Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет153/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Аққу» күйiндегi, болмаса «Ақсақ құландағы» аттың аяңдағанын, 
құстың ұшқанын, қарындасының жылағанын, құланның ақсаңдағанын, 
мылтықтың 
атылғанын 
сүгiреттеймiн 
деген 
оймен 
лирикалық 
моменттердi музыкамен бергенiн
» осындай ерекшелікке жатқызады. 
Қ.Жұбановтың пайымдауынша, «
Сонда күйлердiң бiр қатары сол бүтiн 
сюжеттi әңгiменiң iшiндегi барлық музыкалы моменттерден құралып, 
құрастырылған құрама, бiреулерi музыкалы әңгiме болса, қайсы бiреулерi 
соның iшiндегi тек бiр ғана музыкалы моменттi айрып алып, ұлғайтып, 
жетiстiрiп, гармониялық бiр күйге айналдырып жiберген жерлерi болса 
керек
».
Профессор Қ.Жұбанов мұрасының бұл парасын барлап, тереңірек 
зерделей түссек, оның қазіргі тіл біліміндегі психолингвистика саласымен 
астас екенін байқауға болады. Бұл мақаланың ерекшелігі – профессор 
Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасындағы музыка жанры ретіндегі мәнінде емес, 
ұлттың рухани мәдениетінің ерекше формасын ұлт санасымен байланысты 
қарастырған психолингвистикалық қырында.
Оны ғалымның өз сөзімен түсіндірсек: «
Қазақ халқынан бұрын да талай 
жыл жасап, әлденеше жүз жыл бұрын туып, өзінің қандай ғылым екенін 
білмейтін пән бар. Осы өзі бар, бірақ не екендігі білмей, қарайтын мәселенің 
көлемін білмей, басқа пәндерден іргесін аша алмай, психология адамның 
жанын қарайтын ғылым делініп келеді (көбінесе). Осы күнгі 
рух
(қою 
жазумен берген – Ж.Манкеева) 
психика болмай, барып тұрған мистика, 
спиритизм жан деп келді
» (8, 77).
Осы арада проф. Қ.Жұбанов атап көрсеткен 
рух,
оның ішінде 
ұлттық 
рух
ұғымы арқылы күй өнерінің ұлттың төл мәдениеті ретіндегі генезисі, 
мәні, қызметі анықталады (Қараңыз: «күй» сөзі Тәңірге табынған түркілердің 
тағылымындағы 
көк
сөзімен байланыстырылады). Және ол нақты музыкалық 


243 
термин, иә жанрлық форма ретінде қалыптасқан өнер түрі емес, ұлт 
мәдениетімен, таным-санасымен сабақтасқан кешенді сипатта талданады.
Ол үшін, біріншіден, 
күй 
ұғымының басқа тілдердегі (татар, өзбек т.б.) 
айырмашылығы салыстырылып ашылады. 
Екіншіден, күйдің әуел баста пайда болған, шыққан ортасында көңіл 
көтеру, сауық құралы қызметін атқармағанын, табиғат күштерін 
бағындыруда күйдің магиялық, психикаға әсер етуші күші арқылы 
«табиғаттың жасырын күштімен астарласып барып, соған дегенін жүргізуге,
қазақша айтқанда, арбауға тырысатынында», – (8, 278) деп көрсетеді.
Сондықтан, 
күй
атауының 
этимологиясын 
көк 
сөзімен 
байланыстырылуы 
түркілердің 
мифтік 
танымына 
сай
антрополингвистикалық негізде анықталғанын көреміз. 
Үшіншіден, проф. Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі 
күй
ұғымының 
кешенді сипатын көрсететін оның әлеуметтік қызметі: діни, дәрігерлік 
метеорология, астрономия, аңшылық т.б. салаларындағы қолданысы. Осы 
қызметті іске асырушы адамдар мен музыкалық құралдарды талдаулары да 
этномәдени контексте құрылған. Мысалы, 
бақсы, қобыз, сыбызғы 
т.б. 
