Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Жалған ақпараттарды анықтаудың теориялық тәсілдері



Pdf көрінісі
бет104/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   165
Жалған ақпараттарды анықтаудың теориялық тәсілдері
Астыртын әрекет теориялары әдетте маңызды әлеуметтік немесе саяси 
мәні бар оқиғалармен байланысты болады. Кей кезде шынайы астыртын 
әрекеттердің іске асатыны анық (Douglas et al., 2017), дегенмен көп ретте 
мұндай жалған теориялар ешбір дәйексіз, дәлелсіз айтылады және оларды 
терістеу де мүмкін болмай жатады.
Ақпаратты жалған деп тану жөнінде нақты бір тұжырым жоқ, бұл 
туралы пікірлер де бір арнаға тоғыспайды. «Жалған ақпарат» термині 
де платформаға және қолданушылардың ниетіне байланысты әртүрлі 
қолданылады. Шындыққа жанаспайтын хабарлар байқаусыз немесе 
нақты бір мақсатпен: оқырмандарды алдау немесе адастыру мақсатымен 
тартылуы мүмкін (Al-Rawi, 2018). Әдетте мұндай ақпараттар адамдардың 
ойына әсер ету, саяси үндеуге ден қойғызу немесе шатастыру үшін 
құрастырылады. Сондай-ақ онлайн БАҚ-тарға әжептәуір пайда келтіруі 
де мүмкін.
Адамдар әдетте ақпаратты орынды қолдана бермейді. Әсіресе күйзеліс 
кезеңінде жылдам жауап тауып берер және үміттендірер ақпарат іздейді. 
Бұл өз кезегінде әлеуметтік желілерге қолжетімдіктің арқасында жалған 
ақпараттардың жылдам тарауына мүмкіндік береді (Mayka, 2020). Мамыр 
айының соңында Лондон Корольдік колледжінде жүргізілген онлайн 
сауалнамаға 2000-нан астам адам қатысқан, оның 30%-ы коронавирустың 
зертханаларда жасалғанына шәк келтірмесе, жауап берушілердің дәл 
сондай тобы COVID-19-дан қайтыс болғандардың нақты санын билік 
жасырып отыр деп айтқан. 13%-ы пандемия адамдарды екпе салдыруға 
мәжбүр етуге бағдарланған жаһандық бағдарлама десе, 8%-ы вирус пен 
5G телефон мұнараларының арасында байланыс бар деп көрсеткен. 
Зерттеушілер жаңалықтарды әдетте әлеуметтік желілерден оқитын 
адамдардың «теорияларға» көп сенетінін және өзін-өзі оқшаулау тәртібін 
жиі бұзатынын айтады (Cellan-Jones, 2020).
Жалпы алғанда, ресми БАҚ секілді классикалық дереккөздерге 
қарағанда, әлеуметтік желі секілді балама дереккөздер астыртын әрекет 
теорияларына негіз болатын жайттардың көптеп тууына мүмкіндік береді. 
Дегенмен ресми дереккөздерде жарияланатын осыған ұқсас жайттар 
қолданушылар санын арттырған. Егер астыртын әрекет теориясының 
әлеуметтік экожеліде таралу динамикасын сандық тұрғыдан бағалайтын 
болсақ, астыртын әрекет теорияларын бекітетін жайттар бейтарап не 
жоққа шығаратын ақпараттарға қарағанда, ерекше қарқынмен таралып 
қатты зардабын тигізіп жатады. Әрбір платформадағы контентті 
модерациядан өткізу астыртын әрекет теорияларының таралуын 
шектеуге оң ықпалын тигізеді. Дегенмен де көптеген астыртын әрекет 
теориялары сүзгіден өтпейді. Ал модерация балама дереккөздерден 


246
келетін жайттармен байланысты біржақты болмақ. Жалпы айтқанда, 
дереккөздердің барлығы астыртын әрекет теорияларын санаға бекіте 
түсетін жайттарды таратуға үлес қосады (Papakyriakopoulos et al., 2020). 
Telegram-да модерация мүлдем жоқ, қолданушы ғана мазмұнға қатысты 
шағым жасай алады. Алайда себептер тізімінде жалған ақпарат немесе 
жалған хабарламаға шағым жасауға жеке категория берілмеген.
COVID-19 кезеңінде әлеуметтік желілердегі жалған жаңалықтар 
феномені біршама кең таралды. Мұндай хабарлар қорқыныштан тууы 
мүмкін және, әсіресе осал салаларды «айналдырып», салаға едәуір зиянын 
тигізеді. Пандемия кезіндегі үрейлі тақырыптың бірі вирус, оның шығу 
тегі және таралуы болды. Конспирологиялық теориялардың жартысынан 
астамы осы тақырыпқа соқпай өтпейді. Дегенмен осындай мазмұндағы 
жағымсыз хабарлар осымен ғана шектеліп қалды деп айта алмаймыз. 
Қазақстанда экономикалық тұрақтылық, сыбайлас жемқорлық, отбасы 
құндылықтары және оның бұзылуы тақырыптары да конспирологияның 
таралуына зор серпін берді. 
Медицина саласы қай кезде де жалған ақпараттардың қайнаркөзі 
болып келген. COVID-19 пандемиясы кезеңінде медицина саласымен 
байланысты жалған хабарлардың таралуы тым асқынып кетті. Оңай 
емделу тәсілдерін сұраған және карантин қашан аяқталады деген сұрақ 
арнаға тіркеліп, тұрақты оқырманға айналған, үрейге бой алдырған 
пайдаланушылардың ең көп қойған сұрағы болған. Ал вирустың қолдан 
жасалғаны туралы теория, оны ұшақтардан шашу әрекеті туралы 
қауесеттер барлық нәрсеге сене бермейтін және вирус пайда болмай 
тұрғанға дейін-ақ астыртын әрекет теорияларына іштей сенетіндердің 
өзін қызықтыра түскені анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет