Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет11/43
Дата15.02.2017
өлшемі3,08 Mb.
#4165
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43

Сөзжасам 

 

Қ.Жұбанов қазақ тіл білімінің морфология саласы бойынша ғана емес, 

сөзжасам  саласының  қалыптасуына  да  зор  үлесін  қосты.  Ғалымның 

қосымшаларға,  күрделі  сөздерге,  біріккен  сөздерге,  қос  сөздерге,  қысқарған 

сөздерге  қатысты  ойлары  жаңа  сала  ретінде  морфологиядан  бөлініп,  жаңа 

отау  тіккен  сөзжасам  саласына  да  тікелей  қатысты  еді.  Ғалым  сөзжасамды 

сол кездері жеке сала ретінде атамағанмен, жаңа сөздік құрамды байытушы 

сөзжасамдық  жұрнақтарды,  сондай-ақ  сөзжасамның  аналитикалық  тәсілі 

болып табылатын қосарлану, бірігу арқылы жаңа сөздердің жасалатындығын 

айтып кеткен. Сөз тудырушы жұрнақтар тұрғысынан бір ғасырға жуық уақыт 

морфологияның құрамында ғана бой көрсетіп жүрген сөзжасам саласы қазақ 

тіл білімінің бүгінгі  дамып-қалыптасу сатысында әжептеуір нәтижелерге қол 

жеткізді.  1989  жылы  жарық  көрген  «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесі» 

атты ғылыми еңбектің жарық көруі бұл саланың тіл білімінің дербес саласы 

ретінде  қалыптасуына  игі  ықпалын  тигізді.  Бұл  еңбектің  авторлары  – 

Н.Оралбаева, 

А.Қалыбаева, 

Қ.Есенов, 

М.Балақаев, 

Е.Жанпейісов, 

С.Нұрханов  т.б.  ғалымдар  қазақ  тілінің  сөздік  құрамының  сөзжасамдық 

тәсілдер  арқылы  дамып-қалыптасатындығын,  сөзжасам  жүйесінің  тіл 

байытудағы рөлі мен қызметін саралап көрсетті (56).  

Сөзжасамның кейбір мәселелері алғаш қазақ тіл білімінде 30-жылдары 

Қ.Жұбанов еңбектерінде зерттеу нысаны болды. Сол кездің өзінде-ақ ғалым 

жұрнақтарды  тарихи-салыстырмалы  тұрғыдан  зерттеп,  этимологиялық 

талдаулар жасаған. Жұрнақтардың сөзжасамдық қызметіне қатысты мынадай 

тұжырымды  пікір  айтқан:  «Большинство  аффиксов,  встречающихся  в 



терминах, сохраняется и в казахском употреблении, но не будет выделяться 

органической частью основы» (8), – деген сөздерінен Қ.Жұбановтың кейбір 

қосымшалардың екіжақты қызметін танығандығын көреміз. Бұл жерде ғалым 

қолданыстағы  грамматикалық  формалардың  жекелеген  түбір  сөздер  жасау 

мүмкіндігі  барын  айтып  отыр.  Бұған  қоса  ғалым  кейбір  қосымшалардың 

сөзжасамдық  тәсілдер  арқылы  түбір  құрамына  сіңіп,  ажыратуға  келмейтін 

дәрежеге жеткендігін тарихи тұрғыдан ашып көрсетеді. 

 Сөзжасам  қосымшаларының  ең  өнімдісі  -шы/-ші  жұрнағы  екендігі 

белгілі. Қ.Жұбанов бұл жұрнақ туралы: «-шы/-ші ...обладающий чрезвычайно 



высокой продуктивности и широким полисемантическим диапазоном», – деп 

өнімді  қосымша  екендігін  атай  отырып,  оның  кейбір  сөздерде  тарихи 

түбірлер  жасауға  қатысатындығын  көрсетеді.  Мәселен,  қазіргі  кезде 

бөлшектеуге келмейтін ұрғашы сөзін ұрық және -шы морфемаларына жіктеп, 



118 

 

бұл  сөздің  этимологиясын  былайша  түсіндіреді:  «...из  формы  «уруг» 



образовалась  «урга»  /ұруғ  –  ұруғу  –  ұрға/  с  присоединением  аффикса  -шы

приняла  вид  «ұрғашы»»  (8).  Осы  тәріздес  қазіргі  қазақ  тіліндегі  зат  есімнің 

рең  мәнін  тудырушы  -ша/-ше  және  -шақ/-шек  қосымшаларын  бала-шаға 

сөзінің  құрамындағы  шаға-шақа  сөзінің  қысқаруынан  пайда  болған  деп 

анықтаған:  «...  если  согласиться  с  положением  о  том,  что  суффикс 



уменшительности -шақ/-шек, -шық/-шік, -ша/-ше восходит к слову «дитя», 

отсюда  «маленький»,  то  следует  принять  такие  морфологические 

образования как «құлын-шақ» – «жеребенок» и «келін-шек» – невесточка за 

образования  синтаксические  сочетания,  состоящие  каждое  из  двух  слов

құлын-шақ  /жеребенок  –  дитя,  жеребенок  маленький/  и  келін-шек/ 

невестка-дитя,  невеста  маленькая»  (8).  «Қ.Жұбанов  және  сөзжасам 

мәселесі»  деген  мақаласында  Н.М.Алдашев  ғалымның  сөзжасам  саласына 

қосқан  үлесі  туралы  былай  деп  жазады:  «Қазақ  тіліндегі  жұрнақтардың  сөз 

тудырушы және сөз түрлендіруші ерекшеліктерін, морфеманың сөзжасамдық 

қасиетін,  қабілетін,  жасалу  жолдарын  анықтауда  профессор  Қ.Жұбановтың 

айтқан  пікірлері  мен  қазіргі  кезеңдегі  сөзжасамның  заңдылықтары  үндес 

келетіндігін көреміз» (57, 116). 

Тақырыптың  түйінін  Қ.Жұбанов  еңбектерін  арнайы  зерттеген 

ғалымдардың  бірі  Ж.Тектіғұлдың  (58)  ғалымның  қазақ  тілінің  грамматика 

саласына қатысты тұжырымдарымен аяқтауды жөн көрдік: 

1)  Қ.Жұбанов  өзіне  дейінгі  және  одан  кейінгі  оқулықтарда  орын  алып 

келген кемшілік – бір сөздің сөйлемде атқаратын қызметіне қарай әртүрлі сөз 

табына жатқызылуының қисынсыздығын дәлелдеп берді, яғни сын есім мен 

сан есімнің сөйлемдегі қызметін дұрыс шеше білді; 

2) сайын, төмен, арқылы, ең, тым, нақ т.б. септеуліктері мен күшейткіш 

сөздерді үстеу құрамынан шығарды; 

3) қазақ тіл білімінде тұңғыш аналитикалық тұлғадағы сөз тіркестерінің 

барын анықтап, оны қосалқы деп атады; 

4) бұрын тіл білімінде еленбей жүрген сөз құрамындағы морфемалардың 

орналасу орнын көрсетіп берді және сөз алды, сөз артында келетін көмекші 

сөздерді сол сөздің мағыналы бөлшегі, ажырамас элементтері ретінде қарау 

қажеттігін түсіндірді; 

5) тілімізде тұлғасы күрделі көмекші етістіктердің (отыр, жатыр, жүр, 

тұр)  бар  екенін  дәлелдеп,  оның  шақ  категориясымен  тығыз  байланысты 

екендігін анықтап берді; 

6) «біріккен сөздер» терминін «кіріккен сөздер» терминімен ауыстырып, 

олардың шекарасын белгіледі; 

7) өлі түбірлер мен өлі жұрнақтардың шығу төркінін анықтап берді.  

Ғалымның  қазақ  тіл  ғылымының  морфология  саласына  қосқан  үлесі 

осы  санамаланып  көрсетілген  жаңалықтармен  шектелмейді.  «Сөз 

материалының  түр  сипатын»  айқындап  берген  ғалым  еңбектері  ешқашан 

өміршеңдігін жоймақ емес.  

 


119 

 

«Қиынын тауып қаламасаң...» 



(Қ.Жұбановтың синтаксис саласындағы еңбектері жайында) 

 

Профессор  Құдайберген  Қуанұлы  Жұбановтың  қазақ  грамматикасына 

қатысты  алғашқы  оқулықтардың  бірі  саналатын  5-сыныпқа  арнап  жазған 

«Қазақ  тілінің  грамматикасы» (жалпы морфология)  еңбегінің бірінші бөлімі 

1936  жылы  жарық  көреді.  Аталған  оқулықта  ғалым  қазақ  тілінің 

грамматикалық  құралымын  формалық  және  мазмұндық  жағынан  егжей-

тегжейлі сипаттап береді. Ал кітаптың екінші бөлімі ғалымның репрессияға 

ұшырауымен байланысты жоғалған.  

Аталмыш  грамматикада  морфология,  синтаксис,  фонетика  мәселелері 

қамтылып,  теориялық  материалдар  ғана  берілген.  Қазіргі  мектеп 

грамматикаларындағы  сияқты  жаттығулар  бірге  берілмей,  жаттығу  кітабы 

жеке  шыққан.  Ол  жөнінде  автор:  «Бұл  грамматиканың  жаттығу 



материалдары 

С.Жиенбаевтың 

«Грамматика 

талдау» 

кітабынан 

алынсын», – деген ескертпе береді. 

Ғылым,  ең  алдымен,  белгілі  бір  саладағы  зерттеулермен  айналысатын 

ғалымдарға  арналып,  осындай  ізденістердің  нәтижелері  ғана  көпшілікке 

тарайтынын ескерсек, қазақ тіл білімінің енді ғана қаз тұрып, тәй-тәй басып 

келе  жатқан  тұсында  жұртшылыққа  түсінікті  болу  үшін  Құдайберген 

Жұбанов  өзіне  тән  ерекше  тәсілді  қолданады.  Ғалым  грамматикалық, 

синтаксистік  құбылыстарды  қарастырғанда  «белгілі  бір  материалдан  зат 

құрастырып отырғандай, көзбен көріп, қолмен ұстап, оның дәмін, иісін сезіп, 

қатты-жұмсақтық  қасиеттерін  байқап  отырғандай  танып»,  «...  қарапайым 

«тілмен жазып тұрып, ол жазғанын ғылыми тұрғыда шығарады»... (59, 100) 

Қ.Жұбанов  ұлттық  таным  мен  ерекше  ойлауының  арқасында 

грамматикалық  атауларды  (түбір  сөз,  қосымшалы  сөз,  кіріккен  сөз,  қияюлы 



сөз, қосар сөз, қосалқылы сөз; қосар сөздер (қос сөздер), теңдес қосар (аға-

іні), сөздес қосар (бара-бара), матаулы сөз (көзбе-көз), тіркеулі қосар (шай-

пай), қосалқы қосар (қап-қара) және т.б.) ұлттық сипатта қалыптастырды деп 

нық сеніммен айта аламыз. Проф. Г.Қосымова ғалымның осындай атауларды 

берудегі  шеберлігін  былайша  дәріптейді:  «Қ.Жұбановтың  зерттеулеріндегі 

атаулар  асқан  дәлдігімен,  таным  тереңдігімен  бағаланады;  кейбірі 

қолданыста  болмаса  да,  сол  атаулар  арқылы  айтқысы  келген  ой-түсінігі 

кейінгі  грамматикада  анықтамалар  мен  ережелерді  қалыптастырды. 

Қ.Жұбанов  зерттеулері  өзіміздің  зерттеушілерімізге  ғана  емес,  өзге  тілді 

зерттеушілерге де үлгі болды» (37, 40).  

Демек Қ.Жұбановтың аталмыш оқулығы қазақ тілінің грамматикасына 

қатысты ең алғашқы теориялық еңбектердің бірі болуымен қатар, көпшілікке 

арналған  нағыз  ұлттық  сипаттағы  дүние  болды  деп  нүкте  қоюға  болатын 

сияқты.  Иә,  ғалым  не  айтса  да,  ой-пікірін  адамдардың  тіршілігінен  алып, 

жұршылыққа 

түсінікті 

тілмен 

жеткізеді. 



Профессор 

Г.Қосымова 

Қ.Жұбановтың  қазақ  тіліндегі  грамматикалық  атауларды  қалыптастырудағы 

көрегендігін  ғалымның  пайымдаушылық  қабілетінен,  дүниені  дұрыс  танып-



120 

 

білуінен  деп  түсінеді:  «Пайымдаушылық  қасиет  тапқырлыққа  алып  келеді. 



Қ.Жұбановтың  грамматикалық  атаулардың  тілдік  табиғатын  дұрыс  танып, 

ұтқыр атау  беруі  пайымдағыштық  қабілетінің жоғарылығынан  еді»  (37,  40). 

Осы  пайымдаушылық  қабілет  пен  тапқырлығының,  шынайы  ұлттық 

танымының  арқасында  ғалымның  грамматиканы  жазуда  қолданған 

тәсілдерінің  бірі  грамматиканың  заңдылықтарын  балаға  таныс,  өмір 

тәжірибесіне  сай  мысалдарға  сүйене  түсіндіру  болғандығы  кез  келген 

сөйлемінен  байқалады.  Мысалы,  ғалымның  сөз  бөлшектері  туралы  айтқан 

ойлары  соқырға  таяқ  ұстатқандай  қарапайым  тұрмыстық  заттармен 

салыстырыла  отырып  жазылған.  Тіпті  оны  оқыған  бес  жасар  бала  да 

түсінерлік  дерсің.  Ғалымның  өз  сөзін  келтірейік:  «Сөз  бөлшектерінің 



жасалуы  үйдің  салынуы  сияқты.  Ағаш,  тас,  кірпіш,  балшықтарды  қалай 

болса,  солай  құрастырып,  үйе  салса,  үй  болмайды,  тек  үйіншік  болады.  Үй 

болу үшін қыйынын тауып қалап, байлауын тауып ұстатып; адам тұратын 

бөлме  ме,  мал  қамайтын  қора  ма,  астық  жинайтын  сарай  ма?  Қайсысы 

екеніне  –  керегіне  қарай  тиісті  түр  беру  керек.Қиынын  тауып  қаламасаң, 

байлауын  тауып  ұстатпасаң,  сөз  бөлшектері  де  сөгіліп  кетеді.  Ондай 

сөгіліп  кеткен  сөз  не  тіпті  сөз  болмай  шығады  да,  немесе,  адамға  арнап 

салған  үйің  құстың  күркесі  болып  шыққандай,  керекті  сөзің  болмай,  басқа 

бір сөз болып шығады» (8, 148). 

Қ.Жұбанов грамматика саласының күрделі бөлігі саналатын синтаксис 

бөлігін «сөйлем жүйесі» деп өте кең көлемде қарастырғандығы аңғарылады. 

Ғалымның  синтаксис  мәселелеріне  арнаған  еңбектерін:  1)  синтаксис 

мәселелерін  арнайы  сөз  еткен  зерттеулері,  2)  синтаксистің  заңдылықтарын 

ғалым өзге сала проблемаларын талдау барысында қосымша дерек сапасында 

пайдаланып,  тілген  тиек  еткен  зерттеулері  ретінде  бөлуге  болады  (60,  204-

207).  Бұл  –  әрине  ғылыми  зерттеу  нәтижесінде  туындаған  жіктелім.  Бірақ 

оның  астарында  ғалымның  әдіскер  ретінде  қолданған  «жалпыдан  жекеге, 

жекеден  жалпыға»  қарайғы,  индуктивті-дедуктивті  әдістерін  бағамдаймыз. 

Бұл  әдіс  түрлерінің  атаулары  ғалым  өмір  сүрген  дәуірде  айтылды  ма, 

айтылмады  ма,  ғалымға  таныс  болды  ма,  жоқ  па  –  ол  жағы  беймәлім,  тіпті 

мәселе онда да емес. Ғалымның ішкі пайымдауының дұрыстығында, табиғат 

берген талантында. 

Профессор  Қ.Жұбановтың  тіл  білімінің  салаларын  бір-бірінен  бөлек 

құбылыс ретінде емес, тілдік бірліктерді бір-бірімен байланыстыра, сабақтас 

органикалық  бірліктегі  құбылыс  ретінде  қарастырғандығына  синтаксистің 

лексикамен  байланысын  сызба  арқылы  көрсетуін  айтуға  болады.  Ғалым 

сөйлем мүшелерін «бірде құралса, екінші жолы таратылып, қайта құрыла 

беретін  баспахананың  харіптері  сияқты»  нәрсе  ретінде  сипаттайды.  Біздің 

ойымызша,  бұл  жерде  ғалымның  негізгі  пікірі  сөз  тіркесі  синтаксисінің 

төңірегінде өрбитін сияқты. Тілдегі сөздер өздерінің тіркесімділік қабілетіне 

қарай  өзгеріп  тұратын  болса,  синтаксистен  лексиканың  ерекшелігі  –  ол 

тұрақты болып, «заттың атын өзгертуге болмайтындығында». «Сөйтіп тілдің 

бір басына сиысатын екі түрлі қайшылықтан – бүтін мен бөлшектен – екі 


121 

 

жақтың теңдігі туады. Кейде бұл екі жақтың бірі басым болады (ала бер, 



тайға  таңба  басқандай,  әй!).  Бұл  мысалдардың  алғашқы  екеуінде  лексика 

жағы басым болып кеткен де, соңғысында синтаксистік жағы – хабар беру 

жағы  –  басым  болып  кеткен».  Біздің  пайымдауымызша,  ғалым  бүтін  деп 

синтаксисті,  яғни  сөйлемді  меңзесе,  бөлшек  ретінде  лексикалық  бірліктерді 

қарастырған деп ұғынуға негіз бар. 

Профессор  Қ.Жұбановтың  лексика  мен  синтаксистің  байланысына 

қатысты  жасаған  сызбасын,  ойларын  тереңірек  зерделей  келсек,  олардан 

сөйлеудің туу механизмі жайлы ой қылаң беретіндей. Қ.Жұбанов мынадай ой 

тұжырымдайды: «Сөз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар болады. Сөздер 

жеке-жеке  жүреді,  бірақ  олар  жекелік  үшін  жасалған  емес,  басқаға 

жанасым тауып үйлесерлік болып жасалған. Өз басы атау болуға жаралған 

сөзді  бүтін  дейміз.  Бүтін,  әрине,  бөлшек  емес.  Сөйте  тұра,  олар  құрамды 

бөлшек  болып  барып  материал  болып  тұтас  ой  туғызатындықтан,  жеке 

сөздерді  үйлесім  табушылар  тобының  бір  бөлшегі  дейміз».  Ғалым 

К.Қ.Садирова  ғалымның  бұл  ойын:  «Байқап  отырғанымыздай,  сөз  –  бүтін, 

бүтін бола тұрып хабар беруші бөлшек. Хабар (синтаксис) – бүтін, лексика – 

бүтін,  сондай-ақ    құрамды  бөлшек.  Үйлесім  табушылар  тобы  –  тіл 

деңгейлері», – деп түсіндіреді (60, 205).  

Лексика  мен  синтаксистің  бір-бірімен  тығыз  бірлігі  туралы  ғалымның 

мына  ойы  да  аса  маңызды:  «Лексиканың  атау  ретіндегі,  мағына 

айырмашылығындағы  кемшілігін  синтагма  толтырады  (жылқышы)  –  бұл 

бір;  лексиканың  жарамды-жарамсыздығына  байланысты  кемшілігін  де 

синтагма  толтырады  (жылқымның  жарымы)  –  бұл  екі».  Ғалымның  бұл 

тұжырымы  лексикалық  бірліктің  морфологиялық  формаларды  пайдалана 

отырып,  тіркесімділікке,  яғни  синтаксистік  қатынастарға  ұмтылу  қасиетін 

меңзеп  тұр  деп  ойлаймыз.  Бұл  жерде  ерекше  атап  өтетін  жайт  –  ғалымның 

қазіргі  тіл  білімінде  де  қыр-сыры  әліге  дейін  толыққанды  ажыратылмай 

жүрген «синтагма» терминін өз орнына, дәл мағынасында пайдаланғандығы 

еріксіз таң қалдырады.  

Сонымен  қатар  Қ.Жұбановтың  жалпы  грамматика  туралы  айтқан 

пікірлеріндегі назар аударарлық мәселе – синтаксистік қатынас түрлерін дәл 

тануы.  Мысалы:  «Оқимын  деген  бір  сөзде  объектік  те,  субъектік  те, 



предикаттық  та  элементтер  бар;  бұл  пәлсәфа  жағы.  Шынында,  сөз 

біткеннің бәрі де адам үшін объект. Солай бола тұрып, адамның өзі де бір-

біріне  объект  те,  субъект  те  бола  алады.  ...  Атрибут  –  өз  беттілігі  жоқ, 

тек қана біреудің меншікті белгісі. Объект – өзінен тыс деген сөз. Тақырып 

– субъект, сол тақырыпқа қатысты нәрсе – объект» (8, 86). Қ.Жұбанов сол 

кездердің  өзінде-ақ,  қазіргі  грамматикалық  ұғымдар  саналатын  жоғарыдағы 



объект,  субъект,  атрибут  сияқты  тілдік  терминдерді  философиямен 

сабақтастыра отырып, ғылыми пайымдаулар жасаған. 

Тіл білімінде «тіл» ұғымына берілген үш жүзден астам анықтаманы ой 

елегінен  өткізе  келсек,  ол  (тіл)  ең  алдымен  қатынас  құралы,  яғни  қоғамдық 

құбылыстың  бір  түрі  деген  тұжырым  басымдық  танытады.  Әрине  біз  бұл 


122 

 

жерде  тіл  философиясы  мәселесіне  барудан  аулақпыз.  Дегенмен  адамзат 



баласының  «тіл»  атты  қасиеті  әрбір  ұлттың  бойында,  дүниетанымында 

өзімен  бірге  өмір  сүретінін  ешкім  де  жоққа  шығара  алмайды.  Осы  тұста 

ғалымның  сөйлеудің,  яғни  синтаксистік  құбылыстардың  статикалық  тілдік 

құбылыс  болып  қана  қоймай,  тілді  қолданушының  қажетіне  жарайтын 

«жанды»  құбылыс  екендігін  айқындаған  ойын  мына  пікірлерінен  аңғаруға 

болады:  «Сөйлеу  – хабар  беру,  коллективтік  көрініс. Бұған  ең азы екі адам 



қатысуы керек». Ғалымның сөйлеуге (синтаксиске) қатысты қай тұжырымын 

алсақ  та,  қазіргі  тіл  білімінде  енді  зерттеліп  келе  жатқан  салалардың 

«ұштығы»  жатқандығы  аңғарылады.  Мысалы,  жоғарыдағы  пікірден  сөйлеу 

актісі (речевой акт) концепциясының нышанын аңғаруға болады. Ғалымның 

қазақ  тіл  білімінің  енді  ғана  қолға  алынып  жатқан  шағында  жазған 

еңбектерінің  өзінде  де  қалам  тартқан  тақырыбының  қыр-сырын  терең 

түсінгендігін оның тілдік құбылыстарға берген атаулары мен терминдерінен 

көруге болады. Мысалы, ғалым « ... сөз айтылған жерде сөйлесу болады, ал 



одағайларды айтқанда бір жақты сөйлеу бар да, екі жақты сөйлесу жоқ» 

дей отырып,  сөйлеу  мен  сөйлесу  терминдері  арқылы  диалогтық  (екі  жақты), 

монологтық (бір жақты) сөйлеуді дәл анықтағаны тәнті етеді. 

 Профессор Қ.Жұбановтың грамматикаға, әсіресе синтаксиске қатысты 

еңбектерін  оқи  отырып,  кез  келген  зерттеуші  өзінің  зерттеу  объектісіне 

қатысты  маңызды  тұжырымдар  таба  алады  деген  тұжырымға  келеміз.  Оны 

нақтылау  үшін  тағы  да ғалымның өзін  сөйлетейік:  «Сөйлеу  деген  –  біреудің 

екінші біреуге хабар беруі. Сөйлеушінің тыңдаушыға беретін хабары өзіне әр 

түрлі  әсер  ететін  болады.  Өзінің  бір  жақын  не  дос  адамының  өлгенін 

хабарлап  тұрса,  бұл  хабар  сөйлеушінің  өзіне  қайғы  туғызады.  Өзінің  бір 

жолдасының бір ірі табысын сөз қылып тұрса, бұл хабар сөйлеушінің өзіне 

қуаныш,  шаттық  енгізеді.  ...  Сөйлеуші  бірдеменің  жайын  хабарлай  тұрып, 

сонымен  бірге,  сол  хабары  өз  басына  қандай  әсер  ететінін  де  – 

қайғыратынын,  қуанатынын,  опындыратынын,  т.т.  да,  көбінесе  қоса 

білдіреді. Өйткені сөйлеуші тас емес, тірі адам, сезімі бар, жүрегі бар адам. 

Сондықтан  оған  дүниедегі  болып  жатқан  әр  түрлі  құбылыстар  әртүрлі 

әсер  етпей  қоймайды.  Біріне  қуанады,  біріне  салқын  қанмен  қарайды». 

Үзіндіні  ұзақ  келтіріп  отырған  себебіміз:  бір  мәселені  қозғаған  келелі  ой, 

үйлесімді жалғастық тапқан ой үзуге келмейді. Бұл – бір. Екіншіден, үзіндіде 

сөйлеу, сөйлеуші мен тыңдаушы, иллокутивтік акт, модалдік мағына сияқты 

мәселелер  тізбектеле,  бір-бірімен  ғылыми  сабақтастықта  берілген.  Демек, 

Қ.Жұбанов  сөйлеуді  (синтаксисті)  тек  таза  тілдік  құбылыс  ретінде 

қарастырмай,  оны  ойлаумен,  сөйлеуші  мен  тыңдаушы  арасындағы 

иллокутивті  қатынас,  психологиялық  құбылыс  ретінде  зерделегендігін 

байқаймыз.  Шынында  да,  бұл  тілдік,  сондай-ақ  экстралингвистикалық 

құбылыстар  қазіргі  кезде  тығыз  байланыста  қарастырылып  жатыр  десек, 

коммуникативтік 

лингвистиканың 

бұл 


проблемаларының 

ғылыми 


сипатталуының бастаулары профессор Қ.Жұбанов еңбектерінде жатқандығы 

дәлелдеуді қажет етпейтін шындық екендігін айдан анық. 



123 

 

Қ.Жұбанов еңбектерін оқыған сайын қазіргі кезде ғана зерттеу нысаны 



болып  отырған  лингвистикамен  ұштас  ғылым  салаларының  «исі  аңқып 

тұрады».  Ғалым  сөз  бен  ойды  байланыстыра  отырып:  «нендей  ойымды 



бiлдipсем  де,  бәpi  де  өзiмнiң  бiлгенiмдi  бiлдipу  болып  шықты.  Ой  деген 

адамның, өзi жайлы, болмаса, төңipектегiлеp жайлы бiлгенi. Сөз деген – сол 

бiлген нәpселеpiнiң аты. 

Сондықтан  адам,  заттар  мен  құбылыстаp  жайында  бiлгенiн(ойын) 

бiлдipгiсi  келсе,  сол  заттаp  менен  құбылыстаpдың  аттаpын  (сөздеpдi) 

айтып  бiлдipедi  –  ойды  сөзбен  бiлдipедi»,  –  дейді.  Ғалымның  бұл  пікірінің 

астарынан 

лингвистикалық 

бірлік 


саналатын 

сөздіңтуындауына 

психологиялық,  танымдық  «ой»  ұғымын  байланыстырумен  қатар,  ойды  тіл 

арқылы көрінетін білімдер жүйесі ретінде түсінгендігін аңғаруға болады.  

Профессор  Қ.Жұбанов  сөз  тіркесі  синтаксисін  егжей-тегжейлі  зерттей 

отырып, оны сөз қиыны деп атайды: «Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз 



болса,  бұл  сөздер  бір-бірімен  қиындасып  тұруы  керек.  Қиынын  келтірмей 

құрастырған  сөйлем  сөз  болмай,  басқа  бірдеңе  болып  шығады».  Ғалым  сөз 

тіркесі болу үшін төмендегі екі шарттың орындалуы керек екендігін айтады: 

«...  Алдымен,  әр  сөзді  орны-орнына  дұрыс  қою  керек:  тиісті  орны  ауысып 

кетсе де қиыны келмейді. 

Екінші, оның үстіне, бір сөзді екінші сөзге байлап беретін жалғаулар 

бар, соны дұрыс жалғау керек; тиісті жалғауы жалғанбай қалса да, я теріс 

жалғанса  да,  сөздің  қиыны  келмейді».  Осы  сілтемені  оқи  отырып,  тағы  да 

таңданбасқа  шарамыз  қалмайды.  Өйткені  ғалымның,  қазіргі  терминдермен 

айтсақ,  сөз  тіркестерінің  аналитикалық,  синтетикалық  және  аналитика-

синтетикалық  жолмен  байланысуын  сол  кездің  өзінде-ақ  түсінікті  сөзбен 

таратып  айтып  бергеніне  ешкім  де  шүбә  келтіре  алмас.  Екіншіден,  қазіргі 

қоғамда өзекті болып отырған қазақ тілін игерудің тәжірибесінде кез келген 

адамға  (қандай  кәсіп  иесі  болмасын,  ия  қандай  жаста  болсын)  синтаксис 

сияқты  күрделі  ұғымды  қарапайым  тілмен  түсіндіріп  бергендігіне  куә 

боламыз және бұл қазақ тілі оқулықтарына үлгі боларлық деп санаймыз. 

Ғалымның  сөз  тіркесіне  байланысты  пікірінің  құндылығы  –  сөздердің 

өзара 

байланысуында 



жарыспалы 

(параллельное) 

және 

тізбекті 

(последовательное)  амалдарын  ашып  көрсетуінде.  Сонымен  бірге  сөйлем 

мүшелерінің бірінші, екінші, үшінші және т.б. қатарда кездесетіндігі жайлы 

пікірлерінің  мәні  зор.  Сөйлем  ішіндегі  сөздердің  біразы  бір-бірімен  тікелей 

тіркессе,  енді  біреулерінің  баспалдақтап  тіркесу  мүмкіндігін  де  атап  өтеді 

(61,  27-32).  Осылайша  сөздердің  тіркесімділік  қасиеті  мен  қабілетін 

«жіліктеп»  көрсеткен  ғалымнан  кейін  сөз  тіркесі  синтаксисі  саласы  туралы 

сөз айтудың өзі қиын, әрине, ғалымның пікірін басшылыққа ала отырып, оған 

қосыламыз деуден арыға аса алмаспыз. 

Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын терең 

зерттеген  К.Кенжебаев  пен  Ә.Оралбай  ғалымның  сөз  тіркесі  синтаксисі 

жайлы концепцияларына төмендегіше баға беріледі: «Қазақ тіліндегі сөйлем 

құрылысының  арғы-бергі  тарихына  терең  шолу  жасай  отырып,  түркі 


124 

 

тілдерінің  бағзы  дәуірлеріндегі  сөз  тіркесі  тәртібінің  қазіргіге  қарағанда 



басқаша болғандығы дәлелді де бұлтартпас, логикалы, бұрын ешкім айтпаған 

жаңа тұжырым жасайды» (5). 

Қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  сөз  тіркесі  синтаксисі  саласындағы 

бағыныңқы  және  басыңқы  сөз  деген  бізге  етене  таныс.  Бұл  терминдерді 

Қ.Жұбанов жетек сөз және жетекші сөз деп атайды. «Cөйлем iшiнде сөздеp 



бipiн-бipi  еpте  де,  бipiне-бipi  еpе  де  байланысады.  Еpушi  сөздi  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет