ӘӨЖ 929(09) 045
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «ҒЫЛЫМДАР ТІЗБЕГІ» ЕҢБЕГІНДЕГІ
МАТЕМАТИКА САЛАСЫН ТАЛДАУ
Бекібай Н.Қ.,
География мамандығының студенті
Ғылыми жетекші: Серикбаева А.К., аға оқытушы
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Аңдатпа.
Бұл мақалада Әл- Фарабидің өмір жолына, еңбек жолына шолу жасап,
өзі тізбектеген ғылымдарға анықтама беріледі. Ғылымдар тізбегінің математика
саласында жаратылыстың күрделі бөлшектері зерделеніп айтылады.
Түйінді сөздер:
математика, ғылымдар тізбегі, музыка саласы, оптика, сандар
ұғымы, геометрия
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы
ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедист және
шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған
“Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген. Әл Фарабидің бір
кездері Орта Азияның ертедегі мәдени орталығы болған қала Отырарда туылғаны
тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отырарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш
білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен
тұстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары,
Бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады. Бағдат
оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті
орындарды иеленді. Солармен бірге Бағдатқа – білімнің барлық саласынан; музыкадан
119
бастап астрономияға дейін хабары бар Фараби де келді. Фараби тіл ғылымының,
калеграфияның, лингвистиканың, өлең құрастырудың, риториканың ірі теоретигі
ретінде танылды. Сауатты жазу, каллиграфия, өлең жазуға риторикадан трактовкалар
жазды. Әбу Насыр әл-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор,
мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер
болды.
Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты
Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен,
минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану
құрамына кіретін. Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол,
Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және
мәдени орталықтарында болды. Оның Отырарда, Талас, Шаш, Самарханд, Бұхара,
Хиуа, Кабул, Бағдат, Дамаск қалаларында болғаны құжат түрінде белгілі. Барлық елдер
мен қалаларда, Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астрорном ретінде
аймақты оқып үйренді, орынның координаталарын анықтады т.б. Жаратылсытануға
Фараби басты мән берді. Ол, “қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат
туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді” деп жазды. Өзінің басқа
бір еңбегінде “философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру
керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті
ғылым саласы” деп жазады.
Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның
негізгі көзқарасы – рационалдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель,
Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне
коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі
“Даналықтың
маржандары”
деген
трактаты
1000
жылдан
бері
Шығыс
университеттерінің оқулық құралы болып келеді.
Ғылымдар тізбегі – Әл-Фарабидің атақты еңбектерінің бірі. Автордың өз
сөзінше, бұл кітапта белгілі ғылымдардың әрқайсысы жеке-жеке алынып, мазмұны
баяндалып, тараулары көрсетілген. Кітап бес бөлімнен тұрады:
тіл білімі және оның тараулары;
логика және оның тараулары;
математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, матем. астрономия, музыка,
статика, айла-әрекет жөнінде ғылым;
физика тараулары, метафизика және оның тараулары;
азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және қалам. Әл-Фараби
классификациясының басты ерекшеліктері – жаратылыстану, математика ғылымдарына
үлкен мән берілген.
Бұл еңбек 500 жыл бойы Шығыс және Батыс елдерінің жоғары мектептерінде
ғылым салалары оқулығы ретінде пайдаланылған, 12 ғ-да латын тіліне екі рет
аударылған. Ибн Сина, Бэкон, т.б. ғалымдар классификациялау мәселесінде бұл
еңбекке көп еліктеген. Орыс тіліне («Философские трактаты», 1970), қазақ тіліне
(«Философиялық трактаттар», 1973) аударылып басылды. Әл-Фарабидің ғылым
саласында жазған еңбегінің қолжазбасы Өзбекстан Республикасы Шығыстану
институтының қолжазба қорында сақталған. Оның «Ғылымдардың шығуы»,
«Ғылымдар тізбегі» атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне ерекше көңіл
бөлінген. Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіріп, күн сағатын
жасаған. Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын есептеп шығарған. Ерте кезден қазақ елі
Жетіқарақшы, Темірқазық, Үркер атты жұлдыздар тобын «түн сағаты» ретінде
пайдаланса, күндізгі уақытты «күн сағаты» арқылы айыратын болған.
120
Әл-Фараби сол кездегі ғылымдар тізбегін жасауға, олардың әрқайсысына
сипаттама беруге талаптанған. Алайда оның ғылымдарды рет-ретімен келтіргені сондай
– мұның нәтижесінде, оның ғылыми және философиялық жүйесіне сәйкес бұл тізбек
ғылымды жіктеу болып шыққан». Әбу Насырдың ғылымды жүйелеуінде кездейсоқтық
жоқ. Себебі Отырар оқымыстысы көне грек тілін жақсы білгендіктен де Аристотель,
Платон, Гелен, Птоломей, Порфирий секілді данышпандардың туындыларын түп
нұсқада оқыды, араб тіліне аударды, түсіндірме жазды. Грек ғалымдары, ойшылдары
шығармаларының тереңіне бойлап, мәнін аша алды және олардан үйренді. Ал ислам
ғалымдары ғылымды жаппай жүйелеген жоқ. Өйткені орта ғасырларда кез келген
оқымысты ғылыммен айналысса, оның барлық саласына қалам тартатын. Ал Отырар
кемеңгері аталмыш трактатында: «Біз бұл кітапта белгілі ғылымдарды тізіп, бұл
ғылымдардың қайсысын тұтас күйінде, сондай-ақ әрбір ғылымның бөлімдері және
әрбір бөлімнің мазмұны қандай екенін түгелдей түсіндіруге тырыстық; оларды біз бес
тарауға бөлдік» деп алдына қойған мақсатын айқындап алады да «бірінші тарау – тіл
және оның бөлімшелері туралы ғылым; екінші тарау логика және оның бөлімшелері»
дейді. Сөйтеді де логикадан соң математика, одан соң арифметика, одан кейін
геометрия, сонан соң оптика, жұлдыздар туралы ғылым, музыка туралы ғылым,
салмақтар туралы ғылым, шебер тәсілдер туралы ғылым» деп жіліктеп тізбектей
таратып кетеді.
Төртінші тарауды ол «Табиғат ғылымдары және тәңірлік ғылымдар туралы»
деген, әрі қарай оны «физика», «Метафизика» немесе «тәңірлік ғылым», ал бесінші
тарауды «азаматтық ғылым юриспруденция және догматикалық діни ілім туралы» деп
саралаған.
Әбу Насыр: «Бұл кітаптағының бәрі де пайдалы, өйткені егер адам осы
ғылымдардың бірін қарастырып, зерттегісі келсе, онда ол неден бастаудың, атап
айтқанда нені зерттеу керек екенін, зерттеу үшін ненің жарамды, ненің жарамсыз
екенін және өзінің оған қай дәрежеде қолы жете алатындығын білетін болады. Сөйтіп
оның ғылымға баратын жолы қараңғылық пен надандыққа емес, білім мен парасатқа
негізделетін болады» дейді.
Қорытндылай келе, математика ғылымының сандар саласында қолданбалы
сандар және теориялық сандар деген екі ұғым қолданылады. Қолданбалы сандар
ғылымы мүмкін болғанша сандардың мөлшерін анықтауға қажет санамалық сандарды
зерттейді.
Геометрия ғылымы деген атаумен қолданбалы геометрия және теориялық
геометрия деген екі ұғымды ұғынамыз. Егер ағаш ұстасы темір денелерді, егер тас
қалаушы таспен айналысса қолданбалы геометрия осылардағы сызықтар мен беттерді
қарастырады. Бұл ғылым барлық ғылымдарға байланысты. Сызықтардың, жазықтардың
және денелердің барлық пішіндерін, шамаларын, теңдігі мен айырмашылығын,
бұлардың пішіндерінің түрлерін, реттілігін, бұрыштарын зерттейді.
Оптика ғылымы геометрия ғылымы секілді кескіндерді, шамаларды, реттілікті,
орналасу қалпын, теңдікті қарастырады. Адам осы өнердің арқасында тікелей баруға
қиындық туғызатын жерлерде орналасқан заттардың өлшемдерін, қашықтығын
анықтай алады.
Жұлдыздр туралы ғылым. Математикалық астрономия аспан денелері мен Жерді
үш бағыт бойынша зерттейді: біріншіден, олардың пішіндері, әлемдегі реті, олардың
көлемдері. Екіншіден, бұл аспан денелерінің қозғалысын, олардың нешеу екенін
анықтайды. Үшіншіден,бұл ғылым Жерді адам тіршілік ете алатын немесе тіршілік
етуге жарамсыз тұрғыдан зерттейді.
Музыка туралы ғылым әуен сазының түрлерін олардың неден шығатыны,
олардың не мақсат үшін қолданылатынын қарастырады.
121
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
https://kk.wikipedia.org
2.
https://www.topreferat.com
3.
Әбу Насыр Әл-Фараби ІХ "МӘДЕНИ МҰРА" МЕМЛЕКЕТТІК
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫ
4.
https://qamba.info/site
Достарыңызбен бөлісу: |