Қорытынды
Еліміз алғаш рет төтенше жағдайды бастан өткерген. Бұдан кейін шілде
айында локдаун жарияланған соңғы бірнеше айда да ақпараттарды «дұрыс
басқармау», дұрыс үйлестірмеу проблемасына тап болғанын мойындау
қажет. Салдарынан қоғамда наразылық күшеюде, шектеу шаралары
28
енгізіліп, вирус жұқтыру қаупі сейілмеген, халықты әлеуметтік қорғау
шаралары жеткіліксіз, рецессия мен экономикалық дағдарыс өрістеген
кезде шиеленіс өрши түседі.
Коронавирус дағдарысына байланысты мемлекет реакциясынан
хабар беретін ақпараттарды зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай,
қоғам қажет ақпаратты іздеп табу үшін көбіне интернет порталдарға,
мемлекеттік органдар сайттарына, мемлекеттік құрылымдардың
әлеуметтік желілердегі парақшаларына, ақпараттық бюллетендерге, SMS-
хабарларына жүгінеді. Дер кезінде ақпарат тарату үшін де әдетте осы
арналар жұмсалады. Бұдан бөлек, уақытында ақпарат беру мақсатымен
билік органдары жетекшілерінің блогтары, ресми парақшалары
қолданылып, баспасөз конференциялары мен брифингтер өткізіледі.
Ақпарат арналарын ыңғайлы дереккөз деп тануда халықтың жас
топтарына қатысты айырмашылықтар бар. Атап айтсақ, пандемия
кезінде жарияланып жатқан ақпаратқа 30–45 жас аралығындағылардың
көңілі толады. 18–29 жастағылар мен 56–65 жастағылардың ақпаратқа
қанағаттану деңгейі төмен. Бұған қоса, әртүрлі қызмет саласындағы
респонденттер ақпаратты әртүрлі қабылдайды. Мәселен, ресми сайттар
көбіне мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала жұмысшыларына
ыңғайлы. Әлеуметтік желілердегі парақшаларға ауылшаруашылығы
жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлер, жекеменшік компаниялардың
жұмысшылары мен БАҚ өкілдері көп кіреді. Сауда мен қызмет көрсету,
ауылшаруашылығы саласы жұмысшылары, студенттер мен оқушылар
газет пен журналдарды ақпарат таратудың ыңғайлы құралы деп білмейді.
Осылайша модельдеу арқылы ақпараттарды халықтың жас тобына
және азаматтардың қызмет саласына қарай үйлестіруді жақсартуға
қатысты ұсыныс беруге болады.
Пандемия кезіндегі жалпы ақпарат трендтерін қарастыра отырып,
репутация тұрғысынан болған сәтсіздіктер мен жағымсыз коннотациялар
пайызының жоғары болғанын атап өткен жөн. Бұл ақпаратты үйлестіру
және реттеуде әркелкіліктің болуымен байланысты. Түптеп келгенде,
ақпаратты жүйе тұрақтылығын қамтамасыз ететін құралдың бірі деп
тану керек, себебі ақпарат тапшылығынан және оның шамадан тыс көп
болуынан тепе-теңдік бұзылуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік
механизм сияқты күрделі жүйелердің қалыпты жұмысының бұзылуына,
басқару саласының бұрыс жолға түсуіне ықпал етуі мүмкін.
Осы орайда мемлекеттік мекемелердегі ақпарат және талдау
құрылымдарының қызметін кеңейту қажеттігі туралы айту орынды.
Халыққа мемлекеттің не істеп жатқаны туралы есеп беріп қана қоймай,
ақпарат менеджментімен де айналысу керек.
29
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Академия государственного управления при Президенте Республики
Узбекистан. www.dba.uz. Соңғы қараған күні 14.10.2020.
2. Provan, K. (2008). «Modes of Network Governance: Structure, Management, and
Effectiveness». Journal of Public Administration Research and Theory, vol. 18, n. 2,
pp. 229-252.
3. Барашев А.Г.(2016). «Кризис государственного управления и его влияние на
основные административные парадигмы государства и бюрократии». Вопросы
государственного и муниципального управления, № 2, сс.163-194
4. Ситуация с короновирусом. Официально. www.coronavirus2020.kz. Соңғы
қараған күні 15.10.2020.
5. В Алматы озвучили предварительные данные по коллективному иммунитету.
www.tengrinews.kz. Соңғы қараған күні 16.10.2020.
6. Воронин Н. «Возможен ли коллективный иммунитет к коронавирусу и имеет ли
смысл ждать вакцины?» www.bbc.com. Соңғы қараған күні 17.10.2020.
7. Иммунитет к коронавирусу обнаружили у каждого второго казахстанца. www.
pavlodarnews.kz. Соңғы қараған күні 12.10.2020.
8. Токаев К. «Время тоев уходит, наступает время разума, науки, знаний, труда»
www.informburo.kz. Соңғы қараған күні 14.10.2020.
9. Ишкенова Б. «В нездоровом теле – нездоровый дух: в Казахстане закрываются
фитнес-центры». www.lsm.kz. Соңғы қараған күні 10.10.2020.
10. Вебер Е. «В поисках правды. Журналист из Караганды с онкозаболеванием
предъявила иск чиновникам» www.rus.azattyq.org. Соңғы қараған күні
16.10.2020.
11. В «СК-Фармация» высказались о закупке медизделий по завышенным ценам...
www.kursiv.kz. Соңғы қараған күні 10.10.2020.
12. Вааль Т. Ко второй волне коронавируса «СК-Фармация» сформирует запас
лекарств на 100 тыс. человек в месяц». www.vlast.kz Соңғы қараған күні
16.10.2020.
13. Тугжанов посетил склад ТОО «СК-Фармация». www.liter.kz Соңғы қараған күні
16.10.2020.
14. Антикоррупционная служба начала проверку «СК-Фармация»... www.kursiv.kz
Соңғы қараған күні 16.10.2020.
15. После скандала в «СК-Фармация» сменилось руководство... www.kursiv.kz
Соңғы қараған күні 16.10.2020.
16. Всего одну библиотеку хотят оставить в Нур-Султане. www.ratel.kz Соңғы
қараған күні 17.10.2020.
17. Электронное голосование Праймериз 2020. www.static.primaries.kz Соңғы
қараған күні 17.10.2020.
|