атаулардың мәні тек музыка құралы емес, ерекше магиялық, киелі, космос 
ретінде, яғни мәдениетаралық коммуникацияның нәтижесі емес, этнос 
болмысымен біте қайнасып, табиғи қалыптасқан төл мәдениет түрі деп 
анықталған. 
Осы арада проф. Қ.Жұбановтың «
жыр-толғаулар, эпостар әңгімелеп

күйлеп
(қою жазумен берген – Ж.Манкеева) 
айтылған болу керек
» (8, 286) 
деген пікіріне сүйеніп, негізінен ауызша тараған қазақ әдеби мұралардың 
сақталуының бір құралы, формасы ретінде де күй өнерінің қызметін 
бағалауға болар. Осы шағын мақалада ғалым ұлт мәдениетін танытатын кең 
де, терең арна ретінде күй өнерін көрсетіп, оны әрі қарай зерттеуді 
болашаққа аманат еткен. Проф. Қ.Жұбановтың осы ой-арманын белгілі 
ғалым, этнограф, мәдениеттанушы А.Сейдімбек өзінің «Күй-шежіре» 
монографиясында және басқа да зерттеулерінде жалғастырып, күйлердің 
шығу негізін аңыз-әңгімелерімен сабақтастырып, қазақ халқының мәдени-
рухани әлеміндегі төлтума бітімі, дара да ерекше құбылыс ретінде дәлелдеді 
(107). 
Профессор Қ.Жұбановтың тіл туралы еңбектерін оқи отырып, қандай 
да бір тілдік құбылысқа арналған зерттеулерінде тіл деңгейлерінің мәселелері 
«қабаттасып» жататындығын аңғарсақ, күй өнеріне арналған мақаласының 
өзінде де музыка аспаптарының аттарын – 
домбыра, қобыз, сыбызғы
– 
тарихи-лингвистикалық әрі этимологиялық тұрғыдан талдауы ғалымның ой-
өрісінің, таным-білімінің тереңдігін, көптеген тілдерді меңгергендігін анық 
көрсетеді. Ол атауларды туыстас түркі тілдері материалдарымен салыстырып 
қана қоймай, туысы бөлек тілдер материалдарымен типологиялық тұрғыдан 
салғастыра зерттеуі ғалымның терең білімге иелігін аңғартады.
«Домбыра» сөзін талдау барысында: «
Оны кейбіреулердің араптың 
«тамбур» дегенінен алынған дейді. Араптар өзінің «тамбур» деген сөзін 


244 
парсыдан келген деп есеп қылады. Парсы жұрты бұл сөзді ежелгі үнді 
жұртынан алынды деп есептейді. Ежелгі үнді тілінде ондай сөз 
болмағандықтан, тіл мамандары мұны парсыдан алынған дейді. Парсы 
тілінде де мұндай сөз жоқ. Мұны парсыдан алынды деп ойлайтыны парсыда 
«дәнбә» деген сөз бар. Бұл – «құйрық» деген сөз. «Бәрә» деген – «қозы» деген 
сөз. Сол екеуі қосылып, «дәнбабаре» деген болуы керек. Бұл «қозы құйрық» 
деген сөз болу керек. Домбыраның шанағы (түбі) қозының құйрығына ұқсас 
болғандықтан, осылай аталды деп есептеледі
» (8, 282). Ғалым бұл 
түсіндірмені құптамай, оны халықтық этимологияға тән деп қарайды. 
Автор: «
Біздің қарауымызша, орыстың «домбырасы», қазақтың 
домбырасы», араптың «тамбуры», бенгал елінің «тамыры», гректің 
«тамирі» – бәрі бір нәрсе. Мұның бәрі де – ерте кезде музыканың иесі, 
мұрасы болған бір ұғымның аты. Сол «тамыр», «дамыр» сөзінен, бір 
жағынан, «тәмир», екінші жағынан, «йамыз» сөздері бошақтап шыққан 
болуы керек. Сонымен «домбыра» сөзі бір елден ауып келген сөз емес. Бұл 
инструмент те бір елден ауып, жылысып келген емес. Еуразия елдерінің 
бәріне де тегіс тараған, соның бәрінде де музыка иесі болып саналған, бір 
тотемнің аты болуы керек
», – деген аталы пікірге тоқтайды. Қобыз туралы: 
«
Қобыз атауы татарда, башқұртта «қобыз» аталады. Олардың «қобыз» 
дейтіні – темірден жасаған, атқамыт сияқты бір жағын ауызға салып 
қойып, үнін аузымен ретке келтіріп отыратын бір нәрсені атайды. 
Қырғыздарда «қомус» деп біздің домбыра тәрізді, бұдан айырмашылығы 
тек пернесі жоқ бір инструментті атайды. Қобыз деген инструмент 
украина елінде бар. Олар мұны «кобза» дейді. Оны ескі оқымыстылар 
Күншығыстан келген, түрік, монғол елінен үйреніп алған деп есептейді. Бұл 
пікірдің қате екенін көреміз. «Қобыз» сөзінің «қ» дыбысы түсіп қалғанда «о» 
ның орнына «а» дыбысын қолданғанда «абыз» болады. Қазақта ескі кездегі 
амандарды «абыз» деп атаған «а» дыбыс «и» дыбысына айналған уақытта 
«иомыз» болар еді. Шуаш тілінде бақсы, сиқыршы ертеде «иомыз» деп 
аталды. Академик Марр бұл сөзді ескі гректің легендарлы ақыны Гомер 
сөзінің бір тарауы деп біледі. Музыка – дыбыс өнері. Ол дыбысты ерте 
кезде алдымен осылай еңбек магиі ретінде қолданылғандықтан, бүкіл 
дыбысқа байланысты ұғымдар, бері келе сөзге, тілге байланысты ұғымдар, 
сол магиялы еңбек деген ұғыммен байланысып жатады
», – деп түйіндейді 
автор (8, 281). Ғалым осы атаулармен қатар 
күй, сыбызғы, жыр, ән
сияқты 
музыкалық терминдерді де талдап, мән-мағынасын айқындаған. 
Ғалым «сыбызғы» атауының негізгі түбірі болатын «сыбыз» сөзі ұяң 
дыбысқа аяқталып тұрғанын, мұндағы ұяң «з» дыбысын қатаң «с» дыбысына 
айналдырғанда, «сыбыс» деген сөз болатынын, ал «сыбыс» қазақ тілінде 
дыбыс деген ұғымдағы сөз дей отырып, сыбызғы атты инструменттің 
қамыстан, қурайдан жасалу себебі қамыс та алғашқы кезде осы сөзбен 
аталған дегенді айтады. 
Ертеде қазақ өмірінде «қамыс» деген сөздің екінші аты – сыбыс 
болғанын, бірақ көп жерде бұл сөздің ұмыт болып, сақталмағанын ескерте 


245 
отырып, «сыбыз» деген сөздің, біріншіден, дыбыс, екіншіден, сол дыбысты 
шығаратын құралдың аты, үшіншіден, сол құрал болатын заттың аты о баста 
«қамыс» болған деп топшылайды ғалым.
«Қамыс» сөзіндегі «а» дыбысын «о» дыбысына айналдырсақ, 
қырғызша «қомыс», біздің «қобыз» болып шығады деген ой тұспалы өте 
ұтымды да шындыққа бейім айтылған. 
«
Тіліміздегі «күй» деп аталатын сөздің шағатай, ұйғыр тілдерінде, 
анатоль түрік тілінде «көк» болып айтылуы тиіс. Қазақтың «й» 
дыбысының бірқатары шағатай тілінде, ескі ұйғыр тілінде, түрікпен, 
әзірбайжан, анатоль тілдерінде «к» «г»-ге айналады. Қазақша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет