Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ



Pdf көрінісі
бет103/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   165
COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 
TELEGRAM АРНАЛАРДА ЖАРИЯЛАНҒАН АСТЫРТЫН 
ӘРЕКЕТ ТЕОРИЯЛАРЫ МЕН ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР
Алла Кислова 
Кіріспе
Пандемия кезінде коронавирус қолдан жасалған, бұл екпе арқылы адам 
тәніне арнайы чип енгізу жоспарының бастапқы бір жобасы деген 
секілді небір қауесет тарап, астыртын әрекет теориясы ретінде танылып, 
көпшіліктің санасын улап, әуре-сарсаңға түсірді. Жалған ақпараттар 
әдетте жылдам әрі оп-оңай тарайды. Өкінішке қарай, мұндай ақпараттар 
күрделі сұрақтарға қарапайым ғана жауап беріп, адамдардың бойында 
қорқыныш тудырып, үрейге бой алдыртады, психологиялық тыныштық 
күйін бұзып, көп зиян келтіреді.
Дағдарыс кезінде шынайы толыққанды ақпарат беріп отыру аса 
маңызды. Цифрлық технология заманында ақпарат беру, тарату және 
алмасудың көптеген платформалары бар. Соның бірі – Telegram атты 
кроссплатформалы мессенджер.
Онда ашық арна ашып, автор өз қалауы бойынша арнаға кез келген 
ақпаратты жариялап отыра алады. Мессенджер пандемия кезінде 
Қазақстанда ерекше танымал болып, дағдарыспен байланысты кейбір 
процестерде маңызды рөл атқарды.
Мысалы, Telegram-да мемлекет тағайындаған әлеуметтік көмекке 
өтінім беруге арнайы бот-арналар ашылды. Мессенджердің ел арасында 
танымалдығының артуы оның жалған ақпарат, теориялар тарату алаңы 
ретінде де, сондай-ақ басқа әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде 
жарияланған теорияларды жоққа шығарушы құрал ретінде де 
қолданылуына зор мүмкіндік туғазды.
Бұл жұмыстың мақсаты – Қазақстанда COVID-19 пандемиясы 
кезінде астыртын әрекет теориялары мен жалған ақпарат таратудағы 
қазақстандық Telegram арналарының рөлін анықтау.
Міндеттер:
• Қазақстанда қай ақпараттық Telegram арнасының ерекше танымал 
екенін анықтау;
• аталған кезеңде қазақстандық Telegram арналары COVID-19 туралы 
қандай да бір астыртын әрекет теорияларын немесе жалған ақпарат 
таратты ма, таратса, қандай деңгейде таратқанына талдау жасау.
Болжам: Ақпараттық Telegram арналарының көпшілігі COVID-19 
туралы астыртын әрекет теорияларын жоққа шығарып немесе елеусіз 


245
қалдырып, қолдау көрсете қоймаған. Зерттеуге ДДСҰ пандемия деп 
жариялаған 2020 жылдың 11 наурызы мен 31 тамыз аралығындағы мерзім 
алынды. Әдіснама 2020 жылғы Telegram ресми сайтындағы статистика 
аудиториясы 50 млн адамнан асады, жазылушылары 50 мыңнан артық 
деп көрсеткен Telegram арналарын қамтуды көздеді. Бұл арналарда вирус 
жөнінде жалған ақпарат, ДДСҰ ұсынымдарына қайшы кеңес берілген бе, 
астыртын әрекет теорияларын қолдаған ба? Осы тұрғыдан арналарда 
жарияланған мазмұндарға талдау жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет