Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет23/42
Дата24.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#125621
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
 
деген сөздерді қолданбайды, бірақ имам, пайғамбар түсініктерін жиі 
пайдаланады. Сонымен бірге Қайырымда қала, Бақытқа қол жеткізу
 
еңбектерінде 
пайғамбарлық жөніндегі мәселелерді алға тартады. «Тұтас алғанда, философия дінге 
оң қатынаста болады. Бірақ әл-Фараби пайғамбарлық туралы, о дүниелік өмір туралы 
көптеген қағидаларды сынға алып: «Пайғамбар заңдарды белгілейді, шариғат халықты 
үрейде ұстайды, жақсылық үшін құрметтеп, зұлымдық үшін жазалайтын құдай бар деп 
үйретеді, ол олар білмегенді білуге тиісті деп міндеттемейді, өйткені бұл анағұрлым 
жоғары білім деңгейі болып табылады»
Сенімнің бесінші тармағы Ақыр заман күніне илану Абу Насрде өзінше бір 
келбетте көрінеді. Жалпы Ақыр заман жөніндегі ілім Құранда жазылған мінез-құлық 
нормаларымен байланысты. «Оның қашан болатыны жайлы білім тек қана Раббымның 
жанында ғана. Оның уақытын Одан басқа ешкім білдіре алмайды» (Ағраф сүресі). Бұл 
туралы ұғымын Әл-Фараби өзінің Қайырымды қаласында
 
өлгеннен кейін қайырымды 
қала тұрғындарының жандары бір-бірімен қауышады, ал адасқан және надан қала 
тұрғындарының жаны өлген соң ыдырап, ажырап кетеді деген идеяны ұстанғанда 
айқындайды. Сенімнің бесінші бөліміне байланысты тәртіптің діни және мінез-
құлықтық ережелері әл-Фарабидің барлық философиялық саяси трактаттарында 
дәлелденген. Сонымен бірге хадистердегі 
мумин 
түсінігіне Әбу Насрдың Қайырымды 
адам
 
бейнесі өте жақын. Сенімнің алтынша белгісі – Тағдырға немесе қайырымдылық 
пен қатігездіктің Алла бұйырған шарттылығына сену. Ол жөнінде « араларыңда өлімді 
біз белгілеп, тағайындадық...» (Уақиға сүресі) деген Құран сүрелері бәрімізге мәлім. 
Осы орайда Мұхаммед пайғамбар өлгенді жоқтауды айыптайды. Ұлы ойшыл 
теологиялық пайымға тән дәлдіктен алшақтай отырып, Даналық негіздерінде
 
Қасиетті 
кітаптан алынған «Жайдан-жай бір тал жапырақ та ағаштан түспейді»
 
– деген мысал 
келтіреді. 
Әл-Фараби Қайырымды қалада періштелер жөніндегі ислам ілімінің барлық 
жағын қарастыруға тырысады. Абу Наср трактаттарында Періштенің аян болуы мен 
елестеуі туралы бөлім бар. Бұл жерде философ әрекет етуші интеллект бейнесін 
өңдеуге қабілетті қиялдағы күштер әрекетін қарастырады. Исламның негізгі үшінші 
бөлімі Қасиетті кітаптарға сенімді, әл-Фараби арнайы бөліп алып қарастырмайды
дегенмен осы бағыт төңірегінде жалпылама тұтас түсінік бар. 
Діннің адамзат баласының ақыл-ойын жаулап алғанына қарамастан, уақыт 
жағынан алып қарастырғанда, ол философиядан кеш туындағанына көз жеткіземіз. Бір 
сөзбен айтқанда, діннің көмегімен халықты ағартушылық, яғни білім жолына сала 
отырып, саналық және тәжірибелік заттарды да үнемі іздестіруге мүмкіндік аламыз [4]. 
Жалпы әл-Фараби идеяларының исламмен байланысы тамыры тереңде жатыр. 
Әлемді басқару, мінез-құлық белсенділігі, «бақыт» дәрежесін айқындау сияқты 
негіздерді түсінуі ислам ілімі мен Фараби мұралары төркіндес болып келеді. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы,1973
2.
А.С.Қабылова. Әл-Фараби және араб-мұсылман философиясы. Алматы, 
2004. 


67 
3.
А.С.Қабылова. Әл-Фараби философиясындағы мәдениеттер синтезі. –
автореферат. Алматы, 1999. 
4.
Ж.Алтаев, Ж.Әмірқұлова. «Әл-Фараби және ислам философиясы» 
Алматы,2012 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет