Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет20/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   165
(self-glorification)
мен 
өзгелерді төмендетуді 
(derogating to others)
атап көрсеткен (van Dijk, 2001). 
Бұл әдістер көмегімен хабарлаушы нәсілшіл дискурс тудыра отырып, 
өктемдігін іске асырады. Ван Дейктің осы әдістемесін назарға алар болсақ, 
мемлекет Өзбекстан азаматтарына жәрдемдескенін және өзге елдерде де 
жағдай ушыққанын хабарлай отырып, өзін үстем көрсетуге тырысты деп 
тұжырымдай аламыз. 
Қорытынды
Қорыта айтқанда, Қазақстан атқарушы билігі, медиа қожайындары мен 
кәсібилері мемлекеттік медиа арқылы COVID-19 пандемиясы кезінде 
Қазақстанды күшті әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетуге тырысты. Бұл 
образ сөздердің, фактілердің, тақырыптардың, дискурстардың іріктеліп 
берілуі арқылы, медиа қожайындарының мүддесіне сай қалыптастырыл-
ды. Осылайша қуатты әлеуметтік мемлекет образы Қазақстан саяси 
билігін легитимациялауға, халықтың ризашылығына бөленуге қызмет 
етті. Төтенше жағдай басталған және аяқталған сәтте мемлекет өзін 
барлық әлеуметтік міндеттемелерін ойдағыдай орындайтын, халықтың 
әл-ауқаты мен денсаулығын бірінші орынға қоятын құрылым ретінде 
таныстырды. Алайда маусым айының соңында жағдай ушыққан кезде 
карантин талаптарын сақтамаған және алыпсатарлықпен айналысқан 
халықты кінәлап, жағдайды бақылауға алатынына сендірумен болды. 
Басқа мемлекеттерде де жағдай ушығып жатқанын көрсетіп, халықты 
ұстамды болуға шақырды.
Зерттеуге нысана ретінде алынған БАҚ-тардың барлығына Қазақстан 
үкіметі иелік етеді және бұлардың барлығы мемлекет тарапынан 
қаржыландырылады (egemen.kz, kazpravda.kz, qazaqstan.tv, khabar.kz). 
Ал мемлекет қаржысында Қазақстан қоғамындағы әрбір адамның үлесі 
және құқығы болғанына қарамастан, мемлекеттік медианың Қазақстан 
қоғамының мүддесіне емес, саяси билік өкілдерінің мүддесіне жұмыс 
істегенін байқап отырмыз. Осылайша мемлекеттік медиа атқарушы билік 
өкілдерінің ісін тергеп, жауапкершілік иелерін бақылауға алудың орнына 
Қазақстан үкіметінің насихатшысына айналды.
Юрген Хабермастың «қоғамдық алаң» (public sphere) тұжырымы 
бойынша, медиа – мемлекет пен коммерциялық ұйымдардың бақылау-
ынан тәуелсіз, қоғамдағы түрлі ой-көзқарас пен әрбір тараптың пікіріне 
теңдей қарайтын, күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер талқыға 
салынатын және осы талқы негізінде ортақ шешім қабылдауға үлес 
қосатын, билік пен әлеумет арасында тең мүмкіндіктер аясында диалог 


42
орнататын, бүкіл қоғамды қамтитын және бүкіл қоғамға қолжетімді болуға 
тиіс қоғамдық алаң (Habermas, 2010). Медианың қоғамдағы осы функциясы 
– билік өктемдігінің асыра пайдаланылмауы, халықтың ақпараттануы, 
азаматтық қоғамның дамуы үшін аса қажет. ҚР Конституциясында 
көрсетілген «демократиялы мемлекет» сипаттамасын шынайы өмірде 
жүзеге асыру барысында істелуге тиіс істердің бірі ретінде мемлекеттік 
медианың үкімет алаңынан қоғамдық алаңға трансформациялану кере-
гін атап өтеміз. Бұл үшін екі негізгі бағытта өзгеріс болуын ұсынар едік: 
1) контент және оның өндірісі: барынша бейтарап, қоғамдағы барлық 
топты қамтитын, түрлі ой-пікірдің тең дәрежеде айтылуына мүмкіндік 
беретін және баршаға қолжетімді болуға тиіс; 2) медиа корпорациялардың 
басшылығы: Қазақстан үкіметінен тәуелсіз, лауазымдық міндеттемені 
қоғамның тікелей сайлауы нәтижесінде иеленген болуға тиіс. Мысалы, 
Егемен Қазақстан газетінің директорлар кеңесіне мүше 6 адамның үшеуі 
– Ақпарат министрлігінің өкілдері (egemen.kz). Директорлар кеңесінің 
медиа-корпорацияның даму бағыты, ұстанымдарына байланысты 
маңызды шешімдер қабылдайтынын ескерер болсақ, мемлекеттік 
медианың не себептен үкіметтік медиаға айналғанын түсінуге болады.


43
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, http://adilet.zan.kz/kaz/docs/
K950001000_ Соңғы қаралған күн: 14.11.2020
2. Welfare state https://www.britannica.com/topic/welfare-state Соңғы қаралған күн: 
14.11.2020
3. Hamlin, Alan. (2008). «The Idea of Welfare and the Welfare State». Public Finance 
and Management. 8. 108-140. 
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағын ресми 
түсiндiру туралы, http://adilet.zan.kz/kaz/docs/S010000018_ Соңғы қаралған күн: 
14.11.2020
5. Maltseva, E. (2016). «Framing a welfare reform: the social benefits reform in Russia 
and Kazakhstan». Canadian Slavonic Papers, 58(3), 229-256.
6. Cook, L. J. (2007). «Negotiating welfare in postcommunist states». Comparative 
Politics, 40(1), 41-62.
7. Антикризисные меры Правительства: сколько средств будет направлено на 
поддержку граждан и экономики в условиях ЧП, https://primeminister.kz/ru/
news/reviews/antikrizisnye-mery-pravitelstva-skolko-sredstv-budet-napravleno-
na-podderzhku-grazhdan-i-ekonomiki-v-usloviyah-chp-1731059 Соңғы қаралған 
күн: 14.11.2020 
8. Антикризисные меры Правительства: возобновление роста экономики и 
поддержка МСБ, https://primeminister.kz/ru/news/reviews/antikrizisnye-mery-
pravitelstva-vozobnovlenie-rosta-ekonomiki-i-podderzhka-msb-862620 Соңғы 
қаралған күн: 14.11.2020
9. JESSOP, Bob, Kapitalist Devletin Geleceği, (Çev: Ahmet Özcan), Epos Yayınları, 
Ankara, 2009. Мына материалдың ішінде: Eser, D. B., Memişoğlu, A. G. D., & 
Özdamar, G. (2011). «Sosyal siyasetin üretilmesi sürecinde refah devletinden neo-
liberal devlete geçiş: Devletin kamu hizmeti sunma işlevinin değişimi». Süleyman 
Demirel Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler Fakültesi Dergisi, 16(2), 201-217.
10. Eser, D. B., Memişoğlu, A. G. D., & Özdamar, G. (2011). «Sosyal siyasetin üretilmesi 
sürecinde refah devletinden neo-liberal devlete geçiş: Devletin kamu hizmeti 
sunma işlevinin değişimi». Süleyman Demirel Üniversitesi İktisadi ve İdari Bilimler 
Fakültesi Dergisi, 16(2), 201-217.
11. Lichter, S. R. (2017). «Theories of media bias». The Oxford handbook of political 
communication, 403.
12. Herman, E. S., & Chomsky, N. (2008). Manufacturing Consent: The Political 
Economy of the Mass Media. Random House.
13. Тичер, С., Мейер, М., Водак, Р., & Веттер, Е. (2009). «Методы анализа текста и 
дискурса». Харьков: Гуманитарный центр, 5.
14. Wodak, R., & Meyer, M. (2009). Methods of Critical Discourse Analysis.
15. Golding, P., & Middleton, S. (1982). Images of welfare: Press and public attitudes to 
poverty. Oxford: Robertson.
16. Kudaibergenova, D. T. (2019). «Compartmentalized Ideology: Presidential Addresses 
and Legitimation in Kazakhstan». In Theorizing Central Asian Politics (pp. 145-166). 
Palgrave Macmillan, Cham.
17. Zhang, W. (2015). «Discourse of resistance: Articulations of national cultural identity 
in media discourse on the 2008 Wenchuan earthquake in China». Discourse & 
Communication, 9(3), 355-370.


44
18. Казахстан вновь вводит карантин: из-за пневмонии или COVID-19? https://
www.dw.com/ru/%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%
82%D0%B0%D0%BD-%D0%B2%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D1%8C-%D0%B
2%D0%B2%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D1%82-%D0%BA%D0%B0%D1%80%-
D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D0%BD-%D0%B8%D0%B7-%D0%B7%D0%B0-
%D0%BF%D0%BD%D0%B5%D0%B2%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%B8-
%D0%B8%D0%BB%D0%B8-covid-19/a-54029300 Соңғы қаралған күн: 14.11.2020
19. Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, https://
primeminister.kz/kz/news/aleksey-coy-kr-densaulyk-saktau-ministri-bolyp-
tagayyndaldy-2553837 Соңғы қаралған күн: 14.11.2020
20. International Guidelines for Certification and Classification (Coding) of COVID-19 
as Cause of Death, https://www.who.int/classifications/icd/Guidelines_Cause_of_
Death_COVID-19.pdf?ua=1 Соңғы қаралған күн: 08.12.2020
21. Van Dijk, Teun A. «18 Critical discourse analysis». The handbook of discourse 
analysis (2001): 349-371.
22. Корпоративтік басқару, https://rtrk.kz/kz/corporate-governance/ Соңғы қаралған 
күн: 10. 12.2020
23. Совет директоров, https://khabar.kz/ru/agency/korporativnoe-upravlenie/sovet-
direktorov Соңғы қаралған күн: 10. 12.2020
24. Годовой отчет акционерного общества «Республиканская газета 
Казахстанская правда», https://www.kazpravda.kz/uploads/redactors/
files/5fb737f8212be1605842936.PDF Соңғы қаралған күн: 10. 12.2020
25. Егемен Қазақстан, корпоративті басқару https://egemen.kz/page/korporativtik-
basqaru Соңғы қаралған күн: 10. 12.2020
26. Habermas, J. (2010). The public sphere: an encyclopedia article (1964). The idea of 
the public sphere: A reader, 114-120.
27. Жанұзақов, Т. (2008). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Дайк-Пресс, 968. 


45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет