64
фәлсафаның бір-біріне қарама-қайшы келетін тұстары бар. Ол жөнінде Әбу Наср діни
шарттылықтар философтардың көмегімен зерделенетін ұтымды тұжырымдамалар легі
екенін нақтылайды.
А.Қабылова атап көрсеткендей «Әбу Насыр өзінің «Философияның дінге
қатысы» атты еңбегін «Мейірімді, мейірман Аллаһ үшін…» деген сөздермен бастауы да
кездейсоқ емес. Көп жағдайда оның құран мәтіндеріне назар аударуы, бұл үзінділерді
түсіндіруі өзінің тұлғалык позициясы мен өзінің түсінуі
тұрғысынан және сонымен
бірге құран сөздерін логикалық пайымдау тұрғысынан жүзеге асады. Сол арқылы
философ дүниедегінің бәрі түсіндірілуі тиіс екендігін және дүниедегінің бәрін
түсіндіруге болатынын көрсетеді [2].
Сондықтан Құран мәтініне дұрыс қарап, оны түсініп және түсіндіру керек. Әл-
Фарабидің Құран мәтіндерін осылай еркін түсіндіруін оның арабталған түркі
болғандықтан (ал Құран исламға дейінгі арабтардың дүниетанымының, олардың
мәдениетінің көрінісі болғандығына күмән жоқ), Құранның
сакралды қатынасына
байланып қалмағандығымен немесе оның ақиқатты іздеумен сабақтасқан жеке
философиялық ұстанымымен түсіндіруге болады».
Нағыз ислам философы ретінде әл-Фараби Мұхамед пайғамбардың миссиясын,
оның Алла жөніндегі танымын мойындайды. Аллаға, Періштелерге, Қасиетті
кітаптарға, Пайғамбарларға, Ақыр заман күніне, тағдырға сену сияқты Ислам ілімінің
барлық алты белгісі әл-Фараби трактаттарында тура болмаса да
өзінше бір ерекше
түрде түйінделген. [3].
Құран бойынша сенімнің бірінші бөлімі ол – Аллаға сенім. Бұл негізгі принцип
қасиетті кітаптың екінші және он үшінші сүрелерінде берілген. Құранды фатиха сүресі
ашады. Бұл сүре тармақтарымен келісе отырып Әбу Наср Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарасы,
Азаматтық саясат
Достарыңызбен бөлісу: