайбергенге фисгарморияны, ал Ахметке Затаевичтің 
«Қырғыз халқының 1 000 әні» жинағын сыйға тартқан. 
Профессор Қ.Жұбанов өнер, атап айтқанда музыка саласындағы бұл 
еңбегінде күйдiң пайда болуы тарихын зерттеу үшiн мынадай материалдарды 
пайдалану керектігін айтады:
«
Бiрiншi: бiздiң музыкамыз жайында түрлi мәдениеттi елдердiң 
жазып қалдырған тарихи деректерi; екiншi: халықтың музыкаға 
байланысты тарихи идеологиясы; үшiншi: сол идеологияның таратушысы 
болған тiл материалдары. Тiл материалдары дейтiнiмiз – түрлiше музыка 
терминдерi, бұлар мен басқа сөздердiң мағынасының арасындағы 
байланыстар; төртiншi: ең маңыздысы – музыканың өз материалдары, 
халық музыкасы шығармаларының, күйлердiң өзiнiң iшкi құрылысын 
тексеру; бесiншi: осы жоғарыда айтылған материалдарды топтағаннан 
кейiн, қазақтың халық музыкасы шығармаларын басқа жұрттың 
шығармаларымен салыстырып, солармен арасындағы байланысын, бiр-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет