Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет14/43
Дата15.02.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43

Толғауы тоқсан термин сөз 

(Қ.Жұбановтың терминология саласындағы еңбектері жайында) 

 

Жалпы  тіл  атаулының  қоғам  өмірінде  атқаруға  тиісті  басты 

қызметтерінің бірі – оның ғылым тіліне айналуы деп есептесек, бұл қасиет те 

белгілі бір даму сатысына тән құбылыс екенін мойындау керек. Қазақ тілінің 

даму тарихына үңілгенде де біз осындай жайды аңғарамыз.  

Тілдің  ғылымға  қызмет  етерлік  қабілеті  болу  үшін  тіл  иесі  сол  халық 

ғылымының сан тармағын дамытуға тиіс. Ал ғылымды дамытамын деген ел, 


146 

 

ең  алдымен,  оның  неше  алуан  ұғымын,  түсініктерін  нақты  өрнектейтін 



арнайы  лексикасын  қалыптастырады.  Әрине,  бұл  –  әрбір  тілдің  өз 

мүмкіндігінен  туындап  жататын  заңды  құбылыс.  Бұл  арнайы  лексика  деп 

отырғанымыз  –  тілдің  терминологиялық  жүйесі.  Әрбір  тіл  өз 

терминологиялық  жүйесін  жасау  мен  қалыптастыруда  әр  алуан  кезеңдерді 

бастан өткізеді. Қазақ тілі де солай. 

Сөйтіп,  қазақ  тілінің  терминологиялық  жүйесін  сөз  еткенде,  біз  осы 

проблеманың  тууына,  жасалуына,  қалыптасуына  тікелей  қатысы  болған, 

бастауында  тұрған,  негізін  салған  екі  алыпты,  ең  алдымен,  еске  алуға 

міндеттіміз.  Біріншісі  –  Ахмет  Байтұрсынұлы  да,  екіншісі  –  Құдайберген 

Жұбанов. 

А.Байтұрсынұлы  –  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  терминдерін  жасап 

қалыптастырушы  болса,  іле-шала  бұның  ғылыми  проблемаларын  сөз  етіп, 

оны ғылым объектісіне айналдырған Қ.Жұбанов деуге болады. 

Бүгінгі 


қазақ 

терминологиясының 

дамып, 

қалыптасуында 



Қ.Қ.Жұбановтың  алатын оны  ерекше. Ерекше болатыны  ғылым  тармақтары 

енді-енді ерекшеленіп, айқындала бастаған тұсының өзінде еуропаша арнайы 

білім алған, сөйтіп қазақ тілі білімінің мәселелерін кезінде ғылыми тұрғыда 

жүйелеп  қарастыра  бастаған  одан  басқа  маман  лингвист  бола  қойған  жоқ. 

Бұл – бір. 

Екіншіден,  алып  А.Байтұрсынұлы  қазақ  тілінде  терминдердің  алуан 

түрін  жасап,  өзі  жазған  оқу  құралдарын  ендіріп,  қолданысқа  қосып  кетсе, 

зерек  Қ.Жұбанов  сол  терминжасамның  принциптерін  саралап,  ғылыми 

тұрғыда негіздеп берді. 

Терминология  –  ғылым  мен  техника  тілін  дамытатын  лексиканың 

бірден  бір  күрделі  қабаты.  Сонау  30-жылдардың  өзінде-ақ  Қ.Жұбанов: 

«Казахское  языкознание  лишь  начинает  оформляться 



В

качестве 

самостоятельной науки. И как всякая наука, он может завершить стадию 

своего оформление не на базе общих абстрактных схем, а путем разработки 

отдельных  проблем,  чтобы  из  этих  конкретных  разработок  складывалась 

наука о казахском языке», – деп жазған болатын (8, 273).  

Қ.Жұбановтың осы терминология мен орфография мәселесіне айрықша 

назар  аударуы  жайдан  жай  емес.  «Осы  терминология  мен  орфография 

барлық  дамушы  тілдердің  негізгі  элементтерін  кұрайды»,  –  дейді  ғалым. 

Шынымен  де,  терминологияны  күні  бүгінге  дейін  қазақ  әдеби  тілдің  тірек 

тұлғасыныңбірі екеніне көзіміз жетіп отыр. 

Қазақтың  ғылым  тілін  жасауға  зор  септігін  тигізген  Қ.Жұбанов  бұл 

салаға неше алуан практикалық тәжірибе жинап, теориялық тұжырымдарды  

ой елегінен өткізе отырып келген болатын. Оның қазақ терминологиясымен 

айналысуы 1925-1935 жылдар арасына жетелейді. Бұған негізгі себептің бірі 

оның  1933  жылы  Мемлекеттік  термин  комиссиясына  төраға  болуымен 

байланысты.  Ол  жазу  мен  терминология  мәселесіне  нақты  қадағалап,  бір 

орталықтан  басқарып,  ұйымдастырып  отырмайынша,  нәтиже  болмайтынын 

ерте түсінген. 


147 

 

1935 жылы Мәскеуде акалемик Е.А.Чаплыгин мен проф. Д.С.Лоттенің 



бастауымен Одақтық Академия жанынан Ғылыми техникалық терминология 

комитеті 

құрылды. 

Дәл 


осы 

1935 


жылы 

біздің 


автономиялы 

Республикамыздың  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  жанынан  Мемлекеттік 

термин  комиссиясы  (Мемтерминком)  құрылды.  Осы  комиссияның 

құрылуына  себепкер  болған  Қ.Жұбанов  оның  тұңғыш  төрағасы  болып 

тағайындалды.  Міне,  осы  кезеңнен  бастап  Қазақстанда  терминология 

мәселелері жүйелі түрде, жоспарлы жұмыс ыңғайында жүргізіле бастады. 

Көрнекті қазақ зиялылары ұлттық практикалық тілді қалыптастырумен 

кеңес  дәуірінің  алғашқы  кезінен  бастап  айналыса  бастаған.  Оның  ішінде 

Қ.Жұбанов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Б.Беремжанов, Ә.Ермеков және басқа 

әртүрлі ғалымдар болатын. Кейін М.Әуезовтің өзі «қазақ лингвистикасының 

атасы»  атаған  профессор  Қ.Жұбанов  туралы  естелігінде  «Құдайберген  өз 

мақалаларының тұтас бір сериясын практикалық тіл білімінің мәселелеріне 

–  орфографияға,  терминологияға,  қазақ  тілін  оқыту  методикасына 

арнады»,  –  деп  атап  көрсеткен  (2,  359).  Тілдің  даму  деңгейінің  негізгі 

көрсеткішінің бірі сол тілдің ғылым мен техника тіліне қаншалықты енгендігі 

болып табылады. Ал ғылым мен техника тілі термин-атаулардан басталады.  

Қазіргі ғылым мен техника дамуының бастауы да, шарықтау денгейі де 

еуропалық  елдер  халқымен  байланысты  және  оның  негізі  ежелгі  грек  пен 

латын  тілдерінде,  қала  берді  ағылшынша,  немісше,  французша,  орысша 

берілген. Ал ғылым мен техника тілінің қазақша қалыптасуына халқымыздың 

тарихи  тағдырына  байланысты  осы  тілдердің  әсері  болмай  қойған  жоқ.  Бұл 

жерде үш жүз жылдық бодандық кезде, әсіресе, кеңес дәуірінде қазақ тілінің 

дамуына  орыс  тілінің  «жетекшілік  еткені»  тарихи  ащы  шындық  екенін 

мойындаған  жөн.  Қазақтың  патшалық  Ресейге  бодандық  дәуірінде  ғылым 

мен техника терминдері орыс тілінде қалай берілсе, қазақша да солай алынып 

келгені  сол  кездегі  қазақша  басылымдардан  белгілі.  Кейін  осы  ғасырдың 

жиырмасыншы жылдары қазақ елі Кеңес Одағының қарамағында Автономия 

алған  алғашқы  кезеңде  ғылым  мен  техника  тілін  қазақша  сөйлетуге  қазақ 

зиялылары  жағынан  үлкен  құлшыныс  болғаны  анық.  Мұндай  жағдай 

ғылымның барлық салаларында болды.  

Сол  кездегі  негізгі  ерекшелік  барлық  терминдердің  қазақша 

баламаларын  орнықтыру  болып  табылады.  Мұндай  ерекшелікті  физика-

математика  саласы  бойынша  К.Жаленовтың  «Есептану»  (2-бөлім,  Ташкент, 

1920),  С.Қожановтың  «Есептану»  (1-бөлім,  Ташкент,  1924),  Е.Омарұлының 

«Пішіндеме»  (2-кітап,  Қызылорда,  1928),  Қ.Сәтпаевтың  «Алгебра» 

(Қолжазба,  1919-1924  жылдары  арабша  графикамен,  1929      жылы      латын   

әліпбиімен басылған),   Ә.Ермековтің   «Ұлы   математика», «Аналитикалық 

геометрия»  (1928)  еңбектерінен  байқалды.  Сөйтіп,  отызыншы  жылдар 

қарсаңында  ғылыми-техникалық  терминдер  әр  автордың  қалауынша 

аударылып,  бір  термин  бірнеше  қазақша  атауға  ие  болды;  терминдерді    

аудару барысында, жазылуы мен дыбысталуында қазақ тілінің емле ережесі, 

нормасы  сақталмады;  терминдердің  қазақша  балама  дәлдігі  болмады.  Міне, 


148 

 

осы  жағдай  отызыншы  жылдардың  басында    қазақша  ғылыми-техникалық 



терминдерді  түзуді  ғылыми  негізде  жүйелік  пен  бірізділікке  салу  мәселесі 

тұрды. 


1935  жылы  Мәдениет  саласы  қызметкерлерінің  бүкілқазақстандық 

құрылтайы  (съезі)  ашылар  қарсаңында  Қ.Жұбановтың  жетекшілігімен 

Мемлекеттік  термин  комиссиясы  бюллетенінің  4  саны  жарық  көрді.  Бұл 

төртеуінде  жарияланған  17  зерттеу  мақаланың  7-8-і,  яғни  тең  жартысы 

термин мәселесіне бағышталған. Емле, әліппе, әріп жөніндегі мақалалардың 

өзінде термин сөзге соқпай кететіні жоқ.  

Бюллетеннің  1-санында  терминология  мен  орфографияға  қатысты 

бірнеше материал басылған. Олардың қайсыбірінің қазақша-орысша нұсқасы 

қатар беріледі де, қайсыбіреуі ана тілінде ғана жарияланған. Біздіңше, мұның 

мынадай себептері болған тәрізді. Біріншіден, саяси мәні ерекше сауаттылық 

әлемінде  жасалып  жатқан  мұндай  шаралардың  деңгейін  бүкілодақтық 

дәрежеге  көтеру  болса,  екіншіден,  айтулы  ғұламалардың,  партия-кеңес 

қызметкерлерінің  және  оқу-ағарту  ісіндегі  мамандардың  мағлұматының 

кеңеюіне жол ашу.  

Қалай  болғанда  да,  сол  кезеңнің  өресінен  қарағанда,  материалдардың 

осындай тәртіппен берілуі өзін-өзі ақтады деп білеміз. Мәселен, осы алғашкы 

санының  өзінде  «Қазақ  әдебиет  тілінің  терминдері  туралы»  /Термины 

казахского  литературного  языка/  деген  атпен  мақала  екі  тілде  берілсе,  «К 

пересмотру  казахской  орфографии»  мақаласы  орысша  жарияланған.  Бұл 

аталған  дүниелердің  авторы  –  Қ.Жұбанов.  Ал  «Теріс  жазуға  емле  себепші 

болмасын» (К.Бегалин), «Қосар ма, дара ма?» (Жұбанұлы Құдайберген) және 

«Қазақ  тілінің  емлесі  мен  әліппесіне  кіргізілетін  өзгерістердің  жобасы» 

дейтін материалдар қазақ тілінде басылыпты. 

2-санында  «О  специфике  слов-терминов»,  «Проект  изменений 

орфографии и алфавита казахского языка» сияқты орыс тіліндегі мақалалар, 

сондай-ақ  қазақ  тілінде  жазылған  «Математика  терминдері  жөнінде», 

«Физика терминдері жайынан» тәрізді мақалалар басылған. 

3-санында  өткен  2-санда  жарияланған  «О  специфике  слов-терминов» 

деген  мақаланың  қазақшасы  («Термин-сөздердің  спецификасы  жөнінде») 

берілген.  Соған  қоса  дүнген  орфографиясы  жөнінде  Цунвазаның  жобасы 

басылған. 

Бюллетеннің  соңғы  4-санындағы  материалдар  тек  қана  қазақша.  Олар 

мыналар: «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайы» (Қ.Жұбанов), «Емле, әліппені 

өзгерту,  дұрыстау  жөніндегі  Жоба»  (Аманжолұлы  Сәрсен),  «Әріп,  емле, 

термин мәселелеріндегі негізгі таяныш-тірегіміз не болуы жөн?» (Басымұлы 

Қажым), «Терминдер туралы». 

Сонда  бюллетеннің  төрт  санында  жарияланған  ғылыми  мақалалардың 

термин мәселесін тікелей сөз ететіні – соның жеті-сегізі. Басқалары терминді 

орфография  мен  әліпбиге  байланысты.  Алайда,  жоғарыда  ескертіп 

өткеніміздей,  осы  мақалалардың  өзінде-ақ  көптеген  мәселелердің  басы 

ашылып,  жазуымызда  жүйе  бола  бастады.    Көптеген  термин  сөздерді  ретке 


149 

 

келтіріп оны қолдану, қабылдау, тіпті жасау қағидаттары айқындала түскені 



мәлім. 

Мемлекеттік терминология комиссиясының бұл басылымында тағы бір 

көңіл қоюға тұрарлық мәселе бар. Ол мынау: оның әрбір санында комиссияда 

қаралған,  талқыланған  термин  сөздер  тізімі  жарияланып  отырған.  Бұл 

мәселенің  дер  кезінде  шешім  тауып,  қабылдануына  септігін  тигізген  шара 

деп білеміз. 

Бюллетеннің  алғашқы  санының  өзінде  алдымен  қазақ  тілінің 

терминологиясын жан-жақты әңгімелеп, оның жасалу, қалыптасу, даму және 

қолданылу өрісі жайында нақты мағлұмат нұсқау беріп алған соң, «Социал-

экономик  пәндерінің  терминдері»  мен  «Математика  терминдерінің  орысша-

қазақша сөздігі» берілгені ұйымдастырушылардың білігін танытқандай. 

Ал  екінші  санда  «Физика  терминдері»  мен  «Ботаника  терминдері», 

үшіншісінде «Математика терминдерінің жалғасын», төртіншісінде «Физика 

терминдерінің  жалғасын»  жариялап  үлгеріпті.  Сонда,  байқап  қарасақ,  сол 

кездің  өзінде-ақ  біздің  ғылыми  мекемелер  мен  маман  адамдар  кезеңінің 

тілек-талабына сай ел мұқтажын өтейтін мәселелерді әлеумет талқысына дер 

кезінде салып, көпшілік назарын уақытылы аудара білген екен. Ендігі мақсат 

осы  Бюллетенде  жарияланған  мақалалардың ғылыми  мәнін  саралап, ондағы 

көтерілген мәселелердің салмағын таразыға салу болса керек. Мұнсыз біздің 

жалпы  әдеби  тіліміздің,  оның  ішінде  өте  бай  терминологиялық 

лексикамыздың жасалу, қалыптасу, даму жолын анықтай алмаймыз. 

Қ.Жұбанов  «Қазақ  әдебиет  тілінің  терминдері  жайында»  деп  атаған 

мақаласында  сол  кезеңнің  саяси-әлеуметтік  болмысына  бойлап,  тіл 

мәселесіндегі неше алуан құбылыстарға тоқтайды. Қазан төңкерісінен кейінгі 

алғашқы  жылдарда  ұлттық  мәдениетіміздің  айқын  бір  көрінісі  –  сауат  ашу 

саласында  әр  қилы  талас-тартыс,  айтыстардың  болғаны  мәлім.  Айтыстың 

дені интертерминдерге қатысты туындап жатты. 

30-жылдардың  екінші  жартысында  орыс  тілінен  және  сол  тіл  арқылы 

келген  интернационалдық  (кірме)  терминдердің  өзгертілмей  айтылуы  мен 

жазылуы қатты қадағаланды. Сөйтіп ана тіліміздің табиғи болмысынан тыс, 

жат  заңдылық  күштеп  енгізілді.  Термин  жасау  қағидаттарының  алғашқы 

жобасын жасаған профессор Қ.Жұбанов екені даусыз. Алайда осы принципті 

түзу  барысында  профессор  өз  еркінен  тыс  қатаң  тапсырма  торына  түсіп 

қалған сияқты. Өйткені қазақ тілі заңдылықтарын бір білсе, осы адам біледі 

дейтін  ғалымның  өзге  тілдік  кірмелерді  бұлжытпай  алайық  деуінде 

амалсыздық  байқалады.  Бұл  сол  кезеңнің  білімпаздары  амалсыз 

мойынсынған  шара  демеске  болмайды.  Қазақ  тілінің  емле  ережелері  де  сол 

баяғы Мәскеу ықпалымен жасалғаны мәлім. 

Осы  кезеңде  жүргізілген  терминологиялық  жұмыстар  жайында 

терминолог-ғалым  Ш.Құрманбайұлы  өзінің  «Терминқор  қалыптастыру 

көздері  мен  терминжасам  тәсілдері»  атты  еңбегінде  мынадай  тұжырым 

келтіреді:  «Тіларалық  біріздендіру  жұмыстарын  жүргізуде 

КСРО 

халықтарының  ортақ  тілі  орыс  тілін  үлгі  етіп  алу  ұсынылды.  Мәскеудегі 



150 

 

КНТТ  (Комитет  научно-технической  терминологии)  Одақ  көлеміндегі 



терминологиялық жұмыстарды үйлестіріп отырған басты мемлекеттік орган 

әрі  ғылыми  мекеме  ретінде  кеңес  халқына  ортақ  терминологиялық  қордың 

(общесоветский терминологический фонд) орыс тілі негізінде қалыптасуына 

үлкен  ықпал  етті»  (75).  Ал  нақты  осы  кезеңдегі  терминология  дамуы  мен 

қалыптасуы  мәселелеріне    арналған  «Терминология  мәселелері»  атты 

еңбектің  алғы  сөзінде  проф.  Ш.Құрманбайұлы  былай  деп  жазады:  «Өткен 

жиырмасыншы  ғасырдың  30-жылдарынан  бастап,  қазақ  терминологиясы 

дамуының  жаңа  кезеңі  басталды.  Сол  30-жылдарға  дейінгі  жиырма  жылдай 

уақытты  қамтитын  Алаш  оқығандарының  терминологияны  дамытуда 

ұстанған бағыт-бағдары басқа арнаға бұрылды» (76). 

Бұл тілдің даму жүйесіне, сауат ашу ісіне жасалған қиянат еді. Әйтсе де 

Мемлекеттік  термин  комиссиясы  жұмысының  айрықша  болғанын  атап  айту 

парыз.  Ол  құрылған  алғашқы  күннен  бастап  осы  тектес  ең  күрделі 

мәселелермен  айналысып,  әдеби  тілдің  нәрлене,  қалыптаса  түсуіне  кең 

септігін  тигізген  талай  шешім  қабылдап  келеді.  Дегенмен  бұл  кезде  газет-

журналдарда қазақ мәдениетінің мәселелері көтеріліп, орфография, орфоэпия 

салаларына  көңіл  бөліне  бастайды.  Сол  кездің  өзінде  баспасөз 

материалдарынан  көптеген  интернационалдық  терминдердің  қазақша 

баламалары  жасалып,  орыс  сөздерінің  қазақша  нұсқалары  қолданысқа  ене 

бастағанын байқауға болады. 

20-жылдардағы  қоғам  өміріне,  соған  орай,  ғылым  мен  мәдениет 

тарихына  зер  салсақ,  неше  алуан  ұғымдар  мен  көзқарастардың,  қым-қиғаш 

талас-тартыстың болғанын да байқар едік. Әйтсе де білімге сусаған ел жаңа 

өмірдің жарқын істеріне араласып, өз әліпбиін түзіп, өз жазуын жолға қоюға 

кірісті.  Сөйтіп,  қазақ  халқының  тарихында  бұрын-соңды  болып  көрмеген 

жаңалықтар мен оны білдіретін жаңа ұғым, түсінік, құбылыстардың бәрін тіл 

фактілерімен  деректеп  отырарлық  термин  сөздер  қалыптаса  бастады.  Оқу, 

білім,  ғылым,  мәдениет,  экономиканың  қай-қайсысында  да  халық  ұғымына 

тосын  сөздер  пайда  болды.  Оның  әрқайсысының  терминологиялық  жүйесін 

жасау  үшін  сауатты,  білікті  мамандар  даярлау  проблемасы  тұрды,  күн 

тәртібінде мамандар жетіспейтін. 

Осы орайда қолға алынған шаралар ретінде мыналарды айтуға болады: 

кеңселерде  ісқағаздары  қазақ  тілінде  жүргізіле  бастады,  қазақ  тілінде 

шығатын газет-журналдар көбейді, қазақ мектептері ашылып, онда оқылатын 

пәндердің бәрі ана тілінде жүргізілді. Сонымен бірге қазақ тілі мейлінше кең 

қанат  жайған  көркем  әдебиет  тіліне,  әлеуметтік  өмірге  тікелей  араласу 

барысында  қоғамдық-саяси  әдебиет  тіліне,  түрлі  шаруашылық  пен 

экономика,  өнер,    жалпы  мәдениет  тіліне  айналды.  Сөйтіп,  қазақ  тілі 

күнделікті өмірдің қай саласына да белсене араласып, қоғамдық қызмет аясы 

кеңейе түсті. Күн өткен сайын «мына сөзді қалай жазамыз», «ана сөзді қалай 

қабылдаймыз»  деген  тәрізді  сұрақтар  көбейіп,  терминге  деген  ділгерлік 

артып, мұқтаждық молайды. 



151 

 

«Атаулар  сөздігі»  (Қызылорда,  1931)  осындай  мұқтаждықты  мүмкін 



болғанша  өтеу  жолындағы  алғашқы  әрекет  еді.  Бұл  –  Қазақстан  Оқу 

комиссариаты  Білім  кеңесінің  басшылығымен  жасалған  сөздік.  Білім  кеңесі 

сол кездегі бірінші кезекте тұрған мәселе ретінде осы пән атауларын жинап, 

тез  арада  жұртшылыққа  ұсынды.  Алғашқының  аты  –  алғашқы.  Мұның, 

негізінен,  кейінгі  жұмыстарға  аздап  септігі  тигенмен  кемшіліктері  де  аз 

болмады. Өйткені бұл – әлі ғылым салаларынан мамандар даярланбай тұрған 

шағында, сол игі іске себі тие ме деген мақсатпен жасалған сөздік еді. 

Дегенмен,  сол  кезеңдерде  шыққан  «Пән  сөздер»,  «Атаулар  сөздігі», 

«Қазақша-орысша  тілмаш»  тәрізді  еңбектер  терминологияның  даму 

тарихынан  біраз  деректер  береді.  Мұнда  терминдік  пішінге  ие  болып, 

тұрақты атаулық қызмет атқара бастаған біршама сөздерді кездестіреміз. Бұл 

ретте  1931  жылы  Қызылорда  қаласында  латын  қарпімен  жарық  көрген 

«Атаулар  сөздігінің»  орны  айрықша.  Ғалым  Ш.Құрманбайұлы  аталмыш 

сөздіктің  кейінгі  кирилл  қарпімен  шыққан  нұсқасында  оның  қазақ 

терминографиясы  тарихындағы  рөлі  жөнінде  былай  дейді:  «Қазақ 

терминографиясының  тарихында  өзіндік  орны  бар  «Атаулар  сөздігі»  өткен 

ғасырдың  отызыншы  жылдарындағы  термин  шығармашылығы  мен 

терминологиялық  сөздік  түзу  ісінің  кезеңдік  келбетін,  терминология 

комиссиясының  жұмысы  мен  алаш  зиялыларының  ұлттық  терминқор 

қалыптастыруда  ұстанған  ұстанымдарын  көрсететін  нақты  тілдік-тарихи 

дерек 

ретінде 


лексикограф, 

терминограф 

мамандардың, 

жалпы 


филологтардың,  тіл  мәселесі  қызықтыратын  көпшілік  қауымының  қажетіне 

жарайды деп білеміз» (77). 

Ғылыми-техникалық төңкерістің тілдік құрылымдар дамуына ықпал етуі 

термин-сөздерге  байланысты  атаулардың  терминденуінде  жаңа  қатынастар 

пайда  болуымен  айқындалды.  Атап  айтатын  болсақ,  іс-әрекет  құралына 

байланысты  қатынасты  білдіретін  жаңа  ономасиологиялық  құрылымдар 

жасалды.  Мысалы,  «Атаулар  сөздігінде»  мынадай  өндіріс  салалары 

дараланып, жеке көрсетілген: тау-кен кәсібі, ағаш жасау кәсібі, кен өндірісі, 



қолөнер  кәсібі,  алтын  өндірісі,  керемік  кәсібі,  кәнсербі  кәсібі,  бояу  кәсібі, 

орман кәсібі, зығыр кәсібі, май кәсібі, май өндірісі, мәшине өндірісі, мәшине 

жасау  кәсібі,  метал  кәсібі,  метал  шығару  кәсібі,  тиірменшілік  өндірісі, 

тиірменшілік  кәсібі,  сабын  былғау  кәсібі,  мұнай  кәсібі,  өңдеу  кәсібі,  сауда 

кәсібі,  мақта  кәсібі  және  т.б.  Сонымен  бірге,  осы  салаларға  қатысты  кәсіп 

атаулары  да  беріліп  отырған.  Мысалы:  тау-кен  кәсібі  →  тау-кен  кәсіпшісі, 



кен  қазушы;  ағаш  жасау  кәсібі  →  ағаш  шебері;  кен  өндірісі  →  кеншілер; 

қолөнер кәсібі → қол кәсіпшісі; сауда кәсібі → саудагер және т.б. 

Ірі  машиналық  индустрияның  дамуына  орай  механикаланған  еңбек 

үдерісін  білдіретін  кәсіп  атаулары  қалыптаса  бастайды.  Дегенмен,  бұл 

кезеңге  сәйкес  мұндай  атаулар  көп  кездесе  бермейді,  мысалы,  меқаникеші 

(тетікші).  Бұл  аралықта  қазақ  тіліне,  әсіресе  химия  өндірісіне  байланысты 

көптеген  сөздер  еніп  үлгерді:  орман  кимиелік  зауыт  (лесохимическая 

промышленность), епір (эфир), поспыр (фосфор), көкжаркіпіраз (купорос), 


152 

 

сірке  (уксус),  қышқыл  поспырлы  ізбес  (фосфорно-кислая  известь)  және  т.б. 

сөздер  сол  кездерде-ақ  тілімізге  енген.  Бірақ  механикаландыру  мен  ғылым 

жетістіктерін  аса  қажет  ететін  бұл  өндіріс  салаласына    қатысты  кәсіп-

мамандық атауларының әлі де түпкілікті қалыптаса қоймағаны байқалады.  

Біздің  ойымызша,  бұл  ретте,  дәстүрлі  терминологияның  көнелік  негізі, 

яғни  оның  үнемі  жеткіліксіздігі,  нақты  техникалық  прогрестен  артта  қалып 

қоятын  қасиеті  көрініс  табады.  Себебі,  көп  жағдайда  атаулар  сол  бұрынғы 

қалпында  етістік  негізінде  жасалып,  іс-қимылға  байланысты  қатынасты 

білдіргенімен, еңбек барысы белгілі бір машина, аппарат, құрал т.б. арқылы 

жүзеге  асырылады.  Мысалы,  тоқушы  (текстильщик),  жол  бұрушы 

(стрелочник), теруші (наборщик), реттеуші (монтер) және т.б. 

1935  жылы  өткен  Мәдениет  қайраткерлерінің  бүкілқазақстандық 

құрылтайының (съезінің) күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелердің бірі – 

орфография  мен  терминология  мәселесі  болды.  Осы  құрылтай  қарсаңында 

Мемлекеттік  термин  комиссиясы  өзінің  кеңейтілген  мәжілісін  өткізіп,  онда 

ғылымның әртүрлі саласына байланысты жасалып жатқан терминдер жүйесі 

туралы сөз қозғады. 

Қазақ тілінің ғылыми терминологиясын жасап, оларды ретке келтіруде, 

сондай-ақ  алдағы  жұмыстар  бағытын  айқындай  түсуде  бұл  құрылтайдың 

атқарған  рөлі  зор  болды.  Құрылтайда  терминология  мәселесі  ғылыми 

проблема  есебінде  қарастырылып,  оның  негізгі  белгілері,  ерекшеліктері 

анықталды.  Лексиканың  өзге  қабаттарына  қарағанда  терминнің  өзіне  тән 

өзгеше  қызметі,  жасалу  жолдары,  қалыптасу  сырлары  бар  екені  дәлелденіп, 

ғылыми  қағидаттары  түзілді.  Осының  негізінде  бұдан  былай  қарай  термин 

жасау  ісі  белгілі  бір  ғылыми  жүйеге,  тіл  заңдылығына  сәйкес,  қабылданған 

қағидаттар  негізінде  жүргізілетін  болды.  Яғни  термин  жасаудың  ортақ 

қағидаты түзіліп, оның басқа да маңызды мәселелері шешімін тапты. 

Құрылтай қарсаңында жасалып, жұртшылық талқысынан өткен, сөйтіп 

құрылтай  мақұлдамасын  алған  қазақ  терминдері  Қазақстан  Халық 

Комиссарлары  Кеңесінің  1935  жылғы  23  маусымдағы  812-қаулысымен 

бекітілді.  Құрылтайдың  алды-артында  қауырт  жүргізілген  осы  тектес 

жұмыстар  нәтижесі  іле-шала  І936  жылы  терминологиялық  сөздік  күйінде 

«Қазақ тілі терминдері» деген атпен жұрт қолына тиді. Қ.Жұбановтың жалпы 

редакциясымен  «Қазақстан»  баспасынан  жарық  көрген  бұл  сөздіктегі 

терминдер  негізінен  үш  саланы  (әлеуметтік-экономика,  физика  мен 

математика)  қамтыған.  Жинақталған  терминдер  саны  онша  көп  бола 

қоймағанмен,  бұл  қазақ  терминологиясың  сол  кезеңнің  талап-тілегіне  орай 

ғылыми арнаға түсіріп, оның әлеуметтік мәні бар мәселе екенін танытқан игі 

іс ретінде тарихта қалды. 

Сөздікте  Үкімет  қаулысымен  бірге  Мемлекеттік  термин  комиссиясы 

басшылыққа  алатын  қазақ  әдеби  тілі  терминологиясының  он  тармақтан 

тұратын  қағидаты  берілді.  Бұл  кұжат  терминологтар  алдына  мынадай 

талаптар қойды: 



153 

 

Бірінші шарт бойынша: әдеби тілдердің көбіне ортақ революция, совет, 



теория,  практика,  тенденция,  медицина,  хирургия,  климат,  абсолютный, 

конкретный  т.с.с.  халықаралық  сипаты  бар  терминдерді  сол  түпнұсқадағы 

қалпынша қазақ тіліне аудармай алу.  

Екінші шарт бойынша, әдеби тілдер тәжірибесінде аударылып алынып 

жүрген  производство,  труд,  деньги,  корень,  стебель,  мышцы,  деление, 



умножение  тәрізді  халықаралық  терминдерді  аудару  керек.  Ал  сословие, 

состав,  клетка,  слет  сияқты  қазақ  тілінде  баламасы  жоқ  немесе  терминнің 

қазақша нұсқасы бастапқы мағынадан ауытқитын болса, онда оны аудармай 

алған жөн делінеді. 

Үшіншіден, әртүрлі ғылым салаларына ортақ терминдер болуы мүмкін. 

Мысалы,  материя  термині  философия  мен  физикада,  түбір  термині 

математика, ботаника және лингвистикада, реакция термині химия, биология 

және  саяси  ұғым  есебінде,  экскурсия  сөзі  оқу-ағарту  ісі  мен  физиология 

ғылымында кездеседі. Бұларды сол бірыңғай түрде қалыптастыру керек. 

Төртіншіден,  әрқилы  жағдайда  әр  алуан  мағынаны  білдіретін 

мануфактура (тарихи-экономикалық және товартану мағынасында), продукт 

(өндіріс  өнімі  және  азық-түлік  мағынасында)  сияқтылар  бір  пәнде  термин 

ретінде алынсын да, екіншіде жай сөз ретінде аударылсын. 

Бесіншіден,  халықаралық  терминдер  орысшада  қалай  алынса, 

қазақшада  да  солай  алынады.  Егер  ол  сөздерді  таңбалайтын  кейбір  әріптер 

жетіспесе, қазақ әліпбиінің бар мүмкіндігі пайдаланылатын болсын. 

Алтыншы  тармақ  бойынша,  аударуға  келетін  терминдерді  аударғанда 

оның ғылыми мәні дәл берілуін қадағалау қажет. Аудару кезінде қазақ тілінің 

грамматикалық  ерекшеліктері  қатаң  сақталуы  тиіс.  Береміс  –  «передача», 

көпбұрышты  –  «многоугольник»,  тәжірибе  –  «практика»  тәрізді 

терминдерді түсініксіз ететін жасанды сөзжасамға үйір болмаған жөн. 

Жетінші тармақта былай деп көрсетіледі: есім және есімденген етістік 

түріндегі халықаралық (интернационал) терминдер сол түрінде алынсын. Ал 



-изация, 

-ификация, 

-ация 

жұрнақтарымен 

келетін 

машинизация, 

электрофикация,  объективация  сөздеріне  қазақ  жұрнақтары  жалғанып 

алынсын (машиналандыру, электрлендіру, объективтендіру). 

Ал  -ский,  -ный  жалғаулары  арқылы  жасалған  анықтауыш  сын  есімдер 

қазақшасында  қысқартылып  популяр  кітап  (популярная  книга),  абсолют 



шама  (абсолютная  величина),  буржуаз  идеология  (буржуазная  идеология), 

экстенсив  шаруашылық  (экстенсивное  хозяйство),  дифференциал  теңгерме 

(дифференциальное уровнение) түрінде алынуға тиіс. Сондай-ақ түбір сөздің 



к  дыбысы  ч-ға  айналып  -ский  жұрнағымен  келетін  сын  есімдер  жалғауы 

қазақшасында  қысқартылып,  электр  шам  (электрическая  лампа),  физика 



география (физическая география) т.б. түрінде берілсін. 

«Изолировать»,  «машинизировать»  тәрізді  есімнен  болған  етістік 

формалар қазақ тілінің жұрнақтары арқылы изоляциялау, машиналандыру деп 

аталсын. 


154 

 

Сегізінші  тармақта  халықаралық  терминология  тәжірибесінде 



қолданылып жүрген кейбір  -ист, -изм тәрізді суффикстер мен ре-, син-, де-, 

анти-,  контр-  тәрізді  сөзалды  префикстерінің  қазақ  тілінде  баламасы  жоқ 

болғандықтан,  термин  сөздермен  бірге  бұлар  да  қабылдансын,  басқа 

қосымшалардың бәрін де қазақша түрінде алу керек. 

Тоғызыншы  тармақта  кысқарған  сөздер  жайы  әңгіме  болады:  авто, 



аэро,  авиа  т.б.  қазақ  сөздерімен  біріктіріп,  автожол,  автоқатынас, 

авиашана  т.б.  деп  алынсын  делінген.  Осы  күнге  дейін  қазақша  аудармасы 

беріліп  келген  диктатура,  революция,  совет,  теория,  практика, 



контрреволюция,  милитаризм  тәрізді  т.б.  терминдер  бұдан  былай  қарай 

аударылмай, бәрі сол халықаралық қолданыстары қалпынша алынуы тиіс. 

Оныншы тармақта өте маңызды мәселеге мән беріледі. Атап айтқанда, 

Қазан  төңкерісінен  бері,  әсіресе  орыс  тілінің  сөз  жасау  тәжірибесінде 

қолданылып  келе  жатқан  біріккен  күрделі  сөздер  мәселесі  әңгіме  болады. 

Саяси  экономия  (политэкономия),  ауатком  (райисполком)  т.б.  тәрізді  жаңа 

тіркесім  терминдер  қазақ  тілі  заңдылығына  орай  жасалып,  Мемтерминком 

бекіткен соң қолданысқа ендірілсін. 

Міне,  ең  алғаш  түзіліп,  басшылыққа  ұсынылған  терминжасам 

қағидаттарының  өзіндік  сипаты  осындай  жетістіктермен  қатар,  кейбір 

кемшіліктерінің  болғанын  да  жасырудың  қажеті  бола  қоймас.  Мәселен, 

кейбір  халықаралық  терминдер  мен  «советизмдерді»  сөз  еткенде  қайсыбір 

жүйесіздіктер  көзге  түседі.  Оның  бер  жағында,  терминжасам  үдерісіндегі 

қазақ  тілінің  өз  мүмкіндігі  жан-жақты  ашылып  айтылмайды.  Сондай-ақ 

аударылсын  деген  сөздердің  біразын  аударудың  керегі  жоқтығы,  ал 

түпнұсқадағы  күйінде  берілсін  дейтін  сөздердің  қайсыбірінің  тамаша 

баламасы  бар  екені  аңғарылады.  Қысқасы,  күні  кешеге  дейін  бұл  істе  орыс 

тілінде қалай болса, солай алу керек деген пиғыл үстем болып келді. Соған 

қарамастан,  осындағы  көрсетілген  қағидат  алдағы  терминжасам  үдерісіне 

қызмет еткен құжат еді. 

Профессор  Қ.Жұбанов  бұл  қағидаттарды  ұсына  отырып,  аударма 

терминдерінің  алғашқы  кезде  құлаққа  ерсі  естілетінін,  бірақ  бұл 

терминдердің  «самаурын»,  «бөкебай»  сөздері  сияқты  сіңіп  кететінін 

ескертеді.  «Мыс.:  аэросаниға  ұқсатып,  ультракүлгін,  микротаразы  сияқты 

бірқатар терминдерді интернационал сөзбен қазақтың төл сөзіне ұқсатып 

әдейі  алып  отырмыз.  Осы  сықылды  техникалық  сөздер  сол  күйінде  елдің 

кұлағына  сіңіп,  пайдаға  асып  кетсе,  аэроға  ұқсаған  халықаралық  сөздерді 

сонда ғана өзіміздікі қылып, меншіктеп алатын боламыз. Бүгінде 



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал