Ұлы Жібек жолының рөлі: көшпелі және отырықшы мәдениет


Ұлы Жібек жолы бойында көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы қарым-қатынастары



бет2/3
Дата06.10.2022
өлшемі25,25 Kb.
#41630
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Ұлы Жібек жолы бойында көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы қарым-қатынастары
Ұлы Жібек жолы бойында көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы қарым-қатынастардың төмендегідей модельдерін атап өтуге болады:
- Сауда-саттық қатынастар басым болып келеді. Оған шөлдер мен тастақтардың ортасындағы оқшау мәдениеттер жатады.
- Уақытша саяси бірігулердің нәтижесінде пайда болатын байланыстар. Мысалы, Хорезм және оның маңайындағы шөлейт аймақтар.
-  Бір мәдени ареал шектеріндегі  тұрақты қарым-қатыстар.
- Көшпелілердің  өзен аңғарларына жаппай қоныс аударуынан қалыптасатын қарым-қатыстар
Орталық Азияда көшпелілер рөлінде әдетте түркі тайпалары, ал отырықшы жер өндеушілер сапасында иран тілді халықтар әрекет етті. Орталық Азиядағы мәдени ауысуларда атақты скиф триадасы (салтаттылар өркениеті, әскери демократия және аң стилі) маңызды рөл атқарды. Археологтардың деректері бойынша, «ат иесі» сюжеті Антика мен Уғаритте, Пазырық қорғанында, бүкіл Орталық Азияда кездесіп отырды. З. Самашевтің түсіндірмесіндегі бұғытастағы жылқыны екі жыртқыш талап жатқаны туралы тастағы кескін Монғолия мен Крит аралында қатар табылды. Ұлы Жібек жолы мәдениетінің қалыптасуындағы тағы бір факторға отырықшы елдерді жаулап алған көшпелілердің өмір салтын түбегейлі өзгертуінен де көрініс табады. Бұл бір жағынан әбден өзгеріссіз тұрақтанып қалған қоғамдарға мәдени серпін беріп, оларды жаңа талаптарға икемделуіне мәжбүрледі. Мысалы, II-IV ғасырларда ғұндардың бір бөлігі Соғды арқылы өтіп, бұрынғы қушандықтардың иеліктерін тартып алады. Бұрынғы малшылар өз жайылымдарынан айырылғаннан кейін қалалықтар мен жер өңдеушілердің қатарын толықтырды, олар жаңа кәсіптерді меңгеруге тиіс болды. Көшпелілердің билеушілері жаңа жұмыс күшін сауда-саттықты нығайтуға бағыттады және өзінің бұл әрекетінде осы саудадағы ыңғайлы соғдылық элитаға сүйенді. Ұлы Жібек жолы бойында соғдылық мәдени экспансиясы жаңа қуатқа ие болды. Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени қарым-қатынастарының үдерісі нәтижесінде өнер саласында да жаңа феномендер мен стильдер қалыптаса бастады. Бұл процесті тіпті монғол шапқыншылығы да тоқтата алмады. Мәдениеті жоғары аймақтарда билік жүргізіп тұрған Шыңғыс хан ұрпақтары тез уақытта жергілікті халықтың мәдениетін қабылдады. Сонымен бірге көшпелілер қол астындағы халық арасына өз мәнерлерін, рәміздерін, әлеуметтік реттеу тетіктерін алып келді. Мысалы, ХІІІ ғасырдан бастап Орталық Азияда «Темірлан стилі» немесе Ирандағы «Монғол стилін» алсақ, онда Қытайдағы фарфор өнеріне  еліктеу нәтижесінде туындағын «Кобальт типін» атап өтуге болады.  Бұл стильде ақ және көк түстерге басымдық берілді, өйткені бұл түстер көшпелілер арасында қасиеттілік, тазалық, әділдікпен теңестірілген болатын. Дәл осындай процестер Оңтүстік Қазақстан аймағында да жүріп жатты. Қыш құмырасындағы ою-өрнектерді композициялық шешімдердің анықтылығы мен қарапайымдылығы, өсімдік, зооморфтық, геометриялық мотивтердің үйлесуі кең тарады. Бұл жалпы көшпелілердің дүниетүйсінуіне жақын болды. Ұлы Жібек жолы мәдениеті көшпелі мен аграрлық отырықшы өркениеттердің тоғысуының басты тетігі болған. Жазба тарихи көне заманнан желі тартатын Орталық Азия көшпелілері мәдени мұрасы туралы сөз қозғағанда, оның ең алдымен түрлі мәдени артефактылардың сұқбаттастығы нәтижесінде қалыптасқаны көзге түседі. Сақ заманында Еуразияның көшпелі тайпаларында мал өсіруге негізделген мәдени ареалдың қалыптасуы Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан, Еділ-Жайық, Қара теңіз жағасындағы қыруар ру-ұлыстар арасындағы айырбасты, мәдениеттегі ұқсастықты орнықтырды. Бұл кейін Ұлы Жібек жолы мәдениетінде өзінің қисынды жалғасын тапты. Ұлы Жібек жолы мәдениеті қалыптасуы үшін еуроазиялық даладағы мәдени үрдістердің күрделенуі маңызды рөл атқарды. Геродоттың скифтер туралы жазбаларында, агриппейлердің тақыр даланы мекендейтіні, ағаштың сөлін ішетіні, қыста ағаш бұтағына киіз жауып, соны пана тұтып, жазда киізін алып, ағашты жалаңаш тастап кететіні айтылады. Сақ-скифтер алғашқы  ерте дәуірде үйдің осындай түрін пайдалана келе, кейін оны өздерімен бірге қысы-жазы ала жүруге ыңғайлы, арба үстіне қондырылған көшпелі үй дәрежесіне жетілдірген. Бұл туралы Геродот алты, төрт доңғалақты арба үстіндегі үйлер туралы хабарлайды. Тіпті көшпелілерде оңтүстікте саман, кірпіш, солтүстікте бөренеден салынған тұрақты үйлері де болған. Археология деректері олардың  төбесі шатырланып және дөңгелете жабылатын киіз үйдің жасалуына жеткізген баспалдақ екенінде шүбә болмаса керек. Қытайдан келген саяхатшылар да түркілердің мәдени деңгейінің жоғары екендігін куәландырады. Қағанның өзін қалай қабылдағанын сипаттай отырып, Сюань-Цзян түрік зиялыларының салтанатты жібек киімдерінің молдығын бірнеше қайтара  айтып, сонымен бірге өзіне көрсетілген сый-сияпат ішінде: «Қызғылт түсті жылтыр шыттан тілгілген неше алуан киімдер санатын және елу кездеме жібек» бергені жөнінде хабарлайды. М. Орынбековтың сараптауы бойынша, біртұтас шаруашылықтың үш түрге: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы шаруашылықтарға бөлінуі егіншілік пен мал шаруашылық өнімдерінің айырбас бағасын белгілеп, еңбек өнімділігінің артуына, басқа елдермен, халықтармен сауда қатынасын орнатуға ықпал етті. Аймақтар мен аумақтардың әр түрлі шаруашылық түрлеріне мамандануы жердің сапасы мен жағрафиялық жағдайға байланысты болды. Бұл жағдайда жағрафия мен тарихтың тұтастығы көрініс тапты. Ұлы Жібек жолы мәдениетінде, әсіресе бастапқы кезеңдерде, ежелгі сақтардың дүние туралы түсінігі, адамдық қарым-қатынастары жоғары болды. Белгілі мәдениет тарихшысы Э.Б. Тайлордың пікірі бойынша, көне бақташылардың дінінің қалыптасуының түпкі негізі, жанның денеден бөлінуіне сеніп, оны көз алдына елестеткені әруақ, жан туралы алғашқы түсінік – анимизм болды. Осы негізде қазақстандық зерттеуші М. Орынбеков Ұлы Жібек жолы бойындағы көшпелілердің рухани әлемі күрделі болды деген пікір айтады: «Сақтар да бұдан тыс қалған жоқ, өлім, түс көрудің себептері және т.б. туралы өздерінің ой пайымдарына осы жолмен келді. Өлген адамдардың заттарын бірге көмуге байланысты, жанның, о дүниеде өмір сүруі жайлы, о дүниеде «жақсы өмірдің» барлығына сендірді. Марқұмның аты, кейде тіпті әйелі өлтіріліп, мүліктерінің бірге жерленуі осыған байланысты еді. Анимистикалық көзқарас барлық дінге тән болды, сондықтан бұл ағымға артық күнә артпауға да болады. Ұлы Жібек жолы мәдениетіндегі рухани ауысулар негізінен этномәдениетке оңтайлы қабылдаулармен ғана шектеліп отырды. М.С. Орынбеков Парсы мен Орталық Азияда отқа табыну идеясының өріс алғанын осымен түсіндіреді: «Қайтыс болған адамның жаны қайтып келмес үшін мүрдені өртеп жіберу де осыдан келіп шыққан. Бұл ағым дами келе отқа табынуға әкелді. Мазарлардағы қызыл бояу да осымен байланысты. Сол кезеңде күн – барлығын жалмаушы от ретінде басты құдірет болуына сәйкес, көкті көктей шабатын аспан атына табыну қалыптасты. Жоғарыда сақ тайпалары үшін аттың тарихи маңызын атап өткен едік. Ол малшылық пен көшпеліліктегі басты орынды иеленген еді. Бұл атты да құдірет күштерінің қатарына қосу арқылы көрініс тапты. Негізінен күн мен отқа табыну шығыс халықтарының көне ұғымы болды. Мифологияның жойыла бастауына сай оның орнына тұрақтылық пен нақтылық жайындағы ойлар, біз тіршілік етіп отырған ортадағы әртүрлі табиғат күштерінің – судың, жердің, от пен ауаның бізге тигізетін әсері жайлы ойлар басым болды. Парсы тұқымынан тараған сақ тайпалары үшін басты ұғым от болды. Тарихтан белгілі болғандай, отқа табынушылықты мейлінше көрсете алған Заратуштра ілімі болды. К. Ясперс оның өмір сүру уақытын өзекті уақыт деп атай отырып былай деген: «Адам тұрмысының мейлінше жемісті қалыптасуы, қалыптасқан діни ұғымнан аса тысқары болуының сенімді дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет