Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


COVID-19 пандемиясы тұсында медиа кеңістігі, БАҚ және



Pdf көрінісі
бет25/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

COVID-19 пандемиясы тұсында медиа кеңістігі, БАҚ және 
денсаулық сақтау жүйесін басқаратын органдардың ақпарат 
саясаты саласындағы халықаралық тәжірибесі мен ең тиімді 
шешім үлгілері
Тайванның бір топ ғалымы жүргізген зерттеу көрсеткендей, бұл елде 
мынадай факторлар жұқпалы аурудың жаппай таралмауына жақсы 
көмектескен: 2003 жылы жедел респираторлық синдромның ауыр түрі 
пайда болғанда, оған қарсы іс-қимыл тәжірибесіне жүгіну; мемлекеттік 
билік органдарының ведомствоаралық ынтымақтастығы; ақпараттық 
технологиялардың озық үлгілерін пайдалану. Осы орайда бұл елдің жақын 
орналасқан Қытаймен тығыз қарым-қатынасын және екі ел халқының 
бір-біріне жиі сапарлайтынын ескерсек, Тайвань әлемде коронавирус 
инфекциясы тудырған қиындықтарға тап болған алғашқы елдердің 
қатарында болған еді. Тайвань аурудың алдын алу шараларын дереу 
жүзеге асыруы арқасында 2020 жылғы 20 қаңтарда COVID-19 жұқтырған 
бірінші адамды анықтап оқшаулады. 2020 жылдың ақпан айына дейін 
Тайвань зертханаларында емделушілерді тексеруден өткізуге арналған 4 
сағаттық жиынтық жасалып, коронавирустың 2 штамы бөліп алынды (Lin 
et al., 2020).
Үндістанда жүргізілген зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай, 
коронавирус инфекциясы халық арасында үрей тудырған. Оны 
«коронафобия» деп атаған. Салдарынан қоғамның түрлі тобында 
психиатриялық ауытқу белгілері байқалған. COVID-19 дертіне 
қатысты факторлар жиынтығы халық арасында дүрбелеңге сеп болып, 
үрейлендіріп, паранойя мен депрессияға, сондай-ақ жарақаттан кейінгі 
стреске (ЖКСБ) түсірген. Жеке қауым өкілдеріне қатысты нәсілшілдік, 
айдар тағу (стигматизация) мен ксенофобия оқиғалары тіркелген. 
Медицина қызметкерлері жұмыстан қажып, ауру жұқтырудан қорқып, 
депрессия, ЖКСБ сынды жағымсыз психологиялық ауытқуды бастан 
кешкен. 
Жергілікті қауымдар деңгейінде COVID-19 салдарын жеңілдетуге 


51
бағытталған бағдарламалар балалардың қалыпты өмір салтын бұзып, 
психикасына нұқсан келтіруі мүмкін. Егде жастағылар мен оларға күтім 
жасайтын адамдардың психоәлеуметтік аспектілерінің жағымсыз бағытқа 
ауысқаны байқалады. Осындай оқиғалардың өріс алуына әлеуметтік 
желілер мен БАҚ арқылы таралып жатқан «инфодемия» сеп болуда. 
Зерттеушілердің пікірінше, «инфодемияға» қарсы күресте психиатриялық 
белгілер көрсеткішінің тұрақтанып, азаюына мемлекеттің араласуы және 
таратылатын ақпараттың көлемі оң әсер ете алады (Dubey et al., 2020).
Осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген неміс ғалымдары БАҚ-та 
COVID-19 туралы ақпарат жариялау мен адамдардың бойындағы әлденеге 
мазасыздану, депрессия және үрей сияқты психикалық ауытқулардың 
дамуы арасында оң корреляция бар екенін дәлелдеген (Bendau et al., 
2020). Осы зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, COVID-19 пандемиясы кезіндегі 
БАҚ жұмысы мен мемлекеттің ақпараттық саясатын жетілдіру жөнінде 
ұсыныстар әзірлеуге болады. COVID-19 жөнінде ақпарат алу үшін медиа 
өнімдерін тұтынудың қауіпсіз жиілігі (күніне 7 рет) мен ұзақтығы (күніне 
2,5 сағат) мәлім болды. Уақыт шекті мәннен асқан жағдайда адамның 
психикалық денсаулығына зиян келеді. Психикалық бұзылу дәрежесі 
мәлімет алу үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының түріне 
байланысты. Ресми деректер ақпаратымен салыстырғанда, әлеуметтік 
желілер ақпаратынан туындайтын мазасыздану және депрессия күйі 
әлдеқайда ауыр тиеді. Мұны ДДСҰ да растап отыр: COVID-19 туралы 
ақпарат алу үшін, ең алдымен, денсаулық сақтау органдарының мәліметіне 
жүгінген абзал (who.int, 2020). Үрейге бой алдырмаған адамдарға қарағанда, 
«денсаулығыма нұқсан келеді» деп, үрейге бой алдырған адамдардың 
COVID-19 жөнінде ақпарат алуы үшін БАҚ-ты пайдалану жиілігі, ұзақтығы 
мен мазасыздануы, депрессияға түсуі әлдеқайда анық білінеді (Bendau et 
al., 2020). Бұл зерттеу қытай ғалымдарының осы тақырыптағы еңбегін 
толықтырып, ауқымын кеңейтті. Қытай зерттеушілері анықтағандай, 
мазасыздану мен депрессия дәрежесі және COVID-19 туралы мәлімет алу 
үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану жиілігі («азырақ», «анда-
санда» немесе «жиі» деген көрсеткіштер) арасында оң корреляция бар. 
Қытайдағы зерттеу жобасына 4 000 азамат қатысқан, зерттеудің кросс-
секциялық тәртібі, мазасызданудың жалпылама шкаласы (GAD-7) мен 
ВОЗ-Five (ВОЗ-5) әл-ауқат индексі қолданылды (Gao et al., 2020).
Ирак Күрдістанында жүзеге асырылған зерттеу жобасының нәтижелері 
көрсеткендей, COVID-19 дертінің жаппай таралуына байланысты үрей 
мен дүрбелеңнің күшеюіне әлеуметтік желілер айтарлықтай ықпал 
еткен. Осы ретте Facebook-тің ең жиі пайдаланылатын әлеуметтік желі 
екені анықталды. Әлеуметтік желілерді пайдалануға қатысты өзін-
өзі бағалау мен COVID-19-ға қатысты байбалам салғандардың көбеюі 
арасында оң корреляция бар (R = 0,8701) екені белгілі болды. Зерттеу 
нәтижелеріне сенсек, 18–35 жас аралығындағылардың көбі ақпараттық 
дүрбелең салдарынан психологиялық күйзеліске түскен (40,2%, n = 
135/336 болғанда). Күрдістан зерттеушілері бұл проблеманы шешу үшін 
бұқаралық ақпарат құралдарын тұтынатындар арасында арнаулы оқыту 
курстарын ұйымдастыруды ұсынды. Осылайша оқушылар дұрыс, сенімді 
ақпаратты ажыратуды, таратылатын ақпаратты сыни тұрғыдан талдауды 
үйренеді (Ahmad et al., 2020). 
Жоғарыда аталған үш зерттеудің нәтижелерінен: БАҚ-та COVID-19 
туралы ақпарат жариялау – қазіргі пандемия жағдайындағы ең күшті 
эмоциялық стрессорлардың бірі деген қорытынды шығаруға болады. Бұл 


52
елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделі болып тұрған шақта ақпараттық 
саясатты жетілдіру қажет екенін тағы да аңғартты.
Денсаулық сақтау жүйесін басқаратын органдардың ақпараттық 
саясаты мен оның БАҚ-та көрініс табуының маңызы зор екенін швед 
зерттеушісі Рэйчел Элизабет Ирвиннің еңбегі де растаған. 2020 жылғы 
COVID-19 пандемиясының алғашқы айында Швеция әлемнің көптеген 
мемлекеті қолданған стратегияға жүгініп, дерттің тез таралуына шек 
қоюға, оның қарқынын бәсеңдетуге тырысты. Бұл туралы елдегі БАҚ-
тың бәрі жарыса хабарлаған. Осы орайда швед моделінің ерекшелігі заң 
жүзінде мәжбүрлі шаралар мен шектеулер енгізуде емес, тиісті шараларды 
кезең-кезеңмен ерікті түрде іске асыруда еді. Бұл модель туралы 
мәлімет мемлекеттік БАҚ-та ғана емес, сондай-ақ халықаралық ақпарат 
құралдарында да кең тарады. COVID-19 пандемиясының алғашқы айында 
шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Швециядағы жағдай туралы 
нарративтер мен анықтамалардың алты негізгі нұсқасы пайда болды: 
Швецияда халықтың өмірі қалыпты күйде; Швеция топтық иммунитет 
стратегиясын ұстануда; Швеция сарапшылардың пікіріне құлақ аспады; 
Швеция ДДСҰ ұсыныстарын орындап жатқан жоқ; шведтердің ұстанымы 
теріс нәтижені көрсетуде; шведтер үкіметке сенеді.
Мұндай нарративтер ішінара ғана шынайы, кейбір бұқаралық 
ақпарат құралдары жариялаған мысалдар мен жайттарды баяндағанда, 
жаңалықты, хабарды бұрмалап жеткізетіндей стиль қолданған. Зерттеу 
барысында халықаралық БАҚ-тың COVID-19 туралы фактілерді 
құрастыруда қандай амалдар қолданылатыны қарастырылды. Сондай-ақ 
бұл амалдардың салдарына баға берілді (2020). Ирвин жүргізген зерттеу 
нәтижелерінен мынадай қорытынды жасауға болады. Зерттеушілер 
мен билік органдарының өкілдері сөз сөйлегенде, сұхбат бергенде 
қолданатын дәйектер мен фразаларды дұрыс түсінбеу, дұрыс жеткізбеу 
ықтималдығы басым, сол себепті COVID-19 төңірегіндегі мәселелер 
туралы ақпарат беретін тараптардың БАҚ-пен жұмыс жөнінде арнаулы 
дайындықтан өткені абзал. Ақпарат беру мәнері мен стилі, қолданылған 
сөз орамдары ұсынылатын ақпараттың мәнін өзгертіп жіберуі мүмкін. 
Мәселен, Швецияның COVID-19-ға қарсы іс-шаралары, БАҚ-та айтылып 
жүргендей, өзге елдердікінен айтарлықтай өзгеше емес, қайта бұл ретте 
қолданылған «тілдік құралдарда» ерекшелік бар (dn.se ресурсы, 2020). 
Демократиялық мемлекетте халықтың билікке қашанда сұрақ қоюға 
мүмкіндігі болуы керек (thelocal.se ресурсы, 2020). Кейбір халықаралық 
БАҚ қалыптасқан жағдай туралы дұрыс ақпарат бере алмады. COVID-19 
туралы контентке сұраныс жоғары болғандықтан, бірқатар баспасөз 
құралының материал дайындауды сеніп тапсырған журналистері 
қоғамдық денсаулық сақтау шараларын, медициналық статистикалық 
деректер мен деректердің географиялық сипатын талдау, оларға түсінік 
беру дағдыларын меңгермеген. Қате мәліметтің бәрін мәдени факторларға 
сілтеп түсіндіруге, халықтың «теріс қылық» танытқанын мәдениеттен 
көруге болмайды.
Қытай ғалымдары жүргізген зерттеу де назар аударарлық: Google мен 
Baidu іздеу жүйелері және Sina Weibo әлеуметтік желісі ауру шығатынын 
дәстүрлі бақылау жүйелерінен 1–2 апта ерте болжап берген. Google Trends, 
Baidu Index және Sina Weibo Index-те «коронавирус» пен «пневмония» 
деп сұрау салғанда шыққан деректер ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау 
комиссиясының сырқаттанғандар саны туралы күнделікті деректер 
зертханалық әдіс көмегімен анықталған және болжамды COVID-19 


53
деректері туралы жариялаған мәліметтеріне сәйкес максималды r > 0,89. 
ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының деректеріне сай, іздеу 
жүйелері мен әлеуметтік желілерде аталған тірексөздерді қолданудың 
күрт өсуі COVID-19 жұқтырғандар саны ең көп болған кезеңнен 10–14 күн 
бұрын тіркелген екен. Уақыт аралығы көрсеткішіне келсек, зертханалық 
әдіспен расталған деректер үшін максималды корреляция 8–12 күннен 
кейін, ал күдікті деректер үшін 6–8 күннен кейін байқалған (Li, et al., 2020).
Эпидемияларды ерте болжауға интернет-бақылау құралдарын 
қолданудың пайдасы тиетінін басқа да зерттеулер растаған, олар мынадай 
ауру түрлеріне арналған: грипп вирусы қоздыратын грипп (Ginsberg, 
2009), Зика вирусы (Majumder, 2016), Денге безгегі (Marques-Toledo, 2017), 
Таяу Шығыс респираторлық синдромы (Shin, 2016), H1N1 гриппі (Wilson, 
2009) және қызылша (Santangelo, 2019). Инфекцияның пайда болуын 
және таралуын дәл әрі дер кезінде болжауға қажетті сенімді деректерді 
күні бұрын әрі көп шығын жұмсамай-ақ білуге болады деп қорытынды 
жасауға негіз бар. Жұқпалы аурулар туралы ақпаратты ерте жеткізудің 
ауру-сырқаттың алдын алуға және жағдайды бақылауда ұстауға қатысты 
шешім қабылдау процесіне пайдасы зор.
Ғылыми әдебиетті жан-жақты талдау нәтижелеріне сүйеніп, 
бүгінде қоғам денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесін ақпараттық-
коммуникациялық басқару мәселесі халықаралық деңгейде де, Қазақстан 
Республикасында да аз зерттелген деген қорытынды жасауға болады. 
Қарастырылған зерттеулер, теориялар мен әзірлемелер осы зерттеудің 
алға қойған ғылыми міндеттерін орындауда бір қадам алға жылжуға 
мүмкіндік береді. Ал психоәлеуметтік проблемаларды тиімді шешу үшін 
ҚР Үкіметі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, медицина қызметкерлері 
және өзге де мүдделі тараптар психоәлеуметтік дағдарыстардың алдын 
алу мақсатында табысты халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, 
ақпараттық саясат стратегиясын жасауды дереу қолға алуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет