Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата24.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#125621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
 
 
 
 
 
 
 


12 
ӘОЖ 929(09) 045 
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХ, ГЕОГРАФИЯ
 
ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ 
Бекешов С.С.,т.ғ.к., доцент
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. 
Мақалада Шығыстың ұлы ғалымының ғылыми, әсіресе географиялық 
көзқарастары, оның астрономияның, математиканың, логиканың, музыканың, 
медицинаның, табиғаттанудың, философияның, поэзияның дамуына, әр түрлі 
халықтардың тілдерін меңгеруге қосқан үлесі қарастырылады. Ол «Ғылымның пайда 
болуы» және т.б. еңбектерінде табиғаттану туралы мәселелерге ерекше көңіл бөлген. 
Түйінді сөздер:
рационализм, жазу, каллиграфия, өлең, риторика, Бэкон, Л. да 
Винчи, Коперник, Кеплер, Лейбниц. 
 
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фараби ерте ортағасырлық ұлы 
ойшылдардың бірі болып табылады. Ол көп қырлы ғалым-энциклопедист және шығыс 
рационализмінің негізін қалаушылардың бірі болды. Осы себепті оған «бірінші мұғалім 
-Аристотельден кейін» «екінші мұғалім» құрметті атағы берілді. Тарихтан белгілі, әл-
Фараби Отырар қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби алғашқы білімін Отарарда, туған 
қыпшақ тілінде алды. 
Фарабидің қызмет ету кезеңі араб мәдениетінің қарқынды даму кезеңімен сәйкес 
келді. Бағдадқа атақты ғалымдар, философтар, ақындар, музыканттар тоғысты, олар 
университет пен Ғылым академиясын ашты.Бағдад ғалымдары арасында Орта Азия мен 
Қазақстаннан шыққан ғұламалар құрметті орынға ие болды. Сонымен бірге Бағдадқа 
музыкадан бастап, астрономиядан кейінгі білімнің барлық салаларында ерекше 
қабілеттің иесі - Фараби да келді. 
Фараби тіл білімінің ірі теоретигі, лингвист, ақын болып саналды. Ол жазу, 
каллиграфия, өлең, риторика тақырыбына түсінік жазды. 
Әбу Насыр әл-Фараби жан-жақты дамыған музыкант және композитор, шебер 
орындаушы және теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасау шебері болды. 
Оның атақты көптомдық шығармасы «Музыка туралы үлкен трактат» көптеген тілдерге 
аударылған. Фараби трактаттары бүгінгі күнге дейін ең жоғары бағаға ие болды. 
Фараби трактаттары бүгінгі күнге дейін ең жоғары бағаға ие болып кедеді. 
Фараби геометриясын бүкіл ғылыми жаратылыстану-философиялық ойлаудың 
негізгі іргетасы ретінде қарастырған. Бұл идеяны ол «Философияны меңгерудің қажетті 
шарттары туралы» трактатта анық баяндаған. 
Фарабидің аса танымалдығын астроном және астролог ретінде пайдаланды; бұл 
ғылымдарды арифметикамен, геометриямен, музыкамен қатар жоғары педагогикалық 
ғылым санатына жатқызған. 
Фарабидің физика және жалпы жаратылыстану бойынша еңбектері белгілі. 
Жалпы физикалық және табиғи құбылыстарда ол эксперимент қою қажеттілігін атап 
көрсетеді. Фараби тамаша дәрігер ретінде белгілі болды. Дәрігерлік қызметке 
байланысты, Фараби сол кездегі барлық медицина қызметкерлері сияқты, алхимия, 
ботаника, минералогиямен айналысты. 
Бұл ғылымдардың барлық салалары жаратылыстану ғылымдары құрамына кірді; 
Фараби географияға үлкен көңіл бөлді. 
Саяхатшы ретінде ол Қазақстан мен Орта Азияның, Таяу Шығыстың, 
Африканың көптеген мәдени және ғылыми орталықтарында болды. Ол Отырар, Талас, 


13 
Шаш, Самарқанд, Бұхара, Хиуа, Кабул, Бағдад, Дамаск қалаларында өмір сүріп, жұмыс 
істегендігі құжаттардан белгілі. Ол болған барлық елдер мен қалаларда Фараби 
жаратылыстануды үйренуші, географ және астроном ретінде өлкені зерттеумен, жердің 
координаттарын анықтаумен және т.б. айналысты. 
Жаратылыстану ғылымына Фараби үлкен мән берді. Ол былай деп жазды: 
«табиғат туралы ғылым бай және педагогикалық ғылымдардан гөрі кең көлемде» 
(«Ғылымның шығу тегі туралы» трактаты). 
Өз жұмыстарында ол «философияны зерттеуге кіріспес бұрын табиғат туралы 
ғылымды зерделеу қажет, өйткені бұл ғылым адамға ең жақын, нақты берілген және 
оған түсінікті білім саласы» деп жазды. 
Философия саласында Фараби өз заманының ең үздік беделісі деп саналды. 
Оның негізгі дүниетанымы - рационалистігінде. Оның философиялық еңбектерінде 
Аристотель, Платон және басқа да ежелгі даналар философиялық еңбектерінде үлкен 
орын алады. Оның атақты «Жемчужина премудрости» трактаты Шығыстың барлық 
университеттерінде 1000 жыл бойы бастапқы еңбек болып табылды. Фарабидің 
еңбектері еуропалық Жаңғыру процесінде үлкен рөл атқарды. 
Бэкон, Л. да Винчи, Коперник, Кеплер, Лейбниц сияқты география мәселелерін 
зертеумен айналысқан ғалымдар ғылыми бағытта Фарабиге қарыздар болып табылады. 
Оның бүкіл өркениетті әлемнің рухани дамуы саласындағы білімін асыра бағалау оңай 
емес.
Адамның әлемге қатынасының ерекшелiгi оның өзiн және өзге адамдарды, 
қоршаған дүниедегi заттарды, құбылыстарды, процестердi қайырымдылық, әдiлеттiлiк, 
сұлулық, пайдалылық және т.б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы 
қарастырумен сипатталады. Құндылықтық қатынас әрқашанда Субъектiнiң бойында 
белгiлi бiр эмоциялары - қуану, сүйсiну, таңдану, табыну т.б. туғызады. Оның iшiндегi 
ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну. Адамға қасиеттер қажет, мейлi ол дiн болсын 
немесе дiни емес қасиеттер болсын. Бұл мәселе, әсiресе, қоғамның адамгершiлiк 
тұғырлары мен мәдени дәстүрлерiнiң құнсыздануы мен деградациясы кезiнде өзiнiң 
өзектiлiгiн байқатады. Құндылықтар - қасиеттер. Қасиетсiз адам жануарға айналып 
кетедi. Оларға деген табынушылық қатынас бала кезден, ана сүтiмен бiрге, өзiнiң ана 
тiлi арқылы моральдың негiздерi ретiнде өз тарихын, мәдениетiн, әдет-ғұрыптары мен 
салт-дәстүрлерiн игерудiң нәтижесiнде орнатылады.
Қасиеттер адамның бойында моральдық жауапкершiлiктер жүктейдi, сезiмiн 
айқындай түседi. Құндылықтық эмоцияның ең жоғарғы формасы - "жамандықтан" 
тазаруды бiлдiретiн катарсис болып табылады. Әдетте катарсис терминi Аристотельдiң 
"Поэтикасындағы" 
трагедия 
теориясымен 
байланыстырылады. 
Антикалық 
философияда катарсис мәселесi Аристотельге дейiн-ақ қойылған болатын. 
Әдебиеттерде айтылғандай "катарсис" терминiнiң көпмәндiлiгi эстетика тарихында 
оның әртүрлi түсiндiрмелерiнiң пайда болуына әкелдi. Шындығында бұл термин 
антикалық әдебиетте эстетикалық, психологиялық, этикалық, тiптi дiни мағыналарда да 
қолданылады. Бұл көпмәндiлiк кездейсоқ емес, ол антикалық эстетиканың ерекше 
сипаты болып табылады. Антикалық эстетиканың үйрететiн катарсисi немесе 
тазалануы тек эстетикалық ұғым емес, ол моральға да, интеллектке де, психологияға да 
қатысты, яғни бүтiндей алғанда адамның барлық қырына қатысты.
Жалтырағанның барлығы алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе 
– нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата бiлу. Ол тек теориялық жағынан 
алғанда ғана қиын. Бiз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама 
бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын "таза суға" шығарып, күмәнсiз ететiн 
гумандылықтың өлшемi қызмет етедi. Тiптi барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың 
аты зұлымдық, ешкiм қайырымды болмаса да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. 


14 
Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететiн нәрсе ғана нағыз құндылық болып 
табылады. Құндылықтар әлемi – сөздiң кең мағынасында мәдениет әлемi, адамның 
рухани әрекетiнiң саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемiн бiлдiретiн оның 
адамгершiлiк санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбiр мәдениеттiң өз 
құндылықтар кешенi бар. Құндылықтар адам болмысының әртүрлi формаларына деген 
қатынасты бiлдiретiн адамзат мәдениетi болып табылады. Құндылықтар - өмiрге, 
еңбекке, шығармашылыққа, адамгершiлiк насихаттарға, еркек пен әйел арасындағы 
байланысқа, адам өмiрiнiң мәнiне деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар – 
материалдық және рухани қажеттiлiктердi өтеу процесiндегi қалыпты нәрселер. 
Қалыпты мәнге қайырымдылық, сұлулық, әдiлеттiлiк идеалдары ие болуы мүмкiн. 
Құндылықтар дүниетанымның ықпалымен қалыптасады, өйткенi адам әрқашан өзiнiң 
әлеуметтiк тәжiрибесi барысында әр алуан көзқарастарды бiрiктiруге ұмтылады. Бiз 
құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып жатқан өзгерiстер дәуiрiнде өмiр сүрiп 
отырмыз.
Құндылықтардың алмасу процесi әдетте ұзаққа созылады. Құндылықтық 
бағдарлар, идеалдар жаңа мәнге ие бола отырып, қайта түлеуi мүмкiн. Бұл тұрғыдан 
алғанда мәдениеттiң өз нормалар, рәмiздер, стандарттар қоры бар. Алайда мұнан 
адамзаттың рухани тарихында тек бiр идеалдар ғана үнемi қайталанып келiп отырады 
деген ой туындамауы тиiс. Мәдениет, әрине өркениеттi, өйткенi ол үнемi белгiлi бiр 
құндылықтық бағдарларды өндiрiп отырады. Құндылықтар қоғам үшiн ең маңызды 
деген әдет-ғұрыптардың, нормалар мен мағыналардың қызметiн өзiне бағындыра 
отырып, оны реттейдi. Құндылықтар адамға қоршаған нақтылықты тануға мүмкiндiк 
беретiн мағыналар жүйесiн толығымен қайта құрып отырады. Әлемнiң барлық алуан 
түрлiлiгiнiң құндылықтық сипаттамаларының бастаулары қайырымдылық, өмiр, 
сұлулық болып табылады. Заттар мен құбылыстардың сипаттамалары табиғаттағы, 
қоғамдағы, адамдағы процестердiң бүтiндiгi мен үздiксiздiгiн қамтамасыз ету үшiн 
қажет. Адамның өз өмiрлiк әлемiне деген қатынасын өзiндiк тиесiлiк пен өзiндiк 
бекiтiлудiң құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдардың, дәуiрлердiң, 
мәдениеттердiң, адам қоғамдарының арасында қаншалықты айырмашылық 
болғанымен, олардың барлығы құндылықты-мәндi диспозициялардың жекелеген 
жағдайларынан туындайды және оны өз бойында тасымалдайды.
Бұл ментальдылықтың барлық деңгейлерiнен көрiнедi: жеке тұлғалық және 
ұжымдық бейсаналылықтан дүниетаным жүйелерiнiң iшкi мәндi ұйымдасқан 
күрделiлiгi мен институционалданған этностық нормалар мен ерекшелiктерiне дейiн. 
Құндылықтар мәселесi қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, 
мәдени дәстүрлерi құнсызданған кезде, әрбiр халық өзiн мазалаған сансыз сұрақтың ең 
болмағанда бiр бөлiгiне жауап табу үшiн өзiнiң өткен тарихы мен мәдениетiне бет 
бұрған кезде, тарихтың өтпелi, дағдарыстық кезеңдерiнде өткiр қойылады. Өткен 
ғасырдың өзiнде ғылымда "аномия" түсiнiгi қалыптасты. Бұл - өмiрлiк идеалдар 
түбiрiмен өзгерiп, қалыптасқан құндылықтар жүйесi қайта пайымдалатын өзгермелi 
ахуалда сананың шарасыздық жағдайын бiлдiретiн түсiнiк. Бұл тек жекелеген адам 
үшiн ғана емес, бүкiл қоғамға да ауыр сын. Афины демократиясының дағдарысы 
Сократқа мынадай сұрақты қоюға мәжбүр еттi: "Игiлiк дегенiмiз не?" Бұл жалпы 
құндылықтық теорияның негiзгi сұрағы болып табылады. Антикалық және 
ортағасырлық философияда ойшылдар құндылықтық сипаттамаларды, дәлiрек 
айтқанда этикалық, эстетикалық, дiни сипаттамаларды нақтылық, шынайы болмыс 
ұғымының өзiне енгiздi. Бұл ежелгi заманнан бүгiнгi күнге дейiн ойшылдарды мазалап 
келген сұрақтардың бiрi. Бiр қарағанда бәрi түсiнiктi сияқты. Құндылық - бұл құнды 
нәрсе. Алайда, адам үшiн не құнды және неге құнды? Кейде бiреу үшiн құнды нәрсе 
өзгелер үшiн құнсыз болатын кездерi де кездеседi. Бiрақ онымен ешкiмнiң келiскiсi 


15 
келмейдi және әрқайсысы өзi үшiн құнды нәрсенi нағыз құндылық деп есептейдi. 
Кiмдiкi дұрыс? Бұл мәселенi құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тiлiнде 
"axia" - құндылық және "logos" – iлiм) шешуге ұмтылады. Аксиология - 
құндылықтардың жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтық 
әлемдегi құрылымы туралы, яғни әлеуметтiк және мәдени факторлар мен тұлға 
құрылымы арасындағы әртүрлi құндылықтардың байланысы туралы iлiм. 
Философиялық бiлiмнiң арнайы бөлiмi ретiнде аксиология XIX ғасырдың екiншi 
жартысында ғана қалыптасты. Құндылықтар проблематикасы ежелгi Шығыс және 
антикалық философияларда қарастырылғанымен "аксиология" терминiн тұңғыш рет 
Э.Гартман қолданды.
Ойшылдар үнемi сұлулық, береке, қайырымдылық және т.б. түсiнiктердiң мәнiн 
ұғынуға ұмтылды, кейiнiрек мұның бәрi "құндылық" ұғымына бiрiктiрiлдi. Философия 
тарихында "игiлiк деген не?" деген сұрақты алғаш қойғандардың бiрi Платон. Ол 
болмысты "заттар әлемiне" және "идеялар әлемiне" бөле отырып, заттар әлемiнде 
ақиқат, әсемдiк, әдiлеттiлiк және т.б. жоғары игiлiктерге сәйкес келетiндей ешнәрсе 
жоқ деп есептейдi. Және сыртқы әлемнiң өткiншiлiгi мен салыстырмалылығын ескере 
отырып адамдардағы ақиқат, әсемдiк т.б. ұғымдарды уақыттан тыс, мәңгi идеялар 
кеңiстiгiне орналастырды. "Егер кiм әсемдiктi дұрыс пайымдаса, ол бұл жолдың 
ақырына жетiп, тосыннан жаратылысы жағынан таңқаларлықтай әсем нәрсенi көредi... 
бұл нәрсе, ең алдымен мәңгi, яғни ол туылуды да, күйреудi де, өсудi де, шөгудi де 
бiлмейдi, екiншiден ол ешбiр жағынан тұрпайы болмайды, қашан да, қай жерде де 
өзгелермен салыстырғанда әдемi, ал басқа уақытта, басқа жерде өзгелермен 
салыстырғанда тұрпайы. Әсемдiк – бұл бет, қол немесе қандай да бiр дене бөлiгi 
түрiнде емес, қандай да бiр сөз немесе бiлiм түрiнде емес өзiнен-өзi әрқашан да өзiнде 
тұтас бейне ретiнде көрiнедi: әсемдiктiң өзге түрлерiнiң барлығы оған қатысында 
туылатын және күйрейтiн болса, ал ол артып та, кемiп те кетпейдi, ешқандай ықпалды 
сезiнбейдi"
Құндылықтар мәселесiнiң XIX ғасырдың ортасына дейiн философиялық 
талдаудың дербес объектiсiне айналмағанын айта кетуiмiз керек. Антикалық 
философияда ғана емес, онан кейiнгi орта ғасырлар мен жаңа заман философиясында 
да құндылықтық сипаттамалар нақтылық, болмыстың шынайылығы ұғымдарына 
енгiзiлдi. Классикалық философияда құндылықтар болмыспен тұтас күйiнде 
қарастырылды және сондықтан аксиология дербес философиялық пән ретiнде бөлiнiп 
шыққан жоқ. Аксиология философиялық зерттеудiң дербес аймағы ретiнде болмыс 
ұғымы екi элементке ыдырағанда ғана пайда болды: нақтылық пен құндылық әртүрлi 
талап пен ұмтылыстардың объектi ретiнде қарастырылғанда аксиологияның басты 
мақсаты болмыстың жалпы құрылымындағы құндылықтың мүмкiндiгiн және оның 
нақтылық айғақтарына деген қатынасын көрсету. Мәдениеттiң маңызды компонентi 
ретiндегi, адамның нақтылықты рухани-практикалық игеруiнiң негiзi және реттеушiсi 
ретiндегi құндылықтардың теориялық талдануы философиялық ой тарихында әртүрлi 
бағыттармен сипатталады.
Бұл бағыттардың арасында мынадай типтердi атап өтуге болады: натуралистiк 
психологизм, трансцендентализм, мәдени-тарихи релятивизм және социологизм. 
Натуралистiк психологизм өкiлдерiнiң (А.Мейног, Р.Б.Перри, Дж.Дьюи және т.б.) 
тұжырымдауынша құндылықтың қайнар көзi индивидтiң биопсихологиялық тұрғыдағы 
қажеттiлiктерiнде, ал құндылықтардың өздерi құндылықтың заттай нақтылыққа орын 
алмасуын бiлдiретiн қадағаланатын нақтылықтың ерекшелiгi ретiнде эмпирикалық 
тұрғыда көрiне алады. Аксиологиялық трансцендентализм (жаңа кантшылдар – 
В.Виндельбанд, Г.Риккерт) үшiн құндылық идеалды болмыс ретiнде "таза" нормативтi 
санамен сәйкестендiрiлетiн болмыстың нормасы ретiнде қарастырылады. Нормалар 


16 
мәдениеттiң барлық функцияларының (қызметтерiнiң) жалпы жоспарын құрайды және 
құндылықтың әрбiр жеке iске асуын анықтайды. Сонымен бiрге болмыс нормасының 
тәсiлi норма статусын беретiн оның субъект үшiн маңыздылығы болып табылады. 
Трансценденталистер құндылықтардың мәнiн нормалар қалаптастырудың өте күрделi 
процесiнде жасақталатын өзара қатынастардың өзiндiк рухани концентрациясы ретiнде 
қарастырады. Бұл құндылықтарға олар ақиқатты, сұлулықты, қайырымдылық пен 
әдiлеттiлiктi жатқызады. Демек, құндылықтар – бұл қоршаған нақтылықтың көрiнiстерi 
емес, адамзат санасының терең тұңғиықтарында қалыптасатын трансценденталдық 
нормалардың 
әртүрлi 
формалары. 
Персоналистiк 
онтологизмнiң 
құндылық 
концепциясының негiзi дiни этика принцптерi болып табылады. Бұл бағыттың көрнектi 
өкiлi М.Шелердiң пiкiрiнше құндылықтар әлемiнiң өз иерархиясы бар.
Құндылықтардың бұл жүйесiнiң ең жоғарғы сатысында Құдай орналасады. 
Құдайға деген сүйiспеншiлiк – адамзат сезiмдерiнiң ең жоғарғы формасы. Иерархияның 
онан кейiнгi баспалдақтарында "сұлулық" және "таным" орналасады. Мәдени-тарихи 
релятивизм аксиологиялық имморализм идеясына, яғни тең құқықты құндылықтық 
жүйелердiң көп болуы мүмкiн деген идеяға сүйенедi. Бұл концепцияның ерекшелiгi тек 
бiр "шынайы" құндылық жүйесiмен шектелiп қана қоймай, белгiлi мәдени-тарихи 
кезеңдердегi құндылықтық жүйелер мен құндылықтық бағыттырға басымдылық бередi. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Исаева А.И., Тарихи өлкетану. Алматы, «Қазақ университеті» 2016 ж. 
2.Лосев А.Ф., Шестаков В.П. История эстетических категории. М., 1965 г. 
3.Платон. Соч. в 3-х т. М., 1970 
4.Әл-Фараби, Философиялық трактаттар. -А,.1972. 
5. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. – А., 1989. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет